Интернет тәуелділіктен арылу жолдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Интернет тәуелділіктен арылу жолдары.
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
ХХІ ғасырда ешбір әлеуметтік желіде аккаунты жоқ адамды кезіктіру өте қиын. Заман ағымына сай гаджеттер, әр үйдегі интернет роутерлар, ғаламдық тор бізді нақты, шынайы әлемнен алысқа алып бара жатқандай. Бүгінгі таңда әр адамның басында 2-3 аккаунттан, бірнеше әлемдік желі бар. Ғламшардың бір түпкірінде отырып, келесі бір шетін көре алуға, әлемдік жаңалықтар мен әр-түрлі мотивациялық бейнероликтер, блогерлердің аталмыш контент планы бойынша жзылған әр посты адам уақытының 13 бөлігін жымқыруда. Осының бәрінен адамды шектесек, оны оң немесе сол қолынан айырғандай кейіпке енеді, аталмыш сыну (нашақорлық тілмен ломка) күйіне түседі, ғаламдық тор атты шынайылыққа неғұрлым ұзаққа қолы жетпесе, соғұрлым агрессивті бола бастайды. Байқап қарасақ қандайда бір затқа тәуелді адамдардың көрсеткішіне келеді. Бұл да тәуелділік, дәлірек айтқанда ғаламтор тәуелділігі деп атауға болады.
Ғаламторға тәуелділік -- аддикцияның бір түрі; "off-line" режимде отырып ғаламторды пайдалануға деген құлшыныс, немесе "on-line" режимде ғаламтордан шыға алмай қалу қабілеті. Қазіргі таңда ғаламторға тәуелділік әлемдегі ең басты мәселелердің біріне айналып отыр, бірақ та медициналық белгілер бойынша жүйке жүйесінің бұзылуына жатпайды.
Аддикция (ағылш. addiction -- тәуелділік, жаман әдет) -- адамның бір белгілі әрекетке сезінетін қалмайтын мұқтаждығы. Сондай-ақ, аддикцияны патологиялық құштарлық десе де болады, себебі бұл әрекет көбіне тұлғаны психикалық ауруларға және жеке немесе әлеуметтік қиындықтарға соқтырады
Терминді көбіне дәрілік тәуелділік, есірткіқұмарлыққа қолданылады. Алайда, қазіргі заманда басқа да химикалық емес тәуелділіктер көбейген, мысалы,Ғаламторға тәуелділік, ойын құмарлық, шопоголизм, психогенді артық тамақ жеу, фанатизм және т. б. Басқа жақтан, аддикция -- адамның қоршаған ортаның қиындықтарына адаптация ретінде қабылдауға болады. Ең қарапайым аддикция нысандары - темекі шегу мен алкогольдік ішімдіктер. Олар адамды уақытша алдамшы ұнамды қалыпқа келтіреді. Қазіргі заманда аддикция - бүкіл әлемдегі өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі.

2Ең алғаш рет "ғаламторға тәуелділік" терминін психолог Айвен Голдберг ғылымға енгізген болатын. Оның ұсынған теориялары психикалық стандартқа сәйкес келмесе де, ғаламторға деген тәуелділікті Голдберг психоактивті заттарды шектен тыс қолдану деп суреттеген. Голдберг ғаламтордың әкелер зияндарын былайша жіктеген:
* Ғаламторды қолдану адамды стрессқа түсіреді немесе дистресс;
* Ғаламторды қолдану адамның физикалық күйіне, жүйке жүйесіне, жеке өміріне, экономикалық және әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигіздеді;
1994 жылы психолог Кимберли Янг ғаламтор тәуелділігі жөнінде тест-сауалнама жүргізіп, 500 жауап алған болатын. Жауап бергендердің көбі тәуелді екендерін мойындады. Нәтижесінде, бұл жүйке ауруының таралуы, потологиялық құмарлықпен тең болып шықты, ғаламтор қолданушыларының 4-5 пайызын құрады.
Ғаламторға тәуелділік және оның медицинадағы рөлі.
Дәрігерлер "ғаламторға тәуелділікті" жүйкелік ауытқу деп есептемейді және көптеген ғалымдар бұл аурудың бар екендігіне күмәнданады, ал кейбіреулері мүлде жоққа шығарған. Тәуелділік медицинада адамның белгілі бір әдетте қолданып жүрген затты қажет етуі, яғни жүйкелік, физиологиялық толеранттылықтың өсуі. Толеранттылық ұғымы белгілі бір затты шектен тыс пайдалану дегенды білдіреді, яғни адам ол затты пайдаланғаннан кейін одан да көп мөлшерін қажет ете бастайды, мысалға есірткі шегетін нашақор адамдарды келтіруге болады. Сонымен қатар толеранттылық ұғымы басқа салаларда да қоданылады, мысалы адамның құмар ойынға беріліп кетуі. Сәйкесінше, бұл терминді ғаламторға деген тәуелділікте де қолдануға болады. Бірақ бұл жерде адам есірткіге, ішімдікке тәуелді емес, бұл жерде жүйкелік түрде адамның ғаламторға тәуелділігін түсіндіруге болады.
Ғаламторға тәуелділер.
Әр түрлі зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, қазіргі кезде ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді. Қазақстанда ғаламторға тәуелділікті ресми түрде мойындамағанымен, кейбір елдерде бұл ресми түрде ауру болып саналады. Финляндияда ғаламторға тәуелді жас адамдарды әскерге жібереді. 2008 жылы Қытай "ғаламторға тәуелділікті" ресми түрде ауру деп жариялаған. Сонымен қатар неше түрлі емдеу орталықтары ашылған. Олар емдеуде көптеген әдістерді қолданған, соның бірі тоқ беру арқылы емдеу әдісі. Ал кейбір әдістерінен жас пациенттер өліп те кеткен.
Ғаламторға тәуелділіктің түрі, себебі, белгілері
Психолог ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдер және әлеуметтік желі
Вертуальды және интернет тәуелділігінің психикалық аспектілері
Қаржылық мәселелер
Жасөспірім шақтағы интернет-тәуелділіктің теориялық негіздері
Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейін зерттеу
Сот ісін жүргузудің тәртібі және сот шешімдерін орындау
Темекіні тастау әдістері
Эмоционалдық жағдайлардың түрлері және ерекшеліктері
Ішімдік
Жайнизмнің негізгі философиялық көзқарастары
Пәндер