Қазақтардың Қытайға қоныс аударуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні қазақ халқы 18 миллионнан асатын елдердің қатарында. Ал 5 миллионнан астам қазақ Қазақстаннан алыс, жақын шетелдерде тұрады.

Соңғы жылдары шетелдерде тұрып жатқан қазақтардың жағдайы қызу талқыға түсіп, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналды. Соның ішінде Қытайда тұрып жатқан қазақ диаспорасы мәселесі біздің таңдап алынған тақырыбымыздың өзектілігін құрайды.

Қазіргі кезде Қытайда 1 миллион 500 мыңнан аса қазақ тұрады. Олардың бүгінгі күнгі орналасуы жайында төмендегідей дерек келтіре аламыз:

  • Тарихи тұрғыдан алғанда Қытай қазақтары өз ата-қонысында орналасқан. Олар қоныстанып отырған жерлер қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына негіз болған байырғы үйсін, ғұн, түрік, түркеш, қарлұқ қағанаттарының тарихи отаны. Қарлұқтар заманынан ХV дейін де бұл өлкеде найман, керей, меркіт, үйсін, қаңлы тектес ру-тайпалары өмір сүрді. Кейінгі кезеңде шығыстағы ойрат моңғолдарының күшеюіне байланысты бұл мекен тартып алынса да, ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап қайтадан қазақтардың қолына өтті.
  • Қытай қазақтарының өздеріне тән тілі, жазуы, ақпарат, баспасөзі, бастауыш, орта және жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелері, әкімшілік басқару жүйесі, кадрлар запасының болуы қазақ тілінің үнемі қолданыста жүруіне мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде қазақ тілі ұмытылып қалмады. Аталған салалардың барлығында да жұмыс көбінесе қазақ тілінде жүргізілді. Басқа сөзбен айтқанда, қазақ тілі қазақ халқының қомақты бөлігі орналасқан бұл өңірде үздіксіз даму мүмкіндігіне ие болды.
  • Қытайдағы қазақтардың арасында қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, ән биі, көркемөнері, әдебиеті, шаруашылығы жалғасып, дамуда.

Айтылған мәселелерді ескере отырып, Қытайдағы қазақтардың жай-күйін, көші-қон себептерін, әлеуметтік, демографиялық жағдайын, құқықтық қорғалу мәселелері мен Қытайдың қазақтарға қолданып отырған ұлттық саясатын зерттеу біздің жобамыздың негізгі мақсаты болып табылады.

Аталған бұл мақсатқа жету жолында, жобаның міндеттерін де негізге алып отырғанымыз жөн.

Жобаның мақсаты мен міндеттері :

  • Қазақтардың Қытайға қоныс аударуына мәжбүрлеуші себептерді анықтау;
  • Қытай қазақтарының құқықтық қорғалу мәселесін қарастыру;
  • Отандастарымыздың көшіп-келуіне қатысты әлеуметтік және экономикалық мәселелерді қарастыру;
  • Қытайдың қазақтарға қолданып отырған ұлттық саясатын зерттеу; .

Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Жобаның хронологиялық шеңберіне ХХ ғасырдың 16-17 жылдарынан бастап, қазіргі күнге дейінгі уақыт алынды. Бастапқы бөлімде жалпы отандастарымыздың қазіргі Қытай территориясына қай уақыттан бастап және не себепті қоныс аударғанын білу үшін тарихқа шегініс жасалынады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кеңес дәуірі кезінде бұл мәселені зерттеуге тыйым салынған болатын. Сол кезеңде көптеген жұмыстар жарыққа шыққанымен, ондағы зерттеулер идеологиялық қысым негізінде біржақты қарастырылады. Сол себепті 1950-1980 жылдары шетелдерде тұрып жатқан қазақтардың кейбір тарихи немесе қазіргі кездегі мәселесіне байланысты жарияланған жұмыстар идеологиялық қысымға ұшырыған болатын.

Г. В. Астафьевтің «Казахи Синьцзна» монографиясында Шыңжан провинциясындағы қазақ тұрғындарының этно-тарихи проблемалары зерттеліп, қарастырылған. Қытайдағы қазақ диаспорасы туралы кеңес тарихнамасында бұл жалғыз монография болды.

Тарихи және этнографиялық мәселелер туралы туындыларды айта отырып, Қытайдағы қазақтар туралы Н. Н. Мингуловтын «Национально-освободительное движение народов Синьцзяна как составная часть общекитайской революции (1944-1949) » деп аталатын мақаласын айтуға болады. Н. Н. Мингулов сол кездегі оқиғаға қатысты Шынжаңның периодикалық прессасын пайдалана отырып, Шығыс Түркістандағы Іле қозғалысы жөнінде мәлімет берген. [ 1]

Шет елдерде тұратын қандастарымыз туралы Кеңес тарихнамасында С. И. Бурк ғылыми зерттеулер жүргізген. Ол 1950 жылы Шыңжанда өмір сүріп жатқан халықтың эникалық құрамын Г. П. Сердюченконың Қытай халықтарының тілдік классификациясына арналған мақаласын пайдаланып және статистикалық мәліметтер келтіре отырып, 1954 жылғы бірінші Қытай санағынан алынған мәліметтер арқылы 1953-1954 жж қазақтар туралы жазып қалдырған.

Қазақ халқының жоңғар хандығымен екі ғасыр бойы жүргізген қарым-қатынасының тарихы Орталық Азияның халықаралық аренсында ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Осыған байланысты ғылыми ізденістер көптеп жүргізілген. Солардың ішінен, В. А. Мойсеевтің «Джунгарское ханство и казахи /17-18 вв/» монографиясын келтірсек болады. Қытайдағы қазақтардың тарихи пайда болуы мен қазіргі кездегі дамуының тарихын, қазақтардың эмиграция салдарынан Шыңжаннан 1930-1950 жылдары Үндістан мен Пәкістанға, кейін басқа елдерге таралуының бірнеше кезеңдері бар: алғашқы кезеңге батыс ғалымдарының зерттеулерін жатқызамыз. Олар өздерінің ғылыми зеттеулерін 1950 жылғы Тибетте, Үндістанда және Пәкістанда және т. б. жерлерде болған оқиғаларға байланысты жүргізген. Осыған байланысты, Годфри Лиастың «Казахский исход» деп аталатын монографиясын және Милтон Дж. Кларктың «Как казахи бежали к свободе» мақаласын келтірсек болады. Бұл кезеңге неміс ғалымдарының социологиялық зерттеулері жатады. Олар Шынжаңнан Түркияға келген алғашқы саяси қазақ босқындардың лагерлерінде зерттеулер жүргізді.

Келесі кезеңге сол оқиғаларға қатысқан немесе олардың туысқандары жазған көптеген зерттеулер мен мемуарлар жатады.

1995 жылы 16-17 қараша Түркістан қаласында «Казахская диаспора: проблемы и перспективы» деп аталатын халықаралық симпозиум өтті. Бұл ғылыми творчестволық форум Қазақстанда бірінші рет өткізіледі және ғылыми зерттеу жұмысы Қытай қазақтарының қазіргі проблемасын танып білуге арналған. Бұл форумда Түркия, ФРГ-дағы қазақ диаспорасының, Ресей, Монғолия және Өзбекстандағы қазақ ирредентінің өкілдері сөз сөйледі.

Қазақ тарихында бұдан басқа Жақсылық Сәмитұлының «Қытайдағы қазақтар» еңбегін, Нәбижан Мұқаметқанұлының «Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы (1860-1920) » монографиясын атап өту керек. Авторлар ҚХР-да тұрып жатқан қазақтардың өткен тарихы мен қазіргі дамуын зерттеген. [2]

Қазақстанның халқы - қазақтардың демографиялық өсуі, кейбір зерттеушілердің пайымдауындай әлеуметтік және экономикалық артта қалғандығының салдарынан емес, бірқатар тарихи және саяси жағдайлардың қолайсыздығынан тікелей жапа шекті. Екі ғасырға жуық уақытқа созылған отарлық қысымнан кейін, қазақтар бастапқылардың бірі болып сталиндік әкімшілдік-әміршілдік жүйенің алғашқы құрбаны болды. Әсіресе өте ауыр тиген голощекиндік геноцидтен көшпенді қазақтар қатты күйзелді. ХХ-шы ғасырдың ортасына дейін, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанша, шамамен екі жарым ғасыр бойы қазақ халқының өз мекеніндегі жағдайы өте жайсыз болды. Ұжымдастыру кезіндегі асыра сілтеушіліктің салдарынан болған ашаршылық, саяси репрессиялар және тағы басқасы жергілікті халықтың шекаралас басқа республикалар мен шетелдерге көшіп кетуі, қазақ халқының демографиялық жағдайының өзгеріске ұшырауына әкеліп соқты. Қазіргі күні Қытай территориясын мекендеп жатқан отандастарымыздың жай-күйі осы жобада кеңінен ашылып баяндалады.

1. Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы

1. 1. Қазақтардың Қытайға көшу себептері.

Қазақ диаспорасы - Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, əуелі Қазақстаннан Қытайға, Орталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан əрі дүние жүзіне тараған. Диаспора деген сөздің негізгі түпкі мағынасына айта кетсек, диспоралогия ғылымы жас ғылым болғанына қарамастан, «диаспора» сөзі б. з. д. 586 жылдан бері белгілі. Диаспора бір халықтың тарихи отанынан басқа жерде тұратын өкілдерінің тобы болып келеді. Дәстүрлі түрде, диаспора дегеніміз - туған елінен тыс жерде тұратын, жалпы этникалық тамырлары мен рухани құндылықтары бар адамдардың (этникалық қауымдастықтың) бөлігі. Диаспоралар мемлекеттердің өзара іс-қимылы мен өзара тәуелділігін тереңдетуге және соның салдарынан көші-қон процестерінің өсуіне байланысты қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың ажырамас факторына айналуда.

Кез-келген ұлттың этногенезі - күрделі және ұзақ процесс, нәтижесінде белгілі бір аумақта ортақ тілі бар, этникалық өзіндік ерекшелігі мен аты, жалпы материалдық және рухани мәдениеті бар адамдардың тұрақты қауымдастығы дамиды.
Қазақ халқы негізінен республиканың қазіргі территориясын мекендеген тайпалардан құралған және этногенетикалық процестердің тамыры Андроново мәдениеті деп аталатын кезеңде қола дәуіріне жатыр. Сол дәуірдің ескерткіштері арасынан, қыш ыдыстардағы ою-өрнектер мен қазақтың қазіргі ою-өрнектерінің таңғажайып ұқсастықтары бар. Ерте темір дәуірінде Қазақстан территориясын сақ тайпалары - массагеттер, аргиппеи, даи, исседондар және т. б. мекендеген. Осы кезде аң стилінде жасалған түрлі алтын бұйымдармен әшекейленген әскердің киімі табылды. [3] . Осыған ұқсас элементтер мен сарындар қазіргі заманғы қазақ ою-өрнегінде кеңінен қолданылады, бұл дәстүрлі өнердің біздің заманымызға дейінгі көптеген ұрпақтар арқылы жеткенін көрсетеді. Ғалымдардың көпшілігі қола және ерте темір дәуірінің аталған тұрғындарын үндіиран тайпаларына, еуропеоидтарға жатқызады.
Этногенетикалық үдерістердің жаңа кезеңіне б. з. 1 мыңжылдығының ортасында түріктердің Солтүстік Моңғолиядан Әмударияның төменгі жағына дейін енуі жатады. Осы уақыттан бастап түріктердің сақ, үйсін ұрпақтарымен араласуы қарқынды жүріп жатты және түркі тілі басым бола бастады.

Түркі қағанатының құрылуы, одан кейін Батыс Түрік қағанатын бөлінуі тайпалар мен тайпалық бірлестіктердің ықпалдасуына әсер етті. Батыс Түрік қағанаты Қаратаудың Шығыс баурайларынан жоңғарларға дейін созылып, оны "он тайпа" - "он ок будун" құрады . Бұл мемлекеттің астанасы Шу алқабында Суяб қаласы болды. Батыс Түрік қағанаты ыдырағаннан кейін бірінен кейін бірі: Түркеш қағанаты, қарлұқтар мемлекеті, оғыздар мемлекеті және т. б. пайда бола бастады. Қимақтар мен Қыпшақтар қазақтардың этногенезінде үлкен рөл атқарды. IX ғасырдың аяғында Ертістен Еділге дейінгі Қазақстанның үлкен территориясын қыпшақ тайпалары басып алды және шығыс әдебиеттерінде олар Дешті-Қыпшақ деп аталды.

Қазақтардың этногенезінде басқа тайпалар да үлкен рөл атқарды, мысалы, қазақ халқын қалыптастырудағы ірі компоненттерді құрған наймандар мен керейлер.
Түркі тайпаларының бір ұлтқа бірігуі моңғолдардың шапқыншылығымен үзілді. Қазақстан аумағы үш моңғол ұлысының құрамына кірді: едәуір бөлігі Жошы ұлысының бөлігіне; Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан - Шағатай ұлысында; Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысында болды.
Сонымен қатар, түркі тайпалары өздерінің ежелгі мәдениетін сақтап қана қоймай, сонымен қатар, моңғолдар-жаулап алған халықтардың материалдық және рухани мәдениеті саласы мен тілін қабылдап, түркі ортасында ассимилияланды.
Алтайдан Дунайға дейін созылған және Алтын Орданың тарихи әдебиетінде аталған Жошы ұлысы мықты феодалдық мемлекет болды, және 14 ғ. одан Ақ Орда бөлініп шықты, оған Солтүстік-Шығыс, Орталық және Оңтүстік Қазақстан территориялары кірді. Оңтүстік - Шығыс Қазақстан аумағында Моғолстан мемлекеті пайда болды. Бұл жергілікті этникалық негізде пайда болған алғашқы ірі мемлекеттер болды. Осылайша біртіндеп, ғасыр өткен сайын этникалық территорияның құрылуымен бірге қазақ ұлтының қалыптасуы үшін алғышарттар жасалды. 16-17 ғасырларда қазақтардың этникалық территориясының қалыптасуы аяқталды

Бүкіл әлем бойынша қазақ диаспорасы - шамамен 5 млн адамды құрайды. Оның бір бөлігі Қазақстанмен шекаралас Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында (ШҰАР) тұрады.

Қазақ диаспорасының қалыптасуы мен дамуы әртүрлі тарихи себептерге байланысты болды. Бұл себептерді саяси, діни және экономикалық деп саралауға болады.

Саяси себептерге 18 ғасырдағы жоңғар-қазақ соғыстары, патшалық билікке қарсы Орталық Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыс сияқты қазақ диаспорасының өркені мен дамуы себеп болған оқиғалар жатады. 1916 ж., Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, ұжымдастыру кезеңіндегі қазақтарға қарсы геноцид саясатын жүргізу, қазақтардың Қытай мен Шыңжаң коммунистеріне қарсы күресі, Екінші дүниежүзілік соғыс оқиғалары жатады.

Қазақтардың көші-қонға итермелеген экономикалық себептері мынадай: Ресей империясына қосылғаннан кейін Қазақстандағы дәстүрлі көшпелі шаруашылық жүйесінің бұзылуы, сондай-ақ ұжымдастыру кезінде кеңестік кезеңде Қазақстанда Столыпин аграрлық саясатын жүргізу, 1960-1990 жж. Батыс Еуропа мен Америка елдеріне еңбек иммиграциясы, КСРО Социалистік жүйесі құлдырағаннан кейін нарықтық қатынастарға көшуде тұрған қазіргі Қазақстан экономикасындағы тұрақсыздық. Діни себептерге негізінен патша үкіметі және кеңес кезеңдерінде барлық діндарлар үшін қасиетті орындар Мекке мен Мединеге қажылық жасау үшін шығуы қиын болған кезеңдер жатады.
Қазақтар мен қытайлардың өзара қарым-қатынастары біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырдағы Қытайдың Хан патшалығы мен Ғұн және Үйсін дәуірінен басталғандығы белгілі. Ол кезде Қытайдың Хан патшалығы Ғұн империясын жойып, батысқа қарай жол жүріп «Батыс өңірден» одақтас іздеді және орталық Азияны шарлады. Кейін олар Іле-жетісу өңіріндегі Үйсіндермен байланыс орнатып, оларды ғұндарға қарсы қою арқылы өздерінің алға қойған мақсаттарын жүзеге асырды. Орталық азиядағы елдермен де қарым-қатынас орнатты. Бірақ бұл кезде басталған қарым-қатынастар, Қытайдың Шығыс хан патшалығы кезінде, яғни біздің заманымыздың І ғасырында тоқтатылды. Содан соңғы ғасырларда саяси аренаға шыққан Қытай патшалықтарының кейбір әулеттері ғана Орталық азиядағы елдермен өзара байланыс жасай білді. Сонда да ол байланыстар сол патшалықтың тақтан кетуімен бірге үзіліп қалып отырғандықтан, Қытай Орталық Азия елдеріне айтарлықтай әсер етпеді. Бірақ, Қытайдың ең соңғы феодалдық патшалығы болған Цин империясының (1644-1911 ж. ж. ) ХVIII ғасырдың ортасында Орталық азияға дейін жақындап келуі, қазақ тарихына аса үлкен ықпал жасады.

Қытай қазақтары мекендеп отырған байтақ Қытай жері - ежелден-ақ қазақ ұлтын құраған ру-тайпалардың ата қонысы. Мұны Қытай жазбаларының қай-қайсысы да терістемейді. арнайы зерттеу еңбектің авторы Г. М. Мендикулова Қытай қазақтарын «қазақ диаспорасы» емес, қазақ «ирреденті» деп есептейді.

Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасуына XVII - XVIII ғасырлардағы қазақ ойрат қатынастары негіз бола алады. Тіпті XV ғасырдың өзіндеде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтары ойраттардың шабуылына ұшырап отырды. XVI ғасырдың екінші жартысында Жоңғария жерінің аштығы мен жайылымының тығыздығы ойраттардың қазақ жерінде пайда болып территорияларын басып алуына себеп болды. Жоңғарлардың Қазақстанға енуі басынан кең жайылымдарды, су көздерін басып алуды көздеді, бұл қанды қақтығыстарға, көптеген көшпелі қауымдардың жойылуына және қазақтардың негізгі халқының өздерінің байырғы жерлерінен батысқа қашуына алып келді. Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі туралы Сібір губернаторы князь Гагариннің Сенатқа, Қайып ханның Сібір губернаторына, орыс елшілері және т. б. хабарламаларынанан білуге болады. 18 ғасырдың басы әсіресе қазақтар үшін қиын болды. Осы жайлы Ш. Уәлиханов былай жазды: « 18 ғасырдың алғашқы онжылдығы қазақ халқының өміріндегі ауыр кезең еді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Яик казактары мен башқұрттар әр жақтан талқандады, малын айдап, қырғыз отбасыларын тұтқынға алды ». [4] .
XVI-XVII ғасырлар тоғысында кейбір ойраттар қазақ хандарына бағынышты болды, қазақтар мен ойраттар арасындағы әскери қақтығыстар Есім хан тұсында көбінесе қазақтардың жеңісімен аяқталды, бірақ Жоңғар хандығының пайда болуымен 1630 жылдардың ортасында осы екі мемлекет арасындағы қатынастар түбегейлі өзгерді. Енді жоңғарлардың Қазақ халқын тонау мақсатында жүргізілген шабуылдары артта қалып, территорияларды басып алу идеясы (мақсаты) алға шығады. XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап көшпелілік үшін Қазақ хандығы мен Жоңғария арасындағы күрес кезекпе кезек жеңіспен өтті, бірақ көп ұзамай ойраттар қазақтардың иелігіндегі Жетісудың кішкентай шығыс бөлігін басып алып, ұстап қалды. Бұл өз кезегінде Шу, Талас, Келес өзеннің сол жағалауында өмір сүрген қазақтарының басым бөлігін құраған Дулат тайпасының қоныс аударуына әкелді. 1690 жылдардың басында Галдан ханның таққа отыруымен Жоңғария өз позициясын нығайтты. Галдан хан бастаған ойрат әскері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан облыстарына шабуыл жасады. Қазақ, бұхар және қырғыз әскери қолбасшыларының іс-әрекеттеріндегі сәйкессіздік, сондай-ақ ойраттардың тез әрі таңқаларлық болуы кейбір қазақ руларының жеңілуіне әкелді. Ойраттардың Сырдария бойындағы жерлерді басып алуының салдарынан қазақтар туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
XVIII ғасыр қазақ-ойрат қатынастарының тарихына қанды және қатыгез соғыс, екі жақтан адам өлімінің үлкен шығыны, Орталық Азия халықтарының әрі қарайғы тарихи тағдырына әсер еткен күшті көші-қон процестері ретінде кірді.
1723 ж. ақпан-наурыз айларында ойраттар ұлы және орта жүздің қазақ ауылдарына шабуыл жасады. Қазақтар ойраттарға қарсы тұра алмай, көшіп-қонып жүрген жерлерін, мал мүлкін қалдырып, қашуға мәжбүр болды. Ойрат феодалдарының шапқыншылығы тарихи қалыптасқан этникалық шекаралардың бұзылуына әкелді, Орта Азия тайпалары мен халықтарының бірқатар қозғалыстарына себеп болды. Сол кезде ұлы және орта жүз қазақтары Ресейден көмек іздеп, Сырдарияның төменгі ағысына, Тобыл өзеніне жақын көшті. [5] . Алайда, бұл кезде Ресей Жоңғариямен әскери қақтығыстарға түсе алмады, ол қазақ даласында әлі күшейе алмады және қазақ жүздерімен келісіммен ресми қатынастар орната алмады. Бұл жағдайда қазақтар бірігіп жоңғар агрессиясына қарсы тұра алды, және бірігуге барлық үш қазақ жүздерінің ішінен: Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр және т. б. халық батырлары өз үлестерін қосты. Өзінің ақыл-ойы мен батылдығы үшін найман тайпасының Қаракерей руынан шыққан Қабанбай батыр да ерекше беделге ие болды. Батырлығы мен жеңістері үшін оны батырлардың батыры "дарабоз батыр" деп атаған, ал Абылай хан оны "хан батыр" деп атаған. Қабанбай батырдың беделінің үлкен болуы соншалықты, барлық қазақтарға қастерлі Бұхар жырау қартайған кезде де сауығуға батасын беру үшін Қабанбай батырдың алдына келді. Қабанбай батыр туралы Ш. Уәлиханов өз еңбектерінде де атап өткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың қоныс аудару
Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы
Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы
Қазақтардың Қытай жеріне ауа көшуі
Барлығы - 503 қожалық
ҚАЗАҚТАРДЫҢ АТАМЕКЕНІНЕН АУА КӨШУI
Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға жаппай қоныс аударуының бірінші толқыны (Құлжа өңірі, Қашқария)
Қазақстан – көпұлтты мемлекет
ХХ ғасырдың басындағы қазақ диаспорасының пайда болуы (1910-1930 жж)
Босқындар барған жерлер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz