Күдікіті, жәбірленушінің мәртебелерін анықтау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Баяндама
Тақырыбы: Күдікіті, жәбірленушінің мәртебелерін анықтау, олардан жауап алуды ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі
Бүгінгі күні қылмыстық істер бойынша дәлелдемелердің 80% жуығы куәлардың, жәбірленушілердің берген жауаптарына негізделіп отыр. Сондықтан да жауап алу сияқты тергеу әрекеттерінің маңыздылығына мұқият назар аудару қажет: жауап алушы тұлға (тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот, т.б.) жауап алудағы өзінің ерекше орнын сезініп жоғары деңгейдегі кәсіби және адамгершілік қасиеттерін таныта білуі тиіс.
Жауап алу тарихы ертеден бастау алған. Әрине, ол замандарда жауап алдың тәртібі заңмен реттелмеген, бірақ адамзат тарихының дамуы барысында барлық қоғамдық қатынастар, соның ішінде жауап алу да заңдық реттеуін тапты.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде жауап алудың процесуалдық негіздері, түсінігі, мақсаттары мен түрлері айқын көрсетілген.
Жауап алу - дәлелдеме жинаудың ең көп тараған тәсілі. Сонымен қатар, жауап ал күрделі тергеу әрекеттерінің бірі болып табылады: оны жүргіз тергеушіден жалпы және кәсіби мәдениеттілікті, адамдардың психологияларын терең білуді, жауап алудың тактикалық тәсілдерін жоғары деңгейде меңгеруін талап етеді.
Жауап алу арқылы жасалынған қылмыстың мән жайлары жөнінде қажетті деректерді мәліметтер алынып, олар қылмысты ашу мақсатында пайдаланылады. Іс жүргізу мақсатына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың сан-алуан айла-тәсілдері бар, бірақ жауап алу қатаң түрде заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиіс. Қылмыстық іс бойынша мүмкіндігінше неғұрлым әрі барынша көп, әрі маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда барынша тиімді, ыңғайлы тактикалық тәсілдер қолданылып жүргізіледі. Дегенмен ол қаншалықты тиімді болғанымен ол заңда көрсетілген тәртіпке қайшы келемуі керек.
Жауап алғанда қылмысты оқиғаға қатысты мынадай мәліметтер анықталады: қылмыстың болған уақыты, оның орны, жасалу тәсілі, қылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамның қатысқаны, қылмыстың түсірген зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері, сонымен қатар қылмыс оқиғасының басқа да мән-жайлары. Бұлар заңда көрсетілген, міндетті түрде дәлелденуге тиісті мән-жайлар қылмыс оқиғасына тікелей қатысы бар деректер. Сондай-ақ жауап алу арқылы тікелей қылмыс оқиғасына қатысы жоқ, бірақ қылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айталық, қылмыскердің қайда жүргенін, оның мекен-жайын білу үшін қылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың бұл түрінің, қылмыс оқиғасына тікелей қатысы болмаса да, істі тез ашуда, қылмыскерді тауып ұстауда, істің кейбір мән-жайын анықтауда үлкен маңызы бар.
Тергеуші жауап алу кезінде жалған жауап беретін қылмыскерлермен қатар шын ниетімен қателесіп жауап беретін азаматтармен де қатынасқа түседі. Міне, жауап алуды күрделі тергеу әрекеті деп айтуымызға бірден-бір негіздің бірі осы болса керек. Тергеуші ондай қателесулерді немесе жалған жауаптарды дер кезінде аңғарып, тергеудің жалған жолға түсіп кетуіне бермеуі тиіс.
Жауап алудың мақсаты тергеушінің жауап берушіден толық және шындыққа сай келетін мәліметтер алуда. Ондай мәліметтер дәлелдемелердің қайнар көздері болса, онда олардың мазмұнындағы нақты мәліметтер - дәлелдемелер болып есептеледі. Сезікті мен айыпкер үшін көрсетулер оларға қатысты туып отырған күдікке немесе тағылған айыпқа қарсы қорғану құралы да болып табылады.
Жауап алу уақыты бірқатар жауап берушілер үшін алдын-ала заңмен анықталып қойылуы да мүмкін. Мысалы, ұсталған сезіктіден немесе тұтқындалғаннан, ұсталған не тұтқындалған сәттен бастап 24 сағаттан асырмай, ал айыпталушыдан айып тағылған сәттен кешіктірмей жауап алу керек. Әдетте куәлардан, жәбірленушілерден, сезіктілерден, айыпталушылардан тергеуші өзінің жұмыс орнында жауап алады. Бірақ, жауап алуды жауап берушінің орын жайында жүргізуге де болады, бұған заңмен тыйым салынбаған. Мысалы, куә ретінде жауап беруші үйінде ауырып жатса, жәбірленуші ауруханада болса, сезікті не айырталушы қамауда ұсталынып жатса, онда жауап берушінің орын жайына барып жауап алуға тура келеді.
Жауап алудың орны мен уақыты ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 212-бабымен реттелген.
Жауап алу алдын-ала тергеу өтетін жерде жүргізіледі.
Тергеуші қажет деп тапқан жағдайда жауап алуды жауап алынатын адам тұратын жерде жүргізуге құқылы.
Жауап алу кейінге қалдырылуға болмайтын жағдайлардан басқасында күндізгі уақытта жүргізіледі.
Жауап алу үзіліссіз төрт сағаттан артық жүргізілмеуге тиіс. Жауап алуды демалу мен ас ішуге арналған кемінде бір сағат үзілістен кейін жалғастыруға жол беріледі, мұның өзінде жауап алудың бір күн ішіндегі жалпы ұзақтығы сегіз сағаттан аспауға тиіс. Медициналық дәлелдер болған жағдайда жауап алудың ұзақтығы дәрігердің жазбаша қорытындысының негізінде белгіленеді (ҚР ҚІЖК-нің 212-бабы).
Ал, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 211-бабы жауап алуға шақырудың тәртібін реттеген: куә, жәбірленуші, сондай-ақ бостандықта жүрген счезікті, айыпталушы жауап алуға олардан қолхат ала отырып тапсырылатын хабарлау қағазы арқылы шақырылады, ал олар болмаған жағдайда кәмелетке толған отбасы мүшелерінің, көршілердің, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің бірі арқылы тапсырылады. Жауап алынатын адам өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып шақыртылуы мүмкін.
Хабарлау қағазына кімнің және кім ретінде, кімге және қандай мекен-жай бойынша шақырылатыны, жауап алуға келетін уақыт (күні, сағаты), сондай-ақ дәлелсіз себептермен келмейдің салдары көрсетіледі.
Кәмелетке толмаған адам оның ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері арқылы шақыртылады.
Күзетпен ұстаудағы сезікті және айыпталушы жауап алуға ол күзетте ұсталып отырған орынның әкімшілігі арқылы шақыртылады (ҚР ҚІЖК-нің 211-бабы). Жауап алудың барысы мен нәтижелерін бекітудің бірден-бір құралы - жауап алу хаттамасы. Хаттама өзінің арзандығына және қолдану мен сақталу мүмкіндігіне байланысты ең тиімді құрал болып отыр. Осыған орай, ҚР Қылымыстық іс жүргізу кодексі жауап алу хаттамасын толтырудың заңды ережелерін ойластырған.
Жауап алушы тергеу әрекеті барысында сызбалар, суреттер, диаграммалар жасай алады, олар хаттамаға қоса тігіліп, хаттамада ол туралы белгі қойылады. Еркін баяндаудан кейін жауап беруші жауаптарын өз қолымен жазуға құқылы. Жауап беруші өз қолымен жазып, оған қол қойғаннан кейін тергеуші толықтыратын және нақыталйтын сұрақтар қоя алады.
Жауап алу аяқталғаннан кейін хаттаманы оқып шығу үшін жауап берушіге ұсынылады не оның өтініші бойынша дауыстап оқылады. Жауап берушінің хаттамаға толықтыру мен нақтылау енгізу туралы талабы міндетті орындалуға тиіс.
Жауаптармен таныстыру фактісі және олардың дұрыс жазылғанын жауап беруші хаттаманың соңында өз қолын қою арқылы куәландырады.
Жауап беруші сонымен қатар хаттаманың әрбір бетіне қол қояды. Жауап беруші хаттамаға қол қоюдың бас тартқан жағдайда тергеуші бас тарту себептерін анықтайды, оларды хаттамаға енгізеді және хаттамаға қол қойып куәландырады. Егер жауап беруші тән кемістігіне немесе өзге себептерге байланысты хаттамаға өзі қол қоя алмайтын болса, оның өтініші бойынша хаттамаға қорғаушы, жауап беруші сенетін өкіл немесе өзге адам қол қояды, бұл туралы хаттамада белгі жасалады.
Егер жауап алуға аудармашы қатысса, онда ол хаттаманың әрбір бетіне және тұтас жауаптарының аудармасына да қол қояды.
Хаттамада жауап алуға қатысқан барлық адам көрсетіледі. Олардың әрқайсысы хаттамаға қол қоюға тиіс (ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 218-бабы).
Бекіту құралдарының қатарына дыбыс және бейне жазу құралдары да жатады. Ғылыми-техникалық құралдар дамыған сайын тергеу тәжірибесінде тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін дыбыс және бейне жазу құралдарымен бекіту көптеп жүргізілуде. Осындай құралдар тергеу әрекетінің барысын шынайы және толық бекітуге мүмкіндік береді. Осы ретте ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі жауап алу барысында дыбыс және бейнежазбаларды жүргізудің тәртіптерін заңдастырған.
Тергеушінің шешімі бойынша, сондай-ақ айыпталушының, сезіктінің, куәнің немесе жәбірленушінің өтініші бойынша жауап алу кзінде дыбыс және бейнежазба қолданылуы мүмкін.
Тергеуші дыбыс және бейнежазба туралы шешім қабылдайды және бұл туралы жауап берушіге жауап алу басталғанға дейін хабарлайды.
Дыбыс және бейнежазба жауап алудың барысын толығымен бейнелеуге және жауап берушілердің жауаптарын толық қамтуға тиіс. Жауап алудың бір бөлігін дыбыс және бейнежазба түсіруге, сондай-ақ сол жауап алудың барысында берілген жауаптарды жазып алу үшін арнайы қайталауға жол берілмейді.
Жауап алу аяқталғаннан кейін дыбыс және бейнежазба толығымен жауап алынып отырған адамға тыңдатылып, көрсетіледі. Жауап берушінің дыбыс және бейнежазба толықтыру ретіндегі жауаптарды да дыбысжазу мен бейнежазуға енгізіледі. Дыбыс және бейнежазба жауап алынатын адамның бұл жазбалардың дұрыстығын куәландыратын мәлімдемесімен аяқталады.
Дыбыс және бейнежазба қолданылған жауап алу барысында алынған жауаптар жауап алу хаттамасына енгізіледі. Жауап алу хаттамасы, сондай-ақ дыбыс және бейнежазба қолданылғаны және ол туралы жауап берушіге хабарланғаны туралы белгілерді; техникалық құралдар, дыбыс және бейнежазба шарттары мен оны тоқтата тұру фактілері тоқтатудың себептері мен ұзақтығы туралы мәліметтерді; дыбысжазбасының жауап берушіге тыңдатылғаны туралы белгілерді; жауап берушінің және тергеушінің хаттама мен дыбыс және бейнежазбаның қолданылуы жөніндегі мәлімдемелерін қамтиды. Дыбысжазба мен бейнежазба іспен бірге сақталады және алдын-ала тергеу аяқталғаннан кейін олар мөрмен бекітіледі.
Фотокестелер, кино және бейнефильмдермен бөлек жауапты оқиға жерінде тексеру хаттамасына жоспар (схема) тіркелінуі мүмкін. Жалпыда тергеу әрекетіне қатысушылардың жүрі жолы белгіленеді, жекелеген жоспарда жеке объектілердің орналасқан орны, қатысушылар мен суретке түсіруді жүзеге асырған нүктелердің орналасуы жалпы жоспарға қарағанда кең көлемде белгіленеді. Егер қылмыстық іс бойынша бірнеше жауапты оқиға жерінде тексеру жүргізілсе, онда әрқайсысы бойынша бөлек жоспар құрылады. Осыдан кейін олар оқиға жерін қарау кезінде орындалған жоспармен салыстырылады. Куә мен айыпталушының жауап алған кезде, оларға жоспарды немесе жауапты тексеру кезінде көрсететін орындардың қалай орналасқаны жөнінде сызбаларды сызуы өз қолымен толтыруын ұсынады. Кейін осы жоспарды жауапты тексеру кезінде орындалған жоспармен салыстырып, алынған мәліметтердің растығын тексеруге болады.
Жауапты оқиға жерінде тексеру мен нақтылаудың мақсаты тек қана бар дәлелдемелерді тексеру ғана емес, сонымен жаңа дәлелдемелер таб болғандықтан осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде жарық құралдары, оптикалық құралдар, іздестіру құралдары, дәлелдемелік заттарды өлшейтін, алу мен қаптау құралдары қолданылуы мүмкін.
Куә мен жәбірленушіден жауап алу -- алдын ала тергеу немесе сот талқылау кезінде, анықтау процесінде, жауап алу кезінде олардың жазбаша не ауызша түрде берген хабарламаларынан мәлімет алу мақсатында жүргізілетін тергеу әрекеті.
Куә мен жәбірленушіден жауап алу іс қозғалғаннан кейін және тергеу әрекеті өндірісі басталған сәттен бастап жүргізіледі.

Куә -- бұл іске қатысты қандай да бір жағдаймен таныс адам. Айыпталушы, күдікті және жәбірленушінің өзі кылмыс окиғасы туралы ақпаратты білетін адам деп танылады, бірақ олардың жауабы куәнің жауабы ретінде саналмайды. Сондықтан куәнің жауабы тек оның ауызша хабарлауы болуы мүмкін, ал айыпталушының жауабы куәландыратын жауапқа жатпайды.

Жәбірленуші -- бұл қылмыстық процесте оған тікелей қылмыспен моральдық, дене ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күдікіті, жәбірленушінің мәртебелерін анықтау, олардан жауап алуды ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі
Қылмыстық ізге түсуді болғызбайтын мән жайлар
Сезікті мен айыпталушының алдын-ала тергеу стадиясындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарының іс жүргізу кепілдіктері
Сот билігінің ұғымы
Жасырын тергеу әрекеттері
Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру
Сақтандыру шарты жайлы мәлімет
Қылмысты тергеу кезінде оқиға болған жердің жай-жапсары мен мән-жайларын қайта жаңғырту
Қылмыстық іс жүргізудегі тергеушінің құқықтық мәртебесі
Әкімшілік құқықтық қатынастар туралы ақпарат
Пәндер