Н.Ә. Назарбаевтың Рухани жаңғыру мақаласын талдау: ұлттық сана мен білімнің рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Картинки по запросу әл фараби университет

Факультеті «Ақпараттық технологиялар»

Кафедрасы «Ақпараттық қауіпсіздік»

СӨЖ

Тақырыбы: "Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талдау(Эссе) "

Орындаған:Арыстан Н. М

Тексерген:Шынгысбаев Л. С

Алматы 2020

Эссе

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ұлттық рухани өсіп-өркендеуіміз бен кемелденуіміздің бағдарламасы ретінде қабылданып, халқымыздың қолдауына ие болып отыр. Аталған мақаласында Мемлекет басшысы ұлттық біртұтас ел болу үшін болашаққа қадам басудың таяу жылдардағы міндеттері мен сындарлы басымдықтарын белгілеп берді. Бұл еңбектің негізгі идеясы - халқымыздың төл мәдениетінен, рухани қазынасынан нәр алған Қазақ елінің рухани тұғырын негіздеу. Бүгінгі таңда қоғамдық ой-сананың негізгі өзегіне айналып отырған мақаладағы бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы сияқты тақырыпшаларымен берілген Елбасы жазбалары терең толғамдарымен ерекшеленеді.

Мақаланың негізгі өзегі - ұлттық-рухани тамырымыздан нәр ала отырып, ұлтымызды жаңғырту мәселесі. Бүгінгі таңда материалдық құндылықтар алдыңғы орынға көтерілген қоғамда енді «ұлттық құндылық» деген түсінік өзекті дүниеге айналды. Байқасақ, мақалада «ұлт» сөзі көп қолданылған. Бұрын көп айтыла бермейтін «ұлттық код», «ұлттық дәстүр», «ұлттық-рухани тамыр», «ұлт жадының тұғырнамасы», «ұлттық прагматизм», «ұлттық бірегейлік», «ұлттық жаңғыру», «ұлттық сана-сезім», «ұлттық болмыс», «ұлттық рух», «ұлт перзенті», «ұлттық мәдениет», «ұлттық құндылық», «ұлттық бірегейлік», «ұлт мақтанышы» деген түсініктер алдыңғы қатарға шығып отыр. Ұлттық рух ұлтжандылық, отаншылдық, патриотизм, ол - мемлекетке адалдық, ол - қабылдаған заңдарға бағыну, бас ию деген түсінікті білдіреді.

Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу - Елбасының асыл арманы. Дүниежүзіндегі кез-келген мемлекеттің табысты болуы адамдарының бәсекеге қабілетті болуымен анықталады. Сондықтан, қазіргі күні әрбір қазақстандық ХХІ ғасырға сай маңызды қасиеттерге ие болуы керек . Ол шет тілдерін білу, зияткерлік қабілет, сапалы білім мен еңбектен көрінуі тиіс. Сол үшін «Үш тілде білім беру», «Цифрлы Қазақстан», «Мәдени және конфессияаралық келісім» бағдарламаларын жүзеге асыру қажеттілігі туындауда. Әлемдік процестердің жылдам қарқын алуын ескерсек, біздің бәсекеге қабілетті болуға талпынуымыз - заңдылық.

Қазақ елі қай уақытта болмасын өзінің тарихи дамуында замана көшінен қалмауға тырысып келеді. Кешеуілдеп ерсе де, өркениеттен ешуақытта қол үзген емес. Жадымызда жатталып қалған «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «әз-Тәукенің жеті жарғысы» сияқты заңнамалар осының дәлелі деп ойлаймын. Мұның бәрі елді өзінің дәуіріне, қоғамына лайық басқару үшін билеушілер жасаған реформалар. Сондықтан әр уақытта мұндай жаңалықтардың болуы заңдылық.

Рухани жаңғыру - адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыру шыныменде ұлттың, елдің болмысына тән құбылыс және халыққа ортақ ұғым, ортақ ұстаным, тарихи қажеттілік. Мемлекет халықтың ортақ үйі, сол үйді күтіп баптайтын, рухын сақтайтын, қорғайтын адам мемлекеттен, қоғамнан бөлінбейді, мемлекетінің мүддесінен, төл мәдениетінің болмысынан қол үзбейді. Керісінше мемлекетті, халық үшін, ұрпақтың келешегі үшін заманның талабын зерделеп, одан өтудің жолын білімімен іздейді. Адамды, халықты бұндай дәрежеде ойлауға жетелейтін ұлттық сана.

Қазақ елі қазір дамыған өркениетті елдерімен иық теңестіруге тырысып, қай салада болмасын дамудың жаңа сатысына көтеріліп келеді. Еліміздегі жетекші ғалымдардың пікірінше енді рухани жаңғыруға да баса назар аударуымыз керек. Дамудың жаңа кезеңінде алдымен ұлттық құндылықтарымыздың, болмыс-бітіміміз, тарихымыз бен мәдениетіміздің сақталуы назардан тыс қалмауы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рухани жаңғыру және ұлттық сана: ұлттық код пен білімнің рөлі
Ана тілі арқылы ұлттық сана қалыптасуы: Қазақстандағы рухани жаңғыру және жастардың рөлі
Қазақстандағы рухани жаңғыру: сана мен ойлаудың жаңа моделі мен стратегиясы
Мәңгілік Ел мен Рухани жаңғыру: ұлттық сана, сот реформасы және еуразияшылдықтың стратегиялық мәні
Н. Ә. Назарбаевтың саяси алғысөздері мен сұхбаттарын ағылшын тіліне аудару: когнитивтік-психолингвистикалық талдау
Ұлы Дала тарихы: рухани жаңғыру аясында тарихи сананы қалыптастыру және жоғары білімнің рөлі
Қазақстандағы рухани жаңғыру: сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы
Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қалыптастырудағы рөлі және президенттік институттың қалыптасуы
Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы: шығу тарихы, даму кезеңдері және Қазақстанның интеграциядағы рөлі
Ә. Кекілбаевтың Бәйгеторы мен Н. Ә. Назарбаевтың Ұлы даланың жеті қыры мақаласындағы атқа міну мәдениетінің үндестігін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz