Төрт мәзһаб имамдарының қысқаша өмірбаяны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және Саясаттану факультеті
Дінтану және Исламтану кафедрасы

ЭССЕ

Тақырыбы: Төрт мәзһаб имамдарының қысқаша өмірбаяны

Орындаған: Наурзалиев И. Р.
Тексерген: Жамашев А.

Алматы, 2019 жыл
ИМАМ АҒЗАМ АБУ ХАНИФА
Әбу Ханифа һижри жыл санауы бойынша 80 жылы (милади 699 жылы) Куфа қаласында Омеядтар (Әмәуи) халифасы Абдул Мәлік ибн Маруанның халифалық тұсында дүниеге келген. Өмірінің елу екі жылын Әмауилер кезеңінде, ал қалған он сегіз жылын Аббасидтер кезеңінде өткізді. Аббаси халифасы Жағфар Мансұрдың халифа-лық тұсында (һ.150767) дүниеден өтті.
Лақаб аты: Араб елінде лақап атпен атау құрмет-сыйды білдіреді, имамның кең танымал лақабы - Әбу Ханифа. Ол ілім алумен қатар, ешкімге кіріптар болмау үшін әкеден қалған кәсібіне, яғни саудаға көбірек көңіл бөлемін деп, көбіне ілім алқаларына тұрақты қатыса алмайтын. Ғұламалардың біразы Әбу Ханифаның зеректігін, ақылдылығы мен ерекше алғырлығын байқап, мұндай зеректік, данышпандықтың сауда жолында ғана жұмсалуын обал санап, саудаға мән бергенінен гөрі ілімге бет бұрғанын қатты қалады.
Әбу Ханифа ұстазы Хаммадтың (р.а.) қолында жүйелі түрде 18 жыл оқыған. Ұстазы дүниеден өткенге дейін, одан ажырамаған. Өйткені, ол ұстазын жақсы көріп, оның асыл қасиеттерін, даналығын, парасаттылығын, тақуалығын, әсіресе кеңпейілділігі мен жомарттылығын өзіне үлгі тұтқан. Имам Ағзам Әбу Ханифаның еңбектері:
1. Әл-Фикһүл -әкбар-Ұлы Имамның ең танымал еңбегі.Кітаптың аты фиқһ болғанымен фиқһ саласын қамтымайды.Себебі сол дәуірде фиқһ ұғымы Құран мен сүннет аясындағы барлық мәселені қамтитын жалпылама атау болды.
2. Әл-Фиқһүл-әбсат-Әбу Ханифаның шәкірті Әбу Мути әл-Хакам ибн Абдулла әл-Бәлһидің риуаятымен Уақил Али Искандар Пиридің алғы сөзімен урду тілінде аударылған.Бұл кітап ақидамен байланысты сұрақтар мен жауаптарды қамтиды.
3. Әл-Алим уәл-мутаалилим- бұл еңбекте Әбу Ханифаның шәкірті Әбу Муқатил ибн Сулейманның Ақидаға қатыста сауалдарына жауаптары қамтылған.
4. Әр-Рисала иләл-Бәтти-бұл еңбек Әбу Ханифа тарапынан басралық ғалым әрі қазы Әбу Осман ибн Муслим Әл-Бәттиге жазған рисала.Кітапта амал иманның ажырмас бөлігі еместігі,иманның артуы мен кемуін қабыл ету мен етпеу мәселесі талқыланып,өзін муржия деп айыптағандардың сөзін теріске шығарды.
5. Әл-Уәсия-негізінен қадам саласына байланысты жазылған.Осы уақытқа дейін бірнеше шархы жазылған.
6. Қасидатун-Нуғмания-Хәзіреті Пайғамбарымыз (с.а.у) жайында жазылған еңбек.
7. Мағфиратул-мазаһиб-ағымдар жайында баяндалады.
8. Китабур-рад алал-қадария-Бұл еңбегінде муғтазила мәзһабын сынап жазған.Кітап қадария ағымының ұстанымдарын теріске шығаруды мақсат тұтқан.

Имам Әбу Юсуф, Якуб ибн Ибраһим әл-Куфи (һ.113-182731-798 ж.):
Әбу Юсуф. Толық аты жөні Яқуб ибн Ибраһим әл-Әнсари, һижра бойынша 113 жылы дүниеге келген. Жастайынан хадис іліміне ерекше мән берді. Алғашында фиқһ ілімін Ибн Әби Ләйләдан алса, кейін Әбу Ханифадан ала бастады. Кейіннен Хиджаз аймағына ауысып, Имам Мәликтен де дәрістер алды, кейбір мәселелерде Имам Мәликпен келіспей жеке ойларын алға тартты. Имам Абу Юсуф Әбу Ханифа шәкірттерінен бірінші болып, хадис мектебі мен әһлу рай (пікір) мектебін жақындатқан ғалым ретінде танылды. Мәһди, Һарун Рашидтің кезінде қазылық қызмет атқарды. Сол кездегі деректер бойынша оның еңбектері 40-қа жеткен алайда біздің заманға тек төртеуі ғана жетті солардың атақтысы әл-Хараж. Халифа Һарун Рашидтің тұсында (786-809 ж.) бас қазы (қадил кудат) болды. Ханафи мәзһабының әдіснамасының жинақталуы мен таратылуына орасан зор еңбегі сіңген. Мутлақ мужтаһид ғалым.
Имам Мұхаммед ибн Хасан әш-Шайбани (һ. 132-189749-824 ж.):
Ибн әл-Хасан әш-Шайбани. Толық аты Мухаммад ибн әл-Хасан әш-Шайбани һижра жыл санауы бойынша 131 жылы Иракта дүниеге келеді. Куфа қаласында өсіп жастайынан Абу Ханифа, Абу Юсуфтан дәріс алады. Мұнымен шектелмей Имам Мәликке барып, оның атақты кітабы Муата кітабы бойынша сабақ өтеді. Имам әш-Шайбани алғашқылардан болып, фиқһ ілімін ауқымды ғылыми түрде жазып қалдырған адам. Сол секілді қоғамтану саласында мемлекетаралық қатынастар тақырыптарына арнап, әс-сияр әл-кәбир кітабын жазып шығарған. Бұл да жоғарыдағы ғалымдар секілді мужтаһид ғалым болып саналады.

ИМАМ ӘШ-ШӘФИҒИ

Мұхаммед ибн Идрис әш-Шәфиғи һижри 150 жылында Ражаб айында Палестинаның Ғазза қаласында жағдайы төмен отбасында дүниеге келген. Имам Шәфиғи дүниеге келген соң көп ұзамай әкесi дүниеден өткен. Имам Шәфиғи екі жасқа келгенде анасының Әл - Харам Меккеге көшті. Әл-Харам мешiтiне жақын жердегі Шағаб әл-Хайр деп аталатын ауданда тұрды. Жас бала ең алғаш бiлiмді Меккеден бастады.
Һиджри 199 жылын имам Шафии Мысырға қоныс тепті. Имам Шафиғи соңғы уақыттарын Мысырда өткізді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбу Ханифаның ұстаздары
«Сәләфия» шырғалаңы – дін келешегіне төнген қауіп
Мұсылман адам төрт мазхабтың біреуін ұстануы міндетті ме?
Ислам діні туралы ақпарат
Сәләфи ағымы
Ханафи мазһабы: калыптасуы және даму жолдары
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының сайттарының жұмысы
ИСЛАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АҒЫМДАР: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Ислам сөзiнiң түбiрi арабшадағы сәлиме, силм етiстiгi
Ислам дініндегі мәзһабтардың шығуы
Пәндер