ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ - КОНСТИТУЦИЯ


Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚҰҚЫҚТАНУ» КАФЕДРАСЫ
ЭССЕ
ПӘНІ : КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
ТАҚЫРЫБЫ : ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ -КОНСТИТУЦИЯ
Қазақстан Республикасының Конституциясы - демократиялык, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық құқықтық күшті бойына жинақтаған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашақ қа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі қағидаларын белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән.
Конституцияны қазақстан халқы қабылдады. Сондықтан Конституцияда халықтың, оның мәнін сипаттайтын еркі білдірілген. Социализм кезінде де Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептелді. Осыған орай халық еңбекшілерден -жұмысшы табынан, шаруалар мен еңбек интеллигенциясынан
тұратындығы атап көрсетілді. Халықты бұлайша сипаттау кез келген әлеуметтік құбылысқа, марксшіл-лениншіл ілімге тән таптық көзқараска негізделді.
ҚР Конституциясы 1993 жылы халықтың таптық сипаттамасынан тұңғыш рет бас тартты. Онда енді жұмысшы табы туралы, шаруа және еңбек интеллигенциясы
туралы сөз болған жоқ. Жалпы "еңбекші" термині 1993 жылғы Конституцияда да, 1995 жылғы Конституцияда да қолданылмайды. Дегенмен, Конституцияның екеуінде де халық туралы айтылады. ҚР бүкіл әлеуметтік қабатын жинақтаған тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде ұғынылады. Осыған орай, "халық" ұғымы ҚР Конституциясына сәйкес, біріншіден, ол байлык, жағдайына қарай әлеуметтік қабаттарға, таптарға бөлінбеушілікті білдіреді, сөз жок, бұл маңызды конституциялық фактор болып табылады. Конституцияда мемлекет әлеуметтік, яғни, бүкіл халықтың өкілі ретінде танылады. Бұл мемлекеттің тұрғындардың қандай да болсын бір тобына екінші бір тобын кемсіту арқылы басымдық бермейтіндігін білдіреді. Мемлекет тиісінше, олардың әлеуметтік жағдайларына қарай тұрғындардың барлық қабаттарына қамқорлық көрсетуі тиіс. ҚР Конституциясы бүкіл халықты әлеуметтік топтарға бөлмей, олардың құқықтарын шектемей конституциялық-құқықтық қатынастар субьектісі ретінде
таниды. Екіншіден, халық ұғымына көпұлтты қоғам жағдайында қазақ ұлты, басқа да барлык, ұлттық топтар жатады. Бұл, мемлекеттегі бүкіл халықтың әлеуметтік базалық негізін құрайтын казақ ұлтына ерекше: құкықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени жеңілдіктер берілмейтіндігін білдіреді.
Қазак тілін мемлекеттік тіл ретінде тану жеңілдіктер қатарына жатпайды, тек мемлекеттің барлық жерде және қайда да болсын ұлттык нысаны бойынша ұлттық болып табылатын сипатына жатады. Орыс тілін ресми қолданыс тілі ретінде тану да бұл салада жеңілдік берілмейтіндігін көрсетеді.
Сөйтіп, халықты Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы деп тану оның мәндік сипатын білдіреді. Сондықтан ҚР 1995 жылғы Конституциясы: "Біз, Қазақстан халқы осы Конституцияны қабылдаймыз" деген сөздермен басталады. Қазақ халқы Конституцияны референдумның қорытындысымен қабылдады. ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін. Басқаша айтқанда, халық Конституцияны қабылдап қана қойған жоқ, ол Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар да енгізе алады. Әрине, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын Президент Парламенттің карауына бере алады. Алайда, мұндай жағдайда да халық сырт қалмайды. Парламент халықтың жоғары өкілетті органы, сондықтан ол Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды халықтың атынан қабылдайды.
Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден-бір субьект деп танудан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Қазақстан халқы елдегі мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендікті қолдаушы болып
табылады. Сондықтан ол құрылтайшылық биліктің иесі. Нақ Конституция арқылы Қазақстан халқы мемлекетті құрды, оның басқару және кұрылым нысандарын, әлеуметтік-экономикалық құрылыс негіздерін, адам мен азаматтың мәртебесін
белгілейді. Тек халық, ал халық атынан тек Парламент қана мемлекеттің құрылым негіздеріне өзгерту енгізе алады.
ҚР Конституциясы - мемлекеттің қалыптасуының және дамуының негізі. Жыл сайын, 30 тамызда тәуелсіз еліміз Қазақстанның Негізгі Ата Заңы - Конституциясы Күні аталып өтеді.
Еліміздің негізгі құқықтық құжаты бола тұра Конституция сонымен бір уақытта Қазақстан өзін жария еткендей демократиялық, құқықтық, әлеуметтік
және зайырлы мемлекеттің жетістігі болып табылады.
Демократиялық қоғамның жоғары идеалдарына ұмтылу, Қазақстан жерін мекендеген халықтар арасындағы өзара құрмет пен достық, мәдениеттің халықтар арасына өтуі, мемлекеттік органдардың құрылған жүйесі - міне осылардың барлығы Негізгі Заңда нақты көрсетілген.
Қоғамдық құрылымның жаңаруы, экономиканың нарықтық экономика түріне өтуі, меншіктің алуан түрінің енуі, қауіпсіздіктің кеңеюі және әлемдік қоғаммен ықпалдасу 1995 жылы ҚР Конституциясын қабылдауға ықпал етті.
Жүзжылдықта біздің елімізде бүкіл халықтың дауыс беруімен жаңа құжат қабылданды, онда жеке тұлға мен жалпы адам құндылықтары бекітілген.
Жоғары заңнама деңгейінде адамның құқығы тәрізді жаңа концепция мен социалистік жүйеге сәйкес мемлекет мүддесінің жеке тұлға мүддесінен жоғары болуынан бас тарту теориясы бекітілді.
Биыл Қазақстан саяси дамудың жаңа кезеңіне шықты. Елімізде кең көлемде конституциялық өзгерістер өтті, негізгі көрсеткіштері жалпы қабылданған демократилық нормаларға сәйкес саяси жүйе құрылды.
Атап айтқанда, Конституциялық Кеңес құруда, бюджетті бекітіп орындауда парламенттің ролі кеңейтілген, үкіметті қалыптастырудағы ролі де күшейтілген. Міне осылай, Президент құзіретінің бір бөлігі парламентке өткен. Саяси партиялардың ролін арттыруға бағытталған шаралар қабылданған, мәслихаттар құзіреті кеңейтілген.
Қазақстанның жаңартылған Конституциясы Қазақстанның әрі қарай дамуы үшін мықты іргетас қалайды, бәрінен бұрын ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігінің күшеюіне бағытталған.
ҚР Конституциясының 98 бабының 30-ы адамның құқығы мен бостандығын, міндеттерін нығайтуға бағытталуы кездейсоқтық емес.
Мысалы, ҚР Конституциясының 3 бабына сәйкес мемлекеттік биліктің
бірден бір бастауы - халық болып табылады. ҚР Конституциясының 10 бабында - Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан айыруға болмайды делінген. Конституцияның 11 бабында адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олардан ешкім айыра алмайды деп көрсетілген. Адамның құқықтары туралы жалпы декларацияның негізгі талаптарына сәйкес Негізгі Заңда адамның өмірге, жеке бостандыққа, өзінің жеке басын сыйлау, жеке өміріне қол сұқпаушылық, отбасы құпиясы ары мен намысын, қадір қасиетін қорғау құқығын көрсететін бірқатар басқа баптар да бар.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы оның ережелерінің сақталуын қадағалайтын органдар жүйесінің қалыптасу және даму негіздерін анықтады. Конституцияның жоғары билігі жүйесінің кепілдігін республика Президентінің басшылық етуімен, өзінің заң шығару қызметінде қабылдаған заңдарының Конституцияға сәйкестігін қамтамасыз ететін Парламент, Жоғары соттың басшылығымен сот жүйесі, Прокуратура және Үкіметтің басшылығымен барлық атқарушы органдар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияның тұтастығы, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Өзінің Конституциялық өкілеттігін Президент тек өзі тікелей қадағалауме, н шектеліп қоймай, сондай-ақ заңдардың жарлықтардың, заңды күші бар актілерді дәлме - дәл және біркелкі орындалуын, Конституция тұтастығын қадағалау міндеті жүктелген прокуратура органдары арқылы да жүзеге асырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz