1996 - 1999 жылдар Қазақстан қоғамын реформалау кезеңіндегі білім - ғылым жүйесі


УДК 94(574) А94
Мамырбеков Арафат Мажитович
т. ғ. к. Семей қаласы, Қазақ инновациялық
гуманитарлық-заң университеті.
arafat_mamyrbekov@mail. ru
Рахметуллин Аман Қапанұлы
т. ғ. к. Семей қаласы, Қазақ инновациялық
гуманитарлық-заң университеті.
aman1501@mail. ru
Ахметова Динара Мейрангалиевна
5М011400 магистранты тарих мамандығының II курс, Семей қаласы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті.
Dinara07@mail. ru
1996-1999 жылдар Қазақстан қоғамын реформалау кезеңіндегі білім-ғылым жүйесі. .
Мақала Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі 1995-1999 жылдар аралығындағы әлеуметтік қиындықтардға қарамастан мәдени сананың қалыптасуын жеделдету кезеңін көрсетеді. . Халық сауаттылығын арттыру, арнайы реформалар арқасында білім жүйесін қалыптастыру үрдісі айқындалған. .
Түйін сөздер: тәуелсіздік, мәдениет, тарихи сана, бағдарлама, шешім, білім.
Статья представляет собой значения о развитии культурного сознания в период политических трудностей 1995-1999 годов после обретения независимости Республики Казахстан. Это период повышение грамотности населения и развитие систем образование специальных реформ.
Ключевые слова: независимость, культура, историческое сознания, программа, решение, образование.
This article is a period on the promotion of cultural consciousness in the context of the political difficulties between 1995 and 1999 after the independence of the Republic of Kazakhstan. Increasing the population's literacy rate, and the weariness of the leather goods through special reforms.
Keywords: independence, culture, historical consciousness, program, education.
Қазақстан 1996 жылдан бастап бірінші рет 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі мерекесі ретінде атап өте бастады. Бұрынғы Достық күні жаңа қазақстандық дәстүрлі модернизациядан яғни жаңалану форматында өтетін болды. Көптеген мәдени жаңғырулардың нәтижелендіру кезеңіне көштік.
1997 жылы жалпыұлттық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды. 1930-1932 жылдардағы ұлы қасіреттің 65 жылдығы және сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлттық зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997 жылы 13 желтоқсанда Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашылды.
Қазақстанның ұлтаралық келісімін күшейте отырып елімізде мәдени топтардың араласу саясаты мәдени дамуда маңызды рөл атқарды. Қазақстан полиэтностық мемлекет, сол себепті мәдениет те аралас. Біріншіден, өзге этностарды бірге дамыта отырып қазақстанның мәдениетін палалельді дамыту, екіншіден, теңдес тірілген тілдік саясат, үшіншіден, зайырлы мемлекет қағидаларын ұстану, төртіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясын қолдау.
Қазақстан жаһандық мемлекет болуға жұмыс жасады. Оның негізгі дәлелі «Қазақстан -2030» стратегиясы. Мақасат, міндеттер көрсетіп отырғандай білім беру жүйесінің даму үрдісі 1997 жылдары жаңа кезеңге шықты. Мемлекет өз бойының дамуында ең басты міндеті -жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің көкейтесті және кең өрісті талаптарына сәйкес келетін, әрбір азаматтың толыққанды сапалы білім алуына тең мүмкіндікті қамтамассыз ету.
Білім беру жүйесі «кеңестік білім беру» стандартында дамыды, қаржылық қиындыққа қарамастан, мемлекет барлық қазақстандықтардың тегін орта білім алуына кепілдік берді. Бұл ретте ақылы оқуға негізделген жекеменшік мектептердің ашылуына жағдай жасалды. 1994 жылы бүкіл елде небәрі 18 осындай мектеп болды, оларда тек 1 мың адам білім алды. Төрт жылдан кейін мектептер саны он есе артты, ал оқушылар саны 18 мыңнан асып түсті.
Заманауи ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы орта білім беру жүйесін модернизациялық жаңартудан өткізді. 1997 жылдан бастап оқушылар компьютерлік сауаттылықты меңгеруге қол жеткізді. 1998 жылы мектептерді компьютерлендіру мен біріңғай білім беру ақпараттық ортасын дамытуға жауапты арнайы ғылыми әдістемелік орталық құрды. Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер, сондай-ақ дарынды балаларға мектептен тыс білім беретін оқу орынддары көбейе түсті. 1996 жылдан бастап мұндай мектептерге бюджеттен қосымша қаражат бөлініп тұрды. Кәдімгі мектептердің орнына гимназиялар мен лицейлер құрылды. Деректер бойынша (1996 жылы республикада 122 гимназия және 96 лицей, 1999 жылы -131 және 104 гимназия мен лицей жұмыс істеді) . Әлемдік білім беру стандарттарына сай, бірлескен оқу орындары желісі қалыптаса бастады. 1996 жылы елде қазақ, түрік және ағылшын тілдерінде білім беретін 28 қазақ-түрік лицейі жұмыс істеді. [1. 14]
Елді жерлерден дарынды балаларды іздеп табу, олардың қабілеттерін дамытуға жағдай жасау -ел болашағын ойлаудан туған игілікті қадамдар. Мемлекеттік маңызы бар бұл міндетті шешу жүйелі іс-қимылды талап етті. 1998 жылы республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарын өткізумен айналысатын республикалық ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығы ашылды.
Прпезидент Н. Ә. Назарбаев білім беру мәселесін өзінің басты назарында ұстауға және азаматтардың, бірінші кезекте, жас буынның жаңа білім мен жаңа дағдыларды меңгеруін қамтамассыз етуге, білім деңгейін арттыруға барлық мүмкіндіктерді жасады. Жасыратыны жоқ, көп пайда түсірмейтін, сол себепті коммерциялық құрылымдардың қызығушылығын тудырмайтын салаларда ауқымды жобалар жасалынып, дамыту үшін билік басындағы адамдардың ықпалы керек болады. Президент лауазымы осындай мүмкіндіктерді жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер туғызды. Білім беру саласы, өкінішке қарай, осы салаға жатады, себебі ұзақ мерзімді салымдарды талап еткенімен, елеулі коммерциялық пайдаға жол ашпады. Сондықтан да Білім беру қоры құрылып оған Президенттің өз аты берілді. Халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа білім беру үлгісіне көшуді көздейтін бұл қор 1998 жылдың желтоқсанында құрылып, «Мирас» инновациялық мектептері мен балабақшалары ашылды.
Елдің беделін қорғап, отандық ғылымның болашағына деген сенімді нығайтқан балалардың талабын қолдап, білімін одан ары дамуту мақсатымен мемлекет тарапынан білім беру саласына үсті-үстіне қолдау көрсетті.
Президент Н. Ә. Назарбаев өз тарапынан мектеп жасындағы балаларды толықтай өз бақылауына алып отырды, 1998-1999 жылдары дағдарыс кезінде оқуын тастап кеткен 26 мыңнан астам бала мектепке қайтарылды. Мемлекеттік қаражат есебінен 182 орта білім беру ұйымдары, оның ішінде 46 жалпы білім беретін мектеп, 23 интернат, 6 кәсіби-техникалық мектеп қалпына келтірілді. [2. 132]
Мемлекеттің жаңа мектеп оқулықтары болмады, осыған байланысты Үкімет арнайы бағдарлама қабылдады. Бағдарлама аясында 60 авторлық ұжым орта мектепке арналған оқулықтар жазуға кірісті. 1999 жылы 1-2 сынып оқушыларына алғашқы оқулықтар қазақ және орыс тілінде шығарылды. Оқу озаттарына «Алтын белгі» медалі тапсырылды. 1996 жылы қаңтарда «Білім туралы» заңға толықтырулар енгізілді. Білім беру жүйесін төрт деңгейге бөлді, ол- мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, міндетті орта, жоғары және кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім. 1999 жылы Қазақстандап 8, 1 мың мектеп жұмыс істеді, мұнда 3, 1 миллион бала білім алды. 1990 жылдардың соңында бастапқы кәсіптік-техникалық мектептер мен колледждердің саны төрт жүзден асты. Жаңа экономика талабына сәйкес кәсіп түрлері көбейді. Жеке сервисті ұйымдастырушы, кәсіпкер, фермер-жалгер, ЭВМ операторы мамандықтарына дайындау басталды.
Қазақстанның орта білім беру жүйесі бірте-бірте 1990-шы жылдардығы дағдарысты жеңді және туындаған мүмкіндіктерді пайдалана отырып, дамудың жаңа деңгейіне көтерілді. 1996 жылы үшжүзден астам мамандықты қамтитын Жоғарғы білім берудің жаңа жіктеуіші бекіді.
Халықаралық байланыстар нығайып, ынтымақтастық туралы келісім-шарттар жасалды. Сол жылдары Жоғарғы мектептің халықаралық ғылым ақадемиясының рөлі елеулі болды. Оқу жоспарларына және бағдарламаларына тәжірибелер жүргізілді. Білім беру үрдісінің әртүрлі -блоктық, рейтингтік, модульдік, кредиттік нысандары қолданылды. Бакалавриаттың енуімен бес жылдық оқу төртжылдық болып ауыстырылды. Жоғарғы оқу орындарынынң арасында талапкер, студенттер үшін магистратурыа, аспирантура, диссертациялық кеңестерді ашу үшін бәсекелестік басталды.
Меклекеттік тегін оқу орындарымен қоса ақылы жекеменшік оқу орындары да пайда болды. Егер 1995 жылы мемлекеттік емес жоғарғы оқу орындары санының 30 пайызы болса, 1998 жылы олардың үлесі 53 пайыз болды. Халықаралық үлгілерге бағытталған жаңа университеттер ашылды. 1996 жылы Алматыда (Қаскелең қаласы) С. Демирел атындағы жеке мәртебесі бар университет ашылды. 1999 жылы жеке бастама бойынша Алматыда Қазақстан-Неміс университеті ашылды. [3. 92]
Сонымен қатар 1996 жылы мамандандырылған академиялар, Алматыда СІМ дипломатиялық академиясы, Ақмола облысында Салық полициясы академиясы (1999 жылы) жұмыс істей бастады.
1998 жылы Алматыда Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінің және Біліктілікті арттыру институтының базасында Қазақстан Республикасы Президентіне қарасты Мемлекеттік қызмет академиясы құрылды. 1998 жылы жоғары оқу орындарында 250 мың студент (33 пайызы-қазақ тілінде, 67 пайызы -орыс тілінде), соның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен -164 мың адам білім алды. Алайда, көптеген білім ордалары, әсіресе жекеменшік жоғарғы оқу орындары тек жекелеген мамандық иелерін -«экономист», «заңгер», дайындауды жүзеге асырды. Бұл арада елдің нақты қажеттіліктері ескерілмеді.
1999 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс негізінде білім беру гранттары мен кредиттерді конкурстық жолмен ұсынылатын студенттер контингені қалыптаса бастады. Біріңғай тестілеуді жүргізі үшін Республикалық тестілеу орталығы құрылды. 1999 жылы 52 мемлекеттік жоғарғы оқу орнына жаңа ережелер бойынша 7 мыңнан астам талапкер түсті.
Білім беру саласындағы қарқынды реформа Қазақстанның жоғарғы білім беруді үйлесімге келтірудің еуропалық үдірісі- Болонья процесіне қосылуына алғышарттар туғызды. Осылайша, қазақстан жоғарғы білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және мамандар даярлауды жас мемлекеттің нақты экономикалық қажеттіліктеріне бейімдеуді бұрынғыдан да жақсартуға бағыт алды. [4. 212]
Бұл кезең, бір жағынан осы саланы түпкілікті либералдандыру, екінші жағынан, білім берудің барлық сатысында оқыту сапасын жақсарту, отандық жоғары оқу орындарын әлемдік стандарттарға сәйкес «тарту» сияқты ерекшеліктермен сипатталады.
1990-шы жылдардың екінші жартысындағы экономикалық қиындықтар мен бюджеттің мүмкіндігі шектеулі болуына қарамастан, мемлекет отандық ғылымға қолдау көрсетуге, оны дағдарыстан алып шығып, жаңа деңгейге көтеруге ұмтылды. 1996 жылдың наурыз айында қабылданған Жарлық бойынша Ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдар академиясы мен Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі Үкіметтің құрамындағы орталық атқарушы органға -Ғылым ақадемиясына бірікті. Ғылыми-техникалық даму мәселелері бойынша кеңейтілген республикалық кеңесте ғалымдардың пікірінше, жаңа нарықтық жағдайларға ең сай келгені-ғылымды қаржыландырудың бағдарламалық нысаналық әдісі болды. Бюджет ақшасынан үміткер жобалар халықаралық ғылыми қоғамдастықтағы көпшілік мақұлдаған нысандар бойынша мемлекеттік сараптамадан өткізіле бастады. Сонымен бірге, ғылыми талдамаларды басқа елдерге сату және халықаралық гранттар сияқты басқа да сыртқы қаржыландыру көздері болды. 1996 жылы, осылайша, ғылым саласына 12 миллион доллардай қосымша қаржы тартылды. [5. 2]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz