Қоғамның мәдени дамуындағы жаңа бетбұрыстар
2.2Қоғамның мәдени дамуындағы жаңа бетбұрыстар.
Қазақстан 1996 жылдан бастап бірінші рет 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі мерекесі ретінде атап өте бастады. Бұрынғы Достық күні жаңа қазақстандық дәстүрлі модернизациядан яғни жаңалану форматында өтетін болды. Көптеген мәдени жаңғырулардың нәтижелендіру кезеңіне көштік.
1997 жылы жалпыұлттық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды. 1930-1932 жылдардағы ұлы қасіреттің 65 жылдығы және сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлттық зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997 жылы 13 желтоқсанда Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашылды.[14.1]
Қазақстанның ұлтаралық келісімін күшейте отырып елімізде мәдени топтардың араласу саясаты мәдени дамуда маңызды рөл атқарды. Қазақстан полиэтностық мемлекет, сол себепті мәдениет те аралас. Біріншіден, өзге этностарды бірге дамыта отырып қазақстанның мәдениетін палалельді дамыту, екіншіден, теңдес тірілген тілдік саясат, үшіншіден, зайырлы мемлекет қағидаларын ұстану, төртіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясын қолдау.
Қазақстан жаһандық мемлекет болуға жұмыс жасады. Оның негізгі дәлелі Қазақстан -2030 стратегиясы. Мақасат, міндеттер көрсетіп отырғандай білім беру жүйесінің даму үрдісі 1997 жылдары жаңа кезеңге шықты. Мемлекет өз бойының дамуында ең басты міндеті - жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің көкейтесті және кең өрісті талаптарына сәйкес келетін, әрбір азаматтың толыққанды сапалы білім алуына тең мүмкіндікті қамтамассыз ету.
Білім беру жүйесі кеңестік білім беру стандартында дамыды, қаржылық қиындыққа қарамастан, мемлекет барлық қазақстандықтардың тегін орта білім алуына кепілдік берді. Бұл ретте ақылы оқуға негізделген жекеменшік мектептердің ашылуына жағдай жасалды. 1994 жылы бүкіл елде небәрі 18 осындай мектеп болды, оларда тек 1 мың адам білім алды. Төрт жылдан кейін мектептер саны он есе артты, ал оқушылар саны 18 мыңнан асып түсті.
Заманауи ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы орта білім беру жүйесін модернизациялық жаңартудан өткізді. 1997 жылдан бастап оқушылар компьютерлік сауаттылықты меңгеруге қол жеткізді. 1998 жылы мектептерді компьютерлендіру мен біріңғай білім беру ақпараттық ортасын дамытуға жауапты арнайы ғылыми әдістемелік орталық құрды. Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер, сондай-ақ дарынды балаларға мектептен тыс білім беретін оқу орынддары көбейе түсті. 1996 жылдан бастап мұндай мектептерге бюджеттен қосымша қаражат бөлініп тұрды. Кәдімгі мектептердің орнына гимназиялар мен лицейлер құрылды. Деректер бойынша (1996 жылы республикада 122 гимназия және 96 лицей, 1999 жылы -131 және 104 гимназия мен лицей жұмыс істеді). Әлемдік білім беру стандарттарына сай, бірлескен оқу орындары желісі қалыптаса бастады. 1996 жылы елде қазақ, түрік және ағылшын тілдерінде білім беретін 28 қазақ-түрік лицейі жұмыс істеді.
Елді жерлерден дарынды балаларды іздеп табу, олардың қабілеттерін дамытуға жағдай жасау - ел болашағын ойлаудан туған игілікті қадамдар. Мемлекеттік маңызы бар бұл міндетті шешу жүйелі іс-қимылды талап етті. 1998 жылы республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарын өткізумен айналысатын республикалық ғылыми-тәжірибелік Дарын орталығы ашылды.
Прпезидент Н.Ә.Назарбаев білім беру мәселесін өзінің басты назарында ұстауға және азаматтардың, бірінші кезекте, жас буынның жаңа білім мен жаңа дағдыларды меңгеруін қамтамассыз етуге, білім деңгейін арттыруға барлық мүмкіндіктерді жасады. Жасыратыны жоқ, көп пайда түсірмейтін, сол себепті коммерциялық құрылымдардың қызығушылығын тудырмайтын салаларда ауқымды жобалар жасалынып, дамыту үшін билік басындағы адамдардың ықпалы керек болады. Президент лауазымы осындай мүмкіндіктерді жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер туғызды. Білім беру саласы, өкінішке қарай, осы салаға жатады, себебі ұзақ мерзімді салымдарды талап еткенімен, елеулі коммерциялық пайдаға жол ашпады. Сондықтан да Білім беру қоры құрылып оған Президенттің өз аты берілді. Халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа білім беру үлгісіне көшуді көздейтін бұл қор 1998 жылдың желтоқсанында құрылып, Мирас инновациялық мектептері мен балабақшалары ашылды.
Елдің беделін қорғап, отандық ғылымның болашағына деген сенімді нығайтқан балалардың талабын қолдап, білімін одан ары дамуту мақсатымен мемлекет тарапынан білім беру саласына үсті-үстіне қолдау көрсетті.
Президент Н.Ә.Назарбаев өз тарапынан мектеп жасындағы балаларды толықтай өз бақылауына алып отырды, 1998-1999 жылдары дағдарыс кезінде оқуын тастап кеткен 26 мыңнан астам бала мектепке қайтарылды. Мемлекеттік қаражат есебінен 182 орта білім беру ұйымдары , оның ішінде 46 жалпы білім беретін мектеп, 23 интернат, 6 кәсіби-техникалық мектеп қалпына келтірілді.
Мемлекеттің жаңа мектеп оқулықтары болмады, осыған байланысты Үкімет арнайы бағдарлама қабылдады. Бағдарлама аясында 60 авторлық ұжым орта мектепке арналған оқулықтар жазуға кірісті. 1999 жылы 1-2 сынып оқушыларына алғашқы оқулықтар қазақ және орыс тілінде шығарылды. Оқу озаттарына Алтын белгі медалі тапсырылды. 1996 жылы қаңтарда Білім туралы заңға толықтырулар енгізілді. Білім беру жүйесін төрт деңгейге бөлді, ол- мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, міндетті орта, жоғары және кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім. 1999 жылы Қазақстандап 8,1 мың мектеп жұмыс істеді, мұнда 3,1 миллион бала білім алды. 1990 жылдардың соңында бастапқы кәсіптік-техникалық мектептер мен колледждердің саны төрт жүзден асты. Жаңа экономика талабына сәйкес кәсіп түрлері көбейді. Жеке сервисті ұйымдастырушы, кәсіпкер, фермер-жалгер, ЭВМ операторы мамандықтарына дайындау басталды.
Қазақстанның орта білім беру жүйесі бірте-бірте 1990-шы жылдардығы дағдарысты жеңді және туындаған мүмкіндіктерді пайдалана отырып, дамудың жаңа деңгейіне көтерілді.1996 жылы үшжүзден астам мамандықты қамтитын Жоғарғы білім берудің жаңа жіктеуіші бекіді.
Халықаралық байланыстар нығайып, ынтымақтастық туралы келісім-шарттар жасалды. Сол жылдары Жоғарғы мектептің халықаралық ғылым ақадемиясының рөлі елеулі болды. Оқу жоспарларына және бағдарламаларына тәжірибелер жүргізілді. Білім беру үрдісінің әртүрлі - блоктық, рейтингтік, модульдік, кредиттік нысандары қолданылды. Бакалавриаттың енуімен бес жылдық оқу төртжылдық болып ауыстырылды. Жоғарғы оқу орындарынынң арасында талапкер, студенттер үшін магистратурыа, аспирантура, диссертациялық кеңестерді ашу үшін бәсекелестік басталды.
Меклекеттік тегін оқу орындарымен қоса ақылы жекеменшік оқу орындары да пайда болды. Егер 1995 жылы мемлекеттік емес жоғарғы оқу орындары санының 30 пайызы болса, 1998 жылы олардың үлесі 53 пайыз болды. Халықаралық үлгілерге бағытталған жаңа университеттер ашылды. 1996 жылы Алматыда (Қаскелең қаласы) С.Демирел атындағы жеке мәртебесі бар университет ашылды. 1999 жылы жеке бастама бойынша Алматыда Қазақстан-Неміс университеті ашылды.
Сонымен қатар 1996 жылы мамандандырылған академиялар, Алматыда СІМ дипломатиялық академиясы , Ақмола облысында Салық полициясы академиясы (1999 жылы) жұмыс істей бастады.
1998 жылы Алматыда Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінің және Біліктілікті арттыру институтының базасында Қазақстан Республикасы Президентіне қарасты Мемлекеттік қызмет академиясы құрылды. 1998 жылы жоғары оқу орындарында 250 мың студент (33 пайызы-қазақ тілінде, 67 пайызы -орыс тілінде), соның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен -164 мың адам білім алды. Алайда, көптеген білім ордалары, әсіресе жекеменшік жоғарғы оқу орындары тек жекелеген мамандық иелерін - экономист, заңгер, дайындауды жүзеге асырды. Бұл арада елдің нақты қажеттіліктері ескерілмеді.
1999 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс негізінде білім беру гранттары мен кредиттерді конкурстық жолмен ұсынылатын студенттер контингені қалыптаса бастады. Біріңғай тестілеуді жүргізі үшін Республикалық тестілеу орталығы құрылды. 1999 жылы 52 мемлекеттік жоғарғы оқу орнына жаңа ережелер бойынша 7 мыңнан астам талапкер түсті.
Білім беру саласындағы қарқынды реформа Қазақстанның жоғарғы білім беруді үйлесімге келтірудің еуропалық үдірісі- Болонья процесіне қосылуына алғышарттар туғызды. Осылайша, қазақстан жоғарғы білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және мамандар даярлауды жас мемлекеттің нақты экономикалық қажеттіліктеріне бейімдеуді бұрынғыдан да жақсартуға бағыт алды.
Бұл кезең, бір жағынан осы саланы түпкілікті либералдандыру , екінші жағынан, білім берудің барлық сатысында оқыту сапасын жақсарту, отандық жоғары оқу орындарын әлемдік стандарттарға сәйкес тарту сияқты ерекшеліктермен сипатталады.
1990-шы жылдардың екінші жартысындағы экономикалық қиындықтар мен бюджеттің мүмкіндігі шектеулі болуына қарамастан, мемлекет отандық ғылымға қолдау көрсетуге, оны дағдарыстан алып шығып, жаңа деңгейге көтеруге ұмтылды. 1996 жылдың наурыз айында қабылданған Жарлық бойынша Ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдар академиясы мен Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі Үкіметтің құрамындағы орталық атқарушы органға - Ғылым ақадемиясына бірікті. Ғылыми-техникалық даму мәселелері бойынша кеңейтілген республикалық кеңесте ғалымдардың пікірінше, жаңа нарықтық жағдайларға ең сай келгені-ғылымды қаржыландырудың бағдарламалық нысаналық әдісі болды. Бюджет ақшасынан үміткер жобалар халықаралық ғылыми қоғамдастықтағы көпшілік мақұлдаған нысандар бойынша мемлекеттік сараптамадан өткізіле бастады. Сонымен бірге, ғылыми талдамаларды басқа елдерге сату және халықаралық гранттар сияқты басқа да сыртқы қаржыландыру көздері болды. 1996 жылы, осылайша, ғылым саласына 12 миллион доллардай қосымша қаржы тартылды.
1996 жылы маусым айында республикалық Ғылым академиясы өзінің 50 жылдығын атап өтті. Президент Н.Ә.Назарбаев Ғылым академиясына үлкен жауапкершілік артқанын - оны батыл ойлар генераторы болып, инновациялық жобаларды әзірлеуде жетекші рөл ойнауға міндеттейтінін ерекше атап өткен болатын. Өкінішке қарай, Академия бұл міндеттерді орындай алмады және көп ұзамай барлық ғылыми саланы қайта ұйымдастыру керектігі белгілі болды. 1999 жылы академиялық институттардың барлығы Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінің қол астында қалып, Ғылым академиясының құрамынан шығарылды. Академияның өзі ғалымдардың қоғамдық бірлестігі болып қайта құрылды.
Жалпы алғанда, 1990-шы жылдардың соңында қазақстандық ғылым аса қанағаттанғысыз жағдайда болып қала берді. 1998 жылға қарай ғылыми мекемелердің штаттраы үш есе дерлік, республикалық бюджеттің ғылыми талдамаларға жұмсалған шығындары алты еседен астам қысқарды. Осыған байланысты қазақстандық ғалымдар патенттейтін өнертабыстар, сондай-ақ олардың, әсіресе шетелдік басылымдардағы ғылыми жарияланымдарының саны күрт азайды.
Ғылыми ұйымдардың саны 350-ге дейін өскеніне, сонымен бірге, бес Ұлттық ғылыми орталықтың құрылғанына қарамастан, ғылым саласындағы жағдай сол кезеңде айтарлықтай өзгерген жоқ.
Дәл осы кезеңде ғылыми жүйені сол уақыттың экономикалық талаптырына сәйкес жаңғырту жүргізілді. Ғылымды жүйелі дамыту мен оны тиісті нормативтік, кадрлық, инфрақұрылымдық және қаржылық тұрғыда қамтамассыз ету үшін база құрылды.
Мемлекеттің мәдени саясаты 1996 жылдың желтоқсанында Мәдениет туралы заң қабылданған соң, бірізді жүйеге түсті. Бұл құжат республиканың барлық этностарына мәдени құндылықтарды жасап, тарату, сондай-ақ өзінің тарихи және мәдени мұрасын қорғау үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктер берді.
1990 жылдардың екінші жартысында қоғамымыздағы барша қазақстандықтар бір экономикалық немесе саяси кеңістікте ғана емес, сонымен бірге, бір ғана мәдени кеңістікте тұрғанын терең түсіне бастады. Біз- кеңес дәуірінен кейінгі адамдар ғана емес, сондай-ақ жаңа мәдени модернизацияланған қауымдастықты құрушылармыз.
Жалпыұлттық бірлік үшін Қазақстанның барлық этностарынының қазақ мәдениетін танып-білуі ерекше маңызды. Қазақстанның тамыры терең бай мәдени дәстүрі Қазақстандағы басқа этностық топ өкілдері үшін алі де ашылмаған құпия болып келеді. Құрманғазының сырлы күйлері , Мағжанның керемет лирикасы, Мұхтар Әуезовтың эпикалық прозасы, Шоқан Уалиханов ашқан таңқаларлық жаңалықтар, Абайдың пәлсапалық ой - толғаулары осынау рухани байлықпен сусындаған әрбір адамның ішкі дүниесін байытатын сырлы әлем! Қазақ мәдениетінің осындай бай мұрасының тереңіне үңіліп, сырын түсінбейінше халықтың жанын түсіну мүмкін емес. Мұндай байлықтан, бұл өзге тілдің мүддесіне нұқсан келтіреді деген шындыққа жанаспайтын сылтаумен бас тарту-мәдени үдірістің табиғатын түсінбеу деген сөз. Мәдени игіліктің материалдық игіліктен айырмашылығы неде? Мәдениет бастауынан сусындаушылар неғұрлым көп болған сайын, қайнар бұлақтың көзі де ашылып, молая түспек. Қазақ тілі мен мәдениетін танып-біліп, үйренем деушілер де сол қайнар бұлаққа ықыласпен бас қояр болса, тұтастығысыз нығая бермек.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың гуманитарлық салаға айрықша мән беруінің өзі бірнеше үлкен жайға парасат пайыммен қарауы, ішкі саясаттың осы негізде құрылып нығаюының нық сенімі. Біріншіден, Қазақстан этномәдени сан алуанығына көңіл бөлген жөн. Бұл мемлекеттің рухани дамуындағы серпін берер артықшылығымыз. Екіншіден, қазақ мәдениетінң барлық этностары біріктіре алатын үлкен әлеуетін пайдаланып, мол қазынасын таныта білу және заман талабына сай дамыту арқылы рухани бір арнада тоғысуы. Үшіншіден, Қазақстандағы барлық ұлттардың мәдениеті бір-бірімен тығыз байланысты әрі бір-бірінен ажырамайтын мәдениет. Қазақстанның мәдени кеңістігінде түрлі этномәдениеттер қатарласа өріліп, бір-бірін толықтырып, дамып келеді.
1999 жылдың сәуір айында белгілі қазақ жазушысы Медеу Сәрсеке мен Президент Н.Ә.Назарбаевтың ортақ әңгімесінде осы тарихи естеліктің ұлттық өзіндік сана-сезіміндегі ерекше орны және елдің болашағы мен өткенінің арасындағы ажырамас байланыс туралы ойларын айқын көрсеткен. Өзіндік бай тарихы, тілі, діні бар халық, өткенін бүгінгіден бөліп қаралмайды. Ол болашақта шығар биіктер мен алар асуларды айқын көре білді. Тарихымызда ұлт мақтаныштыры, ұрпаққа үлгі кемеңгер бабаларымыз көп. Сондықтан да, халықтың тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді терең зерделеуге ерекше назар аударылды.
Қазіргі заманның өз бойына әлеуметтік жадымен сипатталатын өткен шақты да, болашақты бағдарлаумен түсіндірілетін келер шақты да енгізетін осы шақты білдіретіні санаға сіңді. Қазіргі әлемде қалыптасқан әлеуметтік-мәдени ахуал, адамның ментальдық болмысының дамуындағы қайшылықтар, рухани дамудағы келеңсіз құбылыстар, сондай-ақ жаhандық қаржылық, экономикалық дағдарыстың астарынан қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтыған рухани тоқыраудың бой көрсетуі - осы үдерістердің барлығы адамзат дамуының келешегін болжауға қатысты ғана емес, оның тарихына, тарихи санасы мен тарихи құндылықтарына қатысты да зерттеулерге деген қызығушылықты тудырады. Бүгінгі жағдай қоғамдық деңгейдегі болсын немесе жеке тұлғалық деңгейдегі болсын, арнаулы ғылыми немесе бұқаралық санадағы болсын тарихи сананың мәні мен маңызын, оның мазмұны мен құрылымын, қалыптасу тетіктері мен қызмет ету заңдылықтарын теориялық тұрғыда ашып көрсетуді қажет етеді. Тарихи сана - бұл бүгінгі ұрпақтың әлеуметтік жады. [55.интернет]
1995 жылы Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасы қабылданып, онда тарихи білімнің іргелі принциптері айқындалып, негізгі басымдықтары анықталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1998 жыл Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп жариялануы еліміздің тарихқа ден қойғанын көрсетеді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев: Менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі де бүгінгі күннің оқиғаларынан тарихтың табын сезінгендігімде деп білемін [2, 6-б.] деп жаза отырып, Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн[2,267-б.] негіздейді. Президент Н.Ә. Назарбаев 2003 жылы жарық көрген Тарих толқынында атты еңбегінде өзінің тарихи көзқарасына тереңірек талдау жасайды. Аталған кітабында Н.Ә. Назарбаев тарихымызды бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыра отырып: Ең алдымен, төл тарихтың тіні деген мәселе. Бүгінгі таңда ұлттық тарих сөз болғанда - дәстүрлі көшпелілер қоғамы, Ресей империясының аясында болған кезең, кеңестік кезең, ең соңында қазақ ұлтының тәуелсіздік жағдайындағы кезең деп саралау әуезе болған. ...Қазақстан жерінің байырғы кезеңінде де, қазақ ұлтының төл этногенезі төбе көрсете бастағаннан бергі кезеңінде де қалалық жүйесі дамыған елді мекендердің болуы бір жақты байлам жасауды көтермейді. Оның үстіне, тұтас алаптарды қамтыған отырықшылдықтың сан ғасырлық дәстүрі бар екені белгілі. ...Сондықтан қазақ тарихының осынау ең бір этникалық ұзақ ғұмырын бағалағанда біз қаптаған қасаң қалыптардан бас тарта отырып, ұлттың бүгінгі тұлғасына дәстүрлі қазақ қоғамының қандай ерекшеліктері ізін қалдырып отыр және сол сан ғасырлық әсер-ықпалдың ерекшелігі неде деген мәселені шындыққа сай сезінуіміз керек дейді [2, 16-б.]. Әрі қарай ойын жалғастыра отырып: Сонымен бірге отаршылдық пен кеңестік деп аталатын кезеңдегі қазақ ұлтының тіршілігіне қатысты мәселелер де түбегейлі қайта танып-түсінуді қажет етеді. Мәселенің мәні, тек патшалық Ресей ғана халықтардың түрмесі болып қойған жоқ еді, сонымен бірге КСРО-ның да жұмбақ болып жарытқаны шамалы деп келетін жалаң тұжырымды көлденең тартып, белгілі шындықты сарната беруге де болмаса керек. ...Ұлттық тарихқа қатысты аталмыш екі кезеңнің де тек-тамырының ұқсастығында. Енді, міне, қоғамдық құрылыстың өзгеруі бұрыннан бар үрдісті одан сайын ұшықтыра түсіп, ұлттық мәдениет пен ұлттық жүйені шайқалтар тоталитарлы аласапыранға ұласуда. Асылы, қазақ ұлтының экоәлеуметтік жүйесімен біте қайнасқан тіршілігін түсіну үшін империялық және кеңестік отаршылдықтың айырмашылығына ден қоюдан гөрі, олардың түбірлі ұқсастығын танып-түсінген мәндірек болар деп қорытындылады [2, 16-17-бб.]. Біздің тарихымыздың бастаулары тереңде жатыр. Мәселен, қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлиханов қазақ халқының шежірелік мұрасын тұтас мәдениет деді, бұл дастан-шежіренің барлығы - ішіндегі айтылып отырған оқиға, мақал-мәтелі, халық әдеті қазақ халқының өткен тарихи және рухани өмірін суреттейді, қазақ тарихын жазу, оның шығу тегін анықтау үшін таптырмайтын тарихи дерек, - деп көрсетті [3, 17-б.]. Шоқан Уәлиханов бірінші болып ғылыми айналымға тарихи деректердің жаңа түрін, қазақтар мен қырғыздардың ауызша халықтық дәстүрін дерек ретінде енгізді. Ғалым сондай-ақ: Халық аңыздарының қандайы болмасын, әсіресе, тарихи аңыздар аса қызықты... Бұл жөнінде қазақ аңыздары өзінің мейлінше қарапайымдылығымен, айқындығымен онда табиғатқа қайшы ғажап оқиғалардың жоқтығымен айрықша бағалы орын алады. Ол көбінесе Әбілғазы хабарларында құпталады, әсіресе, Жәми ат-тауарихтың, қырғыз-қайсақтың жазғаны таңдай қағарлық... Бірде-бір айтулы оқиға, бірде-бір тамаша адам халқының есінен шықпай сақталып қалған деп халық аңыздарына жоғары баға береді [4, 23-24-бб.]. Ұзақ уақыт бойы біздің тарихымызға, мәдениетімізге күмәнмен қарап келгені белгілі. Сондағы бізге тағылған сын, жазуы жоқ халықта тарихта, мәдениет те, болмайды деп айыптады. Көшпелі халықтардың тарихын, отырықшы қоғамның айырмашылық белгілерімен зерттеу дұрыс емес екенін алғаш аңғарған Ш.Уәлиханов болатын. Ғалым: Көшпелі халықтың жазуы-сызуы болмағандықтан жалпы халықтың тарихи фактілерге емес, бәрінен бұрын олардың ертегі тәрізді аңыздарына негізделген. Өздерінің батырларының батырлық іс-әркеттері мен халық арасындағы маңызды оқиғалар туралы аңыздарды жырға айналдырып кейінгі ұрпаққа отбасындағы естелік әңгіме тәрізді айтып жеткізіп отыру барлық көшпелі тайпаларға тән сипат. Аңыз айтушылардың құрметтілері - сол аңызды сол қалпында жеткізушілер болып табылады [5, 50-б.], - деп жазды. Ауызша дамыған рухани мұралардан ұлттық ділін алғаш көре білген және оны ғылыми қауымдастыққа сол тұрғысында таныстыруға алғаш ұмтылған да Ш. Уәлиханов болатын. Ш. Уәлиханов өзінің зерттеулерінде халықтың тарихи санасына қатысты сұрақтарды талдауда халық жады деген сөз тіркестерін жиі қоланады. Мұның өзі зерттеушінің халық ауыз әдебиетінің үлгілері түрлі атаулармен аталғанымен, бәрі бірігіп халықтың біртұтас тарихи зердесін құрайтынын тани білгенін көрсетеді. Міне, осындай айқын мысалдар арқылы халқымыздың тарихы қағазға түспесе де, ғасырлар бойы халықтың жадында ұрпақтан-ұрпаққа ауызша айту арқылы жалғасын тауып келгенін көрсетеді. Кеңес үкіметі тұсында тарихымыз тар шеңберде, қатаң сүзгіден өте отырып, жоғары жақтың бақылауымен, берген нұсқауы арқылы жазылды. Осы кезеңде біздің ұлттық руханиятымызға балта шабылып, тамыры қиылды. Тарихымызда нақты болған оқиғалар бұрмаланып, халқымыздан шыққан ірі тұлғаларымызға теріс баға беріліп, тарихты ойыншыққа айналдырды. Еліміз егемендік алған тұста осы кеңестік кезеңде әдейі жіберілген қателіктерді түсетуге, тарихымыздың ақтаңдақ беттерін сейілтуге мол мүмкіндіктер ашылды. Тарихымызды жаңаша көзқараста объективті түрде жазуда көптеген отандық белді тарихшыларымыз жұмыла әрекет етіп, жоғалтқан рухани мұраларымызды қалпына келтіруге күш салды.
Басында атап көрсеткендей тәуелсіздіктің айқындалуы және нығаюы осы бабаларымыздың басына құран бағыштып, аруақтарына ас беруден басталды. Ол қазақ халқының тектілігінің феномені, қарапайым тілде айтқанда жаңа мемлекет жаңа істің басталуының дамыуының тұрақтылығының белгісі ретінде істелінген шаралар. Дәстүрді ел тарихынан ажырата қарауға болмайды, сол себепті, аяулы ұлдарын еске алып, 1996 жылы-ақын Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығын, 1997 жылы-жазушы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығын, 1998 жылы - күйші-композитр Құрманғазы Сағырбаевтың 175 жылдығын, 1998 жылы-ғалым және мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 125 жылдығын, 1999 жылы көрнекі ғалым, академик Қаныш Сатпаевтың 100 жылдығын кеңінен атап тойлатып өтті. . Бұл жылы 23 ірі Ғылыми форумдар өткізіледі. Республиканың барлық облыстарына 24 ғылыми экспедициялар аттандырылып, 74 ауданды аралады. Тараз қаласына таяу жерде архитектуралық ғимарат-Ақыртас кешені ашылып зерттелді. Мантуя (Италия) қаласында "Алтын адам Қазақстан далалары қола дәуірінен халықтардың ұлы қоныс аударуына дейін" атты көрме өткізілді. 1999 жыл - Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып табылады. Осыған орай атқарылған жұмыстар: 6 томдық "Қазақстан ұлттық энциклопедиясының" І-ші томы, М. Шоқай шығармаларының екі томдығы шықты. Қытай мұрағаттары негізінде Қазақ тарихына арналған 5 кітап жарық көрді. "Алпамыс батыр" жарынаң 100 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтті. М. Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой өткізіліп, "Тарих-и-Рашиди" еңбегі қазақ тілінде шығарылды. Сонымен қатар бұл жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жалғасты. Нәтижесінде 19.144 адам толықтай ақталды.
Қазақ мәдениетіне, бай мұрасына, болашағына қамқорлық жасай отырып, қазақ мәдениеті аясында әрбір ұлттың мәдениеті мен тілін сақтадық.
Мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі қазақ тілінің рөлі ұдайы артып отырды. Қазақ тілінің рөлін көтеруге 1996 жылдың қарашасында бекітілген Тіл саясаты тұжылымдамасы, сондай-ақ 1997 жылы шілдеде Қазақстан Республикасныдағы тіл туралы заң көп ықпал етті. 1999 жылы шілде айында Бұқаралық ақпарат құралдары заң басқа міндеттермен бірге, елдегі барлық телерадио хабарларын тарату арналарына- жалпы көрсетілім уақыты басқа тілдердегі бағдарламалардың жиынтық хронометражынанан кем түспейтіндей етіп, бағдарламаларды қазақ тілінде жүргізуді міндеттеді. Осы норманың арқасында мемлекеттік тілде ақпараттық хабар тарату көлемі айтарлықтай ұлғайып, сонымен бірге қазақ тілінде журналистердің қызмет аясы да кеңейді.
1998 жылы қайта құрылған Мемлекеттік терминология комиссиясы қазақ лексикасының экономика, ғылым және мәдениетте белсенді түрде қолданылуына ықпал ете отырып, жұмысын жалғастырды. Қазақ тілін оқып үйренуге кіріскен және қазақ тілінің ауызекі сөйлеу дағдыларына машықтанған қазақстандықтардың саны жылдан жылға арта түсті. Бұл ретте орыс тілі күнделікті өмірімізде-іс-қағаздар жүргізуде, мәдениетте, бұқаралық ақпарат құралдарында және басқа да салаларда қолданыстан шыққан жоқ. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz