Сыныптағы тәрбие жұмысын мақсатты жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
University

СОӨЖ №5
Тақырыбы: Сыныптағы тәрбие жұмысын мақсатты жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясы. Тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру технологиялары

Орындаған:Қабиденов Нұрсұлтан
Тексерген:Биназарова Майра

2022жыл
Мақсаты: Тәрбие жұмыстары жоспарының мазмұны мен құрылымын білу. Мектеп пен сыныптағы тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау мен ұйымдастыру технологиясын білу.
Іскерлік: Негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып өз бетімен жұмыс жасай алу іскерлігін дамыту.Дербес жұмыс жасай алу іскерлігін қалыптастыру
Негізгі сұрақтар: Тәрбие жұмыстары жоспарының мазмұны мен құрылымымен танысу. Мектеп пен сыныптағы тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау мен ұйымдастыру технологиясымен танысу.
Мектептегі тәрбие жұмыстарының негізгі бағыты оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту, сол арқылы олардың өмірдің маңызды жақтарынақатынасын қалыптастыру:
-- адамның табиғатпен өзара үйлесімді қарым-қатынас ортасы (ноосфера);
-- қоғамдық қатынастар аясы (адамгершілік, құқықтық, экономикалық, өндірістік, т.б. -- әлеуметгік ортасы);
-- психологиялық орта (саналылығы, тәртібін дұрыс басқара білу, ойлаудың интуициялық механизмдері, табиғи болмысы, дарыны, қабілеті, т.б.).
Тәрбие процесі оқыту және дамыту процесімен ажырамастай байланыста әрі ол адамның дамып қалыптасуында маңызды орын алатын негізгі өзек болып табылады
Оқыту процесінде білім-білік, икем-дағдының өзара тығыз байланысы пайда болады да, ол тәрбие процесінде ғылым негіздерімен бірлесе келіп адамның айналасындағы құбылыстарға қатынасын туғызады. Соның нәтижесінде адамның дүниетанымы қалыптасады. Осыдан келіп тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары туындайды:
1. Оқушының танымдық белсенділігін дамыту.
2. Жеке тұлғаның қоршаған ортаға гуманистік қатынасын туғыза отырып, оның адамгершілік негізін калыптастыру.
3. Жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіндегі ішкі қажеттіліктерін оятуға түрткі туғызу.
I. Оқушының танымдық белсенділігін дамыту. Бұл бағыт оқушылардың сабақ жүйесіндегі және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттерін өзара тығыз байланыстыру арқылы жүзеге асады.
Оқушылардың танымдық белсенділігін сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттерін күшейту арқылы дамыту жолдары мынадай:
-- оқытудың сабақтан тыс формалары арқылы (пән апталықтары, конкурстар, пөн сайыстары, олимпиадалар, турнирлер, интеллеюуалдық жарыстар);
-- пәндердің клубтық жә не үйірмелік қызметтері (театр клубы, дискуссия клубы, музыка студиясы, пән үйірмелері, т.б.);
-- музей, театр, кино үйі, кітапханаларға жүйелі түрде бару.
Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерінің түрі әр алуан. Бірақ шығармашылық іс-әрекеттерді ұйымдастыратын тобына байланысты кейбір құрылымдарға олар бағынады:
1) сыныпішілік тәрбие жұмыстары (ұжымішілік);
2) сыныптан тыс уақыттағы тәрбие жұмыстары (ұжымнан тыс);
3) негізінен тұрақты, қызығушылық аясы бір, бір параллельдегі балалар тобын қалыптастыратын клубтық, үйірмелік тәрбие жұмыстары;
4. оқытудың сабақтан тыс шығармашылық формаларын (пән апталықтары, олимпиадалар, викториналар, көңілділер, тапқырлар клубы, т.б.) қамтитын сыныпаралық тәрбие жұмыстары, яғни істің барысында өр түрлі сыныптар мен параллель сыныптардан уақытша шығармашылық топтар құрылады.
Мұндай жұмыстарды ұйымдастыру барысында бір ғана тәрбие процесі технологиясына байланысқан бірнеше буындардың технологиялық тізбегі көрініс табады:
1 кезең -- осы шығармашылық істі өткізуге деген оқушылардың құштарлығы; шығармашылық істі дайындауға қызықты, тартымды жарнама жасау арқылы топ жинау.
2 кезең -- шығармашылық істі өткізудін жоспарлануы және Кім үшін? Кіммен? Қай мезгілде? -- дегендей жоспардың әрбір бөлігін нақтылау.
3 кезең -- шығармашылық істің жүзеге асуы.
4 кезең -- атқарылған іске талдау жасау, қорытындысын шығару, бұл кезең шығармашылық топтың келесі кезендегі шараларды қызықты ұйымдастыруына негізгі бағыт беретін кезең
Бұл технология бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру арқылы оқушылар өздеріне қызықты шығармашьшық форманы ұйымдастыру мен басқару мәдениетін үйренеді.
Тәрбие технологиясының кез -- келгенінің ең маңызды кезеңі -- қорытындылау, шығармашылық іске қатысушылардың жетістіктерін мадақтау болып табылады. Өйткені, әрбір шығармашылық іс балаларға қуаныш әкелуі керек, сондай қуанышты сезім кана оларды келешекте де осындай шығармашылық істерге қатысуға немесе одан да қызықты істерді ұйымдастыруға жетелейді.
2. Жеке тұлғаның айналадағы қоршаған ортаға деген гуманистік қатынасын дамыту, олардын адамгершілік негізін қалыптастыру. Жеке тұлғаның бойында адамгершілік нышандарының қалыптасу процесі бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады. Адамгершілік нышандарының соңғы нәтижесі адамгершілік тәрбиесінің тереңдік деңгейін танытатын төмендегідей белгілерді анықтайды:
:: адамгершілік сезім (тұрақты сезімталдық, адамгершілік қатынастарды бастан өткізу);
:: адамгершілік сана (моральдық принциптерді, әлеуметгік ортада өзінің адамгершілік нормасын сезінуі);
:: адамгершілікпен ойлау (адамгершілік принциптерді тұрақты жинақтау, оймен қорыту, ситуацияларды білу, оларға талдау жасау, баға беру, шешім қабылдау, жауапты тандай білу және оны жүзеге асыру);
:: адамгершілік ерік (өзінің адамгершілік сенімін жүзеге асырудағы адамгершілік сезімі мен саналы шешімінің бірлігі): -- адамгершілік тәртібінің нысандары.
Оқу процесі барысында ғылым негіздерін оқу арқылы әдебиет пен өнер туындыларын, тарихи оқиғаларды, қоғамдық процестерді, ғылым негіздерінің өзара байланыстарын сезіну және ойша қорыту, ал әдеп этикасы негіздерін оқу арқылы адамгершілік сезім, адамгершілік сана, адамгершілік ойдың қалыптасуы жүреді.

Сабақтан тыс уақытта проблемалық -- психологиялық жағдай туғызу, ұжымдық шығармашылық істер сыртқа саяхатқа, экскурсияға, шеруге шығу, спорттық жарыстар, ЕТЛ (еңбек-тынығу лагерлері), пәндік лагерлер, сыньштағы, мектептегі бірлескен еңбек қызметтерін ұйымдастыру т.б. арқылы жүзеге асырылады.
Өзара көмек көрсету жағдайлары, адамгершілік сезімнің оянуына қажеттілік туғызатын оқиғаға талдау жасайтын ситуациялар өте маңызды орын алады. Сол себептен де оқу -- тәрбие процесінде оқушылармен каникул кезінде өткізілетін шараларға айрықша көңіл бөлінуі керек.
3. Жеке тұлғаның оздігінен жетілуіндегі ішкі қажеттіліктерді қалыптастыру. Өздігінен жетілу -- жеке тұлғаның бойында адамгершілік қасиеттердің терендей түсу процесі, адамның өзін жете түсінуі мен өзімен өзі тұрақты түрде жұмыс жүргізіп отыру қажеттілігі, өз мінез-құлқының ерекшеліктерін білуге жол ашатын жеке тұлғаның психологиясындағы күрделі процесс. Ол үшін мектепте оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алатын психологиялық консультациялар жүйесінің болуы қажет. Сонымен қатар, оқушылардың ерік-сезімі аясының, олардың даму деңгейлерінің, кәсіби бағдарының диагностикасын (социометрия) анықтау өте маңызды. Сол сияқты оқушыға өз бетінше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептегі тәрбие процесі
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінен оқу әдістемелік нұсқауы
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың тәрбие жұмысын жоспарлаудың әдістемесі
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі
Тәрбие технологияларының жіктелуі
Оқушылардың білімі мен дағдысын жазбаша тексеру
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың тәрбие жұмысын жоспарлау әдістемесі
«Педагогика» пәнінен дәрістік тезистері
Тәрбиенің құндылық тұжырымдамасы
Сынып ұжымымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Пәндер