Күдікіті, жәбірленушінің мәртебелерін анықтау, олардан жауап алуды ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі
Баяндама
Тақырыбы: Күдікіті, жәбірленушінің мәртебелерін анықтау, олардан жауап алуды ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі
Куә мен жәбірленушіден жауап алу.Куә мен жәбірленушіден жауап алу -- алдын ала тергеу немесе сот талқылау кезінде, анықтау процесінде, жауап алу кезінде олардың жазбаша не ауызша түрде берген хабарламаларынан мәлімет алу мақсатында жүргізілетін тергеу әрекеті.
Куә мен жәбірленушіден жауап алу іс қозғалғаннан кейін және тергеу әрекеті өндірісі басталған сәттен бастап жүргізіледі.
Куә -- бұл іске қатысты қандай да бір жағдаймен таныс адам. Айыпталушы, күдікті және жәбірленушінің өзі кылмыс окиғасы туралы ақпаратты білетін адам деп танылады, бірақ олардың жауабы куәнің жауабы ретінде саналмайды. Сондықтан куәнің жауабы тек оның ауызша хабарлауы болуы мүмкін, ал айыпталушының жауабы куәландыратын жауапқа жатпайды.
Жәбірленуші -- бұл қылмыстық процесте оған тікелей қылмыспен моральдық, дене және мүліктік зиян келтіреді деп ұйғаруға ол жөнінде негізі бар адам (ҚР ҚІЖК 75-бап). Жәбірленуші деп тергеушінің қаулысына сәйкес болған жағдайда ғана танылады. Куәмен салыстырғанда жәбірленуші іске қатысты барлық материалдармен танысуға, өтініш не қарсылык білдіруге, күдіктімен, айыпталушымен татуласуға құқылы. Сот процесінде ол сот тергеуіне қатысушымен тең құқылы бола алады .
Куә мен жәбірленушіден жауап алу.Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алу алдында куәнiң, жәбiрленушiнiң күдіктiге қандай қатысы бар екенiн анықтайды, оларға процестік құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi, айғақтар беруден бас тартқаны үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi. Бұл ретте сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәнің, жәбiрленушiнің өзiнiң, жұбайының, жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін, сондай-ақ ал діни қызметшінің тәубеге келу үстінде өзіне сырын ашқан адамдарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екенiн түсiндiруге мiндеттi. Бұл құқықты пайдаланбаған куәге, жәбiрленушiге олардың көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертiледі. Егер куә жауап алуға заң көмегін көрсету үшін шақырылған адвокатпен бірге келсе, онда адвокат жауап алу кезінде қатысады. Жауап алу аяқталғаннан кейін адвокат жауап алудың мәні бойынша ескертулер беруге және жауап алу хаттамасына енгізілуге тиіс өтінішхат мәлімдеуге құқылы.
Күдіктіден жауап алу.Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алудың алдында күдіктіге оның қандай қылмыстық жазаланатын әрекетті жасады деп күдік келтіріліп отырғанын хабарлайды, сондай-ақ оған айғақтар беруден бас тарту құқығын түсіндіреді.Cотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіге оған келтірілген күдіктің мәнін түсіндіре отырып, күдіктінің қылмыстық құқық бұзушылық жасауда өзін толық немесе ішінара кінәлі деп мойындайтынын не өз кінәсін мойындамайтынын анықтайды.Күдіктінің жауап беруден бас тартуы оның өз кінәсін мойындамауы ретінде бағаланады. Жауап алу күдіктiге келтірген күдік жөнінде және iс үшiн маңызы болуы мүмкін барлық басқа мән-жайлар бойынша айғақтар беруiн ұсынудан басталады.
Тергеу судьясының жәбірленушіден, куәдан жауапалу ерекшеліктері. Прокурор, күдікті немесе іске қорғаушы ретінде қатысатын оның адвокаты жәбірленуші, куә болып табылатын адамнан, егер олардан сотқа дейінгі тергеп-тексеру не сот отырысы барысында неғұрлым кешірек жауап алу объективті себептерге байланысты мүмкін болмауы ықтимал деп пайымдауға негіз болған жағдайда, сондай-ақ психикасын жарақаттаушы әсер етуді болдырмау үшін кәмелетке толмаған куәлар мен жәбірленушілерден кейіннен жауап алуды болдырмау мақсатында тергеу судьясының жауап алуы туралы өтінішхат беруге құқылы. Тергеу судьясы өтінішхатты алынған кезінен бастап үш тәулік ішінде қарайды және оның нәтижелері бойынша өтінішхатты қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады. Өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, тергеу судьясы алғаш мүмкіндік болған кезде жауап алу уақытын белгілейді, бұл туралы прокурорға, күдікті мен іске қорғаушы ретінде қатысатын оның адвокатына хабарлайды.
Тергеу судьясының жәбiрленушi мен куәдан жауап алуы прокурордың, күдіктінің, қорғаушы ретінде қатысатын оның адвокатының, ал қажет болған жағдайларда процеске басқа да қатысушылардың қатысуымен жүргiзiледi. Егер күдiктiнiң жауап алуға қатысуы жәбiрленушiнiң, куәнiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, күдiктi жауап алуға шақырылмайды. Айғақтарды сақтауға қою кезiнде адамдардың сот отырысына қатысу үшiн келуiн қамтамасыз ету тергеу судьясына өтiнiш мәлімдеген адамдарға жүктеледi. Күдiктiнiң қорғаушысы адамды шақыру үшiн тергеу судьясына адамның жауап алуға келуiн қамтамасыз етуге көмек көрсету туралы өтiнiш мәлімдеуі мүмкiн.
Прокурордың, қорғаушының, күдіктінің дәлелді себептер бойынша келмей қалуына байланысты жауап алуды жүргізу кейінге қалдырылуы мүмкін.Жауап алынатын адамның тергеу судьясы сақтауға қойған айғақтары тiркелген сот отырысының хаттамасына судья мен сот отырысының хатшысы қолдарын қояды.Тергеу судьясы хаттамаға ескертпелерді түскен күні қарап, олардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы қаулы шығарады. Содан кейiн сот отырысының хаттамасы, егер хаттамаға ескертпелер келтiрiлген болса, осы ескертпелер және судьяның оларды қарау туралы қаулысы қылмыстық iс материалдарына қосып тiгу үшiн прокурорға жiберiледi.
Егер куә және жәбірленуші өздеріне белгілі мән-жайларды айтудан бас тартып не қасақана бұрмаласа, олар жауап беруден бас тартқаны үшін немесе жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапқа тартылады (ҚР ҚК 352, 353-баптар). Куәдан іске қатысты кез келген жағдайларға қатысты жауап алынуы мүмкін, соның ішінде айыпталушының жеке тұлғасы туралы және онымен өзінің және басқа да куәлармен қандай қарым-қатынасы бар екені туралы сұралады.
Жауап алуға шақыру тәртібі.Куә және жәбірленуші жауап алуға шақыру қағазымен немесе басқа да байланыс құралдарын қолдану арқылы (телеграмма, радиограмма, телефонограмма) шақырылады. Бұл хабарлама оның қолына қолхат арқылы тапсырылады. Шақыру қағазында кім және кім ретінде шақырылатыны, кімге және қандай мекен-жайға шақырылатыны, жауап беруге келу уақыты көрсетіледі, сондай-ақ дәлелді себептерсіз келмей қалған жағдайда анықтау және тергеу органдарының қолданатын шаралары көрсетіледі.
Куәдан (жәбірленушіден) жауап алу тәртібініңмәні тергеушінің жауап алу алдында куәнің не жәбірленушінің жеке тұлғасы туралы куәландырылады (анкеталық мәліметтері, қызметі). Жауап беруші іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқан тілді білетін, білмейтіндігі және қай тілде жауап беруге ынталы екені анықталады.
Жауап алуға шақырылған адам қандай қылмыстық іс бойынша және кім ретінде жауап беретіні туралы хабарланады, оның міндеттері мен құқықтары түсіндіріледі. Осыдан кейін жауап алу әрекеті іске қатысты жағдайларда оған таныс адам туралы айтып беруден басталады, содан соң жауап алынған адамның жеке тұлғасы туралы мәліметтер хаттамаға енгізіледі.
Бір ғана іс бойынша жауап алуға шақырылған куәлар мен жәбірленуші басқа куәлардың, жәбірленушінің қатысуынсыз жекелеп сұралады. Осыған орай тергеуші бір ғана іс бойынша шақырылған куәлар мен жәбірленушінің өзара қарым-қатынас жасамауына шаралар қолданады. Осындай шараларды сот процесінде судья да қолданады (ҚР ҚІЖК 335-бап).
ҚР ҚІЖК-нің 212-бабына сәйкес жауап алу алдын ала тергеу болған жерде жүргізіледі, бірақ тергеушінің қарауы бойынша жауап алу орны жауап алынатын адамның тұратын жерінде жүргізілуі мүмкін. Ережеге сай, куәдан және жәбірленушіден күндізгі уақытта жауап алыну керек. Кейінге қалдыруға күттірмейтін жағдайларда заң куәдан және жәбірленушіден түнгі уақытта да жауап алуына жол береді.
Іс бойынша куәлар қарсылық білдіре алмайды. Себебі, куә -- бұл қозғалған қылмыстық іс оқиғалары туралы мәліметтерді білетін адам, ол дәлелді ақпараттардың орнын ауыстыра алмайтын негізгі дәлел көзі.
Жәбірленушінің жауабы -- бұл іске қатысы бар жауап берушінің ауызша баяндамасы. Бұл кезде ол тергеушінің қаулысы бойынша жәбірленуші деп танылған жағдайда жауап береді.
Куә мен жәбірленушініц жауап беру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz