Абай Құнанбайұлының өмірбаяны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ

(1845-1904)

Абай поэзиясының ішкі рухы мен көрініс көркі, сипаты мен сыны бұрын əдебиетте дəл мұндай дəрежеде көрінбеген жарасымды жаңалықты танытады. Ақын поэзиясына осындай күш-қуат, көркемдік сəулет беріп тұрған-оның шығармасында қазақ халқының бүкіл өмірінің, əсіресе сол дəуірдегі қоғамдық өмірінің шындығы, терең бейнеленуі жəне оларды əдебиеттегі ұлттық көркемдік ойлау ерекшелігінің, өмір құбылыстарын сөзбен мүсіндеу шеберлігінің жарқырап көрінуі.

Зəки Ахметов

1. Абай Құнанбайұлының өмір сүрген жылдары: 1845 - 1904ж

2. Абай Құнанбаевтың шын есімі: Ибраһим

3. Абай Құнанбаевтың туған жері: қазіргі Шығыс Қазастан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының баурайы.

4. Абайдың шыққан руы : Тобықты

5. Абайдың əкесі қандай қызметтер атқарған: болыс, аға-сұлтан

6. Абайдың атасы - Өскенбай, арғы атасы - Ырғызбай (өз заманының атақты билері болған)

7. Құнанбайдан неше бала туған: 7-Құдайберді, Тəңірберді(Тəкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, Қалиолла, Ысмағұл.

8. Абайдың əжесінің есімі: Зере

9. Абайдың анасының есімі: Ұлжан

10. Абай сусындаған халық əдебиетінің алғашқы үлгілері: əжесі мен анасының аузынан естіген ертегі-аңыздар

11. Абай кішірек кезінде кімнен аздап сауатын ашқан : ауыл молдасынан

12. Абайды əкесі 10 жасында қай қалаға оқуға жібереді: Семей

13. Абайдың білім алуы:

1. Ауыл молдасынан

2. Ғабдул - Жапар

3. Ахмет - Риза

4. Приходская школа

14. Абайдың медреседе оқып жүріп, үйренген тілдері: араб, парсы, түрік

15. Абай медреседе оқып жүріп, Шығыстың қай классик ақындарының шығармасымен танысқан: Низами, Сағди, Хафиз, Физули

16. Абайдың Шығыс ақындарын оқуға ынтасын байқатқан өлең жолдары: Физули, Шəмси, Сайхали

Науаи, Сағди, Фирдоуси,

Хожа Хафиз-бу һаммəси,

Мəдəт бер я шағири фəрияд!

17. Абай медресенің соңғы жылында мұсылманша оқумен қатар, қайда оқуға түседі: Семейдегі "Приходская школаға"

18. Абай "Приходская школада" неше ай, қай тілде оқиды : 3 ай, орыс тілінде

19. Абайдың кейін орысшаны өз бетімен үйреніп, игеріп кетуіне негіз болған: « Приходская школа» - да үш ай оқуы

20. Абайды əкесі неше жасында оқудан шығарып, ел билеу ісіне баули бастайды: 13 жас

21. Абайға ел ісіне араласу қалай əсер етеді: Жер танып есеюіне, халықтың əдет-ғұрып, тұрмыс-салтын терең танып білуіне жол ашады, Абайды халықпен жақындастырады

22. Абай билікке керек қазақтың ескі сөз, жөн-жобасын, мақалдап айту үлгілерін кімнен үйреніп, зерттейді: сол кездегі шешен-билерден

23. Абай ел ісіне араласу барысында кімдерге сынай қарайтын болды: өздері надан, ел тағдырын ойламайтын басшыларға

24. Абай ел билеу қызметінен неліктен шеттей бастайды: халықтың өмір сүруі мен келешегіне түрліше көзқарасы қалыптасып, халыққа басқа жол іздеу қажеттігін аңғарады.

25. Абайға Құнанбай таққан міндер:

1. Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың.

2. Екінші, дос пен қасты сараптамайсың.

3. Үшінші, орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың!

26. Абай халыққа жақын, жаңа жолды неден іздейді: кітаптан, озық елдердің мəдениетінен

27. Абай 1870 жылы кіммен кездеседі: Петербордан жер аударылып келген жас төңкерісшіл Е. П. Михаэлиспен

28. Абай мен Михаэлистің таныстығы қалай басталады: Кітапханада Л. Толстой кітабын сұрап тұрған қазақты(Абайды) көріп таңырқаған Михаэлис оған таяп келіп жөн сұрайды. Осылайша екеуінің таныстығы үлкен достыққа айналады.

29. Абай кімнің көмегімен керек кітаптарды іріктеп, жүйе-жүйемен оқитын болды: Михаэлис

30. Абай Михаэлиске қатысты не айтқан: "Дүниеге көзімді ашқан-Михаэлис"

31. Абай 1880 жылы Михаэлис арқылы кімдермен танысады: Долгополов, Леонтьев

32. Абай Орыс əдебиетінің классиктерінен кімдерді оқиды: Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Салтыков-Щедрин, Толстой, Белинский, Герцен, Добролюбов, Чернышевский.

33. Еуропаның ақындары мен ғалымдарынан кімдерді оқиды: Сократ, Платон, Аристотель, Байрон, Гете, А. Дюма, Льюис, Дарвин, Дрепер. т. б.

34. Абайдың өлеңдерінің жүйелі, ақындық үлгіде жазылуы қай жылдан басталады: 1882 ж

35. Абайдың 1882 жылы жазған өлеңі: "Қансонарда бүркітші шығады аңға", "Бородино"(Лермонтовтан аударған)

36. Абай 80-жылдардың орта кезіне дейін өлеңдерін кімнің атынан таратып жүреді: өз замандасы Көкпай

37. Абай қай жылдан бастап өлеңдерін өз атынан шығарады: 1886 ж

38. Абайдың өлеңдері Омбыда қандай газеттерде шыққан: "Дала уалаяты" мен "Серке"

40. 1886 жылы жазда Абай аулының ең өрістеп, жазда орнықпақ болған жайлауы: Бақанас өзенінің бойы, Көпбейіт жері

41. Абай аулына қонақ болған доктор: Долгополов

42. Абай жаз мезгілінде елдің жайлауға көшіп, қонып жатқан ауылды көріп "Осы суретті өлең қыл", -деп кімге айтады: Көкпайға

43. Абайдың ең алғаш өз атынан шығарған өлеңі : "Жаздыгүн шілде болғанда"

44. Абай шығарған өлеңдерін өзінің атына алу үшін Көкпайға не дейді: "Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзім алайын"

45. Абайдың ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы сөзі неге арналады: мəдениет пен білімнің маңызын насихаттауға

45. Абайдың 1885жылы жазған өлеңі: "Жасымда ғылым бар деп ескермедім"

46. Абай "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" өлеңінде не туралы айтады: ең алдымен, жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкінеді. Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады.

47. Абай "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" өлеңінде нені мінеп, сынайды: "Қызмет қылсын, шен алсын" деген халық мүддесіне жат тəрбиені.

48. « Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Пайдасын көре тұра тексермедім

Ержеткен соң түспеді уысыма

Қолымды мезгілінен кеш сермедім» - үзінді авторы мен өлең аты: А. Құнанбаев "Жасымда ғылым бар деп ескермедім"

49. Абайдың 1886 жылы жазған өлеңдері: "Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр"

50. Абайдың бүкіл өлең бойында қайталап айта отыратын сөзі жəне себебі: "ғылым", адам бойындағы қазынаның үлкені жəне əрбір жігерлі жастың арманы-ғалым болуы керектігін түсіндіреді.

51. Ғылым таппай мақтанба

Орын таппай баптанба

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге . . . үзінді авторы мен өлең аты: А. Құнанбаев "Ғылым таппай мақтанба"

52. Надандарға бой берме

Шын сөзбенен өлсеңіз

Надандықпен кім айтса

Ондай түпсіз сөзге ерме…-деген жолдарда Абай не туралы айтып отыр: ғылым үйренетін жастың қараңғы, надан қауымнан өзгеше болуын қалайды.

53. Абайдың жастарды білімге шақыратын, сыншылдық басым өлеңі: «Интернатта оқып жүр»

54. Абайдың патшалық ел билей жүйесін, оқыту тәртібін сынға алған өлеңі: «Интернатта оқып жүр»

55. Абайдың «Интернатта оқып жүр» өлеңінен алынған үзінді жолдар:

«Орыс тілі, жазуы

Білсем деген таласы

Прошение жазуға

Тырысар, келсе шамасы.

Ынсапсызға не керек,

Істің ақ пен қарасы.

Нан таппаймыз демейді.

Бүлінсе елдің арасы,

. . . Аз білгенін көпсінсе,

Көп қазаққа епсінсе,

Кімге тиер панасы?»

53. Озық мəдениет пен ғылымды, білімді игерген жаңа адамның бейнесін Абай қандай өлеңдерінде жасайды: өз ұлы Əбдірахман өліміне байланысты жазған өлеңдерінде

54. Абай ұлы Əбдірахманды қалай бағалайды: "Ғылым оқып білгенше, тыныштық, тыным таппаған, дүниені кезіп көргенше, рақат іздеп жатпаған", Əбдірахманды "жаңа жылдың басы" санайды. Оның бойындағы адалдықты, қарапайым мінезді басқа жастарға үлгі етеді. Оның "аз өмірін ұзартқан" ғылым деп ұғады ("Көргені мен білгені жүзге келген шалдан көп")

55. Абай халықты жүдетіп, шаршатып отырған ұнамсыз əрекет-мінездерді, халықтың ішкі сырын жеткізуде қандай қырымен танылады: психолог ақын ретінде

56. Абай заманы мен өзі өмір сүріп отырған ортаның кемшілік-қайшылықтарын қалай сынайды: өткір жəне əділ

57. Абайдың өз халқының басындағы қайғы-мұңды көріп дерттеніп, сол кездегі халіне қиналып шығарған өлеңі: " Қалың елім, қазағым, қайран жұртым"

58. Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын ? - деген жолда Абай не туралы айтып отыр: ел ішіндегі адагершілік жағынан да, мінез-құлық жағынан да татымсыз топты бөліп көрсетеді.

59. Абай қай өлеңінде елдің сорына біткен неше түрлі қу мен сұм адамдардың жиренішті кейпін жасайды: "Сабырсыз, арсыз, еріншек"

60. . . . Бір-ақ секіріп шығам деп

Бір-ақ ырғып түсем деп

Мертігеді жатады

Ұрлықпен мал табам деп

Егессе ауыл шабам деп

Сөйтіп Құдай атады- Абайдың қай өлеңінен үзінді: "Сабырсыз, арсыз, еріншек"

61. Абай ел бұзатын тентектерді "пысықтар" деп атайды. Сол пысықтың типін даралайтын өлең жолдары: Пысық деген ат шықты

Бір сөз үшін жау болып

Бір күн үшін дос болып

Жүз құбылған салт шықты.

Пысық кім деп сұрасаң

Қалаға шапса демалмай

Өтірік арыз көп берсе

Көргендерден ұялмай…

62. Абайдың сыншылдық үлгіде жазылған өлеңдері: "Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да", "Адасқанның алды жөн, арты соқпақ"

63. Абай "Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да" өлеңінде не туралы айтады: ел ішінде өріс алған алдамшылықты, аяр мінезді шенейді. Өнегелі іс қумай, пайда қуған байлар мен саудагерлердің, бектер мен құда-тамырдың əрқилы бейнелерін жасайды.

64. Абай "Адасқанның алды жөн, арты соқпақ" өлеңінде не туарлы айтады: ел ішіндегі еңбексіз өмір кешетін жалқаулар мен шаруаға қыры жоқ, ел қыдырғыш адамдардың күлкілі портреттерін жасайды.

65. Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ

Бəрі де шаруаға келеді олақ

Олардың ойында жоқ малын бақпақ

Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ-Абайдың қай өлеңінен үзінді: "Адасқанның алды жөн, арты соқпақ"

66. Абай "Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат" өлеңінде не туралы айтады: тіршілікте өзі көрген, халық тəжірибесі танытқан шындықты айта отырып, жастарды шын адамгершілік жолына, қиянатсыз адал достыққа үгіттейді. Оларды жалған татулық, бояма мінездерден сақтандырады.

67. Кемді күн қызық дəурен тату өткіз

Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз

Күншіліксіз тату бол шын көңілмен

Қиянатшыл болмақты естен кеткіз-Абайдың қай өлеңінен үзінді: "Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат"

68. Абайдың жас ұрпақты ескі тəрбиенің кертартпа жағынан жирендіріп, жаңа өнеге ұсынатын өлеңдері: "Өкінішті көп өмір кеткен өтіп", "Кейде есер көңіл құрғырың"

69. "Өкінішті көп өмір кеткен өтіп", "Кейде есер көңіл құрғырың" өлеңдерінің лирикалық кейіпкері: шын достық пен махаббатын таппай күйзелген жан.

70. Махаббатсыз дүние бос

Хайуанға оны қосыңдар

Пайда, мақтан - бəрі тұл

Доссыз ауыз тұшымас - деген жолда Абай жас ұрпақты үгіттейді: өзі аңсаған достыққа, махаббатқа

71. Абайды ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты жайлы жаңа көзқарасқа алып келген: 19 ғасырдағы орыс əдебиетін жəне оның халықтың негізін терең зерттеу.

72. Абай сөз өнерін үлкен қоғамдық күш, əлеуметтік тартыстың құралы деп танып, өлеңге қойылатын көркемдіктің жаңа шарттарын белгілеген өлеңі: "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы"

73. Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы - өлең авторы, аты: А. Құнанбаев "Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы"

74. Абай өлеңнің түрі мен мазмұнына қойған талаптары: "Іші алтын, сырты күміс"болуы, "бөтен сөзбен былғамау"

75. Абай қазақ ортасында өлең қадірін кетіріп жүрген ақындарды сынаған өлең жолдары:

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,

Мақалдап айтады екен сөз қосарлап.

Ақындары ақылсыз, надан келіп,

Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.

76. Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,

Мақтау өлең айтыпты əркімге арнап.

Əр елден өлеңменен қайыр тілеп,

Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап - Абайдың қай өлеңінен үзінді: "Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы"

77. Ескі бише отырмын бос мақалдап

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап

Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел

Сендерге де келейін енді аяңдап - бұл жолдарда Абай не туралы айтып отыр: ақынның өлең сөздің мазмұнын өзгертумен байланысты тыңдаушыны да тəрбиелеу қажеттігіне назар аударады. Оларды халық тағдырын жырлайтын жаңа үлгідегі поэзияны түсінуге, бағалауға шақырады.

78. Абай ескі ақындар жырын тыңдауға үйреніп қалған ұғымды сынаған өлең жолдары:

Батырды айтсам, ел шауып алған талап

Қызды айтсам, қызықты айтсам, қыздырмалап . . .

79. Абайдың қоғам мен адам өміріндегі поэзияның орны жəне қызметі жайындағы ойын білдірген өлеңі: "Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол"

80. Абайдың 1888 жылы жазған өлеңі: "Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол"

81. Туғанда дүние есігін ашады өлең

Өлеңмен жыр қойнына кірер денең

Өмірдегі қызығың бəрі өлеңмен

Ойласаңшы бос қақпай елең-селең - Абайдың қай өлеңінен үзінді: "Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол"

82. Абайдың өз əріптестеріне жаңа талап қойып, ел мұңына жақын болуын, халық алдында өзінің де, сөзінің де қадірін кетірмеуін тійлетін өлең жолдары:

Сый дəметпе, берсе алма еш адамнан

Нең кериеді жжақсы өлең сөз айтқаннан

Сүйінерлік адамды сүй, қызмет қыл

Аулақ боп əнін сатып нəрсе алғаннан.

83. Абайдың өлеңнің ермек емес, өнер екенін баса айтып, өз өнерін халық мүддесіне жұмсауын мақсат еткенін ашып айтатын өлеңі: "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін"

84. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Жоқ барды ертегіні термек үшін

Көкірегі сезімді тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермекк үшін-өлең авторы: Абай Құнанбаев

85. Өлеңі бар, өнерлі інім сізге

Жалынамын мұндай сөз айтпа бізге

Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ

Есіл өнер қор болып кетер түзге- деген жолда Абай не туралв айтып отыр: Жас буын ақындарға өлеңнің мазмұнына қатысы жоқ сөзуарлықты, "əсіресе қызыл теңеу", жалған қызықшылықты суреттеме деа тілек артады.

86. «Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

Думан-сауық ойда жоқ, әуел баста-ақ» - үзінді авторы: Абай Құнанбаев

86. Абайдың қазақ əдебиетіне əкелген үлкен жаңалығы: қазақ ортасындағы өлең сөздің маңызын көтеруге күш салады. Жаңа сөзге лайық жаңа оқушы, тыңдаушы тəрбиелемек болады.

87. Абай кімдердің идеясына сүйене отырып, ақын қазақ ортасындағы өлең сөздің маңызын көтеруге күш салады? Белинский, Чернышевский

87. Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған тағы бір үлгісі: табиғат лирикасы.

88. Абайдың жылдың төрт мезгілі жайлы өлеңдері қай жылдар аралығында жазылған: 1886-1890ж

89. Абайдың табиғат тақырыбында жазған тұңғыш өлеңі: "Жаз"

90. Абайдың табиғат лирикасы, əсіресе жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері қалай жазылған: Күшті ақындықпен, зор мəдениетпен жазылған аса сұлу, сырлы жырлар.

91. Абай жыл мезгілдерін сипаттау барысында əртүрлі ақындық бояу арқылы оқушының көз алдына қандай табиғат көріністерін сипаттайды: жайқалған гүл"бəйшешекті", "көгорай шалғыны" мен "күркіреген өзені", тамылжып тұрған "шыбынсыз жаз", ақ кірпік бораны мен үскірік аязы бар қыс, аспанын бұлт торлап, сарғыш даласын шық басқан, сұрғылт күз.

92. Абай əр өлеңінде əуелі нені суреттейді: табиғат көріністерін суреттейді, ізінше қазақ ауылынының тірлік-кəсібіне, шаруа-жайыеа көшеді.

92. «Жаздыкүн шілде болғанда,

Көкорай-шалғын, бәйшешек,

Ұзарып, өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда» - авторы: Абай Құнанбаев

93. Абайдың "Жаз" өлеңіндегі көріністер: Жаз мезгілінде күркіреп жатқан өзеннің көгорай шалғын жағасына көшіп барып, қонып жатқан ауыл, ақ білегін сыбанып, үй тіккен қыз келіншектер, өзен шетінде шыбындап, бөгелектеп тұрған құлын-тайлы жылқылар.

94. Абайдың "Қыс" өлеңіндегі көріністер: Қыс мезгілінде шидем мен тондарын қабаттап киіп, оранып алса да, долы боранға"бет қарауға шыдамай, сырт айналып", тағы да мал соңында қар жамалып, мұз жастанған жылқышылар, титығы құрыған тайлар мен жабағыларға ауыз салуға аран ашып жүрген аш қасқырлар.

95. " Абайдың табиғат лирикасы, əсіресе жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері-күшті ақындық шщеберлікпе, зор мəдениетпен жазылған аса сұлу, сырлы жырлар…"-пікір авторы:

Зейнолла Қабдолов

96. Абай Құнанбевтың "Қыс"өлеңінен үзінді:

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды

Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық.

Басқан жері сықырлап келіп қалды(жалғастыр)

97. Абайдың "Қыс" өлеңідегі "ұшпа" сөзінің мағынасы: жеке шоқ бұлт

98. Абайдың 1889жылы жазған, күз мезгіліне арнаған екі өлеңі : "Күз", "Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі-ай"

99. Абайдың 1890жылы жазған, қыстан қысылып шыққан ел қуанышына ортақтасу сезімін жеткізген өлеңі: "Жазғытұры"

100. Қырдағы ел ойдағы елмен араласып

Күлімдесіп көрісіп құшақтасып

Шаруа қуған жастардың мойын босап

Сыбырласып сырласып мауқын басып-Абайдың қай өлеңінен үзінді: "Жазғытұры"

101. Абайдың табиғатты сырттай тамашаламай, өлең кейіпкерінің көңіл күйімен, ішкі сезімімен табыстыра, ұштастыра суреттеген өлеңдері: "Желсіз түнде жарық ай", "Көлеңке басын ұзартып"

102. Абай "Көлеңке басын ұзартып" өлеңінде нені суреттейді: кешкі табиғаттың сұрғылт суреті ақын көңілінің күңгірт бейнесімен шебер астасады.

103. « Күңгірт көңілім сырласар

Сұрғылт тартқан бейуаққа

Төмен қарап мұңдасар

Ой жіберіп əр жаққа» - Абайдың қай өлеңінен үзінді: "Көлеңке басын ұзартып"

104. Абай өз басының шарасыз күйін, іске аспаған ойларын неге теңейді: адасқан күшікке, "адасқан күшік секілді, ұлып жұртқа қайтқан ой"

105. " Ақын неғұрлым данышпан болса, соғұрлым табиғатпен терең араласып, оны құшағына тұтас қамтып алады. Сөйтіп бізге табиғатты барынша байланыстыра көрсетеді"-пікір авторы: В. Белинский

106. Абайдың өз заманының ұнамсыз, сорақы көріністерін дəл көрсетіп, өткір, ызалы күлкімен шенеп, ел билеушілердің типтік бейнесін жасаған өлеңдері: "Болым болдым, мінеки", "Мəз болады болысың"

107. Абай "Болым болдым, мінеки" өлеңін кімге арнаған: Күлембай болысқа

108. Болыс болдым мінеки

Бар малымды шығындап

Түйеде қом атта жал

Қалмады елге тығындап-деген жолда Абай айтып отырған астарлы ой: осылай болыс өзінің əкімдікке қол жеткізу жолын, сайлау кезіндегі психологиясын, өзінен үлкен басшылар алдындағы мүсəпір күйін, момын елге қоқырайған түрін, ел ішіндегі талас тартысқа көзқарасын əңгімелейді.

109. «Күштілерім сөз айтса

Бас изеймін шыбындап

Əлсіздің сөзін салғыртсып

Шала ұғамын қырындап-Абайдың қай өлеңінен үзінді: "Болыс болдым мінеки"

110. Абай "Болыс болдым мінеки" өлеңінде болыстың портретін кімге жасатады: өзіне

111. Абай "Болыс болдым мінеки" өлеңінде қандай көркемдік құралдарды пайдаланады: мысқыл, теңеу, эпитеттер, салыстырулар.

112. Абай "Мəз болады болысың"өлеңінде нені суреттейді: ар-ұятын оқалы тонға сатқан болыстың жұр жиіркенер қылықтарын тағы да өткір сынға алады.

113. Абайдың 1889 жылы заман, дəуір, оның адамдары жайлы ойтолғанысының жаңа бір көрінісі жəне мазмұнына түрі сай, аса көркемдік деңгейде жазылған шығармасы: "Сегіз аяқ"

114. Абайдың өзі əн шығарған өлеңі: "Сегіз аяқ"

115. "Сегіз аяқ" өлеңі қалай басталады: өз басының мұңын өлеңге шаққан ақын арнауынан.

116. Алыстан сермеп

Жүректі тербеп

Шымырлап бойға жиылған

Қиуадан шауып

Қисынын тауып

Тағыны жетіп қайырған - үзінді авторы, өлең аты: А. Құнанбаев "Сегіз аяқ"

117. Абай "Сегіз аяқ" өлеңінде "Толғауы тоқсан қызыл тіл", "өткірдің жүзі, кестенің бізі-өрнегін сендей сала алмас"-деген жолдарда нені бағалайды: əлеуметтік, эстетикалық өткірлік пен тапқырылықты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың қара сөздері мен өлеңдері
Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің педагогикалық сарыны
Абай өмірбаяны, шығармалары
Ұлылардың рухани үндестігі: Абай, Пушкин, Гёте
Абайтану ғылымы
Абай Құнанбаев туралы
Мұхтар Әуезов – абайтанушы
Абай Құнанбайұлының қысқаша өмірбаяны
Абай шығармашылығының рухани болмысы
Абайдың әдеби мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz