Нұрлы жер бағдарламасы баспана мәселесін толықтай шеше ала ма
Егемен Қазақстан 194 8 ҚАЗАН 2019 ЖЫЛ
Бағдарлама баспана мәселесін толықтай шеше ала ма?
Кеше Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Нұрлы жер мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыру барысы туралы жан-жақты талқыланды.
Орынбек ӨТЕМҰРАТ, Egemen Qazaqstan
Биыл жаңа Нұрлы жер бағдарламасы бекітіледі
Алқалы жиында Парламент Мəжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко Нұрлы жер бағдарламасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен əзірленгенін, бұл халықтың жаппай тұрғын үйге қол жеткізуінің тиімді жолы болғанын атап көрсетті.
- Нұрлы жер бағдарламасы бірден пайда бола қойған жоқ. Тұңғыш Президенттің тапсырмасымен тұрғын үй кешені жəне азаматтарды қолдау шаралары жүйелі түрде дамып жатыр.
Баспанамен қамтуды көбейту үшін 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мен 2010-2014 жылдары құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі бірқатар бағдарлама сəтті іске асырылды. Нұрлы жол жəне өңірлерді дамыту, Қолжетімді баспана - 2020 бағдарламалары орындалды. 2015-2017 жылдары 16 525 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді, оның ішінде 5663 жеке үй салынды, - деді В.Божко.
Сонымен қатар вице-спикер 2019 жылы бəрінен бұрын көп балалы аналарға пəтер берілгенін, кезекте тұрғандардың 922-сі үйлі болғанын айтты. Бұған қоса, ата-ананың қамқорлығынсыз өскен балаларға 518 үй берілген. Нұрлы жер бағдарламасы заңды түрде ашық кезек қалыптастыруға жəне кезекте тұрған адамдарға пəтерлерді əділетті бөлуге негізделген. Жалпы, биыл елімізде 4537 адам пəтерге қолжеткізген.
Депутаттар алдында Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу барысы мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Оның айтуынша, 1991-2018 жылдары республикада 1,3 млн азамат үйлі болған. Əлеуметтік тұрғын үймен 160 мың отбасы қамтамасыз етілді, 63 мыңнан аса үлескердің тұрғын үй мəселелері шешілді.
- Азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2017 жылдан бастап Нұрлы жер мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы іске асырылып жатыр. Осы бағдарлама тұрғын үйдің қолжетімділігі мен құрылыс секторын қолдаудың əртүрлі тетігін ұсынады. Бағдарламаның басты ерекшелігі мен мақсаты - мемлекеттің тұрғын үй құрылысына мүмкіндігінше аз қатысуы, нарықтық тетіктерді дамыту. Бұған жеке инвестициялар тарту арқылы жəне халықтың жинақтары есебінен қол жеткізуге болады. Барлығы 2017-2018 жылдары қаржыландырудың барлық көздерінен 23,7 млн шаршы метрден аса тұрғын үй салынды, 1,9 трлн теңге инвестиция тартылды. 214 мыңнан аса азамат өз тұрғын үй жағдайын жақсартты. 2018 жылы рекордтық 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бір тұрғынға шаққанда 0,68 шаршы метр құрады. Бұл - ТМД елдерінің ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш, - деді Б.Атамқұлов.
Сонымен қатар министр бағдарлама аясында орындалатын жұмыстарға тоқталды. Осы жылы 13 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй немесе 118 мың тұрғынжай салынады. Мемлекеттік инвестиция есебінен 1,7 млн шаршы метр пайдалануға беріледі, бұл 30 мыңнан аса мұқтаж азаматты тұрғын үймен қамтамасыз етеді.
2019 жылы халықтың əлеуметтік жағынан осал топтарын 6002 жалға берілетін пəтермен қамтамасыз ету жоспарланған. Сондай-ақ Елбасының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін 40 мың жалға берілетін тұрғынжай немесе жыл сайын көп балалы отбасылар үшін 6 мың пəтер салу көзделген. Осы мақсат үшін 7 жылдың ішінде 350 млрд теңге қарастырылған.
Тұрғын үй кезегінде 38 мың отбасы тұр. 3 өңірде - Түркістан (5937), Алматы (5093) облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында (3409) көп балалы отбасылардың саны көп. Көп балалы отбасылардың тұрғын үй мəселелерін тез арада шешу үшін мамыр айынан бастап барлық қаржыландыру көздерінен 3046 баспана берілді. Əкімдіктердің деректері бойынша биыл көп балалы отбасыларға 8 мыңнан аса пəтер берілмек.
- Мемлекет басшысының сайлауалды тұғырнамасын іске асыру аясында жылдың соңына дейін жаңа Нұрлы жер бағдарламасы бекітіледі. Бұл 5 міндетті қамтиды: бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру, халықты сапалы ауыз сумен жəне су бұру қызметтермен қамтамасыз ету, коммуналдық секторды жаңғырту жəне дамыту, тұрғын үй қорын күрделі жөндеу жəне жаңарту, құрылыс саласын дамыту. Осының шеңберінде қазақстандықтар табыс деңгейіне сəйкес тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бағдарлама жобасында елімізде бұған дейін қолданыста болған тұрғын үй бағдарламаларының барлық аспектілері мен артықшылықтары қарастырылады, - деді министр.
Бюджет қажеттілікке қарай бөлінуі қажет
Мəжіліс депутаты, Экономикалық реформа жəне өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов Нұрлы жер бағдарламасы тұрғын үй құрылысы индустриясын дамытуға серпін бергенін, дегенмен халықтың тұрғын үйге қолжетімдігі мəселесі əлі де толық шешілмегенін, сондықтан қосымша шаралар қабылдау қажеттігін мəлімдеді.
- 2017-2019 жылдары Нұрлы жер бағдарламасының шеңберінде жалға берілетін жəне кредиттік тұрғын үйді салу мен сатып алуға 414 млрд теңге бөлінді. Ел Президенті ҚасымЖомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында тұрғын үй мəселелерін шешу шараларын көздеп, жақында жария еткен Жолдауында мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді. Əйтсе де уəкілетті орган берген деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда 512 мың азамат тұрғын үй алу кезегінде тұр, оның ішінде 30 мыңға жуығы бұл кезекте тұрғанына 10 жылдан аса уақыт болған. Үй кезегінде тұрған 200 мыңнан аса азамат немесе 40%-ы халықтың əлеуметтік жағынан əлсіз тобына жатады. 2017 жылдан 2019 жылғы 1 шілдеге дейін 30 мың аза мат тұрғын үй алған. Бұл - кезекте тұрған жалпы адам санының 6,3%-ы ғана. Ал осы мерзімде мемлекеттік инвестиция есебінен 53 мыңнан аса тұрғын үй салынған. Бұл халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау қажет екенін айғақтайды, - деді депутат.
Осы тұста Н.Сабильянов Нұрлы жер бағдарламасын іске асырудағы негізгі мəселелерге тоқталды. Ол ең алдымен кезекте тұрған мұқтаж азаматтардың тұрғын үймен жеткілікті түрде қамтылмау мəселесін қозғап, бюджет қаражатын өңірлердің қажеттіліктерін ескермей бөлу үдерісі жалғасып жатқанын атап өтті. Мəселен, Алматы облысында 48 мыңнан аса азамат кезекте тұр. Соңғы үш жылда бұл өңірге бар болғаны 18,7 млрд теңге ғана бөлінген екен. Ал кезекте тұрған адамдар саны одан екі еседей аз (26 мың адам) Қостанай облысына мемлекеттік бюджеттен 26,8 млрд теңге бөлінген. 35 мың адам кезекте тұрған Қарағанды облысына 19,5 млрд теңге қаржы бөлінген.
Сонымен қатар осы бағдарлама бойынша шағын, моноқалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда жеке тұрғын үйлер салу қарқыны баяу жүргізілуде. Мұндай аймақтарда кезекте тұрғандар саны - 210 мың адам. Бұл - кезекте тұрған жалпы адам санының 40%-ы. 2,5 жыл ішінде оларда барлығы 188 үй (5 мың пəтер) салынған.
Бұған қоса, соңғы бес жылда бюджет қаражаты есебінен бірде-бір тұрғын үй салынбаған аудандар да бар екен. Мысалы, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 4 мыңға жуық азамат кезекте тұр. Бірақ соңғы 10 жылда бұл ауданда тұрғын үй салынбаған жəне кезекте тұрған тек 36 адам ғана тұрғын үй алған. Ақмола облысының Шортанды ауданында 600 адам кезекте тұрса да, 2013 жылдан бері онда тұрғын үй мүлдем берілмеген. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында 1 мыңға жуық адам кезекте тұр. Мұнда да соңғы 25 жылда бірдебір көппəтерлі жаңа тұрғын үй салынбаған.
Сондай-ақ бірқатар Мəжіліс депутаты тұрғын үймен қамтамасыз етудің басқа да мəселелерін көтеріп, жиынға Үкіметтен келіп отырған министрлерге жəне өңірлер əкімдіктерінің өкілдеріне сұрақтарын қойды. Айталық, Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрінен мəжілісмен Шакир Хахазов индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша салынған зауыттар неге тұрғын үй салу процесіне толық тартылмағанын жəне жергілікті атқарушы органдар не істеп жатқанын сұрады.
Ал депутат Тұрғын Сыздықов Қарағанды облысы жəне Нұр Сұлтан қаласы əкімдіктеріне қарата сөйлеген сөзінде аталған аймақтарда жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамту көрсеткіші төмен екенін баса айтты.
Бұған қоса Шаймардан Нурумов жаңартылған Нұрлы жер бағдарламасында 7-20- 25 ипотекалық бағдарламасын қарастыру жайын сұраса, Майра Айсина жастарды жалға берілетін тұрғын үйлер неліктен тек қана Нұр-Сұлтан, Алматы жəне Шымкент қалаларында жоспарланғанын білгісі келді.
Отырыс соңында күн тəртібіндегі тақырып қызу талқыға түскеннен кейін айтылған сын ескертпе қаперге алынып, атқарушы билік органдарға қарата ұсынымдар қабылданды.
https:pdf.egemen.kzpdfs201910 ilovepdf_merged.pdf
18 июня 2019, 11:00 informburo
"Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен" ипотека: баспана сатып алу үшін қанша қаражат жинау керек?
Арнайы informburo.kz үшін Дина Лидің иллюстрациясы
Informburo.kz пәтер сатып алу үшін ақша жинауға өзіңді қалай үйрету керектігін және форс-мажорда жинаққа не болатыны жайында айтып береді.
"Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен" төмен пайызбен ипотека алуды көп адам армандайды, алайда ол үшін кем дегенде үш жыл пәтер ақысының жарты сомасын жинау керек. Күткісі келмейтіндерге банк аралық қарыздарын бере алады.
Оны қалай рәсімдеу керек? Бағалау көрсеткіші дегеніміз не және ол пайыз мөлшерлемесіне қалай әскер етеді? Салымшының несие тарихы онша емес болса не істеу керек? Informburo.kz "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен" несие алу мәселесіне қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап береді.
№1."Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен" тұрғын үй қарызын қалай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz