Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде көне ескерткішіліндегі сын есімдерді қалай оқытуға болады



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде көне ескерткіш тіліндегі
сын есімдерді қалай оқытуға болады?
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ІІ курс магистранты
Махмұтова Инабат Амангелдіқызы

XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар[1]. Бұл жолдар Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған жолдауынан алынды. Расында, елдің дамуы, өсіп-өркендеуі білім мен ғылымның нәтижелі жүзеге асуына тікелей қатысты. Сапалы білім мен саналы азамат қашан да республикамызды алға сүйреуші фактор болып табылады. Ал, сол білімнің сапалы болуы мемлекетте жасалып жатқан жаңа бағдарламаға байланысты.
Ғылымда жыл өткен сайын түрлі жаңалықтың ашылуы, оның дамып отыруы қалыпты жағдай. Кез келген жаңалық бұрыннан қалыптасқан қағидатқа сүйеніп, соның негізінде жаңарып отырады. Біздің жағдайымызда да дәл солай. Сын есім бұрыннан оқытылады. Оның түрлері, мағынасы баршаға таныс. Десе де, жаңартылған бағдарлама негізінде сол сын есімдердің шығу тарихын, көне ескерткіш тілдерінде қолданысын салыстырмалы түрде оқытса, ол үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданылса, сын есімнің грамматикалық тұсы ғана емес, танымдық тұрғыдан да ашылары сөзсіз. Сын есімді оқыту арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, рухани дамуға, ұлттық болмысымызды сақтап қалуға әбден болады.
Жалпы, білім беру жүйесінің қазіргі форматында бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеу басты арнаға қойылған. Әлем бойынша елдердің дамуы ондағы халықтың сауаттылығымен өлшенеді. Әр сөздің түп-төркінін зерттеп, оны халықтық санамен байланыстыра алған білім алушыға оның басқа тұстарын меңгеру қиындыққа соқпасы анық. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бұған үлкен мүмкіндік туғызады. Себебі, оның дәстүрлі білім беруден айрықшалайтын бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Төменде соларға түсініктеме бере өтейік.
1. Оқыту спиральді түрде жүзеге асырылады. Түсініктірек айтсақ, білім алушы қарапайым нәрседен күрделіге қарай ажырамай білім алады. Сын есімнің жеңіл ақпараттарынан күрделі мәселелеріне қарай ойысу қажет. Мәселен, оқу мақсатының өзі осы ережемен жасалады: сын есім дегеніміз не, оның түрлері, сөйлемдегі қызметі, морфологиялық сипаты, өзіне тән категориялары т.с.с. Осы тұрғыда білім алушыға сын есім туралы ақпарат жеткеннен кейін, оның шығу тарихын, түркі тілдеріндегі қолданысын түсіндіріп, танымдық тұрғыдан сезіндіру қолға алыну қажет деп ойлаймын. Бұл спиралді оқытудың күрделі деңгейіне жететін, тақырыпты меңгеруге қызығушылықты арттыратын ақпарат болмақ. Сын есімнің көне түркі тіліндегі қолданысы мен қазіргі қазақ тіліндегі ерекшеліктері әрбір білім алушының білім көкжиегін толықтырып, одан әрі зерттеуге ықпал етері сөзсіз. Біз бір ғана әдебиетпен шектеліп қалмаймыз, соңғы кездері жарыққа шығып жатқан сын есім жайындағы мол мағлұматты шәкіртімізге меңгертеміз. Жаңа бағдарламаның ең ұтымды тұсы да осы - жан-жақтылыққа баулу.
2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясын жасаймыз. Бенджамин Блум бұл жүйені алты сатыда қарастырып оқытуға бағыттаған: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау[2]. Сын есімді осы алты категорияда қарастырып көрейік.
Білу
Сын есім дегеніміз не? Оның түрлері қандай?
Түсіну
Қандай категориялары бар? Сөйлемдегі атқаратын қызметі
Қолдану
Басқа сөз таптарынан қалай ажыратамыз? Өзіндік ерекшеліктеріне нені жатқызамыз?
Талдау
Сын есімнің зерттелуі. Деректер келтіру. Байырғы сын есімдермен салыстыру. Ортақ қасиеттерін саралау.
Жинақтау
Сын есімнің танымдық сипаты қандай? Ұлттық санамен байланысы қаншылықты маңызды ? Дәйектеу.
Бағалау
Сын есімнің қолданылу аясы дұрыс па, нені өзгерту қажет. Басқа қандай мәселелер зерттеуді қажет етеді? Өз пікірін білдіру.
Блум таксаномиясы арқылы білім алушы өз ойын жүйелеп, бұл сөз табына тән мәселелерді саралап, бағамдай алады. Шәкірттердің өз кезегінде мәселені өзі қойып, өзі шешуіне жол ашады. Мұнда педаогог рөлі тек бағыттаушылық сипат алады.
3. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру арқылы ортақ тақырыптардың берілуі. Жалпы, пәнаралық байланыс әр саланы бір арнаға тоғыстырып қана қоймайды, сонымен қатар, білім алушының интеллектуалдық ойлау өрісін байытады, әлемде ақиқат шын дүниенің барлығы бір-бірімен байланысты біртұтас жүйе екені туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына септігін тигізеді. Пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың есте сақтау, ой тиянақтылығы, қиялдану, жаңаны тез меңгеру сынды дағдылары қалыптасады. Сын есімді оқытуда қандай пәндермен байланыстырған жөн? Мәселен, байырғы сын есімдердің танымдық сипатын меңгертуде оны тарихпен (көне түркі ескерткіштері), әдебиетпен (ескерткіш тіліндегі бәйіттер), географиямен (әр тілде жеріне қарай қолданылу аясы) байланыста оқытқан тиімді. Бір ғылымдағы мәселені зерделеуде, екінші ғылымның кейбір мәліметтерін айқындап отыруға болады.
4. Сабақ беру барысында ұзақ, орта және қысқа мерзімді жоспарлар әзірлеу, оларды жүйелі ұйымдастыру қолға алынған кезде ғана нәтиже айқын болады. Әрбір оқытушы мұғалім сабақты тиімді жоспарлауда белгілі бір мақсат қояды. Ал, сол мақсат жүзеге асу үшін ойластырылған, тиянақталған жоспар болуы міндетті. Мемлекет оқу бағдарламасын құрып, соның негізінде ұзақ мерзімді жоспар жасалады. Орта мерзімді жоспар сабақтың сызба негізінде, яғни, тізбектеп, жеті модульдің ықпалдасуының арқасында жүзеге асырылады. Осы тізбектелген сабақты мұғалімнің өз ыңғайына қарай, оқушыға түсінікті етіп жоспарлауы қысқа мерзімді жоспарына байланысты. Біздің жағдайымызда сабақты түрлендіріп, қызықты әдіс-тәсілдер қолданған тиімді. Бұның бірқатарын төменде көрсетеміз.
5. Оқыту мен тәрбие бірлестігін қалыптастыру. Білім алушылардың адамгершілік-рухани қасиеттерін арттыру. Әрбір берген білімды қасаң бере салмай, жасөспірімнің өмірімен байланыста, оған тәлім-тәрбие беру арқылы жүзеге асыру қажет деп білемін. Оқу мен тәрбие егіз ұғым демекші, академиялық біліміміз бөлек, тәрбиеміз бөлек қалмауы керек. Екеуі бір-бірімен бірлесіп, біте қайнасып тұруы орынды. Педагог жоспарды дұрыс ұйымдастыра білсе, бұл процесс өздігінен жүре береді. Мәселен, біздің жағдайымызда мақсат сын есімді оқыту ғана емес, сын есім арқылы білім алушыға тәрбие беру. Кей адамға сын есім арқылы тәрбие беру күлкілі болуы мүмкін, десе де, мұның өз шындығы бар. Қарапайым ақ, қара, көк, қызыл, ала түстерді сын есім деп қана түсіндірмей, халық танымында бұл түстерге қатысты қандай наным-сенімдер (ақты төкпеу, көздің қарасындай сақтау, көкте Тәңірдің болуы, қызыл мата байласа көз өтпеу, ала жіпті аттамау), олардың көне ескерткіштердегі мәнін ашу білім алушыға ұлттық болмысты сақтауға, салт-дәстүрді қадірлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелейді.
6. Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеудің практикалық мәні
Шығармашылық ойлау дағдысы
Зат есімнің жалғауларын оқыту
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстарының мазмұны
Бастауыш сыныпта грамматиканы оқыту
2 сыныпта зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту
Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесінің зерттелуі
Қазақ тілі Орыс тілі Ағылшын тілі
Көнерген сөздер мен жаңа сөздер
Пәндер