Ер адамдар мен әйел адамдардың ұқсастықтары және айырмашылықтары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ер адамдар мен әйел адамдардың ұқсастықтары және айырмашылықтары

Ер адамдар мен әйел адамдардың ұқсастықтары қандай және олардың қандай айырмашылықтары болатынын сипаттаңыз.

Адамдар бойы, салмағы, шаштың түсі сияқы көптеген көрсеткіштер бойынша ерекшеленеді. Бірақ Мен - тұжырымдамасы және әлеуметтік қатынастар үшін ерекше маңызды, адамдар назарын бірден аударатын екі параметр бар. Бұлар- нәсілдік және әсіресе жыныстық өзгешеліктер. Нәресте дүниеге келгенде адамдар бірден «ұл ма, қыз ба?» деген сұрақтың жауабын білгілері келетіні анық. Әдетте бірі болмаса екіншісі дұрыс болады және басқалай таңдау жоқ. 2011жылы канадалық жұп балаларының есейе келе өзінің гендірлік сәйкестігін өзі таңдап, дамытуы үшін, балаларының жынысына қатысты құпияны сақтауға уәде бергені үшін өткір сынның астында қалған жағдайда болған еді.

Солтүстік Америка сияқты көптеген мәдениеттерде әркім жынысын өзі таңдау қажет деген батыл көзқарастың да бары екені жасырын емес. Егер нәрестеде еркек пен әйелдің жыныстық белгілері араласа бітіп дүниеге келсе, әлбетте, отбасы мен дәрігерлер кейін ота жасау үшін таңдауды жеңілдетіп, баланың жынысын өздері таңдайды. Күн мен түннің арасы алакөлеңке болады. Ыстық пен суықтың арасы жылы болады. Бірақ ер адамдар мен әйелдердің арасында әлеуметтік тұрғыдан қарастырғанда басқа ешқандай аралық жоқ. Сонда да арлық ерекшеліктерге ие жандар ретінде трансгендерді атауға болар. Дегенмен олардың дүниеге келген кездегі жыныстық жаратылысына кейін еркек немем әйел болу сезімдері сәйкес бола бермейді. Адам өзін еркек денесіндегі әйел немес әйел денесіндегі еркек сезінуі мүмкін. Осыдан олар сыртқы көріністерін, жыныстық жаратылысын өз сәйкестіктеріне байланысты киім кию немесе жыныс ауыстыратын ота жасату арқылы өзгертеді.

ГЕНДЕР ЖӘНЕ ГЕН

Гендер - адамның еркек және әйел болуымен байланысты ерекшеліктер. Қандай мінез-құлықтар әмбебап және ер адамдардан қандай мінез-құлық күтуге болады? Ал әйелдерден ше?

«Адам геномындағы 46 хромосоманың 45-і ер мен әйелде кездесе беретін ортақ хромосом. », - дейді Джудит Рич Харрис (1998) . Сондықтан әйелдер мен ер адамдар жас кезеңдеріне сәйкес бала кезден дұрыс отырып-тұруға үйренуі, тістердің шығуы мен аяқ басып жүргені сияқты көптеген физикалық ерешеліктері даму сатылары бойынша өзара ұқсас. Сонымен қатар ол жалпы сөздік қор, керативтілік, ар-намыс және бақыт сезімдері сияқты көптеген психологиялық ерекшеліктер бойынша да бір-бірімен ұқсас келеді. Әйелдер мен ерлерде эмоция мен сезім кейіптері бірдей болады; олар балалары үшін бірдей қуанады; сондай-ақ олардағы ми қызметтеріне сәйкестік тән. Шындығында, Джанет Шибли Хайдтың (2005) 46 мета-талдауға жасаған шолуы нәтижесінде зерттелген айнымалылардың көбінде гендерлік ұқсастықтар анықталған. Көптеген психологиялық сипаттамалдарда жыныс арасындағы айырмашылықтан гөрі сәйкестік көбірек кездеседі. Сізге «қарама-қарсы жыныс» өкілі шын мәнінде өзіңізбен сай келетін жыныс өкілі болып шығады.

Олай болса, сонша маңызды емес бірнеше анеатомиялық өзгешеліктері болмаса, кейбір ерекше жағдайлардан басқа бір жағдайларда ерлер мен әйелдер бірдей деген қорытынды жасауға бола ма? Шын мәнінде кейбір айырмашылықтапр бар. Көптеген ұқсастықтар емес, осы айырмашылықтар назар аудартады және олар жаңалықтар ретінде қарастырылады. Себебі ғылымда да, күнделікті өмірде де айырмашылықтар қызығушылықты арттырады. Сондықтан ер мен әйелді салыстыру үшін шамамен 18000 зерттеу жүргізілген екен. Орта есеппен алғанда, ерлермен салыстырғандағы әйелдерге тән ерекшеліктер:

  • Денесіне 70 пайыздан артық май жиналады; бұлшық еттері 40 пайызға кем болады; бойы 12, 5 см-ге қысқарақ және салмағы 18 кг-ға жеңілдеу келеді;
  • Иістер мен дыбыстарға әлдеқайда сезімтал болады;
  • Мазасыздық пен депрессияға екі есе ұрымтал болады.

Орта есеппен алғанда, әйелдермен салыстырғандағы ерлерге тән ерекшеліктер:

  • Жыныстық жетілу баяу өтеді, бірақ өмірлері қысқарақ болады;
  • Назардың жетіспеушілігі немесе гипербелсенді бұзылулар синдромы диагнозы үш есе жиі қойылады; өзіне қол жұмсау 4 есе көбірек кездесуі мүмкін және найзағай түсіп, өмірден озу ықтималдығы 5 еседен артық болуы мүмкін;
  • Құлағын қозғалтуға әлдеқайда бейім болады.

1970 жылдары көп ғалымдар гендерлік айырмашылықтарды зерттеу нәтижесінде стереотиптің күшейе түсуінен қауіптенген еді. Дегенмен зерттеу нәтижелері әйелдерге қатысты кейбір стереотиптердің шынайылығын көрсетті. Көптеген феминист әйелдер ғана емес, басқа адамдар - әйел болсын, еркек болсын - әйелдердің физикалық агрессиялығының әлдеқайда төмендігін, олардың қамқорлық танытуға әлдеқайда бейімділігін және олар әлеуметтік сезімталдыққа әлдеқайда қабілетті келетінін атап көрсетеді. Сондықтан «керемет әйел» феноменінің әсерінен көп адамдар өздерінің ерлерден гөрі әйелдерге деген қатынастары мен сезімдерін әлдеқайда жағымды деп бағалайды.

Ал енді ерлер мен әйелдердің әлеуметтік байланыстарын, басымдық танытуын, агерссиялығын, сексуалдығын салыстырсақ. Осыдан кейін оларды эволюциялық және мәдени бағыттардың түсіндіруі бойынша қарастыра аламыз.

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ӨЗАРА БАЙЛАНЫС

Кей ер адамдардың көзқарастары мен мінез-құлықтары қатаң бәсекелестікпен қамқорлық танытуға дейін өзгеріп тұрады. Бұл кейбір әйелдерге де тән болады. Дегенмен де, ХХ ғасырдың соңындағы феминист психологтардың пікірінше, ерлер мен салыстырғанда әйелдер үшін бауырмалдық негізіндеі жақын қатынастар алдыңғы орынға қойылады. Дәлелдерді қарастырайық.

ОЙЫН. Гендерлік дамытуға қатысты өзінің он жылдық зерттеулері бойынша Элеонора Маккоби (2002) ерлермен салыстырғанда қыздар ойын кезіндегі қарым-қатынаста әлдеқайда үйірсек және оларда агрессияның әлдеқайда төмен болатынын атап көрсеткен. Сондай-ақ олар көбіне бір баламен достасып, онымен тығыз қарым-қатынас жасайды және шағын топтарда ойнауды қалайды. Ер балалар көбіне үлкен топтардағы ойында белсенділік танытады. Ал ерлер ер балалармен қыздар қыздармен бөлектеніп ойнаудың нәтижесінде жыныстық айырмашылықтар арта түседі.

ДОСТЫҚ. Ересектер, әсіресе кейбір жеке-дара мәдениетте әйелдер өздерін салыстырмалы терминдермен сипаттайды. Олар берілген көмекті әлдеқайда хош көреді. Олардың эмоциялары өздерінің қатынас жасау тәжірибесіне байланысты болады және басқалармен қарым-қатынаста әлдеқайда бейә\ім келеді. Әңгімелесу барысында көбіне ерлер алға қойған міндеттерге және үлкен топтармен байланыс жасауға барынша назар аударса, ал әйелдер тұлғааралық қатынастарға көңіл бөледі. Орташа есептегенде, әйелдер өз әрекеттерінің басқаларға қандай ықпалы боларын жақсы біледі. Джойс Бененсон мен оның әріптестері: «Бәлкім, жақындыққа деген ерекше ұмтылыстан» ба екен, әйтеуір, колледждегі оқудың алғашқы жылында әйелдер ерлермен салыстырғанда бөлмедегі көршілерін екі есе артық алмастыратын көрінеді», - дейді.

Әйелдер өзара телефонмен ұзағырақ сөйлеседі, әйелдер ерлерге қарағанда мәтіндік хабарламаларды екі есе көп жібереді. Әйелдердің басқалармен сенімді, жақын қатынас орнату тақсаты болса, олар ұзақ әңгімелеседі; ал ерлер, жалпы алғанда, үстүрт сөйлессе де, өз пікірін дәлелдеп, ақпарат беру кезінде белсенділік танытады. Әйелдер өз эмоциялары айқын байқалатын электрондық хаттар жазып, жіберуге көп уақыт жұмсайды және көп уақыттарын Facebook сияқты әлеуметтік желілерге кетіреді.

Топтарда әйелдердің көпшілігі өз өмір жағдайларымен бөліседі және көбіне қолдау көрсетуге әзірлік танытады. Стреске тап болған кезде ерлер «шайқасу немесе қашу» арқылы жауап береді. Көбіне шайқас олар үшін қауіп-қатерге қарсы әрекет ретінде таңдалады. Шелли Тэйлор атап өткендей, барлық зерттеулерде әйелдер қандай стреске ұшыраса да, олар көбіне «бейімделеді және басқаларға көмектесе алады»; олар отбасы мен достарынан қолдау күтеді. Колледждің бірінші курс студенттері арасында ерлердің - 66 пайызы, әйелдердің 77 пайызы «қиындыққа тап болған адамдарға көмектесу аса маңызды» деп санайды.

БЕЙІМДІЛІК. Жалпы алғанда, әйелдер - басқа адамдармен, ал ер адамдар заттармен жұмыс істеуге көп қызығушылық танытады. Әйелдердің математикаға деген қабілеті болса да, олардың ерлерге қарағанда математика саласында жетістікке жетуі төмен болады. Тағы бір айырмашылық: ерлер теңсіздікті күшейтетін жұмыстарға диспропорциялық ұмтылыс танытады; ал әйелдер теңсіздікті төмендететін іс-әрекеттерге қызығады. 640 мың адамның кәсіптегі артықшылықтарға қатысты көзқарастарын зерттеу барысында ерлер әйелдерге қарағанда жоғары еңбекақыны, қызмет бабында көтерілуді, тың мәселелерді шешуді және билікті бағалайтыны белгілі болған. Ерлерге қарағанда әйелдер жұмыс кестесінің тиімді болуын, тұлғааралық қарым-қатынасты, басқа адамдарға көмек беру мүмкіндіктерін бағалайтын көрінеді. Шынында да, Солтүстік Америкада әлеуметтік қызметкер, мұғалім жіне мейірбике сияқты көмек беру саласы қызметтерін ерлермен салыстырғанда әйелдер көп атқарады. Соңғы жылдары біраз өзгерістер байқалды: 2010 жылы Израиль жастарының басқару саласындағы мамандыққа қатысты қызығушылықтарын зерттеуде, ер мен әйел арасында айырмашалық болмаған. Дегенмен ерлердің техникалық мамандыққа деген ұмтылысы әйелдерден жоғары. 2012 жылы жас әйелдердің 66 пайызы және ерлердің 59 пайыздан астамы еңбекақысы жоғары мамандық бойынша табысқа жетуді маңызды деп санаған.

ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР. Әйелдердің ана, әже, әпке, сіңілі, перзент ретіндегі байланыстары отбасы арқылы бекітіледі. Өздері балалы болғаннан кейін ата-аналар жынысқа байланысты дәстүрлі қатынастар мен мінез-құлықтарды ұстанады. Әйелдер ерлерге қарағанда бала қамқорлығына 2 есе көп уақыт жұмсайды. Ерлермен салыстыпрғанда әйелдер 3 есе көп ашық хаттар мен сыйлықтар сатып алады, хаттарды 2-4 есе артық жазады және достары мен отбасына 10 пайыздан 20 пайызға дейін жиі телефонмен қалааралық байланыс арқылы хабарласады. Бүкіл әлем бойынша кездейсоқ таңдалған 500 әйелдің көбі Facebook парақшаларында отбасылық фотосуреттерді көрсететіні және өз эмоцияларын көпбірек танытатыны анықталған. Ал ер адамдар көбінесе өздерінің мәртебесін немесе еліктіргіш тәуекелге бару сәттерін бейнелейтін көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Христиан діні және отбасы
Қазақ тілі мен әдебиеті
Түрлі ұлт өкілдеріндегі сыпайылық категориясының вербалды және бейварбалды қатынастар арқылы көрініс табуы (ағылшын, қазақ, орыс тілдері негізінде)
Нарықты сегменттеудің ұғымы, критерийлері мен белгілері
Нарықты сегменттеу
Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі
Грек және грек мифологияларының айырмашылықтары
Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің тілде қалыптасуы және қолданылуы
Қазақ мифтері мен мифтік аңыздары турал
Тілдің үштұғырлығы тіл саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz