Қазақстандағы әуе тасымалының туризмге әсері, транзиттік әлеуеті және ұйымдастыру-құқықтық мәселелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы : ҚР әуе жүйесі арқылы тасымалдау

Суденттің аты - жөні : Шакеткажиев Айбек Аманғазыұлы

Мамандығы : Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты баскару ( 6В11301)

Курсы : 1

Тобы : ДОТ, ОПДЭТ

Жер бетімен және сумен тасымалдау түрлернің қаншалықты жедел болғанымен, жер өте үлкен, сондықтан алыс мемлекеттер мен континенттерге саяхаттау үшін айлар мен жылдар кеткен.

Адамдардың әуе көлігін ойлап табуы, бұл көлік түрінің дамуы мен оның саяхаттау мақсатын да пайдаланылуы туризмнің қалпын, стилі мен тәсілдерін өте қатты өзгертіп, туризмнің көпшілік түрінің дамуына, саяхаттар географиясының және туристік ағымдардың, құрылымының өзгеруіне әкеп соқты. Мысалы, Мәскеуден Владивостокқа темір жол арқылы саяхаттау ең аз дегенде 7 күн алады, демек жалпы 14 күн (барып- қайту үшін) . Ал бұл саяхатшының тасымалдауға бөлетін уақытының нормасынан шығады. Ұшақ болса, Мәскеуден Владивостокқа 8 сағат ішінде жетуге мүмкіндік туғызады. Туризм мақсатымен трансконтиненталдық тасымалдауда әуе көлігінің бәсекелесі жоқ.

Осы жұмысымда жалпы тасымалдау түрлеріне мағлұмат беріп, әуе көлігінің туризм үшін қаншалықты маңызды екендігін жеткізіп, оны толық сипаттау мақсатқа алынған. Оның ішінде әуе тасымалдарының дүние жүзіндегі жағдайы, реттелу, ұйымдастырылу сұрақтарын қарастырдым.

Өзінің саяхатын жоспарлағанда, турист баратын жеріне жету жылдамдығы, саяхат жайлылығы, бағасы, жүкті тасымалдау мүмкіндігі мен оның салмағы, тамақтану жағдайы, шу мен сілкініс деңгейі, ұйықтау мен демалу жағдайы, сапар барысындағы кең шолу мүмкіндігі, зиянды экологиялық факторлардың болуы, қауіпсіздік сияқты факторларды ескереді.

Приоритет бойынша, бұл талаптар келесідей бөлінеді: саяхат қауіпсіздігі; бағасы және түрлі жеңілдіктердің бар болуы; ыңғайлылық; әкелу жылдамдығы; т. б. факторлар. Әрине, оңды факторлар көбірек болғанда, көлік саяхатының бағасы да жоғары болады. Бірақ ешбір көлік түрі барлық талаптарға жауап бермейді.

Туристік кәсіпорындардың қызметкерлері көлік ұйымдарының негізгі міндеттерін білу керек:

  • Жолаушыларды тасымалдау үшін лицензия алу;
  • Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету;
  • Сертификаты бар көлік түрін ұсыну;
  • Қызмет көрсетудің жоғары сапасымен қамтамасыз ету(өз уақытында қызмет көрсету, тазалық, әдептілік, т. б. ) .

Көлік қызметін көрсетумен байланысты құқық негіздерін білу туризм мамандарына өзара пайдалы келісім жасауға және саяхат маршрутын дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде туристік саяхаттарды жобалаушылар үшін маршруттың көптеген ерекшеліктерін ескеретін технологиялық карта құрастырылады.

Тасымалдау түрлерінің әрбіреуінің өзіндік тарихы, әдіс, тәсілдерінің, аппарат конструкцияларының, т. б. құрылу және даму кезеңдері болады. Жоғарыда айтылып кеткендей, тасымалдау түрі қажеттілік пен рационалдық бойынша таңдалып қолданылады деп білемін. Дүние жүзіндегі туристік және пассажирлік тасымалдаудың механикалық түрлерін пайдалануын келесідей бағалауға болады (2000 ж) :

автомобильдік 41 %

әуе 44 %

темір жол 7 %

теңіз және өзен 8 %

Сервис (қызмет көрсету) және комфорт деңгейі әуекомпанияның класына, бағытқа, тасымалдаушы салт-дәстүріне, тарифтерге, ұшу ұзақтығына, т. б. байланысты.

Жайлықты құратындардың бірі - жолаушы орнының типі мен орындық- тардың арасындағы қашықтық, оның ішінде үстел, күл салғыштың, қоқыс жинаушының және т. б. болуы. Осындай орындықта көп жағдайда жақсы демалуға болады, өйткені, ол жайлы төсекке жеңіл айналады. Алыс маршрут- тарда бірінші және бизнес-класс орындарында радиотрансляция жүйесі жаса-лынған, және жолаушыларға жеке наушниктер беріледі, олар арқылы музыкалық бағдарлама тыңдауға, әуе “тыныштық” каналына қосылуға бола- ды. Қазіргі кезде ҚР территориясында ондаған әуекомпаниялардың әуе көліктері алыс және жақын шетелден, республикадан ұшады. Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасында 56 әуе коридоры бар. Оның ішінде 26-сы Ресеймен, 17-сі Өзбекстанмен, 8-і Қырғызстанмен, 2-уі Қытаймен, 2-сі Түркменстанмен, 1-уі ― Азербайджанмен.

Қазақстанның әуе нарығы туристерге қызмет көрсетуде олжалы өйткені Республика Европа, оңтүстік - Шығыс және Шығыс Азия секілді аймақтар арасындағы жолдардың қиылысында орналасқан. Халықаралық туристік тасымалдауларда темір жол көлігінің маңызы аса зор емес. Өйткені, алыс шетелге Қазақстаннан тек 2 поезд барады. Бірақ Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және т. б. мемлекеттерге баратын поездер әйгілі болып қала береді.

Түйіндеме

Менің бұл тақырыпты таңдауымның себебі, Алматы қаласындағы көлік тасымалы және оның қоршаған ортаға әсері. Жеке көлік алу туралы ойлап жүрсіз немесе жеке көлігіңіз бар делік. Ендеше, ол сіздің өміріңіз бен тұрмысыңызға қандай өзгеріс алып келуі мүмкін? Статистикалық мәліметтер бойынша, егер жаңа көлікті адамдар орташа есеппен жеті жыл мінсе, келесі бір көлікті сатып алғанға дейінгі шығын 40-50 мың АҚШ доллары болатын көрінеді. Әрине, мұның ішіне жанар-жағармай мен көлікті күтімдеу қаражаты да кіреді. Бұл шығындарды назардан тыс қалдырып, көліктің бізге қандай мүмкіндіктер беретіні жайлы айтып көрейік.

Біріншіден, көлігіңіз болса, жұмысқа қай жерден болса да барып-келе бересіз. Бұл - қалада үй жалдап тұрсаңыз, енді үйді жұмысыңызға жақын қымбат ауданнан емес, бағазы арзан ауданнан жалдап тұра аласыз деген сөз.

Екінші, үй сатып алу немесе жер сатып алып үй салу талғамы сізге жақындай түседі. Себебі, сіз қала маңынан да өз көлігіңіз арқылы жұмысқа қатынай бересіз.

Үшінші, заман дамыған сайын жолдардың жақсаруы, қаладағы кептелістің ретке түсуімен көлікпен жүру сізге ыңғайлы бола түседі.

Төртіншіден, сіздің жұмыс жасау өрісіңіз, көлеміңіз арта түседі. Мысалы, сіз бұрын өз үйіңіздің қасында қымбат супермаркеттен зат сатып алып жүрсеңіз, енді қала маңындағы үлкен базарлардан арзан бағада азық-түлікті өзіңіз барып сатып ала аласыз.

Бесіншіден, көлік сіздің жол азабыңызды жеңілдетеді. Сіз ыстық күнде аялдамада автобус күтіп тұрмайсыз. Ыстық күнде адамдар толы қоғамдық көлікке сығылыса мінбейсіз. Суық күнде жұмыстан кешігіп бара жатсаңыз, қымбатқа такси жалдамайсыз.

Алтыншы, жолдағы қауіпсіздікке тікелей өзіңіз жауапты болып отырасыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жағдайында халықаралық әуе тасымалдарының құқықтық реттелуі және жауапкершілік мәселелері
Әуе көлігі: көлік географиясы, тарифтер, әуежайлар және жүк тасымалының Қазақстандық аспектілері
ТМД елдерінің көлік жүйесі: Ресей, Балтық жағалауы және Орта Азияның транзиттік әлеуеті
Ішкі туризмге мобильді қосымшалардың әсері: теория, классификация және Қазақстан тәжірибесі
Қазақстан автокөлік жолдарының дамуы мен транзиттік әлеуеті: қазіргі жағдайы және даму перспективалары
Қазақстан Республикасының көлік жүйесі: даму мәселелері және транзиттік әлеует
Қазақстанның транзиттік әлеуеті мен инфрақұрылымы: Батыс Қытай-Батыс Еуропа жол дәлізінің маңызы
Халықаралық көліктік тасымалдауды жүзеге асырудағы мемлекеттік бақылау: тасымалдау шарттарының құқықтық реттелуі және Қазақстанның транзиттік әлеуеті
Түркістан қаласындағы туризмге инвестиция тарту: әлеуеті, проблемалары және этноауыл жобасының экономикалық негіздемесі
1991-2000 жылдары Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарының даму бағыттары және халықаралық транзиттік әлеуеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz