Қоғамдық кеңістік ұғымы. Тәрбиелік үрдістегі қоғамдық кеңістіктің динамикасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Alikhan Bokeikhan University
Гуманитарлық факультеті,
география тарих мамандығы

СОӨЖ №6
Тақырып:№1. Қоғамдық кеңістік ұғымы. Тәрбиелік үрдістегі қоғамдық кеңістіктің динамикасы.

Орындаған: Бағдатов Ерсұлтан
Тексерген: Султанова Нургуль Камильевна

Семей қаласы,2022 жыл
Кіріспе
Жоспары:
1.Тәрбиенің ізгілік парадигмасы. Тәрбиелеу үрдісін ізгілендірудің ұстанымдары.
2.Тәрбие үрдісінің мәні.
3.Тәрбиелеу үрдісінің мақсаты мен міндеттері
4.Тәрбие бағдарламасы және тәрбие субьектісі
5. Құндылық қарым-қатынас тәрбие үрдісі мазмұны ретінде.
6.Тәрбие жүйесі

Тәрбие, тәлім-тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.
Қоғамдық тәрбие - тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы мен әдістері қоғамдық қатынастардың қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске асатынымен анықталады
Ізгілік тәрбиесі - жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің, көзқарастары мен сенімдерінің қалыптасу үрдісі. Ізгілікті деп жалпы адамзаттық моральдың ережелері мен талаптарын, нормаларын өз көзқарасы мен сенімі ретінде, мінез-құлығының үйреншікті формасы ретінде көрсететін адамды есептеуге болады.
· Адамға ғылымнан бұрын тәрбие беру керек. Тәрбиесіз ғылым зұлымдыққа апарады.
· Тәрбие - адамға сапалы өмір сүргізеді.
· Тәрбие - адамның жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнері мен мәнін, ой өрісін қамтиды, адамға оң мен солды, жақсы мен жаманды танытады.
· Адам дүниеге келгеннен бастап өмір сүруге, дүние тануға құқылы. Адамның ерік-тілектері, іс-әрекеттері басқа адамның құқығын бұзбауы тиіс
Грек философы Аристотель (Aristotle, б.з.д. 384 - б.з.д. 322 жылдар) тәрбиенің 3 түрін бөліп көрсеткен: дене, адамгершілік және ақыл әрбиесі. Өзінің Саясат (Politica) атты еңбегінде басшы жастарды тәрбиелеуге баса назар аударғанын айта келе, саясаткерлер адамгершілігі мол тұрғындарға қарағанда, азаматтарды қайырымдылыққа тәрбиелеу керектігін айтады.
Тәрбие мәселесін зерттеушілер арасынан әлемге әйгілі ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950) орны ерекше. Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы трактатында тәрбие туралы нақты ғылыми анықтама берді: тәрбиелеу дегеніміз - халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз; тәрбиелеу кезінде халықтар мен қала тұрғындарына білімге негізделген қасиеттерден тұратын іс-әрекеттер дағдысы сіңіріледі; этикалық ізгіліктерді - білім, тәрбие арқылы дарыту керек, сол арқылы адам игілікті істерге талпынады. Аталмыш еңбекте елдің басшысы өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырса көптеген жетістіктерді бағындыратындығы жайында баяндайды:
1) ... адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелерінің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек, сонда егер адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек;
2) өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек;
3) әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек;
4) тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт;
5) шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көру керек;
6) жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын болуы шарт; жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып жаратылысынан игі істерге ынтазар болуы тиіс;
7) жаман атауға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне жирене қарау керек;
8) жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көру керек;
9) жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне де өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет;
10) әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек;
11) әдептілік;
12) өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Парадигма - ғылым дамуының белгілі бір кезеңдерінде ғылыми қоғамның қабылдаған әдіснамалық және теориялық қағидаларының жиынтығы, ғылыми зерттеудің үлгісі, стандарты, зерттеу мәліметтерін,болжамдар мен ғылыми міндеттердің жиынтық үлгісі ретіндегі көрінісі.
Чех елінің белгілі ойшылы, педагог Ян Амос Коменский (Jan Amos Komenský, 1592-1670) ғылымға пампедия жаңа терминін енгізді. Ұғым бойынша пампедия - бүкіл адамзаттың әмбебап тәрбиесі... Басты мәселе бәрі, барлығына, жан-жақты үйренуі тиіс.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамда тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды. Қорыта айтқанда, тәрбие- қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс. Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.
Мақсат дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты -- жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашқы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.
Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.
"Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегідей негізгі элементтерге бөлді::: адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";
:: заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";
:: құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";
:: тән саулығы - "дене тәрбиесі".
К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады.
1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді.А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды.Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді.
Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні -- еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық интеграция
ТМД-дағы экономикалық интеграция және Қазақстан
Аймақтық интеграциялық үрдістері мен Қазақстан
«Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні
Конструктивизм стильдегі жастарға арналған шығармашылық кеңістіктің дизайн жобасын әзірлеу
Педагогикалық жүйе
Мақал - сөздің мәйегі
Тәрбие жүйесінің құрылымы, мазмұны
Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық: Қазақстанның қосқан үлесі
Бастауыш мектеп оқушыларының геометриалық түсініктерін қалыптастыру жолдары
Пәндер