Шағын және орта бизнестің түсінігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Шағын және орта бизнес дамуының теориялық негіздемесі

1.1 Шағын және орта бизнестің түсінігі

1.2 Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің пайда болуы мен қалыптасуы

2. Шағын және орта бизнестің ерекшеліктерін талдау

2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуын статистикалық талдау

2.2 ОҚО-ғы шағын және орта бизнестің статистикасы

2.3 Шағын және орта бизнес дамуындағы статистикалық көрсеткіштер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Еліміздің экономикасын қайта түлететін, әлеуметтік - экономикалық әлеуетті еселей дамытуда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы жолдауындағы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан бүгінде өз жұмыстарын жүзеге асырылып жатыр. Бұл жолдау 30 бағыттан қамтылған, яғни онда экономиканы дамытуға бүкіл іс - әрекеттер қарастырылған.
Жұмысымның мақсаты - шағын бизнестің тиімді, әрі жылдам дамуы үшін оны ұйымдастыру формаларына кедергі болып жатқан мәселелерді анықтап, оларды статистика арқылы талдай отырып, онды ұсыныстар беру.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау дегеніміз әрбір кәсіпкердің толыққанды әрі нәтижелі жүмыс істеуіне барынша мүмкіндік туғызу. Олардың қүқықтары мен мүдделерін заңмен қорғау. Қаржылай көмек көрсету. Сайып келгенде, кәсіпкерліктің тігізін жаңадан қолға алған азаматтарға істері оңтайланып, бір бағыт алып кеткенше демеу болу.
Жұмыстың мазмұнына тоқталып өтсек:
Бірінші бөлімде, шағын және орта бизнеске теориялық түсініктеме, яғни оның экономикалық мәні мен маңызы, қызметі оны ұйымдастырудың ұйымдық құқықтық формалары, шетелдік іс тәжірибелер қарастырылған.
Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасы бойынша және Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің статистикалық дамуына талдау жасалынған.

1. Шағын және орта бизнес дамуының теориялық негіздемесі

0.1 Шағын және орта бизнестің түсінігі

Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың "өз ісіне" деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі - кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады.
Кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйыдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай 2 жағдайға: біріншіден, комерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық тантуға, ҒТП-ке жетуге тікелей қатысты.
Экономикасы нарықтық бағытталады. Қазақстан үшін кәсіпкерліктің даму мәселесі-өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі - кәсіпкерлік орта. Кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселенің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді. Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған : "Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар".
Кәсіпкерлер саны артып, олар өндіретін тауарлар түрі өскен сайын халық сұранымы да барынша қанағаттандырылып, бюджетке салық төлеушілер қатарының көбейе түсетіні мәлім. Ал мұның өзі қазір бір күн сайын газет беттерінен оқып та, теледидар, радиодан естіп те келе жатқан жалақы мен зейнетақының уақытылы төленіп отыруына да себебін тигізетіні сөзсіз.
Еңбекке деген қабілетін адам екі жолмен пайдалана алады:
-не кәсіпкер ретінде
-не басқа кәсіпкерге жалдамалы жұмыскер ретінде.
Нарықтық экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлік -- бұл өнім өндіру, белгілі бір жұмыстарды, қызметтерді орындауға байланысты ерекше әрекет. Оның негізгі белгілері:
-шаруашылық әрекетінің бостандығы (өндіріс құралдарын пайдалануды, өндіріс түрлері мен тәсілдерін таңдауды);
-осы экономикалық әрекетке, оның нәтижесіне, сондай-ақ оған байланысты пайда болатын қателерге жеке басымен толық жауап беру;
-коммерциялық табыс пайда түсіруге бағытталады.
Сонымен қатар, кәсіпкердің ең ерекше қасиеті -- ұйымдастырушылық қасиеті. Жалпы алғанда кәсіпкер кәсіпорынның әрекетін бағыттайтын және көптеген жағдайда осы әрекетті басқарушы кәсіпорынның негізгі қолдаушысы және ұйымдастырушысы болып табылады. Ол еңбек құралдарының иесі де болуы мүмкін, сондай-ақ өз иелігіне жатпайтын мүлікті жалға алу арқылы пайдалануы да мүмкін.
Кәсіпкердің қызметін бағалай отырып, А.Смитт "Өзінің жеке мүдделерін көздей отырып, ол қоғам саналы түрде қызмет еткісі келгенінен де артық еңбек сіңірді",- деп атап көрсетті.
Кәсіпкерлік белсенділік субъектінің негізі - кәсіпкерлік функцияны атқарушы, яғни кәсіпкерлердің өзі. Кәсіпкерлік процесті қозғаушы субъект. Кәсіпкер кәсіпкерлік процесті мүмкін болатындай етуші байланыстар орнатып, олардың ортасында орналасады. Бірақта кәсіпкер бұл процестің жалғыз субъектісі емес, кәсіпкерлік функцияны атқара отырып, идеяны іске асруға тартылатын капитал иесімен және идеяны тиімді іске асыру процесін басқаруға қажет маман-менеджерлермен байланыс орнатады. Кез-келген жағдайда кәсіпкер өндірістік процестің мүмкін не мүмкін еместігі және оның жалғасуы, соған байланысты тұтынушымен әрекеттесуі керек.
Тұтынушы кәсіпкер тарапынан негізгі серіктес ролінде қарастырылады. Тұтынушыға көңіл қою, оның мүддесі үшін жұмыс істеу-кәсіпкерге қойылатын маңызды талап. Бірақ та одан маңыздырағы, ол - тұтынушы әрқашанда кәсіпкерлік процестің субъектісі, оның қатысуынсыз мұндай процес мүмкін емес. Кәсіпкердің серіктестерінің басқа категорияларымен жағдайы дәл осылай анықталады -- кәсіпкер кооперациялық байланысқа түсуге мәжбүр болған тұлғалар, яғни өндірістік процесті ұйымдастыруға қажеттінің барлығын жеткізушілермен (шикізат, босалқы, жабдықтар, электр энергиясы және т.б.). Осы секілді серіктестермен байланыс орнатпаса, өндірістік процессті ұйымдастыру идеясы "ауада қалықтап", оны іске асыру мүмкін болмайды. Бұдан кейін жеткізіп беруші кәсіпкерлік процестің міндетті түрдегі қатысушы субъектісі ролінде болады.
Кәсіпкердің өзіндік ұйымдастыру принципінің мәні, тұтынушылар және жеткізуші серіктестермен қажетті байланыстарды орната алуда.
Осындай байланыстарды орната алмау, не орнатуды қаламау адамға кәсіпкер болуға жол бермейді, ол талант. Осындай әрекеттерге табиғи бейімділік кәсіпкерлік процесті жоғары тиімділікпен ұйымдастыруға алып келеді.
Бірақ та кәсіпкерлік процес әрқашанда қандай да бір нақты өндірістік процеске негізделе бермейді. Егерде мұндай процесті іске асыруға өз күші жетпесе , онда жалдамалы жұмысшылар тартылады, олар негізінде кәсіпкердің пікірлестері болуға тиіс. Ал егер бұлай болса , онда оларда кәсіпкерлік процестің субъектілері болады.
Кәсіпкерлік процестің субъектілерінің құрылымы түгелімен төмендегі суретте көрсетілгендей болады.

Кәсіпкерлік процестің субъектілерінің құрылымы

Мемлекет
Серіктес
Капиталистік инвестор
Кәсіпкер
Тұтынушы
Кәсіпкер менеджер
Жалдамалы жұмысшы


1 сурет

Кәсіпкерлік процес өзінің айналасына әр субъектінің эгоистік және экономикалық мүдделерімен санасатын, араларында мақсатты байланыстары бар салыстырмалы жабық түрдегі субъектілер тобын құру ретінде мінезделеді.
Кәсіпкерліктің теориясы мен практикасын үйрену барысында кәсіпкерлік белсенділік объектісі категориясы үлкен маңызға ие. Себебі дәл осы объектімен кәсіпкерлік идея байланыста жиі болады (бірақта ол өндірістік процесті ұйымдастырумен немесе басқарумен, жаңа рынотарын дәстүрлі емес әдістермен, өткізу іздеумен және т.б. байланыста болуы мүмкін).
Кәсіпкерлік объектісі - сатып алу, қолдану және тұтыну нарығында ұсынылатын біреудің бір нәрсеге қажеттілігін қанағаттандыратын тауар, өнім, қызмет, баға көлемі, сыртқы және т.б. көрініс секілді көрсеткіштермен мінезделетін ерекшеленген біріңғай тауарлы бірлік, кәсіпкердің өз әрекетіне маманданған қатынасы ең алдымен тауарлық сапасына, тұтынушылық қасиетіне,баға, сырты көрініс, орамы , буып түюі және т.б. одан соң барып тауарлы бірліктер санына көңіл қоюды талап етеді. 1
Кәсіпкерлік процестің барлық субъектілерінің арасындағы қатынастар тауарлы мінезде, бірақта эгоистік экономикалық мүдде ақшалай формада көрініс табатындықтан (арзанырақ алып, қымбатырақ сату),субъектілер арасындағы қатынастар да тауарлы ақшалай қатынас мінездемесінде болады.
Кәсіпкерлік қызметтің мақсаты - ол сұранысы және кәсіпкерге табыс әкелетін тауарды өндіріп, нарыққа ұсыну. Кәсіпкердің тауарды өндіріп, нарыққа ұсыну шешімін іске асыру барысындағы шығындардың артуы.
Шығындар - кәсіпкердің осындай тауарды өндіруіне жұмсаған шығыстары (негізінде ақша формалары).
Табыс - кәсіпкердің кассасына белгілі бір тауарлар, қызметтер, мүліктер, басқа тұлғаға беру үшін келіп түсетін төлемдер. Табысты белгілі мерзімге келіп түсетін және болашақта қайтарылуы тиіс қарызға алынған қаражаттардан ажыратып алу қажет.
Мысалы, сіздің банктағы шотыңызға А тұлғасына жеткізілген тауарларға төлем ретінде 300 мың теңге түсті, оларды өндіру сізге 200 мың теңгеге түсіп еді. Бұл жерде сіздің табысыңыз 300 мың теңге, ал пайдаңыз 200 мың теңге.(300мың теңге-200мың теңге).
Пайда табу тек кәсіпкерлік емес. Сондықтан да кәсіпкер пайдасы немесе кәсіпкер табысы секілді экономикалық категорияның ерекшелігіне көңіл бөлу маңызды. Кәсіпкер табыс мағынасында басқарудан, өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдіс тәсілдерін енгізуінен түсетін қосымша табысты кәсіпкер өзінің табиғи дарынына не сараптау және өндіріс факторларын сыртқы орта шарттарына тәуелсіз комбинациялау жасай алатындығына байланысты алатын артықшылықты айтамыз.
Басқаша айтсақ кәсіпкер пайдасы 2 элементтен құралады:
-іскер адамның үйреншікті пайдасы;
-іскер адамның үйреншікті пайдасынан артушылық.
Екінші элемент - кәсіпкер табысы өндіріске жаңалық енгізу, инновация үшін қоғамдық сый-ақы формасы.
Сіздің кәсіпорныңыздың пайдасы айына - 1 млн. теңге деңгейінде тұрақты тұр еді делік. Сіз айталық, өндірістік процестің ұйымдастыру жүйесін өзгерттіңіз. Соның нәтижесінде өндіріс тиімділігі мен пайда айына 1,5 млн. теңге құрады. Бұл жағдайда 500 мың теңге - сіздің кәсіпкерлік табысыңыз (пайда).
Кәсіпкердің пайдасы неғұрлым жоғарылаған сайын, соғұрлым тұтынушылар саны жоғары, кәсіпкерлік өндіріс, салық төлеу, өндірісті ұлғайтады, жұмыскерге жұмыс орны кеңейеді, тауарлар саны өседі, еңбекке қабілетсіздерге әлеуметтік көмек көрсетеді, қоғамда келісімдер үрдісі кеңейеді.
Кәсіпкерлік - бұл тауарды жеткізу және алыс, жақын перспективадағы нарықтың зерттелуі деңгейінің көрсеткіші. Тауарды жеткізу басталғанға дейін нарықтың жеткізуге реакциясын анықтау қиын. Кәсіпкер бұл мағынада өз қауіп - қатері мен қарқынына әрекет етеді, себебі ол мәңгілік экономикалық теориядағы келіп тіркелген сұрақтарға жауап беру керек. Олар:
-не өндіру керек;
-қалай өндіру керек;
-кім үшін өндіру керек.
Бұл сұрақтарға жауапты кәсіпкер абстрактілі деңгейде береді, яғни кәсіпкер болашақ тұтынушыны жалпы анықтайды. "Менің тұтынушыларым 3-8 жас аралығындағы қыздары бар ата-аналар болады", - деп жорамалдайды, мысалы үшін балалар ойыншықтарын өндіруші, болашақ тұтынушының бұдан да нақтырақ мінездемесін кәсіпкер бере алмайды, оның керегі де жоқ, себебі мұндай ариентация жеткіліксіз. Тұтынушының нақты мінездемесін тікелей жеткізіп беру кезінде және тауарды өндіруге алғашқы тапсырыстарды орындау кезінен анықталады.
Кәсіпкер әдетте өз әрекетін үш бағытта таратады:
Бірінші бағыты - өндірісті басқару (өндіріс процестерін, еңбек коллективін, кәсіпкер құрылымдарын). Кәсіпкер әрекетінің бұл бағыты менеджмент концепциясы түрінде ғылымда жеке даму алды.
Кәсіпкер менеджменттің негізгі концепциясын игеріп, менеджер болуға тиіс. Әрине орын алған кәсіпкер құрылымдарды бастан маманданған кәсіпкер белсенділікпен менеджер жұмысын бірге алып жүреді.
Осы себептен оның әрекетінің екінші бағыты - нарықты зерттеу. Нарықта болып жатқан процестерді талдауынсыз тиімді кәсіпкерлік іс-әрекет болуы мүмкін емес.
Нарықта кәсіпкерлікті өнім тауары айналысында орын алып жатқан жағдай қызықтырады.
Кәсіпкер әсіресе өз іс-әрекетінің барысында маркетинг жөнінде маман болуы тиіс. Кейінірек маркетинг мәліметтері мен қорытындыларын алу үшін сол адамдарға жүгінеді. Бірақ кез-келген жағдайда оның маркетинг негіздерінен хабары болуы керек.
Кәсіпкер өз көңілін бөлетін үшінші бағыт - серіктестік байланыстар (орын алған не жоспарланып отырған).
Сонымен бірге серіктестік байланыстар тиімді және ескі күтіліп отырғандағымен салыстырғанда тиімділігі төменірек ескілерінен бас тарту, жаңаларды іздеуге көңіл бөледі.


Кәсіпкерлік әрекеттің бағыттары

партнерлер
Кәсіпкер
рынок
өндіріс

2 сурет

Сонымен, кәсіпкерлік - тауарларды өндірумен нарыққа жеткізу кәсіпкерлік табыс (пайда) алуға бағытталған экономикалық (шаруашылық) жүйесінде байланысты қауіп-қатермен және инновациялық тұрғыдан келуге негізделген іскерлік формасы.


1.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің
пайда болуы мен қалыптасуы

Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.
Кіші бизнес кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Сонымен бірге, ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді. Соңғысын мына жағдаймен түсіндіруге болады: кіші бизнес өзінің мәнін жете түсіну негізінде(әрбір азаматтың өзінің материалдық жағдайын одан әрі жақсартуға талаптануы) оның одан әрі дамыту формасы арқылы жалпы жағдайларды тудырады.
Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы ролі аса үлкен. Біздің республикамызда кіші бизнестің үлесі қазіргі кезде 90%-ке жетті.
Кіші бизнес еліміздің ажырамайтын саяси-экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады.
Біріншіден, нарықтық қатынастың тұрақтылығы солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады.
Екіншіден, рыноктық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандандыруда іске асыруды және өндірісті тармақталған кооперацияларға айналдырады. Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді.
Үшіншіден, шағын кәсіпорынның ролінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне тиек болады.
Жалпы, кіші бизнес өнімді өндіруге, жұмыс істеуге және қызмет көрсетуге, жинауға, өңдеуге және ақпарат беруге, рухани байлықты жасауға бағытталған қызмет. Шағын бизнестің дамуы нарықтық тауар және қызметтерден дамиды, экспорттық потенциялын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорынның маңызы ол тек тұтыну саласында емес, кейбір бөлек узелдер мен механизмдерді шығару жағдайына немесе полуфабрикаттар өндіріп, негізгі басты өндірісті қамтамасыз етеді.
Шағын бизнес саласындағы кәсіпорындар барлық халықшаруашылық салаларында жұмыс істейді. Шағын кәсіпорындарда кейбір тауарлар шығару, қызмет атқару - тек мемлекеттік кәсіпорындарға жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы рұқсат немесе лицензия керек болады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік -- шаруашылық қызметтің маңызды түрі. Оның ролін А.Смит былай деп бағалаған болатын: "Кәсіпкер өз мүддесін өзі үшін ұтымдылық жағдайды көздейді дей тұрғанымен, ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді." Қазіргі экономика кәсіпкерлікті - шаруашылықты ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.
Қазақстан Республикасында тұрғындардың жұмыспен қамтылуын арттыру және нарықты отандық тауарлар мен қызметтерге малықтыру кәсіпкерліктің шаруашылықты жүргізу тәжірибесіндегі техникалық өндірістік және әлеуметтік-экономикалық потенциялын толығырақ пайдалану үшін оның пайда болуы мен дамуына үлкен мән берілуде. Елде оның тәуелсіз дами бастаған әр алуан түрлері мен формаларының, Қазақстанның қайта қалыптасушы экономикасының құрамдас бөлігі ретінде қалыптасу процесін қамтамасыз ету және нарықтық қатынастарға өту жағдайында әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды жүзеге асыруда олардың ролін жоғарылату үшін 20-дан астам заң және нормативтік актілер қабылданды.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік алғаш рет кооперативтік бастамада шағын кәсіпорындар түрінде 1992 жылы пайда болды. Ол кезде олар 34506 бірлікті құрады. Олардың үлесіне Республикадағы жұмыспен қамтылған жалпы жұмысшылар санының 6%-ы және ЖІӨ-нің 7%-ы тиді.
Дегенмен, мемлекеттің инфляцияны ауыздықтау мақсатындағы қатаң ақша-несие және бюджеттік реттеудің нәтижесінде кәсіпкерлік саласында пайда болған дағдарысты үдерістер, оның дамуына маңызды қиыншылықтарды туындатты және шағын бизнеспен айналысушы субъектілердің санын 24030 бірлікке дейін қысқарды, ал олардың үлестері жоғарыда көрсетілген мәліметтер бойынша сәйкесінше 5,2% және 6% дейін қысқарды.
Бірақ та 1997 жылы кәсіпкерліктің пайда болуы мен даму тәжірибесінде және ең алдымен шағын бизнесте күрт өçãåðiñêå ұшыраған жыл ретінде орын алды, ол кезде шағын кәсіпорынның қысқаруларының тоқтауы былай тұрсын, олардың саны алдағы жылдармен салыстырғанда көптеген есе өсті. Мысалы, 1997 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын шағын кәсіпорындар саны ел бойыша 123 мың бірлікті құрады, ал жеке кәсіпкерлердің саны - 196 мың адамға жетті, бұл көрсетілген жылы жеке кәсіпкерлік саласының айтарлықтай кеңейе түскендігін куәландырады. Заңды және жеке кәсіпкерлік тұлғаның тез көбеюіне 1997 жылы шыққан Қазақстан Республикасы Президентінің Екінші Жарлығы үлкен ықпал жасады - "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамуын белсендіру шаралары туралы", "Қазақстан Республикасында аймақтық шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету мен дамыту бағдарламалары және паритеттер туралы" және шағын кәсіпкерліктің, соның ішінде шағын бизнестің өзекті проблемалары іс-жүзінде шешу үшін сол жылы осылардың негізінде қабылданған бірқатар заң және нормативтік актілер. Солардың қатарында ел басшылығының 1997 жылы 14 наурызындағы №325 "Шағын кәсіпкерліктің ақпараттық көрме орталығын құру туралы" және 1997 жылы 26 сәуірдегі №665 "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы" қаулыларымен 1997 жылы маусымда қабылданған "Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы" Заңы маңызды орындарға ие болды, біздің республикамызда шағын бизнесті одан әрі дамыту бойынша бағдарламалық құжаттарға айналды.
Осылайша, Қазақстанда елдегі қалыптасушы нарықтық экономикаға қажетті масштабтарда кәсіпкерлік қызмет еркіндігін және оның пайда болуы мен сәтті дамуын қамтамасыз ететін, шағын бизнестіің берік құқықтық негізі құрылды. Бірақ, шағын бизнесті оның өмір сүруімен органикалық түрде байланысты болып келетін орта және ірі кәсіпкерліктен бөлуге болмайды.
Осы жерде бизнестің әрбір түріне өзінің жеке артықшылықтарын танытуға және нарықтық экономикада өздеріне тән ерекше міндеттерді орындауға мүмкіндік беретін байланыстырушы біріңғай заң базасының жоқтығы білінеді, ол бизнестің барлық түрлерінің өзара байланысқан түрде дамуы үшін жалпы құқықтық негіз ретінде қызмет көрсетуі керек. Кәсіпкерлік қызмет саласында шағын бизнес кәсіпорынның негіз қалаушы ретінде орын алатындығы белгілі, кейіннен бұл негізде анағұрлым биігірек шаруашылық "қабаттары" өсіп жетіледі және ол көп нәрсе бойынша нарықтық экономикамен түсініліп, өз ғимаратының архитектураларын алдын-ала қарастырады. Ірі бизнес кәсіпорындары болса, нарықтық экономиканың "тасушы конструкциясына" жатады, олар тұрғындарын әр алуан тауарлар мен қызметтерге деген сұраныстарын қамтамасыз ететін күшті өндірістік потенциялына ие. Олар индустриялық жүйенің негізін құрайды және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді."11
Сондықтан шағын, орта және ірі кәсіпкерлік проблемасының кешенді шешімін табу үшін олардың өзара тәуелді түрде дамуын ұйғаратын жалпы бағдарламаның дайындалуы қажет. Бұл бағдарламада шағын, орта және ірі бизнес арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының барлық жағын қамтып, білім беру, қызмет және келесілерінің жұмыс істеулерінің тоқталуын барлық аспектілерін реттеуші шараларды алдын-ала қарастыруы қажет.
Қазақстан Республикасының Президентінің "Кәсіпкерлік қызмет еркіндігі бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау туралы" Жарлығының негізінде дайындалған, 1999-2000 жылдарына арналған Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасы, шағын бизнес бойынша онда ұйғарылған шаралардың іс жүзінде іске асырылуын қамтамасыз ететін құрамдас бөлігі болуы керек.
Қазіргі уақытта тіркелген шағын кәсіпорындардың жалпы санының 50%-ы тоқтап тұр, сондықтан ЖІӨ-дегі шағын кәсіпкерліктің үлесі бұрынғы (7%) деңгейінде қалуда. Осыған орай ол жерде алдын-ала қарастырылған жеңілдіктер мен кепілдемелер әлі шағын бизнес кәсіпорынның пайда болуы мен жұмыс істеуін ынталандырудың әсерлі жүйесіне жатпайды. Шағын бизнестің даму деңгейіне оған шаруашылық қолдау көрсету механизмінің жоқ болуы да ықпал етеді. 2000 жылдың аяғында елдегі өз бетінше жұмыс істеуші шағын кәсіпорынның саны - 350 мыңға жуықты құрады, бұл біздің еліміз үшін аз. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалардың саны миллиондармен есептелуі керек.
Мысалы, АҚШ-та жалпы өнеркәсіп өндірісінің көлеміндегі шағын бизнестің үлесі - 25%, Ұлыбританияда 30%, ал Жапонияда 50% жуық. Қалыптасушы нарықтық экономикадағы шағын, орта және ірі кәсіпорыннан құралған кәсіпкерлік құрылыстың үлес салмағын жоғарылату үшін кәсіпкерлік қызметтің дамуына кедергі жасайтын себептерді жою керек.
Бұған қоса бюджет тапшылығы жағдайында орталықты ұстау үшін үстіміздегі жылдың өзінде 5млн. теңге, сондай-ақ шетелдік техникалық көмек шеңберінде қаржы және ғимарат бөлу көзделген. Осы қаулымен кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі ережеге сәйкес орталықтың ғылыми-практикалық кеңесі құрылған.


2. Шағын және орта бизнестің ерекшеліктерін талдау

2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуын статистикалық талдау

Өркениетті елдердің қайсысы болсын өздерінің әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлікке арқа сүйейді.
Шағын кәсіпорындар санының көбеюі меншік иелерінің өсуіне алып келеді, бұл соның ішінде Қазақстанның дамуы үшін өте маңызды. Еліміздің экономикасының гүлденуі шағын кәсіпкерліктен бастау алады. 1997 жылы шағын кәсіпкерлікпен шұғылданатындар саны 500 000 ғана болса бүгінгі күні олардың саны 912 792 адам болды.
Экономикалық жылдық салыстырулар бойынша 2000 жылдың ІІ тоқсанында шағын кәсіпкерлік саласынан бюджетке 16 936 320 теңге түскен, ол 1999 жылмен салыстырғанда 26,4 % -ке өскен.
Демек, орта және шағын кәсіпкерліктің дамуы экономикалық прогрестің шешуші факторы және жұмыспен қамтудың басты көзі болып отыр.
Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы ролі аса үлкен. Біздің республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90%-ке жетеді.
Статистикалық тіркелім деректеріңде республика бойынша 2003 жылғы шілде айының 1 жұлдызына дейін бизнеспен айналысатын 125 мыңға жақын шағын кәсіпорын тіркелгее, бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңдегі деңгейден 13,1 % жоғары. Тіркелген кәсіпорындардың жұмыс істейтін (экономикалық қызметті жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алатын) кәсіпорындар. Осы кәсіпорындардың 45 мыңнан астамы, (50,8 %) маусым айында белсенді жұмыс істеді.
Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындардың басым көпшілігі (42,8 %) саудаға, автомобильді және үй мүліктерін жөндеуге маманданады, өйтені сауда қызметі шағын бизнес кәсіпорындарына аса қолайлы. Өнеркәсіп қызметімен белсенді кәсіпорындардың 12,6 %-і шұғылданды. Олардың басым көпшілігі (жалпы өнеркәсіп кәсіпорындары сананың 89,8 %) өңдеу өнеркәсібінің еншісінде.
Өңірлер бойынша белсенді кәсіпорындардың басым көпшілігі Алматы қаласы (30 %) мен Астана қаласының (9,5 %), сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан (7,1 %) және Шығыс Қазақстен (7 %) облыстарының үлесінде.
Маусым айында Павлодар облысы мен Алматы қаласында шағын бизнестің белсенді кәсіпорындар саны өткен аймен салыстырғанда артқан. Әсіресе олардың саны 2005 жылғы 1 шілдедегімен салыстырғанда Атырау (41,3 %), Алматы (29,3 %) облыстары мен Астана қаласында (20,9 %) көп өсті.
Халықтың кәсіпкерлік белсенділігі әсіресе Алматы қаласы (1000 тұрғынға шаққанда - 23 кәсіпорын) мен Астана қаласында (15,4), сондай-ақ Маңғыстау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында шағын жəне орта бизнестің дамуы
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
Кәсіпкерлік пен бизнес
Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесінің даму бағыттары
Кредиттік оқу жүйесі
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Астана қаласындағы «Баққон» кәсіпорны негізінде кәсіпкерлікті жүзеге асыру жағдайы
Шағын және орта бизнес
Кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікті дамыту
ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер