Әлеуметтік желідегі фактчекинг


Әлеуметтік желідегі фактчекинг
КІРІСПЕ
1. ФАКТЧЕКИНГ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ МӘЛІМЕТ
1. 1. Фактчекингтің шығу тариxы және анықтаудың түрлері
1. 2. Фактчекингтің медиа саласындағы рөлі
1. 3. Мультимедиялық және конвергенттік журналистикадағы фактчекинг
2. ФАКТЧЕКИНГ ҮЛГІЛЕРІ, ҚОЛДАНЫЛАТЫН САЙТТАР МЕН ҚҰРАЛДАР
2. 1. Еліміздің медиа саласындағы фактчекинг тәжірибелері мен үлгілері
2. 2. Фактчекингке қатысты сайттар мен құралдар
2. 3. Түрлі форматтағы фактчекинг түрлері
3. ЕЛІМІЗДІҢ ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДІҢ МЕДИАСЫНДАҒЫ ФАКТЧЕКИНГ
3. 1. Әлемдік медиа саласындағы фактчекинг
3. 2. Қазақстан мен шет елдегі фактчекингтің айырмашылықтары
3. 3. Әлемді шулатқан фактчекинг мысалдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының тақырыбы: « Әлеуметтік желідегі фактчекинг».
Диплом жұмысының өзектілігі: Әлеуметтік желі қазіргі күні ең көп тараған интернет ресурсы. әлемде әлеуметтік желіге тіркелмеген адам саны аз шығар. Зерттеу жұмысымның өзектілігі әлеуметтік желі арқылы тараған жалған, жағымсыз ақпараттар. Мұндай ақпараттар қоғамға үлкен залал әкеледі.
Диплом жұмысының мақсаты: Зерттеу жүргізу арқылы фактчекинг жасауды, әлеуметтік желілердегі әр ақпаратқа күдікпен қарау, ақпараттың растығына көз жеткізбей тұрып таратуға болмайтындығын көрсету.
Диплом жұмысының нысаны: Жалпы фактчекинг жасау үрдісі.
Диплом жұмысының пәні: Журналистика, әлеуметтік желілер, еліміздің және шетелдік ақпараттық сайттар, БАҚ -тағы фактчекинг.
Диплом жұмысының әдістері: Фактчекинг жасау құралдары, сервистері, сайттары, үлгісі.
Диплом жұмысының дереккөздері: Әлеуметтік желілер, еліміздің және шетелдік ақпараттық сайттар, БАҚ-тағы фактчекинг.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы негізі 4 бөлімге құрылған: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Кіріспе бөлім 3 бөлімшеден тұрады, негізгі бөлім 2 тақырып, 6 бөлімшеден тұрады.
1. ФАКТЧЕКИНГ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ МӘЛІМЕТ
1. 1. Фактчекингтің шығу тариxы және анықтаудың түрлері
Интернеттің ғарыштап дамыған кезінде, әсіресе әлеуметтік желілердің адам өмірінің ажырамас бөлігі болған шақта, күніне көптеген жан-жақтан сан түрлі ақпарат шеруі жүріп жатыр. Ол ақпараттардың басым бөлігі шетелдік БАҚ өкілдеріне сілтеме жасау арқылы бізге жетеді. Кей ақпараттар шынайы емес, жалған болып шығады. Біздегі ақпарат таратушы көздер рейтинг үшін оның растығына немесе жалғандығына мән бермейді. Сондай-ақ, біздегі ақпарат құралдары мәліметтің түпнұсқасына емес, орыс тіліндегі нұсқасына жүгінеді.
Жалған мәлімет тарату арқылы қауіп тудыратын террорлық немесе экстремистік бағыттар бойынша ақпараттар саны күннен - күнге даму үстінде. 2010-2011 жылдары Wordpress, LiveJournal секілді блог платформаларында теріс ағымды діни жазбалар, адамдарды өздеріне тарту мақсатында үгіт - насихат жүргізілген блогтардың саны артқан болатын. Дер кезінде құзырлы органдардың бақылауына алынып, бұл мәселе шешілген. Бірақ, бұл әлеуметтік желілер немесе интернет толықтай бақылауда дегенді білдірмейді. Сол себепті интернеттегі әр ақпаратқа күмәнмен қарап, керек мағұлматты алып, керек емесін қарамауға үйренуіміз керек.
Келеңсіздікке жол бермеу және қандай да болмасын ақпаратты анықтау мақсатында - фактчекинг әдісі қазір өте маңызды болып тұр. Себебі интернеттегі фейктер, жалған ақпараттар, түрлі өсек - аяңдар қоғамға кері әсерін тигізуі мүмкін. Ақпараттардың шынайылығын тексеру ақпараттық қауіпсіздікке әкеледі. Ақпараттық қауіпсіздік тек жалған ақпараттарды тексерумен ғана шектелмейді, сонымен қатар әр адамның электронды поштасындағы жеке деректер, смартфондағы суреттер мен видео жазбалар, карточка нөмерлері, пин-кодтар, қысқасы, қарапайым адамның жеке басына қатысты мәлеметтердің қауіпсіздігі жатады.
Әлемдік ірі жаңалық орталықтарында толықтай формальды түрде жаңалықтармен жұмыс істеу әдістері көрсетілген, егер де күмәнді ақпарат кездесетін болса, кем дегенде екі сенімді ақпарат көзін тексеру қажет болады. Бірінші ретте тексеру, содан кейін ғана ақпаратты жариялау керек. Көбінесе, интернеттен немесе телефон арқылы таратылған ақпарат бір дерек көзі ретінде есептелінеді.
Фактчекинг дегеніміз - алынған ақпаратпен жұмыс жасау әдісі. Факт - сенімді куәландырылған жаңалықтың нағаюы. Әр адамда бір жаңалыққа деген көзқарас әртүрлі болуы мүмкін, бірақ факт біреу. Дәл осы факт тексерілген болуы қажет. Шындықты бұрмалау - обьективтілік пен нақтылыққа қарсы қылмыс деуге болады.
«Фактчекинг» - бұл тек жай ғана ақпаратты тексеру ғана емес, журналистерге тікелей қатысты термин болып саналады. Журналист - фактілерді тауып, ақпараттағы фактінің маңыздылығын анықтап, содан кейін ғана оқырманға жеткізу керек. Журналистердің негізгі қызметтері - ақпараттарды табады, тексереді, өңдейді, содан кейін таратады. Әр зерттелінбеген, анықталмаған ақпарат түсінбеушілікке әкеп соқтырып, жұмысқа зиянын тигізіп, тіпті тарихты бұрмалауға дейін апаруы мүмкін. Сол себептен де, фактілерді тексеру өте маңызды.
Сонымен қатар, көптеген адамдар автоматизм және стероатип бойынша критикалық мәніне мән бермей берілген ақпаратқа сенеді. Теледидардан айтса - демек шындық, интернетте жазылса ол да дұрыс деген стероатип қалыптасқан.
Фактчекинг әдісін қолданушы ол -фактчекер. Оның басты қаруы- күдіктену. Бұл әдісті пропагандистер, кибербойцтар белсенді түрде қолданады.
Фактчекинг өнерін жақсы меңгеру үшін келесідей базалық ережелерді қолданған жөн:
- Бірнеше тәуелсіз көздерден ақпараттың алғашқы нұсқасын немесе растамасын іздеңіз;
Дереккөз - алғашқы пікірді немесе іс-әрекетті көрсететін адам. Сондай-ақ, алғашқы дереккөзге оқиғаларға қатысқан немесе алғашқы мағұлмат таратқан жанның жақын танысы болуы мүмкін. Егер дереккөз жансыз және фикцасия құралдары болса тіптен жақсы. Сонда ол ментальды қателіктерден сақтанады және жеке бағалаудан құтылады. Бұл қарапайым терезедегі термометрден бастап, машинадағы видеотіркеуші құралдар болуы мүмкін. Алайда мұнда да фактчекердің сыни күдігі қажет болады, мысалы, құралдың көрсеткішін сыртқы ортаның қандай да бір ықпалы әсер еткенін тексеру қажет болады. Ақпаратты түрлі дереккөздерден тексеру, тақырып туралы сарапшылар мен адамдардың пікірін білу ешқашан артық етпейді. Бірақ дереккөзді пікірлерден бөлектеп алу қажет, себебі әр оқырманың түсінігі әртүрлі. Егер біреу «оқымадым, бірақ талқылац аламын» формуласы бойынша жүретін болса, ол дереккөз бола алмайды.
- Қарама-қарсы жақтан сұраңыз;
Қай жағдай болмасын оның екі жағы болады. Талқыланған тақырып бойынша ең кем дегенді бір қатысушымен немесе қызығушылық танытқан адаммен байланыс құруға талпыну қажет.
- Фейкті ажырата біліңіз;
Қажетті біліктіліктерің бірі - фейктерді ажырата алу. Оны бірден анықтау мүмкін емес. Фейктер көбінесе жалған ақпарат тарататындықтан, аты-жөнінің жазылуын, мамандығын, мекенжайын тағы да басқа элементтерді тексеру өте маңызды.
Фейкті ажыратуға интернет - сервистер көмектеседі. Қарапайым тексеріс ол Яндекс, Google іздеу жүйелерінен тақырып немесе кілт сөздер арқылы, суреттерді Google Images немесе TinEye сервистері арқылы іздеуге болады. Кейде графикалық редактормен түзетілген суреттердің дереккөздері табылмауы да мүмкін.
- Мынаны есте сақтаңыз: деректердің дәлдігі сенсациядан маңыздырақ;
Эмоциялар - фактчекердің қауіпті дұшпаны, жалпы көңіл күйге берілу және «сенсацияның» жетегінде жүріп, көңілдегіні шынайлылыққа баулу қызығушылығы жиі болады. Кейбір медиалар фактоидттарды рахаттана жариялайды, өйткені олар аудиторияда танымал. Эмоциямен қатар үнемі немқұрайлылық, жаңалықты бірінші және тезірек жариялауға деген асығыстық қатар жүреді. Факттарды тексеру үшін арнайы Storyful. com, FactCheck. org, PolitiiFact. com, Washington Post редакциясымен құрылған The Fact Checker жобалар мен сервистер жұмыс істейді. Өкінішке орай, олардың көпшілігі ағылшын тіліндегі мақалалар үшін. Бірақ әмбебап құралдар бар. Сайт Mediakritika. by «Оқырмандарға желідегі қолжетімді контентті анықтауға көмектесетін 5 жаңа бағдарлама мен қосымша» сервисін ұсынады: Trooclick, Truth Goggles, Lazy Truth, Skeptive, Cenius.
- Әлеуметтік желілерді сақтықпен абайлап пайдаланыңыз;
Фактчекинг жасау кезінде ақпаратты және дереккөзді бөліп алып, екеуін де тексеру қажет. Интернет пен әлеуметтік желілер арқасында адамдар туралы көптеген мағұлматтар алуға болады, туысқандары мен достарымен байланысып, таныстары мен ұжымдастарынан сұрау сала аласыз.
Фактчекинг - жауапкершілік, қызығушылық, жаңа технология мен сервистерді түсіну. Бұл сала әлемдік медиада жеке сала, фактчекерлер журналистің бір саласы ретінде жеке мамандық ретінде қалыптасу үстінде.
Біздің елімізге де фактчкинг жасайтын арнайы бөлімдер, сайттар жасалса. Ақпараттың жалған екенін дереу халыққа түсіндіріп, әр ақпартқа сене беруге болмайтындығы жөнінде жиі айтылып отыратын болса, оқырман сауаты жоғарлайтын еді.
1. 2. Фактчекингтің медиа саласындағы рөлі
Теледидар арқылы көрсетілетін, таратылатын ақпарат интернет пен әлеуметтік желілерге қарағанда күштірек, сенімдірек, әсерлірек болып келеді. Дегенменде әлеуметтік желілер арқылы таралған ақпарат көп оқырман жыйнайды. Әлеуметтік желілер бұқаралық ақпарат құралдарынан оқырманға ерекше және таңғаларлық жарнама түрлерін берумен алда келеді. Жаңа медианың дәстүрлі журналистикадан ақпаратты жылдам бере алатындығымен ерекшеленеді. Біздегі Abai. kz, Masa. kz, Baq. kz, қаралымы ең жоғарғы Nur. kz сайттары жылдам ақпарат таратуда алда келе жатыр.
Жағымсыз жаңалықта үнемі сұраныста және тез атарйды. Рейтинг көтеру үшін адамзаттың мейірімділік, адамгершілік, шынайылық сынды кей құндылықтары төмендеп кетті. Жалған, жағымсыз ақпаратты таратушы бұқаралық ақпарат өкілдері азаматтық жауапкершілікті сезінбеуде. Негатив ақпаратты қабылдаған оқырман психологиясының бұзылуының себеп - салдарға көз жұмылуда. Жағымсыз ақпаратты тарату мынадай жағдайларға әсер етеді:
1 себеп: Қоғамда жүйкесі жұқарған адамдардың көптігі
Үнемі негатив жаңалықтырды оқып, көріп, қабылдап жүрген адамдарда стресс көп болады. Ұйқысыздық пайда болып, қан айналымы нашарлайды. Мұндай адамдардың көптігі әлбетте қоғамға, қоршаған ортағ да әсер етеді. Нәтижесінде қоғамдық ортада, жұмыста, отбасыда кикілжің, айқай-шу, наразылық көбейеді. Бұл жалпы көңіл - күй атмосферасына әсер етеді.
2 себеп: Оқиғалардың қайталануы
Жағымсыз жайттар жиі айтылған сайын, сол ақпарат көбейе береді. Мысалы: зорлық, өз-өзіне қол жұмсау, педофильдердің көбеюі сынды ақпараттар тізбектеле береді.
3 себеп: Аяушылық сезіміні азаюы
Жағымсыз жаңалықтарды күнделікті ести беру, адамның аяушылық сезімін жоғалтады. Тіпті жаңалықтарды көргенде мән бермеу сезімі болады.
Осындай жаңалықтардың көпшілігі жалған болып шығады. Оны тексеріп жатқан ешкім жоқ. Фактчекинг жасалмаған негатив ақпарат адамдардың қатігезденуіне әкеліп соғады.
1. 3. Мультимедиялық және конвергенттік журналистикадағы фактчекинг
Алдымен мультимедиялық және конвергенттік журналистика дегеніміз не деген сұраққа жауап іздейтін болсақ. Асаубек Әйімбетов мультимедиялық журналистиканы үш ұғымға бөліп қарастырады:
1) Мультимедиялық журналистика - бұл журналистік материалдарды ұсынудың қандай бір нақты түрі. Бірақ мұнымен журналистер айналыспайды. Бұл медиаменеджерлердің жұмысы.
2) Мультимедиялық журналист - бұл материалды өңдеп және монтаждай алатын бірнеше адам емес, бұл мультимедиялық тұрғыда ойлай алатын, түрлі жобаларда өзіне бірнеше рөлді ала алатын адам (монтаж, дыбыстау, мәтін жазу, сұхбат алу) .
3) Мультимедиялық редакция бірнеше мамандардан тұруы тиіс. Олардың барлығы да мультимедиялық журналистер болуы міндетті емес.
Конвергентік журналистикаға анықтама беретін болсақ. Конвергенция -латын тілінен аударғанда "конверго"- жақындатамын деген мағына береді. Ол медияның әр түрлі қырларын бір ғана продуктіде қолдану. Конвергенттік журналистика дегеніміз - ақпараттық және комуникативтік технологиялардың ортақ ақпараттық ресурсқа құйылып, интеграциялануы. Канадалық БАҚ және коммуникация зерттеушісі Дэни Макуэйдің анықтамасына келесі анықтама береді: " Бұл бір ғана мазмұнды тауардың әр түрлі арналармен, құралдар бойынша әр түрлі тәсілдер арқылы беріледі. Конвергенттік журналистика бұл беттесу процесі болып табылады, бір ғана ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың интеграциясы, толысуы. "
Аталған журналистика салалары біздің елімізде дамып келеді. Бәсекелестік болған жерде ақпараттардың сапасы емес, көптігі, тез арада тарауы басты назарда секілді. Сол себепті де бұл журналистика түрлеріне фактчекинг жасау өте маңызды.
Журналистика саласында «бақылаушы журналистика» (ағылшын тілінде watchdog journalism) деп аталатын саласы бар. Ол оқырмандарды үкіметте болып жатқан жағдайларға байланысты ақпаратпен қамтамасыз етеді, беделді жеке және қоғамдық ұйымдардың қызметін, олардың азаматтарға есеп беруі мен қажетті өзгерістер енгізуін насихаттайды. Яғни, мемлекеттік істерге тікелей қатысты ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Бақылаушы журналистиканың негізгі бағыттары ретінде мыналарды бөліп алуға болады:
- Фактчекинг (ағылш. fact-checking) ;
- Журналистік зерттеу;
- Әлеуметтік маңызды тақырыптарға байланысты лауазымды тұлғалармен сұхбат.
Бақылаушы журналистика анықталған мәселелер туралы жұртшылықты хабардар етуі тиіс. Оның негізгі тақырыптарының қатарына: мемлекеттік және атқарушы билік органдары, заңсыз іс-шаралар, сыбайлас жемқорлық, этикалық нормалардың бұзылуы, тұтынушылар құқықтарын қорғау, қоршаған ортаның ластануы сияқты маңызды мәселелер кіреді.
Бақылаушы журналистер олар дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында, баспасөздерде, телеарналар мен радиоларда, сондай-ақ, блогер ретінде интернет сайттарында жұмыс істей алады.
Атқаратын қызметі:
- Бақылаушы журналист ретінде қызмет етеді;
- Азаматтарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін әлеуметтік қорғаушы, сол арқылы олар биліктегі құқықбұзушылықтардың алдын алады;
- Маңызды тақырыптарды көтеріп, компанияның өкіліне, әр түрлі үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне батыл сұрақтар қояды.
Осы функцияларды атқару үшін, журналист объективті және биліктен тәуелсіз болуы тиіс.
Билік және оның ықпалының алыстығына байланысты, бақылаушы журналистика «төртінші билік» деп жиі аталады. Бақылаушы журналистер тақырыптардың ауқымдылығына басты назар аударады, мысалы алатын болсақ, олардың тақырыптары былай болып келуі мүмкін: «Қоғам қайраткерлерінің қатысуындағы жанжалдар, қаржылық құқық бұзушылықтар, саяси сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қызметтегі баю, тағы басқа да заң бұзушылықтар».
Бақылаушы журналистиканың негізгі бағыттары:
Фактчекинг - құжаттардағы статистика және басқа да фактілердің, мәтіндегі сөздердің және жарияланымдардың шындыққа сәйкестігін тексереді. Америка Құрама Штаттары, Еуропа мен Латын Америкасында, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері жария еткен фактілерді тексерумен айналысатын бірнеше ұйымдар мен порталдар бар. Олардың ішінде - Factcheck. org, Politifact. com, FactCheckEU. org, Fact Checket газеттері, The Washington post және тағы басқалар. Осы порталдардың кейбірі мемлекеттік органдарды ғана емес, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарын да қадағалайды.
Журналистік зерттеу - бұл журналист немесе журналистік топтың көтеретін мәселелерін зерттеу, проблемаларды, оқиғаларды жан-жақты шолу болып табылады. Зерттеу бірнеше жанрлардың элементтерін біріктіреді және әр түрлі дереккөздермен, құжаттармен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Журналистің жұмысы кез келген оқиғаны зерттеу, оның негізі ретінде мүдделі тұлғалар немесе ұйымдардың қоғамнан жасырып қалған шот-фактурасын іздеу, яғни жеке детективтік қызметіне ұқсас.
Сәтті журналистік тергеудің ең танымал үлгілерінің бірі - Уотергейттік жанжал. Washington Post тілшілері Карл Бернстейн және Боб Вудворд журналистік әшкерелеу арқылы АҚШ президенті Ричард Никсонның импичмент жариялауын күтпей, кезектегі демалысқа кетуге мәжбүр еткен.
Үкімет және объективті көзқарас тұрғысынан тәуелсіз болғалы бері бақылаушы журналистиканың екі негізгі шарты бар екені белгілі, бұл Ресейде тек жариялылық дәуірде ғана өзінің бастауын алды. Оларда Бұқаралық ақпарат құралдары және бақылаушы журналистика жанр ретінде бұрынғы кеңестік цензура тұсынан бастап еркін дами бастады. Журналистік зерттеу басты назарда болды. Теледидар саласы бойынша «Взгляд» ақпараттық-талдамалық бағдарламасы болды. Өз қызметкерлерінің бірі Владислав Флярковтің айтуынша, бағдарламаның жасаушылары мен авторлары «барлық түсініксіз әрі бейтаныс жерге араласып, әлі ашылмаған дүниені ашуға деген» ұмтылыстарымен ерекшеленетін. Тағы бір танымал өткір әлеуметтік бағдарлама Александр Невзоровтың «600 секунд» бағдарламасы болып табылады. Юлиан Семенов 1990 жылы, аты ең үздік журналистік зерттеулер марапатымен байланысты, кейіннен сонда бас редактор болған Артем Боровик жұмыс істеген «Совершенно секретно» деген газетін ашты. Содан кейін ол Александр Хинштейн, Лариса Юдина, Евгений Додолев сияқты басқа бақылаушы журналистер сияқты танымал болды.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін журналистика саласына жеке капитал еніп, бұқаралық ақпарат құралдары алтернативьтік үкіметті туындатты. Осы кезең ішінде, 90-жылдардың ортасында бақылашы журналистика бірінші кезекке шықты, оған ең алғаш шешен соғысы тұспа-тұс келді: телеарналар үкіметті ашық түрде сынады, ресми көзқарасты жоққа шығаратын көріністерді көрсетті. Соғыс кезінде барлығы тіпті мемлекеттік ВГТРК-ке көп қарсы шықты. Дмитрий Холодов, Вячеслав Измайлов, Дмитрий Баранецтер Шешенстандағы күрес әрекеті және соған байланысты мәселелер мен теріс пиғылдар туралы жазды.
1990 және 2000 жылдардың басында Ресейде бақылаушы журналистиканың ең көрнекті өкілі, билік органдарының әрекеттерін сынайтын және Екінші шешен соғысының қылмыстарын тергейтін Анна Политковская болды. Қазіргі уақытта іс жүзінде болмаған дәстүрлі БАҚ-тағы журналистік бақылау: Бірінші арна Алексей Пимановпен «Адам және заң бағдарламасын» шығарды, бірақ арнаның мемлекетке тиесілігіне орай журналистік оны бақылау жанрына жатқызуға болмайды. Бір мезетте ғаламтор желісінде, әсіресе блог кеңістігінде бұл жанр өмір сүруін жалғастыруда.
Кеңінен танымал блогта Алексей Навальный және ол лауазымды тұлғалары мен заң бұзушылықтарына байланысты құжаттар мен материалдар жарияланған, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өзінің бірнеше жобалары қамтылды.
Сұқбат алу журналистиканың бағытын бақылайтын, оның ажырамас бөлігі болып табылатын зерттеулермен бірге Ресейде әзірленген. Алайда, қазір орыс теледидар саласындабірнеше авторлық құқық негізіндегі бағдарламалар бар. Олардың арасында Познер Владимир Познер, Постскрипт Алексей Пушковтер Ресейдің үздік «сұхбат алушы» журналистері саналады.
Фактчекинг бізден бұрын Ресейде дамымаған. Қазіргі уақытта тек Edition Slon. ru - да "Проверка речи" рубрикасы бар, онда ресейлік жетекші саясаткерлер қателер мен сәйкессіздіктерді, сөзді зерттеу үшін фактчекингмен айналысады.
Бақылау журналистиканың тұжырымдамасы бірнеше себептер бойынша сынға ұшырайды. Соңғы жылдары бақылаушы журналистика жанры журналистердің танымалдылығын жоғалтты. Олардың көпшілігі өздерінің материалдарын дәлірек айтқанда, оны түбегейлі өзгертуге тырысуға қарағанда, қазіргі жағдайда бергенді қалайды. 2003 жылы Ирактағы соғыс кезінде көптеген американдық журналистер мұны мойындады, олардың ойынша, «Әкімшіліктің іс-әрекеттерін сынау олардың міндеті емес». Мұндағы үлкен мәселе бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы. Бұқаралық ақпарат құралдарының иесі тарапынан енгізілетін цензура бар, өйткені нарықтық экономика жағдайында нақты редакциялық тәуелсіздікке жету өте қиын. Осылайша, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында бақылаушы журналистердің жұмысында қоғам үшін шындықты өзінше іздеуге шектеулер болуы мүмкін. Журналистиканың өзіндік қағидаттары бар: біріншіден, шындықты айту. Екіншіден, өзінің ұнатулар және ұнатпаулары бойынша қатаң бақылау. Ал үшінші, объективті болу.
Журналистер өз жұмысын жоғалтып алмау үшін «артық ештеңе жазбаңыз, өйткені оның зардабы болуы мүмкін екенін түсінесіз» дегендей үкіметтің ыңғайына бейім болады.
2. ФАКТЧЕКИНГ ҮЛГІЛЕРІ, ҚОЛДАНЫЛАТЫН САЙТТАР МЕН ҚҰРАЛДАР
2. 1. Еліміздің медиа саласындағы фактчекинг тәжірибелері мен үлгілері
Елімізде жаңа медиа саласы, яғни интернет-журналистика соңғы уақытта қарыштап дамуда. Интернет журналистиканың артықшылығы болып жатқан оқиға орынан интернет арқылы тікелей хабар тарата береді. Мұндай ақпараттар оқырманға, көреременге жедел түрде жетеді.
Жаңа медиа саласында еліміздегі фактчекинг жасаушы блогер Жалғас Ертай «Фактчекинг. Интернетте ақпаратты тексерудің бес жолы» тақырыбында журналистер мен блогерлерге семинар-тренигтер өтіп жүр. Блогердің ұсынған жолдары:
- Қарсы жақтың пікірін білу;
- Фейк аккаунтты ажырату
- Жалған ақпарат таратқан сайт өз аудиториясынан кешірім сұрамайды
- Эмоционалды (Мысалы: 1 қазақты 3 ұйғыр ұрып кетті. Бұл адамды эмоцияға итермелейді. Эмоцияға бірден берілмей, күмәнмен қарау керек) ;
- Әлеуметтік желіде айтылған нәрсеге ешқашан сенбеу;
Тексеру инструменттері:
- Сіздің миыңыз;
- Сенімді дерек көздері
Және де блогер Дінмұхаммед Зиядин «Әлеуметтік желінің арғы жағы: жалған ақпарат» тақырыбында да біздің қоғамға қажет өзекті тақырып. Бұл тақырыпта әлеуметтік желідегі жалған ақпараттың 3 түрін атап көрсетеді:
1. Қызық үшін;
2. Коммерциялық;
3. Саяси.
Жалған ақпарат тарататын кімдер?
- Іші пысқан қолданушылар;
- Трольдар;
- Саяси ұйымдар.
Осының ішінде трольдың 3 түрі бар деп атап көрсетеді, олар:
- Әуесқой;
- Кәсіби;
- Өзінің троль екенін білмейтін трольдар.
Блогердің айтуынша кәсіби трольдің ақпаратын рас-өтірігін ажырата алмауымыз мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz