Оқушылардың домбыра аспабында ойнау қабілетін дамытудағы мұғалімнің жұмысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Б А Я Н Д А М А
Тақырып: Оқушылардың домбыра аспабында ойнау қабілетін дамытудағы мұғалімнің жұмысы.

2017жыл тамыз

Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл - сәл кем бұра
Қазақ нағыз қазақ емес
Нағыз қазақ домбыра
Қадыр ақын
Домбырадай тұңғиық, домбырадай терең, домбырадай шежіре құдірет Қайда бар? Домбыра қазақ халқын, оның өнерін дүние жүзіне танытты. Домбыра өнерінің, оны үйрену, үйретудің ұзақ ғұмырнамалық тарихы бар. Ол сонадан жеткен дәстүрлі құйма - құлақ бағыттары, орындаушылық деңгейі адами таңқаларлық дәрежеге жетті. Кәсіби домбырашы болу бәріне міндет болмағанмен де домбыраны білу бар қазаққа қажеттілік.
Домбыра өнерін үйрету саласында үш бағытты ұстанған дұрыс деп есептеледі:
1.Құйма - құлақ әдісі, жалпы домбыра үйрету мектебінің өзегі, халықтық негізі. Бұл қасиет музыка маманының әрқайсысында болуы шарт, көбінесе табиғаттан беріледі.
2.Домбыра үйренуді ниет еткен, рухани тектілігі, таудай талабы бар жандарға сан жүйесімен үйрету.
3.Нотамен үйрену. Бұл кәсіби жүйе үшін міндет. Жеті жылдық музыка мектебі, өнер лицейлері, тимназиялар, әр түрлі өнер ұжымдары жанында домбыра кластары ашылып, жалпылама бағыт алды.
Күй мұрамызға меңгеруді, домбыраны үйрету әдістерін шоғырландрылған, мән - мәнісін ашып беретін пән "Мамандық", "Домбыра үйрету әдісі", Ұстаздық машықтану және орындаушылық тарихы. Домбыра үйрететін ұлағатты ұстаз, шебер орындаушы көздеген бағыт - бағдарын, негізін осы пәндерден табады.
Домбырашы ұстаздар теориялық, практикалық бағытты алғаш мамандықтан, домбыра үйрену әдісі пәнінен үйренсе, тәжірибелік бастауды,

тікелей шәкіртпен жүздесуді тағы бір маңызды сала - ұстаздық машықтанудан өтеді.
Домбыра үйрету әдісі пәні болашақ ұстаздар домбыра аспабында Ойнаудың үйретудің үлгілерін, әдістерін жете білуге жұмылдырады. Ұстаздарының озық тәжірибесін көріп, сезіне жүріп, орындаушылықты теориялық бағытта алған білімін өз бетінше тұжырым жасауға үйретеді. Домбыраға үйрету әдісі - кәсіби өнер саласында ұдайы дамып, ізденісте дамуда келе жатқан үрдіс.
Домбыра үйрету әдістері мазмұнына негізінде мынадай басты тақырыптар құрайды.
1.Домбыраны үйрету сабағын жоспарлау, алғашқы сабақ өткізу әдістері, алғашқы домбыра үйрету кезіне тән қателер, оны болдырмау жолдары, оқу орнына, бағдарына байланысты ерекшеліктері, керекті құжаттар, оның жүргізілу мазмұны, сатылап орындалуы, шәкіртпен творчестволық қатынас кемшіліктерді талдау, талпынысын қолдау, орындалу сапасын дұрыс бағалай білу.
2.Музыкалық және орындаушылық қабілеттер, есту, есте сақтау, ырғақ, оларды анықтау, дамыту жолдары. Қабілет және дарындылық. Еңбек және талант. Елес - қиял. Сезім және ерік. Әуездік ырғақтық, дыбыс бояулық, буындық, екпіндік, есту қасиеттері, домбыра дыбыс әуезін қалыптастыру табиғатты. Есту және байқау. Ерік және мақсат.
3.Домбыра үйрету әдістерінің жалпыға бірдей негіздері. Аспап күтімі, отырыс, екі қол қойылымы, оны қозғалысқа келтіру. Екі қол қозғалыс жүйесі, домбырашының орындаушылық дағдысының қалыптасу негізі, екі қол үндестігі, техникалық шеберлік. Маңызды - анатомиялық, механикалық, физиологиялық, жан танымдық, акустикалық бес факторды білу.
4.Саусақ кестесі(апликатура), орналасу реті, қалпы(позиция). Саусақтардың халықтық атаулары, белгіленуі, орналасуы. Позиция ауыстыру, дәстүрлі қалыптасқан перне басу реті, дәстүрлі қағыстық атаулар, графикалық белгіленуі, қағыстық дайындық жаттығулары, оң қол шеберлігі, технкалық жетілдіру жолдар.
5.Орындаушылық шеберліктің негіздері. Домбыра орындаушылық өнерінде түрлену көбеюі(вариант), мәнерлілік. Дыбыс бояуы жолдары, әшекей өрнектің дыбысқа әсері, орынды қолданылуы, шығарманың екпініне байланысты

ізденістер, артикуляция, агогика ұғымдары , шығармамен жұмыс. Шебер(виртуоз) орындаушы, жеке орындаушы, сахна мәдениеті, оған дайындық.
6.Репертуар. Репертуар таңдау,көмекші оқу құралдары. Әдістемелік талдау. Шәкірттің жеке басының мүмкіндігіне, жаратылысына байланысты туындайтын жәйттер жиі кездеседі.
Музыка маманын дайындау қызықты да күрделі еңбек. Мұнда бір - бірімен жалғасып жатқан екі мәселені қараған жөн.
1.Ұстаз өз шәкіртіне өнерге деген көзқарасын, сүйіспеншілігін, өз білімін, іскерлігін, орындаушылық шеберлігін бере білуі.
2.Оқушы бойындағы талантты ашу жақсы жақтарын көрсету, кемшіліктерін ұдайы түзете дамыту. Ұстаздық шеберлік тәрбиенің осы екі қырын қатарластыра жүргізгенде ғана нәтижеге жетеді. Бірақ ұстаздық ұлағаттылықтың мәні, оның ішінде музыкант ұстаздың шеберлігінің кейбір қалтарыстары әлі де зерттеліп болған жоқ.
Қазіргі кезде домбыра ойнауды үйрету бағытында бірнеше бағыттар, ойлар туындап жүр. Бірақ бәріне ортақ бір қағида - негіз, ол дұрыс отырғызу, қолдарын дұрыс қою, оңтайлы аспап, әп дегеннен ойлы, ізденісті домбырашы қалыптастыру, әр оқушының жеке қабілетіне байланысты сабақ ұйымдастыру. Алғашқы сабаққа ұстаз өте тыңғылықты дайындалуы керек. Окушымен бірінші кездесудің кейінгі еңбек жемісі үшін маңызы өте зор екендігін әсте естен шығармаған жөн. Оқушы психологиясына әсері мол боларлықтай жағдай жасау, оқушыны өнерге, білімге ынтықтыра білу. Бір сөзбен оқушыны жалықтырмай, тиянақты сабақ ұйымдастыру. Барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырнай - тілшелі сарнамалы аспап
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
ОРТА СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ДОМБЫРА АСПАБЫН ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ
Қазақтың ұлттық аспаптарын музыкалық-дидактикалық ойын барысында қолдану тәсілдері
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын музыка пәнінде насихаттау
Студенттердің бойында музыка–педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру және болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқушыларға музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау
Музыкалық шығармалардағы динамикалық бояулар
Қазақ композиторларының балаларға арналған шығармаларының педагогикалық маңызы мен тәрбиелік мәні
Музыка мұғалімінің басты практикалық жұмыстары
Музыкалық білім беру әдістемесі
Пәндер