Әлеуметтану туралы


Жоспар:
- Әлеуметтану деегеніміз не?
- Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары.
- Әлеуметтану пәнінің өзге қоғамдық ғылымдармен байланысы: (Ы. Алтынсарин, Қ. Абай,
1. Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
2. Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекеттері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді. Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым үзік-үзік болды. Бұл зерттеулердің кейбіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төртіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты өмір тұтастығын түсінуге бас қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жүйелі қолданыла бастады, және де ол қолданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады. Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым.
"Әлеуметтану" сөзін тұңғыш рет Огюст Конт озінің "Позитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да қажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді. Платон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылымын саясат өнерінен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ғасырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола біріктіріліп жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлық түрлерінде зерттеген жоқ, және, Конт: барынша қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік ұғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.
Сонымен, Конт бірінші болып осынау кемшіліктерге ұтымдылық сәулесін септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып, және барлық байланыстарындағы әлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген және саяси өнер мен революциялық мақсаттардан біржола арылған позитивтік ғылымның негізін қалауға тырысты. Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық себептері мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді.
Реформалардың сәтті жүзеге асуын Шоқан олардың дұрыстығымен байланыстырып қарастырады. Олар прогресс заңдарына негізделсе ғана дұрыс болады. Оның пікірі бойынша, дәл осындай жағдайда ғана қоғамдық организмнің дамуы дұрыс, орынды жұреді. Осыдан келіп халықтар: өзін-өзі дамыту, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі басқару және өзін-өзі жазғыру іспетті саяси прерогативтерді жүзеге асыруы тиіс.
Шоқан өз еңбектерінде таптар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мотивін зерттеп, соның негізінде адамдардың қоғамда иеленетін статусының анықталатынын және топтар арасындағы әлеуметтік шиеленістердің пайда болуының негізгі себептерін көрсете білді.
Шоқан ұлтаралық қатынастар мәселесінің өршуін қазақтардың өз жерінен ығыстырылып, материалдық жағдайының кұрт құлдырауынан, керісінше, орыс казактарының қазақтардан тартып алынған құнарлы жерлерге орналасуын, олардың тұрмыстық жағдайларының тез көтерілуінен деп есептейді. “Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы” деген мақаласында Шоқан: “Қазақтар ұлан-байтақ жер кеңістігін иеленгенімен, қазіргі уақытта тек оның шамалы ғана бөлігін пайдаланып отырса да жерге әрдайым зәру”, - деп құнарлы жерлерден айырыла бастағанын жазады. Жерді ұлтаралық қарым-қатынастағы негізгі мәселе етіп қояды.
Ресей әлемдік сот тәжірибесін қабылдап, оны шеткі аймақтарға, соның ішінде қазақ еліне таратпақшы болды. Шоқан патша ұкіметінің осы әрекетіне қарсы шығып, оның негізсіздігін сынға алды. Оның пікірінше, “рулық тұрмыс пен рулық қатынастар ұстем етіп тұрған шақта, халықтың бұрынғы өмірінен туындап, оның даму жолдарынан және елінің ерекшеліктерінің ықпалынан қалыптасқан қазіргі әрекет етуші билер соты қазақтардың дамуын барынша қанағаттандырады”.
Билер институты - қазақ қоғамындағы ерекше құбылыс. Оларды ешкім сайламайтын және тағайындамайтын. Ш. Уалиханов талантымен көпшіліктің көзіне тұсіп, сыннан сүрінбегені ғана осы құрметті би атағына ие болатынын айтып келіп, патша өкіметінің қазақтың билер институтын жоюға ұстаған бағытының жөнсіз екенін сынайды. Билер институты ғасырлар бойы жетілдірілді. Соның негізінде қара қылды қақ жарып әділ де өткір шешім айтатын әйгілі билер шықты. Шоқан мұндай билердің би атағы балаларына мұрагерлікпен беріліп, әке жолын қуушылар да болғанын жазады. Орта жұздің қаракесек руынан шыққан әйгілі Қазыбек бидің құрметті би атағын Бекболат, Тіленші, Алшынбай сынды ұш ұрпағы жалғастырған. Әрине, бұған қарап би болу бірыңғай тұқым қуалайтын мұрагерлік құбылыс екен деген ой тумауы керек. Өзінің талантымен халық ішінен шыққан Шорман 13 жасында, Есет Көтібарұлы 20 жасында халықты аузына қаратқан би атанған. Жоғарыда аталған объективтік себептер билер сотының қазақ қоғамында одан әрі өз функцияларын атқаруға тиістігін тұжырымдайды.
Билер сотының сақталуын Шоқан халықтың өзін-өзі басқаруының маңызды буыны деп қарай отырып, патша өкіметі CIC ғасырдың 60-жылдарында қазақтардың мұддесіне сәйкестендірілген өлкені басқару жүйесін орнатады деп кұткен еді. Алайда, оның ұміті орындалмады. Шоқанның әлеуметтанулық көзқарастары О. Конт, Г. Спенсер, т. б. Батыс әлеуметтанушыларының ой-пікірлерімен ұқсас. Шоқан олардың тұжырымдамаларының төңірегінде қалып қоймады. Қоғамның кейбір әлеуметтік мәселелері жөнінде олардан ілгері кетті. Сондықтан да Шоқанның әлеуметтану саласындағы пайымдаулары қоғамдық ғылымдарға қосылған зор ұлес.
3. Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор ұлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды.
Тарихи даму деңгейі феодалдық-рулық сатыны сақтаған қазақ қоғамын мейлінше жетік білетін ол: «Осы дарынды, ақыл иесі мол халыққа қазір, кешікпей тұрып рухани және қоғамдық даму жолына тұсетін дұрыс бағыт беру, қалай дегенмен, аса қажет болып отыр»-деп қазақтардың неге мұқтаж болып отырғанын дәл тауып жазды. Ыбырай Алтынсарин осы міндеттерді дұрыс шешу арқылы ғана қазақ қоғамының өркениетті елдер қатарына қосылатынына кәміл сенді. Осымен байланысты қазақтарға білім беруді қолға алатын маңызды шаралардың біріне, дамудың негізгі құралына балады. Білімсіздіктің етек алуынан қазақ қоғамын надандық жайлап отырғанын айта келіп, жұртты білім алуға шақырды. Сондықтан да ол өзінің жиырма бес жылдық өмірін жеткіншектерге білім беруге арнады.
Ы. Алтынсарин жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады, қазақ балаларына арнап оқулықтар, оқу құралдарын және әдістемелік кітаптар жазды. Ол қазақ қыздары үшін мектеп-интернат, ауылшаруашылық және қолөнер училищелерін аштырды. Өйткені Ы. Алтынсарин қазақ халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту ісімен, білім-ғылыммен байланыстырған. Сондықтан да ол: “Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық ұмітіміз - қазақ халқының келешегі осында, тек осы мектептерде ғана” деп жазған болатын.
Ы. Алтынсарин қазақ балаларына арнап мектеп ашумен бірге, онда қызмет істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап айтқанда, мұғалімдерге аса зор мән берген. Ол мектептегі ең басты тұлға - мұғалім деп есептеген. Мектептің материалдық техникалық базасы мықты болғанымен, бұлардың жақсы мұғалімсіз берері шамалы, деп есептеген. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы ұкімет бұйрықтары да, әбден мұқият жұргізілген инспектор бақылауы да жақсы оқытушыға тең келе алмайды. Мектепте оқушының бойында қоғамда керекті тұлғалық сапаларды негізінен қалыптастыратын, тиянақты білім беретін тек жақсы оқытушы ғана қызмет істеу керек деген қорытынды жасайды. Ы. Алтынсарин осы идеяларын жүзеге асыру үшін тынбай еңбек етті. Оның ұсынысы бойынша Ор қаласында мұғалімдер даярлайтын тұңғыш мектеп ашылды. Ұлы ағартушы қазақ жастарына кәсіптік білім беретін, қолөнер, ауылшаруашылығы училищелерін ашуды қолға алып, оны бітірген мамандар қазақ халқының экономикалық өркендеуіне зор ұлес қосады деген сенімде болды. Соның негізінде Торғайда қолөнер училищесін іске қосты.
Қазақ қоғамында ертерек қалыптасқан әдет-ғұрыптар көптеп саналады. Ы. Алтынсарин олардың адамдар арасындағы байланыс пен қарым-қатынастарын нығайтудағы рөлін зерттеп, оның нормалық маңызын ашып көрсетеді. Ол әсіресе қазақтардың құда болу салтына ерекше мән беріп, одан қоғамды нығайтудың бірден-бір маңызды факторын байқады.
Ы. Алтынсарин әлеуметтану тұрғысынан қарастырған мәселелері, оның нәтижелері әлемдік әлеуметтану үшін аса маңызды. Ыбырайдың замандасы ұлы ойшыл Абайдың қазақ қоғамы туралы пайымдауларының да маңызы зор болды.
Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларының еңбектері ықпал етті. Абай Г. Спенсердің орыс тіліне аударылған әлеуметтанулық туындыларымен танысып, оның эвалюциялық теориясын қабылдайды. Бүкіл тіршілік атаулының өзгермелігі туралы ой Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде жиі ұшырасады. “Жиырмасыншы қара сөзінде”: “Дұние бірқалыпты тұрмайды” десе, өлеңінде: “Адамзат кұнде өзгерер” дей келіп, патриархалды-феодалдық құрылысты басынан өткізіп жатқан қазақтардың жаңа қоғамға өтеріне зор сеніммен қарайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz