Windows 8 операциялық жүйесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Бүгiнгi таңда қарапайым қолданушылар үшiн компьютермен бiлiктi жұмыс iстеу үшiн WINDOWS операциялық жүйесiнiң мүмкiндiктерi мен оның жұмыс iстеуiн толық меңгеруi қажет.Адам мен компьютер арасында байланысты ұйымдастырушы қызметiн, яғни пайдаланылатын негiзгi интерфейс рөлiн MS-DOS жүйесiнде командалық жол атқарады. Бұл жол арқылы адам мен MS-DOS жүйесi арасында сұхбат өте қолайсыз болды. Бiр команданы орындау үшiн ондаған символдарды теруге тура келдi. Осы операциялық жүйемен негiзiнен тек маман программалаушылар ғана тiкелей жұмыс iстейдi де, көптеген адамдар ондай дәрежеге жете алмады.Бұрынғы компьютерлерде кең тараған MS (PC)-DOS операциялық жүйесі болатын. MS-DOS операциялық жүйесінің онымен адам жұмыс істеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетінін, оның үстіне MS-DOS операциялық жүйесі компьютердің тек 640 Кб жедел жадын ғана (RAM) пайдалана білетін боларсыздар.Әрине, MS-DOS операциялық жүйесі соңғы версиялары қолданбалы программаларға 1Мб-тан артық жедел жадын қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу мүмкіндігін беретін, кейініректе шыққан сервистік программалармен толықтырылған болатын.
DEC фирмасы компьютерлерінің операциялық жүйесі ретінде UNIX қолданылады, олар үлкен және орташа ЭЕМ-дерде жұмыс істеген болатын. UNIX операциялық жүйесінің MS-DOS жүйесінен негізгі артықшылығы - оның бір мезетте бірнеше мақсатты шешу мүмкіндігі, яғни бірнеше бағдарламаларды параллель орындау қасиеті. 80-ші жылдардың ортасында MS (РС)-DOS - тың мұндай кемшілігінен арылу үшін, Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды, солардың бірі WINDOWS жүйесі болатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төмендігімен түсіндіруге болады.80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла бастаған WINDOWS графикалық ортасының жаңа версиясы Windows 3.1 бірте-бірте бұрынғы мәтіндік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады. 80486 сериялы процессорлардың шығуына байланысты дербес компьютерлердің көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3.1 немесе одан кейінгі Windows 3.11 версиялы MS-DOS операциялық жүйесі тағайындала бастады. Осылайша WINDOWS 95, WINDOWS 98, WINDOWS NT, WINDOWSXP, WINDOWS 7, WINDOWS 8 операциялық жүйелерi пайда болды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Windows 8 операциялықжүйесі

Windows 8 операциялық жүйесі бұл қазіргі заманғы қолданушылардың талабына сай етіп, Microsoft компаниясы жасаған жаңа операциялық жүйе. Бұл операциялық жүйеде толып жатқан жаңа функциялар бар, ал навигациясы мен интерфейсі түбірінен өзгерген.
Windows 8 операциялық жүйесін қазіргі әлем мен технолгогияға сай жасақтау барысында, осы кезеңдегі кең тараған мүмкіндіктердің бірі сенсорлы басқаруға барынша көңіл бөлінген. Бұл операциялық жүйе жалғыз планшеттермен ғана жұмыс істемей дербес компьютерлерде, ноутбуктерде жұмыс істей алады.
Жүйелік ресурстарға қойылатын талаптар бұрынғыша Windows 7-дегідей болып қалғанымен, жүйенің ядросы қайта жасақталғандықтан Windows 8 өзіне жүктелеген міндеттерді қысқа мерзімде атқарады, әрі жылдам жұмыс істейтін болды. Windows 8-нің тағы бір пайдалы жағы, ол өзінің өнімін қорғаудың жеткілікті дәрежеде сенімді жүйесі мен комплектімен бірге берілетін тегін Windows Defender антивирусы.
Windows қорғаушысының (Windows Defender) ең басты артықшылықтарының бірі, алдын ала, операциялқ жүйені орнатқаннан кейін, тегін қондырылады. Және басқа антивирустардан еш кемшілігі жоқ. Ең бастысы Windows Defender жарнамалармен, басқа антивирусты сатып алуға және қолданушының рұқсатысыз артық әрекет жасауға тырыспайды.[1]
1.2 Метро стиль

Метро стиль минимализммен жасалынған, ешқандай артық анимация, ешқандай градиент, жұмыр бұрыш барлығын қолданбаған. Дәл осы минимализм бұл стильді сымбатты әрі әдемі, қарапайым, басты ақпаратты оңай қабылдайтын қылып тұр.
Стиль ең алғаш Windows Phone 7ОЖ-де пайда болды. Содан бастап Microsoft барлық өнімдерге арналған операциялық жүйелерінің стилін біріктіруін бастады. Бұл стильдің тағы да бір артықшылығы, элементтердің векторлы жолмен салынуы. Бұлай жасалынғаны, бізге өте үлкен кеңейтілімде, сәйкесінше, өте жоғары сапа бере алады. Экранның кеңейтілімі үлкейген сайын, элементтер де үлкейіп отырады.

1.1сурет. Элементтердің векторлық жолы

1.1-суретте, жүйе қандай өнімдерде орнатылатынын көруге болады. Экраны 10.1 дюймдік планшеттерден бастап, диагоналі 27 дюймдік дербес компьютерлердің мониторында да орнатылады.
Windows 8 операциялық жүйесінің интерфейсі классикалық интерфейс, яғни бізге белгілі жұмыс үстелі, және метро интерфейстен тұрады. Метро интерфейсі, плиткалардан, шаршылар, және тіктөртбұрыштардан тұрады. 1.2 - суреттен көруге болады.

сурет.Windows 8 операциялық жүйесінің интерфейсі
Windows 8 операциялық жүйесі қосылғанда ең бірінші 1.2 - суреттегі экран пайда болады. Бұл плиткалар, виджеттер сияқты жұмыс істей алады. Плиткаларда әр бағдарламаның керекті мәліметтері көрсетіледі. Мысалы ауа-райын көрсететін бағдарлама, ауа-райы туралы мәліметті өз плиткасында көрсетеді. Ауа-райы бағдарламасына кірмей ақ керекті мағлұматты көруге болады.[2]
Плиткаларды жылжытуға, жоюға, көлемін өзгертуге, жаңа плитка қоюға болады. Бұл тышқанның оң батырмасын басу арқылы жасалынады. Windows 8 операциялық жүйесінде "Ғажайып батырмалар" деген панель бар. Бұл панель бес батырмамен жабдықталған. Іздеу (Поиск), "Общий доступ", Пуск, Қондырғылар, Түзетулер. Арасында ең түсінікті және ең пайдалысы "Іздеу" функцясы. Дәл осы батырмаға басу арқылы, іздеген бағдарламаны табуға болады. Бұл панельді шақыру үшін тышқанның немесе сенсорлық дисплейдің оң жақ бұрышына апару керек. Немесе win+c батырмасын басу арқылы шақыруға болады(1.3 сурет).

1.3 сурет. Ғажайып батырмалар панель
Windows 8 операциялықжүйесіекітүрлібағдарлама ларменжұмысістейалады. Олклассикалықбағдарламаларменжәнеме тробағдарламалармен. КласикалықбағдарламаларғақарағандаМ етробағдарламаларбірғанатерезедентұ радыжәнебүкілэкрандыалыптұрады. Бұлай жасалған себебі қолданушының назарын контентке аудару үшін (1.4 сурет).

1.4 сурет. Метро бағдарлама
Метро бағдарламалар windows 8 операциялық жүйесі орнатылған компьютерлерде, ноутбуктерде, сенсорлық құрылғыларда жұмыс істей алады. Қазіргі таңда, стандартты метро бағдарламалары айтарлықтай көп емес. Ал алдын ала орнатылғандар саны шамамен 10. Бұл бағдарламалардың барлығы жинақтамамен бірге жүреді, және интернет дүкенінен тегін жүктеп алуға болады. Әр бағдарламаның түзету панелі болады. Метро бағдарламаларда, түзету панелі, тышқанның оң батырмасы арқылы, немесе сенсорлық экранның төменнен жоғары жылжытқанда пайда болады. Түзету панелінде бағдарламаны өзгертуге арналған батырмалар орналасқан (1.5 сурет). [3]

1.5 сурет.Метробағдарламалардыңтүзетупа нелі

Экранкеңейтілімі 1366х768 - денартықөнімдердежаңафункцияқолдану ғамүмкіндікбар. Оныңатауы - Snap (1.6-сурет).

1.6 сурет. Snap функция

Бұлфункцияэкранды 2 бөліккебөлуүшінарналған. Біршетіндеметробағдарламасыалекінші шетіндеқарапайымнемесеекіжағындадам етробағдарламаларболаалады. Тышқантінтуіріноңжақжоғарғынемесетө менгібөлігінежақындатып, алдыңғыашылғанбағдарламаны "тартып" алып, оңжақнемесесолжақбөлігінеорнатыпқой саңызболады.
Экраншамамен 1:4 қатынастабөлінеді. Жәнедеортадағыжолақарқылықайсысымаң ыздырақсоныүлкенқылыпқояаласыз.
Snap функциясыэкрандыекігебөлуарқылы, жұмыспроцесіноңайәріыңғайлықылады.
БұғандейінWindowsбағдарламалаушылар бағдарламажазуүшінекіAPIқолданған. Біріншісіnative Win32 API, екіншісі managed .NET Framework. Екіншігруппаақырындапдамып, жаңақолданушыинтерфейсінқұрумоделде рі, деректерменжәнесервистерменжұмыс, бағдарламаархитиктурасыжәнет.бпайда болды. [4]
СолуақыттаWindows-тіңөзі, яғни Win32 API базалықмолделіаздамыды. ЕңсоңғымоделіCOMобъектісіболды. Солуақыттакомпьютерлерөзорнындатұрм ады. Әртүрлісенсорлықұрылғылар, желіліқұрылғылар (3GLTE), камералар, сезімталэкрандар. Ақырындаэнергияныжұмсауыназайтуқиын ғасоқты.Сөйтіпжаңаоперациялықжүйені құрғандажаңаAPIқұрып, native APIжақынболуынталапеттік. СоңындаWindowsRuntime (WinRT) APIпайдаболды.[5]
WinRTAPI:
БұлnativeAPI. COMAPIменбіргежұмысістейалады.
ОББAPI. Ішінеуниверсалдыметамәліметтертипік іреді.
WinRT-геқазіргізаманғасайқұрылғылар мен (сенсор, камерат.б) жұмысістейалады. Еңбастысыэнергияныазжұмсайды.
Бағдарламалаутілінебайланыстыемес. Әртүрлімоделдерменжұмысістейалады.
С++
.NET Framework с C# и Visual Basic
HTML5 и JavaScript
Қазіргідекларативтіинтерфейсмоделі XAML мен HTML5 Windows API-діңішінекірді. Соңында Windows бағдарламасыекігруппағабөлінді:
Классикалық desktop бағдарламалар.
Жаңа metro-бағдарламалары.

1.7сурет. WinRT API

WinRt - діңөзініңфункционалыменқоса, жаңакеректікомпоненттералды.
Бұлкомпоненттер:
Метамәліметтержәнепрограммалаутілде р проекциясы. Осы арқылы әр түрлі бағдарламалау тілдер арқылы жазылған компоненттер бір - бірін шақыра алады.
Брокерлер. Бұл компоненттер екі маңызды функциялар алып келеді:
Бағдарламалар арасында мәлімет алмасу
Керекті шақыруларды capabilities арқылы қорғау. Мысалы, егер бағдарлама камера мен жұмыс істегісі келсе, онда жүйе ең алдымен қолданушыдан рұқсат сұрайды.
Метро бағдарламаларының жұмыс істеу моделіне жеке тоқталу керек. Метро бағдарламаларының жұмыс істеу циклі классикалық бағдарламадан ерекше болып келеді. Оны үш бөлікке бөлуге болады:
Орнату
Орындалу
Жойылу

1.8 сурет. Метро бағдарламалардың жұмыс істеу моделі

Егер қолданушы бағдарламамен жұмыс істеп, сосын басқа бағдарламаға көшсе, ең бірінші ашылған бағдарлама жұмыс істемей тұрады немесе sleep режимінде (suspended), немесе жойылады (1.8 сурет).[6]
WinRT-дің тағы бір ерекшелігі мәліметтер мен файлдармен жұмысы. Айтып кететін жай, метро бағдарламалар бір бірінен айырылған. Бұл басқа бағдарламадан, жүйеден тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Метро бағдарламаларында қойманың үш типі бар.
Локалдық
Уақытша
Көшіруі
Бірінші тип өз атында тұрғандай, файлдар мен папкалардан тұрады, қайсы бір бағдарлама локалдық компьютерде арнайы сол бағдарламаға арналған аймақта құрады. Екінші тип бірінші типке ұқсас бірақ кейбір ерекшеліктермен. Егер бағдарлама жабылса, операциялық жүйе уақытша файлдарды жояды. Үшінші тип - roaming. Бұл файлдар мен папкалар бір-бірімен басқа Windows 8 орнатылған құрылғылармен мәлемет алмасуға түседі. [7]
1.7 суретте көрініп тұрғандай Метро бағдарламаларды: C++ және XAML, C# және XAML, Javascript және HTMLCSS тілдерінде жазуға болады.

1.3 HTML және CSS базалық технология

HTML (Hyper Text Markup Language) - гипермәтіндік өлшеуіш тілі күрделі SGML (Standard Generalized Markup Language) өлшеуіш тілінің мүшесі болып табылады. HTML кез келген тілдер сияқты программа құрудың стандартты құрылымынан тұрады. Бұл жағдайда ол HTML - құжат. HTML - тег директивалары бұрыштама жақшаларына алынады. Бұрыштама жақшаға алынбаған барлық объектілерді интерпретатор экранда бейнеленетін мәтін ретінде қабылдайды. Тег - браузер интерпретаторына тиісті нақты әр директиваға мәнді қалай өңдеуді көрсететін HTML командасы. Бұл мән тег атрибуты деп аталады. Тегтің атрибуты болуы да, болмауы да мүмкін. Мысалы, HTML тегінің атрибуты болмайды. [8]
HTML - құжаты қысқа түрде құжат тақырыбынан және құжат денесіне тұрады.
Синтаксис. HTML тегінің жалпы түрде барлық атрибуттарымен жазылу синтаксисі келесі түрде болады:
тег атрибут аты1= "мән" атр_аты.2 = "мән" атр_аты.N = "мән" өңделетін мән жабылатын тег
Атрибут мәні тік жақшаға алынады. Тегтің барлығы жұппен болады: ашылатын және жабылатын; тег өңделетін мән тег
Бірігу принципі қаралады:
тег1тег2 өңделетін мән тег2тег1
HTML-құжаты -- бұл *.html кеңейтілуі бар мәтіндік файл (Unix-жүйелері *.html кеңейтілу бар файлдан тұруы мүмкін). Қарапайым HTML-құжат:
html
head
titleМысал 1title
head
body
H1Сәлем!H1
PБұл HTML-құжатының қарапайым мысалы.P
PБұл *.htm-файл бір уақытта Notepad-да және Netscape-деашаалады.
Notepad өзгертуді сақтап, HTML-құжатта бұл өзгертулерді көру үшін Netscape-де жай ғана Reload('қайта жүктеу') батырмасын басыңыз.P
body
html
Тегті үлкен және кіші әріппен де енгізуге болады.Мысалы,body, BODYжәнеBody тегтерібраузермен қабылдана береді.
Міндетті тегтер.
html ... html
htmlтегі HTML-құжатты ашуы керек. Сол сияқты html тегі HTML-құжатты аяқтайды.
head ... head
Бұл тегтер жұбы құжат тақырыбының басы мен соңын көрсетеді. Құжат тақырыбынан басқа (төмендегі titleтегінің жазбасын қараңыз), бұл бөлімде көптеген ақпараттар бар.
title ... title
title және titleтегінің арасындағы ақпараттар браузермен құжат аты деп аталады. Netscape Navigator, мысалы, терезе тақырыбында кезектегі құжаттың атын көрсетеді және оны әр беттің сол жақ жоғарғы бұрышында принтерге басып шығарады. Аты 64 символдан ұзақ болмауы керек.
body ... body
Бұл тегтер жұбы HTML-құжат денесінің басы мен соңын көрсетеді. Дене ол құжаттың мазмұнын анықтайды.
H1 ... H1 -- H6 ... H6
Hi (мұндағы i -- 1 ден 6-ға дейінгі сан) түріндегі тег алты әртүлі деңгейдегі тақырыпты сипаттайды. Бірінші деңгей - ең үлкен, алтыншы деңгей - ең кіші тақырып.
P ... P
Мұндай тегтер жұбы абзацты сипаттайды. P және Pтегі арасындағылар бір абзац болып қабылданады. Hi және P тегтері қосымша ALIGN ("элайн" деп оқылады, ағылшыннан аударса "түзулеп келтіру") атрибутынан тұруы мүмкін, мысалы:
H1 ALIGN=CENTER тақырыпты ортаға түзулеп келтіруH1
немесе
P ALIGN=RIGHT абзацты оң жаққа бойынша түзулеп келтіру P
html
head
title2 Мысалtitle
head
body
PБіз енді білеміз абзацты тек солға ғана емес түзулеп келтіруге, P
P ALIGN=CENTERсонымен бірге орта бойыншаPP ALIGN=RIGHTнемесе оң жақ бойынша түзулеп келтіруге.P
body
html
Жұп емес тегтер.Бұлбөлім HTML құжатының екі негізгі ержесіне бағынбайтын тегтер жөнінде болады: олардың барлығы жұп емес, ал кейбіреулері (&-деп аталатын тізбектер)кіші әріппен енгізілуі керек.
BR Бұл тег абзацты үзбей жаңа жолға өту үшін қолданылады. Өлең жазуға өте ыңғайлы. HRБелгі HR мынадай горизонтальды сызықты бейнелейді.
Белгі сонымен бірге қосымша SIZE (сызықтын қалыңдығын пиксельде береді) атрибутынан тұруы мүмкін жәненемесе WIDTH (сызықтын қалыңдығын процентте береді). Төменде горизонтальды сызықтар коллекциясы келтірілген.
html
head
titleСызық мысалыtitle
head
body
H1Горизонтальды сызықтар коллекциясыH1
HR SIZE=2 WIDTH=100%BR
HR SIZE=4 WIDTH=50%BR
body
html
Браузерлармен тегтердің интерпретациясының (түрленуінің) жалпы ережелері бар. Программалау тілдеріне қарағанда, яғни мұнда егер қатені операторда жазып қойсаңыз, онда қате туралы тиісінше хабарлама шығып тұрады және оны түзетуге тура келеді. HTML - да қате жазылса тегтерге мұндай хабарлама шықпайды. Қате жазылған тег немесе оның параметрі браузермен түзетіледі. Мысалға, егер сіз BR тегінің орнына VR тегін жазып қойсаңыз, онда браузер жолды төмен түсірмейді, сөйтіп келесі мәтін экранда осы жолда сол қалпында бейнеленеді. Бұл барлық браузерлерге тең жалпы ереже, бұған тек қана қате жазылған тегтер ғана емес, сонымен бірге браузердің осы версияда оқылатын тегтері де жатады.
Тег параметрлармен, немесе басқаша айтқанда атрибуттармен (ағылшыннан аttribute) жазылуы мүмкін немесе жазылады. Жіберілетін параметрлер жиыны әрбір тег үшін жеке. Параметрлерді жазудың жалпы ережесі келесі түрде. Тег есімінен кейін бір - бірінен бос орын арқылы бөлінетін параметр жазылады. Тег параметрлерінің тізбектелу реті ерікті түрде. Көптеген параметрлер олардың мәнін көрсетуді талап етеді, бірақта кейбір параметрлер үнсіздік мәні бойынша мәнсіз жазылады немесе мәні тіптен де болмайды. Егер параметр мәнді қажет етсе, онда ол теңдік белгісінен кейін параметр есімімен көрсетіледі. Параметр мәні (тырнақшада) немесе тырнақшасыз да жазылады. Тек бір жағдай бар. Ол параметр мәнінде бос орын болғанда тырнақшасыз жазуға болады. Параметр мәнінде (параметрлер өзі және тег есіміне қарағанда) кей жағдайда жазба регистрі өте маңызды. Мысалы:
BODY bgcolor="white" link="green" vlink="green" text="black"
&-тізбектері. "" және "" символдары браузермен HTML - тегтерінің басы және соңы болып қабылданады: ал бұл символдарды экранда қалай көрсетуге болады? HTML-да бұл &-тізбегі көмегімен орындалады (оларды тағы да символдық объектілер немесе эскейп-тізбектер деп атайды). Браузермәтінде < тізбегін кездестірген кезде, экранда "" символын көрсетеді; (ағылшын сөздерінің бірінші әрпі бойынша less than -- кіші). "" таңбасы > тізбегімен кодталады; (ағылшын сөздерінің бірінші әрпі бойынша greater than -- үлкен).
"&" символы (амперсанд) & тізбегімен кодталады;
Екі тырнақша (") " тізбегімен кодталады;
Нүкте үтір -- &-тізбегінің міндетті элементі. Сонымен қатар, тізбекті құрайтын барлық әріптер төменгі регистрде болу керек. " немесе & түріндегі тегтерді қолдануға болмайды.
Негізінен &-тізбектері ASCII-кестесінің екінші жартысының барлық кестелерімен анықталады (онда орыс әріптеріде кіреді). Кейбір серверлер сегізбитті деректер берілісін ұстай алмағандықтан, &-тізбегі түріндегі 127 үлкен ASCII-кодты символдарды беруге болады.
Комментарийлер. Браузерлер !-- и -- арасында орналасқан мәтінге көңіл бөлмейді. Бұл комментрий орналастыруға ыңғайлы.
Html тіліндегі тізімдер. Html тіліндегі тізімдер нөмірленген және нөмріленбеген болып бөлінеді. [9]
Нөмірленбеген тізімдер: UL және ULтегтері арасында орналасқан мәтін нөмірленбеген тізім болып қабылданады. Тізімнің әр жаңа элементтің LIтегінен бастау керек. Мысалы, жаңа тізім құру үшін:
ПОС;
ЗБИ;
ЭВМ;
Мынадай HTML-құжат керек:
UL
LIПОСLI
LIЗБИ; LI
UL
LIтегінің жабылатын жұп тегі жоқ.
Нөмірленген тізімдер: OL ... OL. Нөмірленген тізімдер, нөмірленбеген тізімдер сияқты орналасқан, бірақ жаңа элементті белгілейтін символдардың орнына цифрлар қолданылады. Мысалы:
OL
LIПОС; LI
LIЗБИ; LI
OL
мынадай тізім пайда болады:
1. ПОС;
2. ЗБИ;
3. ЭВМ;
Кестелер. Кестелер ақпаратты кесте түрінде көрсету үшін. Практика жүзінде мәтінді бірнеше бағанға орналстыруға болады. Бір ұяшықтан тұратын кесте тиімді түрде мәтін фрагменттің белгілейді.
HTML
HEAD
TITLEКесте мысалыTITLE
HEAD
TABLE BORDER=1! -- Бұл кесте басы--
TR! -- Бұл бірінші жолдың басы--
TD!-- Бұл бірінші ұяшықтың басы--
Бірінші жол, бірінші баған
TD!-- Бұл бірінші жолдың соңы--
TD!-- Бұл екінші жолдың басы--
Бірінші жол, екінші баған
TD!-- Бұл екінші ұяшықтың соңы--
TR!-- Бұл бірінші жолдың соңы--
TR!-- Бұл екінші жолдың басы--
TD!-- Бұл бірінші ұяшықтың басы--
Екінші жол, бірінші баған
TD!-- Бұл бірінші ұяшықтың соңы--
TD! -- Бұл екінші ұяшықтың басы--
Екінші жол, екінші баған
TD! -- Бұл екінші ұяшықтың соңы--
TR!-- Бұл екінші жолдың соңы--
TABLE! -- Бұл кестенің соңы--
BODY
HTML
Кесте TABLEтегімен басталып және TABLEтегімен аяқталады. TABLEтегі бірнеше атрибуттардан тұруы мүмкін.
ALIGN
Құжат өрісіне сәйкес кесте орналасуын келтіреді. Керекті мәндер: ALIGN=LEFT (солға туралап келтіру), ALIGN=CENTER (ортаға туралап келтіру), ALIGN=RIGHT (оңға туралап келтіру).
WIDTH
Кесте ені. Оны пикселде береміз (мысалы, WIDTH=400) немесе бет енінен процентпен (мысалы, WIDTH=80%).
BORDER
Кестенің ішкі рамкасымен ұяшықтар енін пикселде келтіреді (мысалы, BORDER=4). Егер атрибут келтірілмесе, онда кесте рамкасыз болады.
CELLSPACING
Кесте ұяшығының рамкалары арасындағы қашықтықты келтіреді (мысалы, CELLSPACING=2).
CELLPADDING
Мәтін және ұяшық рамкалары арасындағы қашықтықты келтіреді (мысалы, CELLPADDING=10).
Кестеде тақырып болуы мүмкін (CAPTION ... CAPTION), бірақ тақырыптың болуы міндетті емес. CAPTION белгісі АLIGN атрибутынан тұрады. Рұқсат етілген мәндер: CAPTION ALIGN=TOP (тақырып кестенің үстінен орналасады) және CAPTION ALIGN=BOTTOM (тақырып кестенің астынан орналасады). Кестенің әр жолы TRтегімен басталып жәнеTRтегімен аяқталады.TRтегі келесі атрибуттардан тұрады:
ALIGN жол ұяшығындағы мәтінді түзулеп келтіреді. Рұқсат етілген мәндер: ALIGN=LEFT (солға түзулеп келтіру), ALIGN=CENTER (ортаға түзулеп келтіру), ALIGN=RIGHT (оңға түзулеп келтіру).
VALIGN жол ұяшығындағы мәтінді вертикальды түзулеп келтіреді. Рұқсат етілген мәндер: VALIGN=TOP (жоғарғы жақ бойынша түзулеп келтіру), АLIGN=MIDDLE (орта бойынша түзулеп келтіру), VALIGN=BOTTOM (төменгі жақ бойынша түзулеп келтіру).
Кестенің әр ұяшығы TD тегімен басталып және TDтегімен аяқталады. TD тегіі келесі атрибуттардан тұрады:
NOWRAP бұл атрибуттың болуы, ұяшықтағылар бір жолда көрсетілуі керек.
COLSPAN горизонталь бойынша ұяшықты "размах" келтіреді. Мысалы, COLSPAN=3 деп , алсақ онда ұяшық үш бағанға өшіріледі.
ROWSPAN вертикаль бойынша ұяшықты "размах" келтіреді. Мысалы, ROWSPAN=2 деп алсақ, онда ұяшық екі жолд орын алады.
ALIGN ұяшықтағы мәтінді түзулеп келтіреді. Рұқсат етілген мәндер: ALIGN=LEFT (солға түзулеп келтіру), ALIGN=CENTER (ортаға түзулеп келтіру), ALIGN=RIGHT (оңға түзулеп келтіру). [10]
VALIGN жол ұяшығындағы мәтінді вертикальды түзулеп келтіреді. Рұқсат етілген мәндер: VALIGN=TOP (жоғарғы жақ бойынша түзулеп келтіру).
Байланыстыру. Гипермәтін жай мәтіннен ерекшелігі, оны тек басынан соңына дейін ғана оқуға болады, сонымен бірге мәтіннің бір фрагментінен екінші фрагментіне өтудің көптеген түрін жүзеге асырады. Жүйе көптеген әйгілі программалық өнімдер көмегімен гипермәтіндік принцип бойынша келтірілген. Маустың сол жақ батырмасын басу кезінде кезектегі құжаттың кейбір белгіленген фрагментінен құжат фрагментіне немесе алдын-ала белгіленген құжатқа өтуге болады. HTML-да бір мәтін фрагментінен екіншісіне мынадай түрдегі белгімен өтеді:
A HREF="[өту адресі]"мәтіннің белгіленген фрагментіA
[өту адресі] параметрі ретінде аргументтердің бірнеше түрі қолданылады.
Ең қарапайымы - өтетін HTML- құжаттың атын береміз. Мысалы:
A HREF="pr.htm"Тақырыпқа өту A HTML-мәтіннің мұндай фрагменті құжатта "Тақырыпқа өту", белгіленген фрагмент пайда болады, басқан кезде кезектегі терезеде pr.htm құжаты жүктеледі.
Егер өту адресінде каталог көрсетілмесе, өту кезектегі каталог ішінде орындалады. Егер өту адресінде сервер көрсетілмесе, өту кезектегі сервер ішінде орындалады.
Осыдан барып өте қажетті бір практикалық ой келіп туады. Егер Сіз HTML - құжаттың қандай да бір тобын баспаға дайындасаңыз және олар сіздің компьютерде орналасып, бір біріне тек файл атымен сілтеме жасаса, онда бұл құжаттар тобы басқа компьютердегі басқа каталогта тура бұрынғыдай жергілікті желіде, интернетте де жұмыс жасай береді. Міне осылау сіз Интернетке қосылмай көптеген құжаттарды өңдеуге мүмкіншілігіңіз бар және толық дайындалып болғаннан кейін Интернетте құжаттарын қарай аласыз. Практика жүзінде басқа сервердегі құжатқа сілтеме беру керек болады. Қажет болған жағдайда, құжатқа ғана емес, осы құжат ішіндегі нақты бір орынға өтуді беруге болады. Сол үшін өту берілетін құжатқа жәрдем нүктесін немесе анкер беру керек. 1.htm файлынан 2.htm файлындағы "Өту аяқталды" сөзіне өту үшін не істеу керек. Алғашқыда, 2.htm файлында мынадай анкер құру керек:
A NAME="AAA"Өту аяқталды A "Өту аяқаталды" сөзі бұл жағдайда мәтінде белгіленбейді. Содан кейін 1.htm (немесе басқаларда) файлында осы анкерге өтуді анықтауға болады:
A HREF="2.htm#AAA"AAA анкеріне өтуA Сол сияқты бұл анкерге өтуді 2.htm құжатының ішінде анықтауға болады - мынадай фрагментті қосса болады:
A HREF="#AAA" AAA анкеріне өту A Практика жүзінде бұл үлкен құжаттар құруға ыңғайлы. Құжат бөлімдерінде орналасқан бар тақырыпты құжаттың басында орналастыруға болады, егер онда анкерге сілтемесі бар болса. Келіспеушілік тумау үшін анкер есімін латын әріптерімен беру керек. Анкер есімінің жазылуын қадағалаңыз: браузерлер үлкен әріптен кіші әріпті айырып қарайды. Егер анкер есімі AAA деп анықталса, онда aaa немесе AaA деген сілтеме сізді AAA анкеріне шығармайды, бірақ құжат толығымен жүктелінеді.
Біз HTML-құжатарының сілтемелерін қарастырдық. Сонымен қатар ресурстың басқа түрлеріне де сілтеме болуы мүмкін:
A HREF="ftp:serverdirectoryfile.e xt"Файлды жүктеуA Егер мұндай сілтемені пайдалансақ, онда ол файл беріліс протоколын жіберіп және server серверіндегі directory каталогындағы file.ext файлын пайдаланушының локальды дискісіне жүктейді.
A HREF="mailto:user@mail.box"Хат жіберуA Егер пайдаланушы осындай сілтемемен өтсе, онда оның экранында пошталық программаның кіріс хабарламасы терезесі ашылады. Онда жолында: ("Қайда") пошталық программа терезесінде user@mail.boxкөрсетіледі.
HTML
HEAD
TITLE Гиперсілтеме мысалы TITLE
HEAD
BODY
H1БайланыстыруH1
P Файлдарды жүктеуге болады (мысалы,
P Пайдаланушыға пошта жіберуге мүмкіндік беру (мысалы,
A HREF="mailto:nc@iname.com"авторға A).P
BODY
HTML
Бейнелер. HTML-құжатта бейнені өте қарапайым жолмен тұрғызуға болады. Ол үшін бұл бейне GIF форматында болу керек (файл *.gif кеңейтілуімен) немесе JPEG (файл *.jpg немесе *.jpeg кеңейтілуімен) және бір жол HTML-мәтінде. Бізге құжатқа HTML құжатпен бір каталогта орналасқан picture.gif файлында жазылған бейнені іске қосу керек. Онда жол мынадай болады. Белгі IMG SRC="[файл аты]"ALT атрибутын қосу керек="[мәтін]", мысалы:
IMG SRC="picture.gif" ALT="Сурет"
Браузер мұндай тегті кездестіріп, экранда сурет мәтінің көрсетеді және оның орнына picture.gif файлынан сурет жүктейді. ALT атрибуты бейнені ұстамайтын ескі браузерлер үшін қажет, сол сияқты браузерде бейнені автоматты жүктеу өшіріліп тұрса. Интернетке жай қосылған кезде, бұл уақытты үнемдеу үшін жасалады. Бейнесі бар файл, басқа каталогта немесе басқа серверде орналасуы мүмкін. Бұл жағдайда оның толық атын көрсету керек.

HTML
HEAD
TITLE Бейне мысалы TITLE
HEAD
BODY
H1 БейнеH1
P Бейнені қарапайым түрде тұрғызуға болады: P
PIMG SRC="picture.gif"P
PСонымен қатар, бейнені "ыстық" етіп жасауға болады, немесе бейнеге өтуді іске асыру:P
PA HREF="pr.htm"IMG SRC="picture.gif"AP
BODY
HTML
Егер бейнеге сілтеме A HREF="..."жәнеAтегтері арасында орналасса, көрініс батырма болып табылады және оны басқанда сілтемеге өтуге болады.
Форма. Форма - HTML-құжат бұл құрал көмегімен қандай да бір алдын-ала анықталған сыртқы орта нүктесіне ақпарат жібере алады, мұнда ақпарат қайта өңделеді. Ақпарат жіберілетін "сыртқы орта нүктесінің" формасына қарағанда, форманы құру қарапайым. Мұндай "нүкте" ретінде көп жағдайда Перл немесе Си тілінде жазылған программа қолданылады. Формамен берілетін және деректерді өңдейтін программаларды CGI-скрипттер деп атайды. CGI қысқартуы (Common Gateways Interface) "шлюз интерфейсінің жалпы қолдануын" білдіреді. Көп жағдайларда CGI-скрипттерін жазу операциялық жүйенің мүмкіндіктерін және тиісті программалау тілінің жақсы білімін талап етеді. Соңғы кезде нақты таралған PHPFI тілі, оны HTML-құжатта тұрғызуға болады (мұнда құжаттар *.pht немесе *.php кеңейтілуі бар файлдар түрінде сақталынады). Формалар ақпаратты программа өңдеушілерге жұп түрінде береді [айнымалы есімі]=[айнымалы мәні]. Айнымалы есімін латын әрпімен беру қажет. Айнымалылар мәні саннан тұрса да, өңдеушілерге жол болып қабылданады.
Форма FORM тегімен ашылып және FORMтегімен аяқталады. HTML-құжат бірнеше формадан тұруы мүмкін, бірақ формалар бірінің ішінде бірі орналаспау керек. Белгісі бар HTML-мәтін форма ішінде шексіз орналаса береді.
FORMтегі үш атрибуттан тұруы мүмкін, олардың біреуі міндетті. Бұл атрибуттар мыналар:
- ACTION
- Міндетті атрибут. Форма өңдеуші қайда орналасқаның анықтайды.
- METHOD
Формадан деректер өңдеушіге қалай берілетіні анықталынады (басқаша айтқанда, гипермәтінді беру протоколының әдісі көмегімен). Рұқсат етілетін мәндер: METHOD=POST және METHOD=GET. Егер атрибут мәні келтірілмесе, онда үнсіздік бойынша METHOD=GET ұсынылады.
Формадан деректер өңдеушіге беру үшін қандай жағдайда код жасау анықталынады. Егер атрибут мәні келтірілмесе, онда үнсіздік бойынша ENCTYPE=applicationx-www-form-urle ncoded ұсынылады.
Қарапайым форма. Формадан өңдеушіге қандай да бір дерек беру процесін жіберу үшін қандай да бір басқару органы қажет. Мұндай басқару органын құру өте қарапайым: INPUT TYPE=submit Браузер форма ішінде мұндай жолды кездестіріп, экранда Submit жазбасы бар батырманы салады ("сабмит" деп оқылады, ағылшынан "беріп тұру"), оны басқан кезде формадағы деректер өңдеушіге беріледі FORMтегіндегі. Батырмадағы жазбаны сізге қалай ұнаса солай жазуға болады. VALUE="[Жазба]" ( "вэлью" деп оқылады, ағылшыннан "мән") атрибутын енгізіп, мысалы:
INPUT TYPE=submit VALUE="Кеттік!" Енді қарапайым форма жазуға болады. Ол ешқандай деректер жинамайды, бірақ бізді осы бөлімнің мәтініне алып келеді.
Батырмаға жазылған жазбаны өңдеушіге қажет болған жағдайда NAME=[есім] ("нэйм" деп оқылады, ағылшыннан "есім") атрибутымен беруге болады. Мысалы:
INPUT TYPE=submit NAME=button VALUE="Кеттік!" Мұндай батырманы басу кезінде өңдеуші басқа қалған деректермен қоса button айнымалысын Кеттік! мәнімен алады.
Формада бірнеше submit типіндегі батырма әртүрлі есіммен жәненемесе мәнмен болады. Мұндай жағдайда пайдаланушы submit қандай батырмасын басқанына қарай, өңдеуші әртүрлі әрекет жасауы мүмкін.
INPUT элементінің әртүрлі типі бар. INPUT әр элементі элемент есімін анықтайтын NAME=[есім] атрибутынан тұруы мүмкін (және өңдеушіге берілетін айнымалы есіміне сәйкес). Есім тек латын әрпімен берілуі керек. INPUT элементінің көбісі осы есіммен өңдеушіге берілетін мәнді анықтайтын VALUE="[мән]" атрибутынан тұрады.INPUT TYPE=text және INPUT TYPE=password элементтері үшін , бірақ бұл атрибут міндетті емес, сонымен қатар тиісті айнымалы мәні пайдаланушымен пернетақтадан енгізіледі. INPUT элементінің негізгі типтері:TYPE=text
Мәтін жолын енгізу үшін терезені анықтайды. Қосымша атрибуттардан тұруы мүмкін SIZE=[сан] (символды енгізу терезесінің ені) және MAXLENGTH=[сан] (символды сан енгізу жолының максимальды рұқсат ұзындығы). Мысалы:
INPUT TYPE=text SIZE=20 NAME=user VALUE="Иван"
Мәтін енгізу үшін 20 символды терезе енін анықтайды. Үнсіздік бойынша терезеде пайдаланушы редактірлейтін Иван мәтіні болады. Редактірленген (немесе редактірленбеген) мәтін өңдеушіге user айнымалысымен беріледі.
TYPE=password.Пароль енгізу үшін терезе анықтайды. text типіне сәйкес, бірақ мәтін енгізу символдарының орнына экранда жұлдызша көрсетіледі (*). Мысалы:
INPUT TYPE=password NAME=pw SIZE=20 MAXLENGTH=10
Пароль енгізу үшін ені 20 символды терезе анықталынады. Парольдың максимальды рұқсат ұзындығы - 10 символ. Енгізілген пароль өңдеушіге pw айнымалысы арқылы беріледі.
TYPE=radio.Радиобатырманы анықтайды. checked қосымша атрибутынан тұрады (батырма белгіленгенді көрсетеді). Радиобатырма тобында бірдей есіммен тек белгіленген радиобатырма ғана болуы мүмкін. Мысалы:
INPUT TYPE=radio NAME=modem VALUE="9600" checked 9600 битсINPUT TYPE=radio NAME=modem VALUE="14400" 14400 битсINPUT TYPE=radio NAME=modem VALUE="28800" 28800 битс
9600 битс, 14400 битсжәне 28800 битсдеп жазылған үш радиобатырма тобын анықтайды. Алғашқыда батырмалардың біреуі белгіленеді. Егер пайдаланушы басқа батырманы белгілемесе, онда өңдеушіге modem айнымалысы 9600 мәнімен беріледі. Егер пайдаланушы басқа батырманы белгілесе, онда өңдеушіге modem айнымалысы 14400 немесе 28800 мәнімен беріледі.
TYPE=checkbox.Белгі жасауға болатын квадратты анықтайды. checked деген қосымша атрибуты болуы мүмкін (квадрат белгілен екенін көрсетеді). Радиобатырмадан ерекшелігі бірдей есімді квадраттар тобында бірнеше белгіленген квадраттар болады. Мысалы:
INPUT TYPE=checkbox NAME=comp VALUE="PC" Жеке компьютерлерINPUT TYPE=checkbox NAME=comp VALUE="WS" checked Жұмыс станцияларыINPUT TYPE=checkbox NAME=comp VALUE="LAN" Жергілікті желі серверлеріINPUT TYPE=checkbox NAME=comp VALUE="IS" checked Интернет серверлері
Төрт квадраттан тұратын топты анықтайды. Алғашқыда екінші және төртінші квадраттар белгіленген. Егер пайдаланушы өзгеріс енгізбесе, онда өңдеушіге екі айнымалы беріледі: comp=WS және comp=IS.
TYPE=hidden.Форманы толтыру кезінде пайдаланушыға көрінбейтін жасырын деректер элементін анықтайды және өңдеушіге өзгеріссіз беріледі. Мұндай элемент қайта өңдеуге жататын формада болғаны жақсы, себебі өңдеуші форманың қандай нұсқасымен жұмыс істеп тұрғанын білу үшін. Басқа вариантарды өзіңіз құрастыруыңызға болады. Мысалы:
INPUT TYPE=hidden NAME=version VALUE="1.1"
Өңдеушіге 1.1. мәнімен берілетін, жасырын version айнымалысын анықтайды.
TYPE=reset.Басқан кезде форма бастапқы күйіне қайтып келетін батырманы анықтайды. Бірақ бұл батырманы қолдану кезінде деректер өңдеушіге берілмейді, reset типіндегі батырмада name атрибуты болмайды. Мысалы:
INPUT TYPE=reset VALUE="Форманың жолын тазарту"
Басқан кезде форма бастапқы күйіне қайтып келетін "Форма жолын тазарту" батырмасын анықтайды.
Форма INPUT элементінен басқа, SELECT менюнен және мәтін енгізу үшін TEXTAREA жолынан тұрады.
n элементтен тұратын SELECT меню мына түрде:
SELECT NAME="[есім]"
OPTION VALUE="[мән 1]"[мәтін 1]
OPTION VALUE="[мән 2]"[мәтін 2]
...
OPTION VALUE="[мән n]"[мәтін n]
SELECT
МенюSELECTтегімен басталып және SELECTтегімен аяқталады. SELECTтегіс менюді генерациялайтын айнымалы есімін анықтайтын міндетті NAME атрибутынан тұрады.
SELECT тегі менюден бірнеше элементті таңдайтын MULTIPLE атрибутынан тұрады. Браузерлердің көбісі SELECT MULTIPLE менюін меню элементтері орналасқан терезе түрінде көрсетеді (жолдағы терезе биіктігін SIZE=[сан] атрибутымен беруге болады). Көп жағдайда SELECTтегі түсетін меню ретінде көрсетіледі.
OPTION тегі меню элементтің анықтайды. Егер өңдеушіге берілетін меню элементі таңдалса, онда VALUE міндетті атрибуты мәнді тағайындайды. Берліген элемент үнсіздікпен белгіленген екенін көрсету үшін OPTIONтегі checked атрибутынан тұруы мүмкін. Мысалы:
SELECT NAME="selection"
OPTION VALUE="option1" checked1 вариант
OPTION VALUE="option2" 2 вариант
OPTION VALUE="option3" 3 вариант
SELECT
Мұндай фрагмент үш элементтен тұратын менюді анықтайды: 1 вариант, 2вариант және 3 вариант. Үнсіздік бойынша 1 варианттың элементі таңдалды. Өңдеушіге option1 (үнсіздік бойынша), option2немесе option3 мәнді selection айнымалысы беріледі.
TEXTAREA элементі қарапайым түрде көрсетіледі. Мысалы:
TEXTAREA NAME=address ROWS=5 COLS=50
Ал мұнда - Сіздің адрес ...
TEXTAREA
Барлық атрибуттар міндетті. NAME атрибуты терезедегі деректере өңдеушіге қандай есіммен берілетінін анықтайды. (мысалды - address). ROWS атрибуты жолдағы терезе биіктігін келтіреді (мысалда - 5). COLS атрибуты терезе енін символмен келтіреді (мысалда -- 50).
TEXTAREA және TEXTAREAтегтері арасында үнсіздік бойынша орналасқан мәтін терездегі мәліметтерді білдіреді. Пайдаланушы оны редактірлейді және өшіре алады. TEXTAREA терезесіндегі орыс әріптері
Тұрғызылған стильдік безендірулер, style атрибуты. Стильдер кестесі Style элементі. Класстар. Идентификаторлар. Стильдің сыртқы кестелері.Элементтер күйлері.
CSS (Cascading Style Sheets) спецификациясы бет белгілеудің декларативті сипаттағы шектеуінде қалуға мүмкіндік береді және HTML белгілеуінің элементтер көрінісіне толық бақылау жасайды. Стильдің каскадты кестелері бір жағынан сурет пен қосымша өлшемдерінің арасындағы дәлділікті, тағы бір жағынан мәтін блоктарының дұрыс өлшемдерін анықтайды. Мәтін блоктары, графикалар және бетке тұрғызылған қосымшалар бет компоненталары деп аталады. HTML-белгілеу аралығында осы компоненталардың әр қайсысының өлшемі мен шектеулері әртүрлі деңгей дәлдігімен беріледі. Графика мен қосымша өлшемін пиксель дәлдігімен беруге болады. HTML-де мәтін блоктарының өлшемін беруге болмайды. Олар браузермен үнсіздік шрифтісінің өлшеміне сәйкес есептелінеді. Кесте стилі компонент өлшемдерінен басқа мәтін фрагментінің сызбасы мен түсін анықтауға, осы параметрлерді мәтін блогының ішінде өзгертуге, бет компоненті мен мәтіндік блоктың басқа блоктар арасында түзету орындауға мүмкіндік береді. Осы мүмкіндіктердің бар болуынан CSS-ті құжаттың логикалық құрылым құралы деп айтуға болады. Құжаттың логикалық құрылымы HTML тегі элементтерімен анықталынады, сол кезде осы элементтердің көрініс формасы CSS-тің элемент сипатымен беріледі. Стильді каскадты кестелер құжат құрылымынан беттің элемент стильін бөліп қарау үшін қолданылады. Құрылымды мазмұннан бөліп қарау құжат стилін тез өзгертуге ыңғайлы. Стильді берудің үш тәсілі бар: тұрғызылған стильдік көрініс, STYLE элементі көмегімен кесте құру және стильді сыртқы кестелерді қолдану.
Тұрғызылған стильдік көрініс кезінде әр элементтің стилі Style атрибуты көмегімен беріледі.
Тұрғызылған стильдер барлық басқа стильдерді жабады. Жазылу синтаксисі: Элемент_аты style = "1 қасиет : мән 1 ; мән .2 : мән .2; ... . қасиет N : мән.N "
Мысалы, P style = "font-size: 32pt; color: # 0000FF; ".
Стиль кестелері құжаттың тақырып бөлігіндеSTYLE type = "textcss " тегі көмегімен жазылады. typeатрибуты стиль кесте типін MIME стандартында береді. MIME стандарты мазмұн форматын беру үшін керек. Осында анықталған стильдер жеке элементте ғана емес барлық құжаттарда қоданылады.
Берілген кестеде Н1 және Р элементтері үшін ережелер анықталған және бұл элементтер көрсетілген ережеге сәйкес бейнеленеді. Әр ереже фигуралық жақшаға алынады. Кластардың барлық хабараламасы нүктеден басталады. Каскадты кесте ережесі тұрғызылған стиль сияқты формат қолданады: қасиетінен кейін қос нүкте және қасиет мәні болады. Бірнеше қасиеттер бір-бірінен нүкте үтірмен ерекшеленеді. Стильдің каскадты кестесі әмбебап форматтаудың күрделі құралы болып табылады. Стильдің сыртқы кестесі .сss кеңейтуі бар жеке файлда бейнеленеді және барлық сайтқа қосылады. Содан кейін Web - сайтты бірыңғай безендіріледі және қажет болған жағдайда тез өзгертіледі.

@import конструкциясы көмегімен сыртқы кестені қолдану:
HEAD
TITLETITLE
STYLE type = "textcss"
@import URL (" file.css ");
STYLE
HEAD
Құжат тақырыбына LINKтегі көмегімен сыртқы кестені қосу тәсілі:
HEAD
TITLETITLE
LINK rel = stylesheet type = "textcss " href = " ... ...cssfile.css "
HEAD
* комментарий мәтіні * - стиль кестесінде комментарийді безендіру.
Кейбір элементтерге де қолданылатын барлық стильдер осы элементтің ішінде орналасқан элементтерге де қолданылады.HTML тілінің элементтер жазбасында жолдық (in-line) белгі элементі бар және блок (block) белгі элементі бар.Блок және жол элементтер арасындағы айырмашылықты төмендегі мысал арқылы түсіндіруге болады:
Параграф - бұл белгінің блок элементі;
Курсивпен белгілеу - бұл белгінің жолдық элементі.
Блок элементтері бір-біріне қоюға болады, бірақ олар қиылыспауы керек. Жол элементтерін бір-біріне қоюға да және қиылыстыруға болады. Бірақ соңғысын жасап керегі жоқ. Расымен, басқару көрінісінің атрибуттар жиыны бойынша жол және блок элементтері ерекшелінеді (стильді жазу атрибуттары). Жол элементінің жазылу стиль атрибуты блок элементінің жазылу стиль атрибутының көпмүшесі болады.

1.4 Обьектілік модель және жинақтар

Web гипермәтіні жүйе ретінде екі көзқарастан қарауға болады. Біріншіден гипермәтіні өткелдермен (anchorконтейнер - сілтемелерімен) байланысты көрсетілген суреттердің жиыны. Екіншіден-бейнеленген беттерді құрайтын элементарлы ақпаратты обьектілердің көптігі (текст, графика, жылжымалы код және т.с.с) соңғы оқиғада бет өткелдерінің гипермәтіні көптігі-мәтінге орналасқан сурет сияқты ақпаратты фрагмент. Екінші оқиғада гипермәтіні желі гипермәтіні байланыс ролінде болатын HTML-беттерінің элементар ақпаратты обьектілерінің көптігі ретінде анықталады. Мұндай жол бейнеленетін беттердің "жылдам" дайын компоненттерден құрылуы өнімді болып табылады. Беттерді генерациялау кезінде Web-та "клиент-сервер" архитектурасымен байланысты (Server Site includes) Netscape компаниясы 1995ж. клиент оқиғасындада беттерді басқару механизімін өңдейді. Java script негізгі идеясы HTML-компоненттерінің атрибут мәнінің өзгеру мүмкіндігінен және құжаттың HTML-беттерінің көріну процесіндегі көрсету ортасының құрамынан тұрады. Модель маңыздылығы, әрбір HTML-контейнері - ол үштікпен сипатталатын обьект: құрамы, әдісі, оқиғасы. Құрамы, әдісі және оқиғасы бірдей обьектілер біртекті обьектілердің класына бірігеді. Кластар ол мүмкін обьектілердің суреттелуі. Обьектілердің өзі құжатты браузерлерді жүктегеннен кейін ғана немесе программалардың жұмыс нәтижесі ретінде пайда болады. Ол туралы жоқ обьектіге сұраныс жасалу үшін әрқашан есте сақтау керек. [11]
Қасиеті. Көптеген HTML - тегтерінде атрибуттар бар. Мысалы якорь тегі href атрибуты бар, ол оны гипермәтінік сілтемеге айналдырады: a href =1.htm гиперсілтеме тексті a, егер A......A якорь контекстерін обьект ретінде қарастырсақ, href атрибуты якорь обьектісінің құрамын сұрайды. Бағдарламалаушы атрибут мәнін өзгерте алса, сәйкесінше обьект құрамын: document, links[0]. Href = "2.htm".
Барлық атрибуттардың мәнін өзгертуге болмайды. Мысалы графикалық суреттің ені мен биіктігі сурет бетінің жүктеу моментіндегі бірінші жүктемемен анықталады. Барлық бастапқыны алмастыратын тізбекті суреттер оған дейін масштабталады. Microsoft internet explorer - ғы сурет өлшемді өзгертуі мүмкін. Java Script құрамындағы суреттердің жалпылануы үшін HTML-белгісінде өзгертулерінен тұратын обьектілер белгіленген. Мысалы Navigator обьект немесе браузер терезесі деп аталатын орындау ортасы Java Script обьектісінің ең үлкені болып табылады.
Әдістер. JavaScript терминологиясында обьект әдісі оның құрамының өзгерілу функциясын анықтайды. Мысалы құжат обьектісінен бірге open(), write(), close() әдістері байланысқан. Бұл әдістер құжат құрамын өзгертуге мүмкіндік береді.
Оқиғалар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Windows 8 ОЖ жұмыс режимдері
Операциялық жүйе (ОЖ)
Операциялық жүйелер,дамуы және түрлері
Операциялық жүйелердің көбісінде
Операциялық жүйеге сипаттама
Файлдарды көшіруді сұрау
WINDOWS ТИПТІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Мәтіндік процессор
Иерархиялық файлдық жүйе
Операциялық жүйелер пәнінен дәрістер
Пәндер