Қазақ халық музыкасының тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ГРНТИ 18.41.09

М. Әсетқызы

магистрант
Спорт және өнер жоғарғы мектебі,
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Павлодар қ., Павлодар облысы, Қазақстан Республикасы, 140002
e-mail: asetkyzy91@inbox.ru

XIX ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ - XX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫНЫҢ ДАМУЫ

Мақалада оқушылардың эстетикалық талғамдарын, музыкалық мәдениеттерін, ұлттық сана-сезімдерін қалыптастыру жолындағы музыканың ролін айқындау мақсатында қазақ музыкасының дамуына үлес қосқан, ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгектері әнші-композиторлардың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат береді.
Кілтті сөздер: музыка, қазақ халық музыкасының тарихы, қазақтың музыкалық мәдениеті

КІРІСПЕ
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырда қазақ музыкасының дамуы ұлы дала төсінде өрлеу дәуірін бастан өткеріп әншілік мектептің берік ірге тасы қалыптасты. Ұлттың иісін анқытатын ұлы шығармалар дүниеге келді. Ұлы мұраттарға жетелейтін ұлылар үні естілді. Қазақ музыкасы ұлттық кодтың алтын өзегіне айналды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Оқушыларды жан-жакты етіп тәрбиелеуге, отансүйгіштікке, әсемдікті сүюге, мейірімділікке тәрбиелеуде музыканың алар орны ерекше. Баланың эстетикалық талғамын, музыкалық мәденитеін, ұлттық сана - сезімін қалыптастыру жолында сөзбен жеткізе алмайтын әсемдікті музыка тілімен жеткізуге болады. Музыкалық сауаттылықтан бұрын музыканың даму тарихын жетік меңгерген жағдайда музыкаға деген көзқарас өзгеше болады.
Қазақ музыкасының дамуына үлес қосқан, ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгектері әнші-композиторлардың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру өзіндіңк ерекшеліктерін зерттеу, шығармаларымен таныстыру, ұлтық ән өнеріне қызығушылықтарын арттыру бізге - парыз, болашаққа - аманат.
Қазақ халық музыкасының тарихы.
Қазақ халық музыкасының дамуының тарихына көне түркі дәуірінен бертінгі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи - мәдени мәліметтер енеді.
Қазақ фольклорының маңызды бір арнасы - эпос. Оған тән музыкалық мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда музыкалық мақамның әсерлі болатыны мәлім. Қазақ музыкасындағы жүректі тербейтін, сиқырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер - ХІХ ғасырдан желі тартса, речитативті әуенге құрылған эпикалық дәстүр - алғашқы, лирикалық әндер - соңғы құбылыс. Бірақ, дәстүр тұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген. Сыр бойы, Атырау алқабында - эпос, Жетісуда - терме, Орталық Қазақстанда кең тынысты лирикалық әндер басым дамыған.
Қазақ музыкасы ауызекі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді.Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. Қазақ музыкасының өзіндік ерекшелігі - синкреттілігі. Поэзия мен музыка мақамның бірлігіне негізделген ән-жырлардың келе-келе дараланып, екі түрлі өнер арнасына жіктелгені мәлім.
Бірі - ән өнері, екіншісі - күйшілік дәстүр. Осы негізде ХІХ ғасырда қазақ даласында екі түрлі халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр қалыптасқан. Бірі - Ықылас,Сарымалай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет, т.б. өнерпаздар бастаған күйшілер тобы болса, екіншісі - Біржан, Ақан, Мұхит, Мәди, Жаяу Мұса, Естай, Үкілі Ыбырай, Абай, Нартай, Майра, т.б. сал-серілерден арқау тартатын әншілік өнер. ХІХ - ХХ ғасырларда айырықша дамыған домбыра күйлері өз кезегінде екі түрлі нақыштық ерекшелігімен дараланады. Бірі - кең ауқымды төкпе, екіншісі - сырлы да өрнекті шертпе күй үлгілері. Әрине, қазақ халқының музыкалық мәдениетін сөз еткенде домбыра күйлерін бұл екі дәстүрмен ғана шектеуге болмайды. Ел арасынан шыққан кәсіби күйшілердің өз үні, өз мәнері, орындау ерекшеліктері бар.
ХІХ ғасырдың аяқ шенінен бастап қазақ музыкасы шет ел және орыс саяхатшыларының назарына ілікті. П.Георги, В.Андреев, В.Добровольский, С.Рыбаков, А.Левшин, А.Алекторов, М.Готовский, Р.Пфенниг, А.Эйхгорн, Н.Савичев секілді шығыстанушылары Қазақ музыкасы, оның көрнекті өкілдері туралы тың әрі қызықты мәліметтер жеткізді. А.В. Затаевич қазақтың музыкалық фольклорын жинап, оларды нотаға түсіріп, жүйелеуде үлкен қызмет атқарды.
XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің гүлденген дәуірі болды. Бұл кезеңде өмір сүрген көптеген аса көрнекті кәсіби композитор - әншілер мен күйшілердің шығармалары халықтың музыкалық классикасының негізін құрады. Көптеген халық композиторлары өз заманындағы білімді адамдар еді; олардың бәрі дерлік хат танитын, кейбіреулері орыс тілі мен араб тілін білетін, бірақ өз шығармаларын нотаға түсіріп жаза алмайтын еді.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Абай әндері қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы бауырлас достықты нығайтуға игі ықпал етті.Қазақ әндерін жазып алуда
С. Г. Рыбаков көп еңбек сіңірді. Ол 100-ден астам ән жинады. Қазақтың ән әуендері оркестрлік шығармаларда да пайдаланылды
Қазақтың музыкалық мәдениеті
Ұлтымыздың бүкіл рухани игілігі ХХ ғасырға дейін жазбасыз түрде дамып, ауыздан - ауызға, әкеден-балаға, ұстаздан - шәкіртке, өткеннен - болашаққа жеткізіліп отырған.
Музыка өзінің алғашқы кезеңінде ескі көшпелі қоғамның қажеттілігінен туып, ірі діни және тұрмыстық салт-дәстүрлермен біртұтас дүниеге айналды. Қазақ этносының қалыптасу кезеңінде пайда болған ірі эпикалық баяндаулар - жыраулар орындауындағы жырлар әртүрлі дәстүрлермен байланысты болды.Халық жадында жүзден аса эпос сақталған, олар мың өлең жолынан тұрады, қыл қобыз немесе домбыра арқылы орындалған.
Халық музыка аспаптарының көне үлгісі ретінде кейін пайда болған күй де - өзінің бастапқы кезеңінде магиялық міндеттерді атқарған. байланысты. Олардың бір бөлігі дыбысты беру сипатымен ерекшеленді және табиғаттың табиғи дауыстарын, өмір, өлім, тұрмыс туралы философиялық ойларды берген. Бұлар ерте кездегі діни
сенім - нанымның, әдет-ғұрыптың жаңғырығын осы күнге дейін алып келген. ХІХ ғ. таман ғана қазақ музыкасы өзін шектеген дін мен дәстүрлерден арылып, дербес көркемдік шығарма ретінде дами бастаған. Бұл кезең шын мәніндегі ұлттың рухани жаңаруы, аспапты, әндік, ақындық өнер сияқты негізгі халықтық өнердің даму кезеңі болды. Қазақстанның байтақ территориясында әртүрлі дербес кәсіби композиторлық және орындаушы мектептер пайда болды, әрбір аймақ өз ерекшелігін сақтап отырды. Мысалы, Батыс Қазақстанның территориясы домбыралық күй - төкпені дамытудың орталығы болып есептелсе, Сарыарқа аймағы (Орталық Қазақстан) әндерді орындаудың орталығы, оңтүстік-батыс аймақ (Қармақшы ауданы) эпостық жырды баяндаудың бай тәжірибесін сақтаған, ал Жетісу өңірі айтыс дәстүрін айтысушы ақындардың жарыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
XХ ғасырдағы батыс еуропа музыкасы
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы
Музыкалық өнер туралы
Ахмет Жұбанов
Құрманғазы Сағырбайұлы
Қазақтың тұңғыш операсы
19-ғасырдағы қазақ музыкасы. 20-ғасырдағы қазақ музыкасы
Күй өнері - тәрбиенің басты құралы
Қазақ халқының музыкалық мұрасы
Пәндер