Кәсіптік оқыту педагогы маманының тұлғалық қасиеті мен қызметі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіптік оқыту педагогы маманының тұлғалық қасиеті мен қызметі.
Кәсіптік оқыту педагогы ЖОО түлегіне сабақ бермес бұрын таңдап алған педагогикалық мамандығына деген қатынасын, қызығушылығын алдын ала анықтап алғаны жөн. Адамның тұлғалық-әрекеттік негізіндегі түсінікке мән бере отырып, педагогтың тұлғалық құрылымына жоба жасауға болады, бұл үшін тұлғаның құрылымы мен оның әрекеті, кәсіптік-педагогикалық әрекеті есепке алынады (А.Н.Леонтьевке сәйкес). Бағыттылық, кәсіби жан-жақтылық, қабілет тығыз байланысты және өзара ықпал етеді.
Бағыттылық - бұл психологиялық түсінік. Бағыттылық түсінігін (Richtungsdispositionen) психологияға Б.Штерн енгізіп, оны белгілі бір іске ерекше қаблеттілік деп атайды. Э.Бенек бағыттылық және бейімділік ұғымдарын байланыстырады: бағыттылық ең алдымен бейімділік негізінде дамиды; соңғысының даму көрсеткіші, оның басқа білім деңгейіне байланысты болады деген тұжырымға келеді. Бағыттылықты, жан-жақтылықты және қабілеттілікті оқытушының кәсіптік маңызды қасиеттері ретінде білім алуы, басым жағдайда кәсіптік-педагогикалық спецификасына негізделеді. Психологтардың пікірінше, педагогтың бойында аталған қасиеттердің болуы, педагог өзінің бәсекеге қабілеттілігін, кәсіптік жинақтылығын, кәсіптік-педагогикалық әрекетінің жоғары нәтижелілігі мен өнімділігін қамтамасыз етеді. Біз бөліп алған қасиеттердің дамуының жоғары деңгейі көп жағдайда кәсіби өрлеуге, кәсіби мансабының дамуына ықпал етеді. Л.И.Божович, В.С.Мерлин, К.К.Платонов өздерінің еңбектерінде тұлғаның қалыптасу факторы бағыттылық болып табылатынын дәлелденген. Психологтардың пікірінше, ең басымы мотив, қажеттілік, құнды бағдарлық жүйемен сипатталады. Соңғысы педагог еңбегінде ерекше рөл атқарады.
Құндылық бағдарлық - тұлғаның бағыттылық компоненті. Бұл ішкі қабылданған материалдық және рухани құндылықтарға бөлінеді. Құнды бағыттылық иерархиясы: отбасы, табыстылық, шығармашылық, мансап, денсаулық - тәжірибелік әрекет үшін негізгі тірек болып табылады.
Құнды бағыттылық нақтылығы - педагогтың кәсіптік тұрақтылығының көрсеткіші. Педагогтың кәсіптік бағыттылығы, оның педагогикалық мамандыққа деген, негізінен қара жұмыспен айналысатын адамдарға деген қатынасы, кәсіптік дамуға деген дайындық - оның кәсіби бағдарлығының негізгі құрамдас бөлігі.
Психологтардың пікірінше, мұғалімнің тұлға ретіндегі бағыттылығы - тұрақты мотивтер жиынтығы, бұл мотивтер тұлғаның іс-әрекетіне бағыт көрсетіп отырады. Бұл пікірді есепке ала отырып, өзіндік мотивациялы өрісті түсініп қана қоймай, оны өлшеп, өзгерте алуды үйрену керек. Тұлғаның бағыттылығы оның қызығушылықтарымен, бейімділігімен, пікірлерімен сипатталады. Кәсіптік оқыту педагогының бағыттылығы негізінен оның кәсіптік оқыту орнында жүргізілетін оқыту пәнімен сонымен бірге болашақ жұмысшылар меңгерген мамандықпен анықталынады. Уақытының көп бөлігін ол оқу сабақтарына, кабинетті жабдықтауға, оқы-әдістемелік материалдарды дайындауға, слайдтар, көрнекіліктер жасауға арнайды [41, 37-38 б.].
Кәсіптік оқыту педагогының кәсіптік-педагогикалық әрекетінің қозғаушы күштері оқытушылық әрекетке тұлғалық мән беретін мотивтер болып
табылады. Егер оқытушыны белгілі бір оқытушылық үдерісі қызықтырса, онда ол сабаққа дайындалу, арнаулы және педагогикалық әдебиеттерді оқу, жеке жұмысқа арналған тапсырмаларды дайындау ісімен айналысады. Яғни, оқыту нәтижесіне қызығушылық білдіргендіктен оқытушы күні бойы уақытын осы іске арнайды. Бұл жағдайда педагогтың білім алушыға деген қарым-қатынасы маңызды орынға ие. Оқытушының мотивациялық өрісінде болып жатқан жағдай, көбіне оның кәсіптік-педагогикалық әрекетінің жетістіктерімен байланысты.
Кәсіптік оқыту педагогының білім алушыларды зерттеу, өзінің кәсіби білігін жетілдіру, тәжірибелік жұмыстың жаңа әдістері мен тәсілдерін табуға бағыттылығы көбіне оның педагог болу тілегін, кәсіптік тұрақтылығын арттырады, кәсіптік-педагогикалық мамандыққа толықтай қызығушылығын білдіреді. Бұл жағдайда оның кәсіптік бағыттылығының тұрақты болып табылады.
Кәсіптік оқыту педагогтары арасында өндірістік-тәжірибелік білім беру шеберлігіі ерекше орын алады. Ол болашақ маманның басты тәрбиешісі мен ұстазы болып табылады. Оқытушыға қарағанда кәсіптік оқыту шеберінің кәсіптік училищеде немесе лицейдегі алғашқы жұмыс күнінен-ақ оның жұмысына деген құрметін анықтауға болады. Оның жүріс-тұрысы, қызығушылығы, болашақ маманға деген қарым-қатынасы оның кәсіптік бағыттылығын көрсетеді [42, 51-52 б.].
Шебер (кәсіптік оқыту педагогы) жұмысында техникалық, технологиялық, инженерлік ойлау, логикалық және механикалық есте сақтау қабілетінің дамуы ерекше рөл атқарады. Шебер болашақ мамандарды жаңашылдыққа тез үйрете алу мүмкіндігін көрсетуі тиіс. Бұл қабілеттілік сенсомоторлық мәдениеттің жоғары деңгейімен сипатталады. Шеберде қозғалыс ақауы болмауы тиіс. Шеберханаға ерте келіп, қолмен жұмыс жасау, құрал-саймандарын дайындау, оларды тексеру, түзету жұмыстарын жүргізу,білім алушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жұмыс жасайтын педагогтың тұрақты бағыттылығы айқын көрінеді. Тұлға ретінде қалыптасқандығының көрсеткіші. Құрал-жабдықтардың жарамдылық жағдайы да оның кәсіби бағыттылығының көрсеткіші [43, 10 б.].
Кәсіптік оқыту педагогы білім алушыға ертеде өмір сүрген адамдардың тәжірибесін меңгерте отырып, білім, білік, дағдыларды қалыптастырып, ұрпақтың дамуына өз үлесін қосады. Сондықтан кәсіптік оқыту педагогы маман дайындаудың негізгі тұлғасы болып табылады.
Кәсіп - қоғамдық еңбек бөлінісінде жалпыадамзаттық мораль нормаларымен реттелген еңбек түрі және адамзат үшін материалды игіліктер жиынтығы. Кәсіп саласына қарай еңбек бөлінісіне ие. Сондықтан кәсіп белгілі бір мамандықтар бойынша еңбек бөлінісіне ие. Мамандықты игеру үшін ең бастысы кәсіптік білім болуы шарт.
Кәсіптік білім - бұл белгілі бір деңгейде арнайы кәсіп бойынша алынған білім, білік және дағды жиынтығы және оны тиісті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік білім беру мекемесі - педагогикалық жүйенің бір саласы
Кәсіптік білім беру мекемесі педагогикалық жүйенің бір саласы. Кәсіптік білім берудің бастауы
Көмекші мектеп – арнайы білім беру ұйымы
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын зерттеушiлiк әрекеттер арқылы қалыптастырудың дидактикалык негiздерi
Педагогика және жоғары мектеп педагогикасы
Мұғалім мамандығының ерекшелігі мен оның даму жолдары
Студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері
Иерархиясы кәсіби маңызды және маңызды қасиеттері
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жайында
Экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың ерекшеліктері
Пәндер