1995 - 1999 жылдар аралығындағы экономикалық тұрақтану негізінде еліміздегі әлеуметтік мәселелерді шешудегі шаралар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
1995-1999 жылдар аралығындағы экономикалық тұрақтану негізінде еліміздегі әлеуметтік мәселелерді шешудегі шаралар
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең - 1991-1992 жылдар, екінші кезең - 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең- 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осы 1995 жылдың желтоқсанынан батап Жекешелендіру туралы заң күшіне енді.Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Отандық өнекәсіптің көшбасшылары-ірі кәсіпорындар мен электроэнергетикасы мен мұнай өрекәсібі нысандары жекешелендірілді. Осылайша, 14,5 мыңнан астам мемлекеттік меншік нысандары жекешелендірілді. Бұл процесс елдің әрі қарайғы әлеуметтік-экономикалық дамуындажағымды ықпалы болды. Осылайша, Қазақсан экономикасы ырықтандырылған нарық жолына қадам басты.Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Осылайша, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды.
Елдегі әлеуметтік мәселелерді шешпестен бұрын, ішкі экономикалық тұрақтылық қажет болды, себебі мемлекет жас әрі инфляциядан, бүкіләлемдік дағдарыстан шығу жолының бірден бір шешімі жекешелендіру және саяси стратегияны жедел түрде қабылдау болды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономикалық стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай- газ секторында бұл-КазМұнайГаз, энергетикады-КЕГОК, телекоммуникацияда-Қазақтелеком , темір жолда- Қазақстан темір жолы. Жекешелендіру барысында кемшіліктер көбіне өнімнің шикізат бөлігінің көбісінің сыртқа тасымалдануы. Соның салдарынан 250 млрд. Теңгенің өнімі сыртка Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне сутегін кеткен болып шықты.[4.337]
Тәуелсіз Қазақстанды заманауи,тұрақты өркениетті мемлекет ретінде құрудың ұзақ мерзімді экономикалық және саяси стратегиясын әзірлеу жөніндегі Н.Ә.Назарбаевтың 1995 жылғы шешімі еді. Сәуір айында құрамына ғалымдар, мемлекеттік органдардың басшылары, сарапшылар кірген Жоғарғы экономикалық кеңес құрылды. Кеңес мүшелері 1996-1997 жылдары шетелдік жұмыс сарапшылары кезінде стратегиялық жоспарлау мен құрылымдық реформаның халықаралық озық тәжірибелерін зерттеді. Осылайша арнайы Агенттік жұмысқа кіріседі. Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының қолдауымен Гарвард университетіне қазақстандық мамандар семинарга барып,білімдерін арттырып, болашақ стратегияның негізі осылай қаланды. Қазір біздің республикада нарықтық экономиканың іргесі ғана қаланып қойған жоқ, сонымен қатар барлық қазақстандықтардың игілігі үшін ішкі ресурстары мен мол әлеуметтік экономикалық дамудың нақты нышандары қалыптасты. Оған дәлел ретіндегі әлемдегі ең күшті мемлекет - АҚШ тың Қазақстанға нарықтық экономикасы барел мәртебесін беру туралы шешімін ерекше атап көрсеткен жөн. Сөйтіп, Қазақстанның ТМД елдері арасында осы мәртебені бірінші болып алуы кездейсоқтық емес. Жер жүзіндегі қазіргі 182 елдің 15 мемлекеті нарықтық қарқынды даму жолын игерген, 156 ел нарықтық даму жолына түскен (соның бірі Қазақстан), тек 11 ел ғана-нарықтық қатынасқа әлі кірмеген.Қазақстан стратегиясы-2030 бағдарамасыосылайша төрт кезеңге жіктелді. 1997-2000 жылдар-дайындық кезеңі, 2000-2010 жылдар -бірінші кезең,2010 -2020 жылдар-екінші кезең, 2020-2030 жылдар-үшінші кезең.
1990 жылдардағы ұзаққа созылған дағдарыстан шыға бастағанда, мемлекет кірістері әлі мардымсыз еді. Қазақстан мұнайының экспорты 3,5 миллион тоннаны құрады, 1996 жылдары мұнайдың бір баррелі 19 доллар болатын, 1998 жылы тіпті 12 доллорга дейн түсіп кеткен кезі болды. Халық алдағы жеңістерді емес, күн көрудің өзі қиынға соққандығын ғана көрді..
1997 жылғы тамызда біз Стратегияның жасалып біткен мәтінімен тура мәреге шықтық-деп айқындайды Н.Назарбаев.[1.44]Ұзақ мерзімге бағыттарған жеті бағыт көрсетілді. Олар:Ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы, Шетел инвесторлары мен жинақталған ішкі қорларды жоғары деңгейде пайдалана отырып, ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу, Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі, және ал- ауқаты, энергетика ресурстары, инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс және кемелді мемлекет деп айтылған. (2030 жылға дейінгі Қазақстан Даму стратегиясынан, 1997 ж)[1.44]
Ендігі кезекте стратегияны жария ету, сондай-ақ халықтың алдыңда жүзеге асыру мәселесі тұрды. Біріншіден, оны қалай қабылдайды, жалпы қабылдай ма жок па оны ары қарай жүзеге асыру және екіншіден, қаншама еңбек сіңірілді, күш-жігер, идеялар жұмсалды. Стратегияның бірінші кезегін 1997 жылы 10 қазанда еліміздің Парламентінде Қазақстан халқына Жолдаумен шығарылды. Ол уақытта бүкіл әлем экономикалық даму жолында үлкен секіріс жасаған азиялық жолбарыстар Оңтүстік Корея, Тайвань, Сингапур,Малайзияның табыстарына қайран қалып жатқан еді, мен бейнелік қуаты солардан кем түспейтін теңеу тауып, елімізді қазақы ұғымға сәйкес, аспан мен таулардың қарлы шыңдарын мекендейтін текті, есті, қуатты, киелі тау барысына баладым-деп жазады Н.Н.Назарбаев өзінің Тәуелсіздік дәуірі кітабында. [2.112]
Стратегияны тез арада жүзеге асыру мақсатында бірсыпыра мәселелер айқындалды. Үкіметке 1998 жылға арнап сегіз нақты тапсырма берілді. Олар: 1. Зейнетақы, жәрдемақыны бюджеттк ұйымдарда толық және уақытылы төлеу. 2. Бір жыл ішінде аз қамсыздандырылған кемінде 30 мың азаматқа, бірінші кезекте ауылды жерлерде жұмыс орындарын құруға 3 жыл мерзімге 400 АҚШ долларына парапар шағын кредиттер беру. 3. Үстіміздегі жылдан бастап шағын және орта бизнесті дамытуға жұмыс орындарын құруға 100 млн АҚШ доллары сомасында кредиттер беру. 4. Мектептерді, ең алдымен ауылдық жерлерді компьютерлендіру, бұл мақсатқа 22 млн АҚШ долларын бөлу. 5. Шаруа және фермер қожалықтарына арналған кредиттердің кемінде 2,5 млр теңгеге арзандатылуын. 6. Салауатты өмір салты жолындағы қоғамдық жұмыстарды бастау. 7. Осы мақсатқа кемінде 40 млн АҚШ долларын бөле отырып тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру. 8. Балалардың мектепке түгелдей баруын қамтамассыз ету. (2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму Стратегиясынан, 1997 жыл.)
Қазақстанның алға қойған басты мақсаттарының бірі-халықтыәлеуметтік қамтамассыз ететін қоғам орнату. Осы орайда әрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік пен мүмкіндік туғызып, жоғары әлеуметтік мәртебеге жетуін қамтамассыз ету, зейнетақыны және жәрдемақыны арттыру.Әлеуметтік саладағы басты міндеттер:ұлттық байлықты көбейту, халықтың тұрмыс тіршілігі жөнінен дүние жүзіндегі озық дамыған елдермен арамыздағы артта қалушылық пен алшақтықты азайту, яғни технологиялықдамудағы және тұрмыс жағдайы деңгейіндегі айырмашылықты қысқарту. 1900 жылдары Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың қиын кезеңін басынан өткізген басқа да тәуелсіз елдердегідей, бала туудың азаюының жағымсыз үрдісі байқалады. Соның салдарынан елде қартаю белгілері біліне бастайды. Егер 1990 жылы 60 жастан асқан азаматтар саны халықтың 10 % құраса, 1995 жылы 12 % құрады. 1990 жылы бір зейнеткерге еңбекке қабілетті жастағы үш қазақстандық сәскес келсе, ал 1996 жылы бұл көрсеткіш екіге де жетпей калды. (1,8 прцент). 1990 жылдың ортасында зейнетақы жүйесінде іркіліс көп болды. Зейнетақы кешіктіріліп берілді. Тек 1995 жылдың өзінде зейнетақы көлемі ақшаның құнсыздануы себебінен үш рет қаралды, нәтижесінде зейнетақы екі есе өсті. 1997 жылдың қаңтарында елде 2,9 миллион зейнеткер болды. Бұл - барлық халық санының 17 %. Зейнетақының өсуі мен зейнеткерлер санының көбеюі мемлекеттік бюджетке қосымша салмақ түсірді. 1995 жылы зейнетақыға 46 млр теңге бөлінді, сонымен бірге зейнетақы бойынша берешектер көбейе береді.
Қалыптасқан экономикалық және демографиялық жаздайға байлынысты зейнетақы реформасын кейінге қалдыруға болмайтын еді. 1997 жылдың наурызында Үкімет Зейнетақы жүйесін реформалау тұжырымдамасын бекітіп, сол жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамассыз ету туралы заң қабылданды.
Зейнетақының маңызы сонда - біз таратушы зейнетақы жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көштік. Үлгі ретінде Чили моделі алынды. Себебі, 1924 жылы Чили Латын Америкасында ең бірінші болып қарт адамдарды, мүгедектерді сақтандыру мақсатында, сақтандырудың мемлекеттік жүйесін құраған болатын. Әрине кейінірек бұл жүйесі тиімді емес болып табылды, бірақ бұл мемлекет осы бағыттағы жұмыстарын тоқтатқан емес. Сондықтан Чили бірінші кезекте зейнетақы сақтандыру реформасы сәтті жүзеге асырылған мемлекет болып саналады. 1980 жылы Чилиде түпкілікті зейнетақы реформасы орын алған болатын. Бұл реформаның негізгі мақсаты Чилидің барлық азаматтарын толық әділ зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз ететін жеке еркіндікке негізделген жүйені қалыптастыру болып табылды. 1983 жылдан бастап бұл жүйе толық жүзеге аса бастады, сондай-ақ әлем елдерінің назарын өзіне аударған болатын. Сол себепті Қазақстан да 1998 жылы осы үлгіге сүйене отырып өзіміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастырдық.
Сондықтан ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бірінші болып жоспарлы түрде зейнетақымен қамтамассыз етудің жүйесіне өтуді бастады. Ынтымақтастық жүйеде зейнетақыны, әлеуметтік салықтың және республика бюджетінің басқадай түсімдерінің есебінен төлеуге негізделген болатын. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі қызметкер табысының 10% көлемінде зейнетақы жарналарының міндетті түрде аударылымдарынан және, сонымен бірге, ерікті түрдегі зейнетақылық аударылымдардан құралатын болды.
1997-1998 жылдары зейнетақы реформасын негізгі үш мекеме - Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (ЗТМО), жарналардың сақталуына мемлекет кепілдік беретін Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы коры (МЖЗҚ)және Ұлттық зейнетақы агенттігі жүргізді. Зейнетке шығу мерзімі ұзартылды. Ерлер-63 жастан, әйелдер -58 жастан зейнетке шығатын болды.
Осы диссертацияны жазу барысында архивтік зерттеулердің кейбір деректемелері бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баяндалған, ол кезде министр Н.Коржова болды,Ұлттық зейнетақы қорының 1997 жылғы маусым - қазан айларындағы зейнетақы және жәрдемақы саласы бойынша әлеуметтік қамтамассыздандыру есебінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың зейнетақы реформасының оң шешім екендігі, зейнетақы және жәрдемақы қорының кеңесшісі А.Г.Соловьеваның Чили моделін қолданғанын сөз етеді. Зейнетақы қорын жинақтау бастысы халықтың әлеуметтік қауіпсіздінінің далелі болмақ екендігіналға тартты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Каулысында Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін жақсарту жолдары есебі бойынша 1996 жылы 1,7 есе немесе 3283 теңгеге өсуін байқаған. Дегенмен инфляция ол кезде 24% құраған.[6. 3бет]
Зейнетақы реформасы кезінде бірқатар мәселелер де болды. Атап айтсақ: Экологиясы нашар аудандарда зейнетке шыққан зейнеткерлерге үстіне 20 % қосылатындығы, жұмыс орны бойынша ерте зейнетке шығуға мүмкіндік беретін мамандық салаларындағы жеңілдіктер өсімі.(Мына таблица бойынша қараңыз).
1990-10,6 пайыз; 1994-16,3 пайыз
1991-10,2 пайыз 1995-15,9 пайыз
1992-30,8 пайыз 1996-18,7 пайыз
1993-12,5пайыз 1997-18,2 пайыз,[6. 4 бет]
Зейнет жасына жетпей алдын-ала шыққан зейнеткерлердің көбеюі,олардың жұмыс орнын сақтауы, жұмысшылар мен зейнеткерлер арасындағы дисбаланс, жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі, халықтың ерте қартаю салдары т.б
Зейнетақымен қамтамассыз ету шығыстарының ұлғаюы 1991 жылы 9,5 млн болса 1997 жылы 108 млрд тенгеге жеткен.[6,6] Бала туудың азаюы, ерте қартею, жұмыссыздықтың көбеюі халықтың тұрмыс-тіршілігінің төмендеуәне акеледі. Қаржылық жағынан мемлекетте зейнеткерлер алдында карыз жиналып қалды. Нәтижесінде 1997 жылы Үкімет зейнеткерлер қарызын алтыға бөліп төлеу үшін 36 млрд теңгені маусымнан қалдырмай төлеуге қол қойды. Зейнетақы Қорының қаржылық салымдық сақтандырудың жалпы қарызы бүгінгі кунде (бүгінгі күннің статистикасы емес) 58,2 млрд теңгені құрайды. Осы соманың бүгінгі күнгі статистикасы 70-80% қаржылық салымға кірмейді. Сондықтан болар Қазақстан реформалар қабылдауды жөн көрді.
Еңбекақыны төлеу мәселелері Зейнетақы Қорының каржылық жағдайында еңбекақы төлемін төлеуді республикалық деңгейде шешу керектігін алға тартты.
Өткен он жылдың ішінде қабылданған және оның экономикалық жағдайына толық сәйкес келетін ең аз мөлшердегі үнемі өсіріп отыру және зейнетақыны инфляция деңгейіне қарай зейнетақының зиянын өтеу еңбек зейнетақысын саралауды тартылуға және зейнеткердің еңбек өтілі мен бұрынғы еңбек ақысына тәуелсіз, оларды теңестіруге алып келеді.
Экономикадағы бағаның төмендеуіне байланысты (1.01.1992 ж)еңбекақыны төлеу ең төменгі еңбекақы құнымен шектелді,1992-1994 ж 60 % көрсеткіштен 12 % тағы түсті. 1995 жылы 40% құрады. Ол дегеніміз дамыған елдерде 75% көрсеткіштің болғаны, дегенмен Қазақстан бағаның құнсыздануына қарамастан позицияны ұстап тұрды.
1996 жылы Зейнетақы реформасы тағы да толықтырулар мен жөндеуге ұшырады. Ол дегеніміз зейнеткерлік жастың ұлғаюы мен халықты әлеуметтік қорғау категориясы бойынша жүмысшылардың зейнет жасына жетпей алдын-ала зейнетке шығу мерзіін қысқартты. Педагогика және медицина саласының қызметкерлері бірінші кезекте болды.1996 жылы зейнет жасына қарай зейнетке шығу қарқыны 1995 жылға қарағанда 30% қысқарды. Бұл заң жоспары Парлемент депутаттары арасында қолдау таппады. Егер зейнетақыны осы деңгейде реформаны өзгертусіз қалдырғанда зейнетақы қорының мөлшерлемесі 2030 жылы 25 %-дан 40% өсіп кетуші еді. Ол дегеніміз халықтың ұлғаю жасына байланысты 2044 жылғы көрсеткіш болар еді.[6.5 бет] Зейнетақы реформасы осылайша жыл сайын өзгеріп толықтырулар енгізіліп отырды.
Алдында айтып кеткендей зейнетақы қоры банктердің жинақтаушы қорында сақталды, өз кезегінде банктер ел экономикасына қызмет етті. Халыққа белгілі бір Зейнетақы агенттігінің шарттары қойылды.
Аралас жүйеге байланысты зейнетақыны тек1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек өтілімі 6 айдан асқан Қазақстан тұрғынары ғана ала алатын болды. Зейнеткер жасы ерлерге 63 жас, әйелдерге 58 жасты құрады. Осылайша Зейнетақы Қоры өзгерістен өзгеріске ұшыраумен болды. Әйел адамдарға заңмен жеңілдіктер қарастырылды, мысалға 5 және одан да көп 8 жасқа толмаған балалары бар әйелдерге,1949-1963 жылдар аралығында Семей ядролық полигон аймағында дүниеге келген және өмір сүрген азаматтарға жеңілдіктер қарастырылды. Асыраушысы жоқ және жарымжан азаматтарға пенсиядан бөлек жәрдемақы қарастырылды. Осылайша зейнетақы реформасы халықтың қолдауына ие бола отырып, Қазақстанның нарықтық экономикады осы реформаның бірден бір дұрыс шешімі екені айқындалды. Ең бастысы мынада, мемлекет бұл ақшалардың қол сұғылмайтынына және олардың қауіпсіздігіне кепілдіік береді. Сондықтан да бұл ақшаларды инвестициялық мақсаттарда қолданғанда, көптеген нәрсені алдын-ала ойлыстырды, секьюритилендіру туралы заң жобасы қабылданды.Бұл борыштық бағалы қағаздар нарығының дамуына қолдау жасап, несиенің құнын төмендетті.
Мысалы алғашқы Қарлығаш-Шар Өскемен темір жолының алынуы, ақша осыны салуға жұмсалды. Мұнай жобаларына да, мемлекеттің кепіліндегі инфрақұрылымдарға да салуға жұмсалды. Сол сияқты тұрғын үй құрылысына да жұмсалды.
Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасында темір жолдың маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігі, жол жүретін адамдардың тең жарымы тиеді. Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамассыз ету және жүк тасу жөнінде Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Міне, осымен байланысты темір жол көлігіне тараптар жыл сайын өсіп отыр және оның басты міндеттері Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан стратегиясы-2030 бағдарламасында көрініс тапқан. Бұл мәселелеерді шешуде темір жол құрылымын жетілдіру ерекше орын алады. 1997 жылғы 31 қантарда Үкімет қаулысымен Алматы, Тың және Батыс Қазақстан темір жол бөлімдері біріктіріліп, республикалық мемлекеттік Қазақстан темір жолы кәсіпорыны құрылды. Ал 2002 жылы Қазақстан термір жолы компаниясы жабық акционерлік қоғамына айналдырылды. Қазақстан стратегиясы-2030 бағдарламасының талаптырына сай 1998 жылы мамыр айында алғаш рет Қазақстан тарихында Павлодар облысының Ақсу қаласы мен Шығыс Қазакстан облысындағы Конечная темір жол құрылысы басталып 2000 жылы желтоқсанда аяқталды.
Зейнетақы реформасын іске асыру қаржы ұйымдарының қызметін дамытуға мүмкіндік берді. Зейнетақы активтері, экономиканың нақты секторларына отандық ұйымдардың мемлекеттік емес бағалы қағаздары арқылы, ал екінші деңгейдегі банктердегі жинақтарға инвестиция жасау жолымен тартылған, олар өз тарапынан бұл ресурстарды Қазақстанның экономикасын несиелеуге пайдаланады. Тек 2006 жылдың 1 қаңтарында отандық ұйымдардың мемлекеттік емес бағалы қағаздары арқылы зейнетақы активтерін инвестициялау мен екінші деңгейдегі банктердегі салымдар көлемі 218,6 млрд теңгеге тең болды.[5.225]
Зейнетақы жинақтарын инвестициялау және ішкі инвестициялау қайта орала отырып, мынаны айқындағым келеді. Қаржы жүйесін реформалай отырып халықтың ақшасын экономика жұмыстарына тарта отырып, мемлекет сұр ақша проблемасына кездесті. [7,301] Бұл ақшалар, зейнетақы қорларының активтері сияқты, еліміздің эконоимкасын инвестициялаудың тағы бір қаржы көзіне айнала алар еді. Қазіргі іске асырылып отырған табыстарды заңдастру қадамдары, көлегейлі экономиканың пайда болуының себептерін шешуге және капиталдлың сыртқа кетуіне тосқауыл коюға жасалған талпыныс болды.Елде каржы амнистиясы жүргізілді. 1999 жылы көлегейлі айналымда жүрген ақша елге қайтарылу үшін жасалған заң жобалары іске қосылып эконмикамыз жаңа белестерге шығуға бет алды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда жүргізілген макроэкономикалық реформалар және олардың елдің экономикалық дамуына әсері
Көші - қонның шарықтау шегі
1991 – 2001 жылдардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы ақпарат
ҚР әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-құқықтық механизмі
Экономикалық өсу: факторлары, кезеңдері, ерекшеліктері
Қазіргі көші - қон процестерінің мәселелері
Халықтың көші - қоны
Жер шары бойынша халықтардың қоныстану ерекшеліктерінің негіздері мен халық санының өсу динамикасы
Н.Ә.Назарбаевтың ішкі саяси тұрақтылықты және қазақстандық қоғамды нығайту бойынша бастамалары
Қазақстан Республикасы саяси жүйесіндегі өзгерістер
Пәндер