Тіл - қоғамда өзара орнатылатын қарым - қатынастардың негізгі құралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Тіл - қоғамда өзара орнатылатын қарым-қатынастардың негізгі құралы. Қоғам уақыт өткен сайын әртүрлі факторлардың әсерінен өзгерістерге бейім болып келеді. Мәселен, бүгінгі таңда біздің қоғамызда ғылым, білім және технологиялардың алатын маңыздылығы зор, олар әрқашан даму үрдісінде болады. Осыған орай, тіл де белгілі бір өзгерістерге ұшырайды. Тілдің дамуы қоғамның дамуына қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оның түп негізіне тән құрылымы, мысалы дыбысталу жүйесі, ұлттық кодты ескере отырып қабылданған ережелерге сәйкес өзгеріссіз қалады. Ал пайда болған жаңа ұғымдарға түсінік беру үшін тілдің даму өрісі кеңейе түседі. Аталмыш ұғымдар көбіне терминологиялық лексикаға тән.
Еліміздің ерте кездердегі тарихына көз жүгіртсек, сол уақыттан бері қазақ тілінің өзіне тән ұлттық сипаты да өзгеріске ұшырап, халықаралық деңгейінің қуаты артқанын байқауға болады. Мұны қазіргі кезде сөздік қорымызда орын аламтын министр, парламент сияқты кірме сөздер мен тап, екпінді күрес сияқты кейінгі кездерде ғана қолданысқа ие болған жаңашыл сөздердің бар болуы дәлелдейді. Осындай термин сөздердің саны ұлтымыздың тіліне сай ерекшеліктерін ескере отырып, әрі қарай көбейуі қазақ тілінің байлығын молайтып, оның қоғамдағы күш-қуатын арттыра түседі. Бұны Алаш қайраткерлеріміз XX ғасырдың басында-ақ білген. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ терминологиясының негізін қалаушы. Ұлы Абай атамыздың қазақ әдебиетінің тарихында алатын орны қаншалықты зор болса, қазақ тілі мен оның тарихында А. Байтұрсынұлының алатын орны соншалық. Алдына қойған мақсаттары мен оларға қол жеткізудегі іс-әрекеттерін саралай отырып, оның барлық жұмысының жүйелі әрі мазмұнды екеніне көзіміз жетеді. Ахмет Байтұрсынұлының басты мақсаттарының бірі қазақ балаларының сауатын ашу болды. Осыдан 1912 жылы Оқу құралы жарық көреді. Кейін қазақ тілінің грамматикалық тұрғыда дұрыс жолмен, ана тіліміздің ерекшеліктеріне сай талдап беру үшін 1914-1915 жылдары Тіл-құрал атты еңбегін жариялайды. 1918 жылы тілді дұрыс қолдана білу үшін Тіл жұмсар, кейін тілді оқытуда пайдаланатын Баяншы атты әдістемесін ұсынады. Араб әліпбиінен енген кейбір түсініксіз сөздерді халыққа өз тілімізде түсінікті болатындай етіп, зерделеп, мақалалар жазып жүреді. Қазақ халқы оның бұл еңбектерін тигізген пайдасы мол болғандықтан, оңды қабылдайды. Осы кезде А. Байтұрсынұлы әрбір ғылымның, әр саланың өзіндік ұғымдары мен оларға сәйкес түсіндірмелерінің де бар болу қажеттігіне көзі жетіп, қазақ тілінде болатын терминдік атауларды тілдік қорымызға еңгізуді алдына мақсат етіп қояды. Ол ендігі Айқап, Қазақ газеттерінде жарияланып жүрген мақалаларын қазақ халқына жат, алайда біздің тілдік құрылымды ішінен түсіндіру үшін қажет жаңа сөздерді қолдана бастайды. Мысалы, дыбыс, ноқат, әліппе, дәйекші, дауысты дыбыс сияқты сөздерді түсіндірме мақалаларында еңгізе бастайды. Кейбір сөздер бұрыннан қазақ тілінің сөздік қорында болса да, олардың ғылыми тұрғыда қолданылуы бірінші рет еді. Өзінің көлемі жағынан шағын болғанына қарамастан, мағыналық маңыздылығы зор Тіл-құрал еңбегінің дыбыстарды талдауға арналған бірінші тарауында негізгі мақсатын атап өтеді: әр жұрт баласын әуелі өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен өтініп, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз, - деп жазады. Бұл мәселенің біздің заманымызда да өзектілігі бар.
Ахмет Байтұрсынұлы терминдерді жасау барысында егер жаңашыл сөздерді құрастыру қиындыққа соқса, онда біздің тілімізге ұқсас болып келетін, мысалы түркі тілдеріне тән сөздерді енгізу қажеттігін айтқан. Ол өзінің осы ойын1924 жылы Орынбор қаласында өткен қазақ ғалымдарының бас қосқан бірінші съезінде терминологиялық лексиканы құрастырудағы бірінші принцип ретінде ұсынады және оның бұл ұсынысы қолдау тауып, бекітіледі. Алайда, Кеңес үкіметі кезінде тілдердің туыстас, табиғи ұқсастықтары Ахмет Байтұрсынұлының орынды принципінің дамуына кедергі келтірді. Дегенмен, оның терминологияны қалыптастырудағы алғышарттары мен мақсаттары сол кезеңдегі қайраткерлеріміз үшін өнеге болып, терминологияны қалыптастыру үрдісінің бағытын анықтап, жолын ашты.
А. Байтұрсынұлы дауысты және дауыссыз дыбыстардың ажыратылуына ерекше көңіл бөлді. Себебі, сол кездегі араб тілінің ықпалынан да кейбір сөздерге түсіндірме беру қиынға соққан еді. Араб тілінде дауысты дыбыстардың саны әлдеқайда аз болғандықтан, мысалы біздің тілдік қорымызда бар қамшы сөзі, араб тілінде тікелей алсақ қмш деп жазылар еді. Ғалымның келесі енгізген маңызды терминдерінің бірі - буын. Бұл сөзге осыған дейін қазақ тілінде дене мүшелеріне байланысты ұғымы ғана тән еді. Осы уақытта Х. Досмұхамедұлы термин сөдерді қалыптастыру тақырыбына ерекше көңіл бөлген қазақтың оқыған қайраткерлерінің бірі болды. Белгілі зерттеушілеріміздің қатарындағы тілші Ш. Сарыбаев өзінің Тіл білімпазы атты мақаласында: ғалымның термин жасауда, шет тілдерден терминді қабылдап алуда өзінің ұстанған жолы, принципі бар[16,35] - деп, Х. Досмұхамедұлына терминдерді жасау барысында қажетті іс-шараларды ұйымдастыра білген қайраткер ретінде баға береді. Жат сөздерді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ және ... қолдан келгенше терминдерді нағыз қазақ сөзінен алдық деген ойлары Х. Досмұхамедұлының қазақ тілінде кездеспейтін шетелдік тілдерге тән сөздерді өз тілімізге сай келетін ерекшеліктеріне, заңдылықтарына бағындырып, ұлттық тіліміздің мүмкіндіктерін барынша қолдану қағидасын ұстанғанын көрсетеді. Сондай-ақ, Сұлтанбек Қожанұлының 1924 жылы Ташкентте басылған Есептану құралында дәреже (разряд), түбір (корень), сыр (свойство), дүркін (период) сияқты терминдер болса, Елдес Омарұлының 1928 жылы Қызылордада басылған Пішіндеме (геометрия) оқулығында түйін (теорема), қар (катет), пішін (фигура), қия (диагональ), өріс (радиус), өре (диаметр), саты (таблица) тәрізді терминдер, ал 1923 жылы Ташкентте жарық көрген М. Жұмабаевтың Педагогика оқулығында абай, әсер, елес, әдет, ес, жан, хиял, қайрат, құлық сияқты терминдер кездеседі. Осыдан XX ғасырлардың алғашқы жылдарынан бастау алатын әртүрлі ғылым салаларына байланысты оқулықтардың, халқымызға ғылым мен білімді насихаттау мақстаында жарияланған баспасөздің қазақ тілінде жазылуы ғылыми лексиканы, яғни терминологияны қалыптастырды.
XX ғасырдың 30-жылдары Ахмет Байтұрсынұлы бастауымен қазақтың зиялы қауымының термин сөздерді қалыптастыруда ұстанған қағидалары Кеңес үкіметінің тарапынан әкімшіл-әміршіл жүйе негізінде өзгертілді. 1929 жылдың жаз айларында көптеген қазақ зиялыларына, олардың ішінде А. Байтұрсынұлына да айыптар тағылып, түрмеге қамауға алына бастады. Ендігәрі одақ орталығы орналасқан Мәскеу қаласындағы билік өкілдері терминолгияны қалыптастырудағы іс-шараларды өздерінің қол астына алды. 1930 жылы өткен Бүкілодақтық партия кеңесінде жергілікті ұлттардың өз тілдерінде термин сөздерді қалыптастыру үрдісі қаралды. Мәжіліс барысында одақ құрамындағы халықтардың өз тілдерінде термин сөздерді құрастыру туралы басты ғылыми қағидалар белгіленді.[18,306-309].
Отызыншы жылдарға дейінгі жасалған көптеген терминдер қайта қаралып, олардың елеулі бөлігі қолданыстан орынсыз шеттетілді. Осы уақытқа дейін ғылыми терминологияны жасауда өрескел қателіктер кетті, енді оларды түзету қажет деген ғылыми негізі жоқ өктем пікір үстемдік құра бастады.
Сөйтіп, ғылымды, ғылыми терминологияны ұлт тілінде қалыптастырудың маңызын терең түсіне отырып жасаған қазақ зиялыларының тұжырымдары ешбір дәлелсіз буржуазиялық теориялар қатарына кіргізіліп, оларға қарсы И.В. Сталиннің буржуазияшыл теорияларымен аяусыз күреспей тап жауларын түпкілікті жеңу мүмкін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Масс-медиа, технологиялар және қоғам туралы
Білім беру әлеуметтануы пәнінің қарастырылатын мәселелердің ауқымы
Бұқаралық ақпарат құралдардың классификациясы
Сөз мағынасының дамуы және ақпарат
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты
Коммуникация туралы
Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту Әдістемелік құрал
Жаңа ақпараттық (информациялық) технологиялар
Алматы қаласы музейлеріндегі ат әбзелдері мен қару-жарақ қоры коллекциялары
Сақтар туралы ғылымдағы деректер мен тұжырымдар
Пәндер