ҚР адвокатура қызметін құқықтық реттеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Изтурганова Г. Д.

«ТҰРАН»университеті,

Құқықтану мамандығының

4 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Жұманбаева Н. А.

«ҚР адвокатура қызметін құқықтық реттеу».

Кілт сөздер: адвокаттық қызмет, адвокатура, заң консультанты.

Әрбір қоғам тарихи қалыптасу сатысында, халық арасында тараған қағидаттар мен дәстүрлерге сүйене отырып, бірте-бірте өз іргетасын қалағаны сөзсіз. Біз еліміздің тарихын қарай отырып, әрбір азаматтарымыздың толық егемендік алу үшін көп сыңақтардан өйткендерін білеміз, сондықтан елдің басты қозғаушы күші адам мен оның қоғамының бостандығына ұмтылу болып табылады деп айтуға болады.

Осы тарихи фактіні назарға ала отырып, қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне, оның ішінде адвокаттық қызметті реттеуге назар аудару керек деп есептеймін.

Адвокаттық қызмет - жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және іске асыруға жәрдемдесу мақсатында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР заңында белгіленген тәртіппен адвокаттар кәсіптік негізде көрсететін заң көмегі. Менің ойымша, адвокаттық қызмет - кез келген қызмет салалары сияқты мемлекеттік реттеуге жатады.

1997 жылғы 5 желтоқсандағы «Адвокаттық қызмет туралы» заңның күші жойылып, оның орнына 2018 жылы 5 шілдеде «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР заңы қабылданған болатын. Осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстанда мүлдем жаңа институт - заң консультанттарының Палатасы пайда болды, ол енді заң консультанттары деп аталатын жеке практикамен айналысатын заңгерлерге міндетті мүшелік принципі бойынша құрылады. Осы Заңға сәйкес жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін көрсететін жеке тұлға заң консультанты болып табылады. Басқаша айтқанда, заң консультанты- лицензиясыз адвокат, бірақ заң қызметін көрсететін заңгер. Әрине, бұл жердегі айырмашылыққа назар аударған маңызды. Егер бұрын азаматтық істер бойынша заң қызметтерін кез келген тұлға көрсете алатын болса, енді ол үшін заң консультанты мәртебесіне ие болу және заң консультанттары палатасының мүшесі болу керек.

Заң консультанттары палатасы-бұл өзін-өзі реттейтін, міндетті мүшелікке негізделген, заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өз мүшелерінің қызметін олардың Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының ережелері мен стандарттарының, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген кәсіби этика кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде бақылау мақсатында құрылған ұйым.

Заң консультанттары палатасы - бұл мүшелікке кіру міндетті және кәсіби қызметке құқық беретін заңгерлердің кәсіподағы деп айтуға болады. Палатадан шығару, тиісінше, заң қызметін көрсету құқығынан айырады. Осылайша, заң консультанттарының палаталары заң қызметтері саласындағы іс жүзінде қоғамдық бақылау-қадағалау органдары болып табылады.

Адвокатура туралы заңнамада болған өзгерістер адвокатура қызметін жетілдіру мəселелеріне байланысты қазіргі жағдайдағы адвокатура қызметіне өзге көзқарасты талап етті. Нақтырақ айтқанда: адвокаттың сот ісіне қатысуы кезінде туындаған мəселелерді толық жəне жан-жақты зерттеу; ҚР заңнамасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша даярлық; заң көмегінің төлемі мен республикалық бюджет қаражаты есебінен қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығындарды өтеу жəне т. б.

Қазіргі уақытта адвокатура қызметін тəртіптейтін негізгі заң жоғарыда аталған арнайы заң болып табылады, онда адвокаттық қызметтің тəртібі мен мазмұнын жəне осылардан туындайтын құқық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп жүйеленген. Бұл заң ҚР Конституциясы мен құқықтық реформалардың мемлекеттік бағдарламасына сəйкес қабылданды. Онда Конституция негізінде қабылданған нормативтік құқықтық актілердің ережелері; бұның алдында жинақталған практикалық тəжірибе; жетекші қазақстандық жəне шетелдік ғалымдардың еңбектері ескерілді.

Адвокатура қызметінің негігі бағыттары:

а) жеке адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға жəне білікті заң көмегін алуга мемлекет кепілдік берген жəне Қазақстан Республикасы Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жəрдемдесу;

ә) қылмыстық істер бойынша қорғауды, азаматық, əкімшілік жəне өзге істер бойынша өкілдік етуді жүзеге асыру жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастыру;

б) заңдарда тыйым салынбаған заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету. Осыған сəйкес адвокатура қызметі:

1) адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезіндегі тəуелсіздігі;

2) адвокаттық қызметті заңдарда тыйым салынбаған əдістермен жəне құралдармен жүзеге асыру;

3) заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау жəне алдын-ала тергеу органдары, басқа мемлекеттік органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметіне араласуға жол бермеу;

4) кəсіби мінез-құлық нормаларын жəне адвокаттық құпияны сақтау принциптеріне негізделеді.

Өзін - өзі басқару принципін іске асыра отырып, адвокатура өзінің қызметін реттейтін ішкі актілерін, адвокаттар алқаларының жарғысын, кәсіби этика кодексін, басқа да регламенттер мен стандарттарды бекітеді және қабылдайды.

Қазақстандағы адвокатураның бүгінгі қызметі мен жəй-күйін оның қалыптасу, құрылу жəне даму тарихын толық түсіну жəне қарастыру мүмкін емес. Себебі, оларсыз осы маңызды қоғамдық-құқықтық институттың алдында тұрған міндеттердің мəнін түсінуге болмайды. Ақыр аяғында бұл бізге құқықтық жəне демократиялық мемлекетті құруда адвокатураның орнын, рөлі мен маңызын анықтауға мүмкіңдік береді.

Адвокатураға жүктелген міндеттердің орындалу ерекшеліктеріне жəне құқықтық қатынастар жүйесіндегі оның жағдайына орай тарихтың əр кезеңінде оған деген көзқарас қоғамның саяси жүйесіне, оның экономикалық денгейіне, азаматтардың құқықтық мəдениеті мен құқықтық санасына жəне көптеген басқа жəйттарға байланысты өзгеріп отырды .

Адвокатураның қалыптасу жолы қиын болды жəне қоғам дамуының жекелеген кезеңінде адвокатура ұйымдары қызметінің нысанын, тəсілдері мен əдістерін жетілдірудің сан түрлі жолдары іздестірілді.

Түйін : Адвокатура-бұл азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен алдын ала тергеуде, анықтауда, қылмыстық істер бойынша сотта қорғауды жүзеге асыратын, сонымен қатар азаматтық істер бойынша талапкерлер мен жауапкерлердің мүдделерін білдіруді жүзеге асыратын кәсіби ерікті бірлестігі. Адвокатура заң негізінде халыққа және ұйымдарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру, әртүрлі құжаттар мен іскерлік қағаздарды жасау арқылы заң көмегін көрсетуге арналған қоғамдық өзін-өзі басқаратын ұйым болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Адвокатураның құрылу сатылары
Адвокатура және адвокаттық қызметтің түсінігі және ұйымдастыру қызметінің негізгі қағидалары
Азаматтық сот ісін жүргізуге адвокаттың қатысуы: проблемалық мәселелері
Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны
Адвокатура мен адвокаттық қызметтің түсінігі мен маңызы
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі
Құқықтану мамандығы бойынша элективті пәндер тізімі
Адвокатура ұғымы және міндеттері мен адвокатураның ұйымдық құрылуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz