Физика пәнінің маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазіргі кезеңде әлі де болса, орта мектеп оқушыларының білімдерінде формализмнің элементгері кездесуде. Физика пәнін игеру, олар үшін тек кітап материалын оқу ғана болып отыр. Шын мәнісінде, физика пәнінде оқушылар табиғат зандарын оқып, білуі тиіс.
Оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалык мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру керек. Окушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады, оқушылар біліміңдегі формализм элементтерін жояды.
Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі -- сабақта ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек ету -- адамның негізгі қайраткерліктері. Ойын - әркашан кішкене білім, кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайыңдайды. Ойынды алданыш және көңіл көтеру деп ойлайтындар қателеседі.
Физика сабақтарында ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұңдай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімінің болуы,, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.
12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасында оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген. Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын қарапайым тілдік жағдаяттарда білім алушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелейді, деп атап көрсетілген.
Сондай-ақ 12 жылдың білім беруде ұлттық ойындарға және шынайы өмірлік әрекетпен ойналатын ойындарға мән беріледі.
Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу - ұстаз шеберлігіне байланысты. Оқушының тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек.
Ойынның өзңне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ақыл - ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Күнделікті сабақта ұстаздар арасында кеңінен тараған бір әдіс - ойын элеметтерін қолдану. Бала белсенділігі ойын үстінде танылады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, алуан мілімет, дағды мен шеберлікті меңгереді. Алға мақсат қоя білуге төселеді, білгенін соған жұмсайды. Алайда, бұл ойындарды үнемі пайдалана бермейміз. Ойынның белгілі бір уақыттарда жүзеге асрылып, сабаұ кезеңдңріне нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуын көздеуіміз керек. Ойынды, көбінесе, қайталау сабақтарында немесе бекіту кезеңінде қолдануға болады.
Сонымен, ойын келесі маңызды міндеттер: баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі: баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Баланың әр қырынан көрінуіне интеллектуалдық, шығармашылық, коммуникативтік жағынан және әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.

Негізгі бөлім
Ойынның педагогикада, оқыту үрдісінде алатын орны Платон заманынан белгілі болған XVIII ғасырдың өзінеде-ақ Ж.Ж. Руссо мен И.Г. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.
Ойын - адамның мінез-құлқын өзі басқарымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттәің бір түрі. (1, 65-б)
Ойын сөзі мағынасының түп-төркіні қуаныш, әзілге сәйкес келеді. Мысалы, Ежелгі Рим халықтарында ойын сөзінің мағынасы қуаныш, мереке сөздерінің мағынасымен ұштасып жатыр, ал қазақ тілінде жас баланың іс-әрекетін, ересектер арасындағы әзілді қалжынды меңзейді. Бұл қазақ халқының мақал - мәтелдерінде анық байқалады. Мысалы, Асық ойнаған - азар, доп ойнаған - тозар, кітап оқыған - озар нақыл сөзінде ойын сөзі балалардың іс - әрекетін білдірсе, Әзілің жарасса, атаңмен ойна мақалында ойын сөзі әзіл - қалжыңға сәйкес келеді.
Ұлы Абайдың Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма? деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Оқушылардың психикасның дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар: Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Т.Тәжібаев, т.б. өз еңбектерінде айтып кеткен.
Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухоломский, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская өз пікірін білдірген. Пікірлер сараланып, ойын әрекетінің жүзеге асуына мына жағдайлар әсер ететіндігі анықталады:
1. Ойын әрекетін жүзеге асыру үшін балада артық энергиялық күш болуы қажет (бұл энергиялық күшті біз баланың ойнауға деген құлшынысы, талпынысы тұрғысында түсінеміз). Балалар осы энергиялық күш негізінде ойнап, қанағаттанады.
2. Ойын - адамдар генінде қалаған инстинкті жеткізуші. Балалар ойнау арқылы өмір тәжірибесімен, қоршаған ортамен танысады, ересектердің қимылын қайталайды, сол арқылы өмірге қажет іс- әрекетті және ойлау дағдыларын меңгереді.
3. Ойын балалардың қиалынан туындайды, ойын - бала шығармашылығы. Баланың қиялы ойын арқылы шарықтайды, олар ойнау үдерісінде басқа әлемге енеді.
4. Ойын қоршаған ортаға, қоғамға қарай түрленеді. Бұл қазіргі заман балалары мен еретеректе өмір сүрген балалардың ойындарының әр түрлі болғандығынан көрінеді. Қазақ халқының ертеректегі ойындары көшпелі салт-дәстүріне байланысты шыққан.
5. Ойындар - белгілі бір білімді, іс-әрекетті үйретуші тәсіл. Мәселен, бұрынырақта шахмат ойыны соғыс өнерінің тактикасы мен стратегиясын үйреткен. Кейінгі кезеңде олар жұртшылыққа кең тарап, спорттық ойын түріне айналды. Мұндай мысалға қазақ халқының аударыспақ, жамбы ату, т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұның барлығы ойын әрекетінің қырын түсінуге, ойынның балаға қалай әсер ететіндігін ұғуға септігін тигізеді.
Үлкендер үшін қарым-қатынас құралы тіл болса, ал балалар үшін ойын және әр түрлі іс-әрекет болып табылады.
Бүгінде мәдени қазыналарға бай қазақ халқының ұлттық ойындарын сабақта қолдану оқушылардың өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата-аналарының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуға, көздеген мақсаттарын өрістете отырып, өйткені мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне септігін тигізббек. М.Әуезов: Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жолдарында өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған деп тегін айтпаса керек.(2, 102-б)
Тарихтың көнелігіне қарамастан, ойын үнемі жаңа, ескірмейтін нәрсе. Өйткені, күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беретін, рухани азық болатын да осы ойын. Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып, ескерсе дүниедегі жақсы - жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені көргені көп болған адам білімді болады.
Ойын - оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі.
Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынандай қызметтерді атқарады:
:: Ойын-сауық;
:: Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық;
:: Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
:: Коррекциялық (өзін-өзі түзету);
:: Әлеуметтендіру.
Әлі де болса ойынның адамның дмуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функцияларын анықталуда.
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. (3,108-б)
Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық ірекет болып табылады. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыны өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты - білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?
* Қисынды ой-қабілетін дамытады
* Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді
* Сөздік қоры баийды, тілі дамиды
* Зейіні қалыптасады
* Байқампаздығы артады
* Өзара сыйластыққа үйретеді
* Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды
* Бір-біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды
* Сабаққа қызығушылығы артады.
Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орнын Қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинг, күнделікті негізгі әрекет және оның жеке өмірі, -- деп дәлелдеген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану-баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым Бала ойында ғана тынығып, жұмыс жасап, өсіп жетіледі. Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артады, - деп атап көрсеткен.
Ойын - бала үшін өмірлік тәжірибе, - деп М.Жұмабаев атап көрсетсе, Ойын - баланың рухани дамуының негізі, - деп Ж.Плаже, К.Левин, Л.С.Выгоский, Д.Б.Эльконин өз еңбектерінде атап көрсеткен.
Ойын - балалар үшін күрделі әрекетте бола алады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап, үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой-өрісі кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын - айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адамды балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.
Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықылыстана әрі сапалы орындайтын болады.
Ойын - сабақтар көмегімен мұғалім тек қана белгілі білімді бермейді, көріністерді қалыптастырады, сонымен бірге баларды ойнауға үйретеді. Балаларға арналған ойындар негізгі ойын барысын құрайтын қалыптасқан көріністерді, заттармен жасалатын әр түрлі ойын қозғалыстары болып табылады. Содан кейін бұл білімдер мен көріністерді жағдайлар жасау маңызды.
Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог ғалымдар жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын - жаман жұмыс сияқты деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр - қайрат жұмсауды керек етеді. Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын жақсы ойын болып табылмайды. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойынында да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық, рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өңдірудің негізгі жолы екендігі айқын. Осыдан келіп ойын туралы мынадай тұжырым жасалады:
Ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді;
Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді;
Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі;
Эстетикалық тәрие беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді;
Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек, ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.
Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Олай болса, ойындардың балаға қай сәттерде не мақсатпен пайдаланатынымызға тоқталып өткен жөн. Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Ойын түрлері:
:: ұлттық,
:: дидактикалық,
:: грамматикалық,
:: логикалық.
Ұлттық ойын ойнау баланың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады.
Ұлттық қазақ ойындары: Қыз қуу, Орамал тастау, Асықтар, Бәйге ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Мектепте балалар табысты, жақсы оқу үшін баланың тілдік функциялары толық дамыған болуы керек. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы: Қуыршаққа қонаққа бару,Қуршақты киіндіреміз деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымен тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: Телефон ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты - бір нәрсе жайында саралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.
Дидактикалық ойындар - аты айқындап тұрғандай, баланың ақыл-ойын дамытып, таным түсініктерін ажырататын әдістерінің бірі.
Дидактикалық ойындар дегеніміз оқыту мақсатын жүзеге асыруға арналған ойындар. Дидактикалық ойындар оқушыныңбайқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады. Дидактикалық ойын баланың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп нақтылай түседі. Әрбір дидактикалық ойын ойлау білуге баулып, оқушылардың сөздік қорын артттырады, ақыл - ой қызметін қалыптастырады. Дидактикалық ойын баланың пікірін сөзбен жеткізуді талап етеді.(2, 108-б)
Дидактикалық ойындар педагогика ғылымының дидактика тарауында қарастырылады. Себебі, дидактика - бұл оқу және білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, әдістері, құрал жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелері жөніндегі ғылым. Дидактика термині грек тілінен енген, аудармасы үйретуші дегенді білдіреді. (4, 78-б)
ІІ. Дидактикалық ойындардың тәрбиелік маңызы.
Тәрбие - баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс - әрекет - ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым- қатынастарымен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез - құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы - дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы - баланың ой - өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай - ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым - қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезіміне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Оқытудағы құралдар
Сызуды оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы
Физикалық практикумның мақсаты
ҚҰРАЛДАРЫ ЖЕТЕКШІ КОМПОНЕНТТЕР
Физиканы оқытуды мектептегі еңбек тәрбисімен байланыстыру
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Кіріктірілген сабақ
Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстар
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
Пәндер