Дене тәрбиесі сабақтарындағы қозғалыс ойындары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Пернебаева П. М

Қозғалыс ойындарын оқыту әдістемесі пәнінен дәріс жинағы

ШЫМКЕНТ

ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ

  1. Лекция

Қозғалмалы ойындары дене тәрбиесі құралы. Ойын - тарихи қалыптасқан қоғамдық құбылыс

Жас ұрпақты болашаққа дайындау мен дүниетанымын кеңейту құралы ретінде ойынның құндылығы тәрбиелік мақсатта ертеден пайдаланып келеді. Өзінің алғашқы қадамдарынан-ақ сәби ойын арқылы қажетті өмірлік дағды мен сапаларды бойына сіңіреді. Ойын ақыл-ойды дамытады, қабылдауды жетілдіреді, қимылды басқару мен дәлдік құрылымын қалыптастырады, еңбек құралдары мен түрлі заттарды пайдалануда қайталанбас тәжірибе жинақтайды, психикалық қабілетін және т. б. дамытады. Бұдан соң да ол әр адамның бүкіл ғұмыры бойындағы шығармашылық іс-әрекет пен қозғалыққа қажетті табиғи мүддесін қанағаттандыру отырып, өзінің тартымдылық күшін сақтайды. Әлем халықтарының барлық ойындарын пайдаланудың ерекше кең тараған негізгі себебі осы болып табылады.

Қозғалыс ойындары ұлттық мәдениетті тәрбиелейді. Қозғалыс ойындарына тән спорт жарыстарына негіз болатын жан-жақты қозғалыс әрекеті барынша пайдалы және жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оның ақыл-ой қозғалыс аясын дұрыс дамытуға өте қажет. Сондықтан қозғалыс ойындары - өскелең ағзаны толық дамыту құралы ғана емес, сондай-ақ дене тәрбиесі мен спорт әлеміне кең ашылған қақпа тәріздес.

Оның қолданылу аясы шексіз. Дене тәрбиесінің басқа құралдарына қарағанда балалық шақтың алғашқы сәттерінен бастап-ақ және жасөспірім кезде ойындарға үлкен мән беріледі. Бұл түсінікті де, себебі ойындық қозғалыс әрекетінің шынайы бағасын жан-жақты ұғынып, дұрыс бағалау өте қиын.

Қозғалыс ойындарының негізгі ерекшелігі дене жаттығуларының көп жақтылығынан көрінеді. Ойын ойнау ойыншылардың қимыл және психикалық әрекетіне бірдей ықпал етеді. Үнемі өзгеріп отыратын ойын жағдайларына лайық мінез-құлқын сайлау бақылау мен реттеу барысында танымдық сананы кең кірістіруді қажет етеді. Нәтижесінде жүйке әрекеттерінің күші мен қозғалмалылығы артады, ағзаның барлық жүйе әрекеттерін бастағы ми қыртыстары және орталық жүйке жүйесі арқылы реттеу қызметі жетілдіріледі.

Бұған қоса ойын әрекеті қимылының көптүрлілігімен және күрделілігімен ерекшеленеді. Оған тірек-қимыл аппаратының үйлесімді дамуына ықпал ететін барлық бұлшықет топтары қатыстырылады.

Ойын шарттарының өзгермелелігі үйренген қимылдарын жаңа жағдайға үнемі лайықтап отыруды талап етеді. Сондықтан қимыл дағдылары икемді, әрі иілгіш болып қалыптасады. Ептілік жетілдіріліп, алдын ала меңгергендерінен жаңаша қимыл тудыру қабілеті дамиды.

Жарыс шарттары қатысушылардан барынша үлкен дене ширығуын талап етеді. Демалыс үзілістерімен шағын қысымдық әрекеттердің барынша қарқынды сәттерінің кезектесіп келуі ойыншылардан үлкен жұмыс көлемін орындауға мүмкіндік береді. Жүктеменің кезетесіп келу сипаты өскелең ағзаның физиологиялыө жағдайының жас ерекшелігіне сәйкес келеді. Сондықтан қанайналым мен тыныс алу жүйесінің қызметін жетілдіруге жақсы әсер етеді.

Ойынның маңызы оларды табиғи жағдайларда кең қолдану мүмкіндігіне орай арта түседі. Шыңғы тебу, орманда, сауда, конькимен және т. б. ойындар - денсаулықты нығайту мен шыңдаудың тамаша құралы.

Табиғи факторларды толық пайдалану әсіресе жас ағзаның дамуы мен өсу кезеңінде өте маңызды.

Терең және жан-жақты ықпал ету ойынды өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қайталанбас құрал етеді. Ойынды белгіленген жүйемен және басқа да құралдармен үйлестіре пайдалану қоғамдық ортаны құруға қажетті мінез-құлықты тәрбиелеуде жоғары ықпал етеді.

А. М. Горькийдің пікірімен айтсақ, ойын бұл «балалардың өздері өмір сүретін және өзгертуге құқылы әлемді тану жолы».

Ойынның отандық ілімі мен әдістемесін дамыту

Орыстың педагогикалық ойшылдары ойынға ертеден-ақ қызығушылық танытты. Ойынды халыққа білім беруде пайдаланудың ілімі мен іс-тәжірибесін дамытуға Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, В. Г. Белинский, Д. И. Писарев тәрізді белгілі қайраткерлер үлкен үлес қосты. Олар халықтық ойындарды жоғары бағалап, ондағы жеке тұлғаның адамгершілік қасиетін тәрбиелеудегі мықты құрал екенін айтты. Көрнекті орыс педагогы К. Д. Ушинский де осы пікірді қолдады. Ол оқытудың ойынмен үйлестірілуін кең қолданудың мағыздылығын алға тартты.

Бұл ой-пікірді бұдан кейін көрнекті ғалым П. Ф. Лесгафт одан әрі дамытып, ғылыми негізделген жүйеге ендірді. Ойынға дене тәрбиесінің негізгі құралы ретінде алғашқы ілімдік негіздеме берді. Ол ойынды баланың өмірге қадам басуындағы дайындық жаттығуы деп есептеді.

П. Ф. Лесгафт ойыншылардан саналы іс-әрекет пен өз қимылын басқара білуді талап ететін ойынның сапалық ерекшеліктеріне баса назар аударды. Ойыншыларға қойылатын талап мінез-құлықты қалыптастырады. П. Ф. Лесгафтың пікірінше, бұның барлығы шығармашылық ойы бар жеке тұлғаның үйлесімді дамуын тәрбиелеуге көмектеседі.

П. Ф. Лесгафт көптеген ойын түрлерін жинақтап, жүйелеп, жіктеді. Ол оны оқытудың тиімді әдістемесін құрды, оның негізінде ойнаушылардың белсенділігі мен дербестігі қамтылды. Ойын өзінен өзі тәрбиелей алмайтынын ұғынған Лесгафт басқарушы-педагогқа үлкен қызмет артты: «Ойынды жүргізу жеңіл көрінгенімен ол өте қиын іс және өз деңгейінде тұра алатын басқарушыны өте сирек кездестіруге болады».

П. Ф. Лесгафттың еңбектері отандық дене тәрбиесінің даму жүйесіне, әсіресе, ойын ілімі мен әдістемесінің негізін қалауға үлес қосты. Қазіргі кезде де оның идеялары өзінің негізгі деңгейін жоғалтқан жоқ.

Бұдан кейінгі жылдары бұл идеяны көптеген ғалымдар дамыта жалғастырды. И. М. Сеченов өзінің «Бас миының рефлексі» деген еңбегінде сәбидің ойыны мен ойлау қабілетінің қалыптасуы, сыртқы дүниені танудың қалыптасуы арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетті. Е. А. Покровский ойындар «тек сыртқы дене күшін дамытып және нығайтып қоймай, сонымен қатар ақыл-ойдың қалыптасуына да» көмектесетінін атап көрсетті. Сондықтан, олар мектеп оқушысының күн тәртібінде маңызды «педиатрияның жеке саласы ретінде оқуы тиіс» деп есептеді.

Бірінші кезекте, В. В. Пориневский, В. Г. Марц, Г. Г. Дюпперой, А. В. Былеева, В. Г. Яковлев, М. В. Лейкина тәрізді кеңес ғалымдары ғылыми негізделген ойын ілімі мен әдістемесін құрудың қарқындылығы ерекше. Солардың жұмыстары арқылы қозғалыс ойындары балалардың жан-жақты дене тәрбиесі және олардың анатомо-физиологиялық және психикалыө дамуы ерекшеліктеріне сәйкес әрі лайық құрал ретінде толық мойындалды.

Ойындардың тәрбиелік маңызы Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко еңбектерінде анық көрініс тапты. Ойынның басты құндылығы мен оның арнайы ерекшелігі оның ұжымдық іс-әрекетті танытып, қоғамдық қарым-қатынасқа үйрететінінде жатыр.

Н. К. Крупскаяның пікірінше, мектеп балаға ойын үшін өте аз уақыт бөліп, баланы ересек адам етуге асығады. Ол «ойынның ұйымдастырушылық ролін дұрыс бағаламайды» деді.

Балаларды өте үлгілі бастамашыл, нағыз ұжымшыл етіп тәрбиелеу үшін ойындарды кең қолдану қажет. Біріккен іс-әрекет өзіңді тануға, бір-біріңді түсінуге көмектесіп, балалар арасындағы достастықты нығайтады. Н. К. Крупская балалардың өзіндң ойындарын әсіресе жоғары бағалады. Онда бала «жағдайды таразылауға», бүкіл ұжым үшін атқаруға бағындыруға үйренеді.

Н. К. Крупская ойынды таңдауға үлкен мән берді. Оның ойынша қоғамға кері әсерін тигізетін ойындар бар және сонымен қатар белсенділік пен бастамашылықты, жолдастарын құрметтеу мен саналы тәртіпке тәрбиелеуге көмектесетін ойындар бар. Тәрбиелік әсердің тиімділігі көп жағдайда басқарушының ролімен, оның ойынды басқарушының ролімен, оның ойынды жүргізе алуымен анықталады. Шектен тыс кең қамту санаоы тәртіпке тәрбиелеуге кедергі келтіреді, бастамашылдықты төмендетіп, ойынға деген қызығушылықты әлсіретеді. Н. К. Крупская басқарушыларға пайдаланатын ойынды оқып үйренуге, ондағы бабстама көтерушілікті тудыруға арналған жағдайлармен қамтамасыз етуге және міндетті түрде жас ерекшеліктерін ескеруді ұсынады.

Ойын өздігінен тәрбие бере алмайды. Н. К. Крупская бұл ойды былай түсіндіреді. «Ойын арқылы аңды да үйретуге болады, ойын арқылы коммунисті де тәрбиелеуге болады. Істің тетігі ойынды кімнің қалай басқаруында жатыр».

Ойынды бала тәрбиесінде пайдаланудың бұдан кейінгі ілімі мен іс-тәжірибесінің дамуы белгілі кеңес педагогы А. С. Макаренкомен байланысты. Ол ойын әрекетінің жеке адамды қалыптастырудағы ролін жоғары атап көрсетіп, оны еңбек, оқу және қоғамдық әрекеттерімен қатар қояды. Сан түрлі ойынды пайдаланудың түзу жүйесін құрған ол (қозғалыстық, спорттық, әскери) педагогтарға қоғамдық тәртіп, дағдыларын тәрбиелеуде ең тиімді әдіс ұсынды. Әсіресе оның еңбек пен ойын үйлесім ұстанымы маңызды болды. А. С. Макаренконың пікірінше ойын да - еңбек:

«Ол адамды жұмысқа қажетті дене және психологиялық шарттарға үйретеді».

Сондықтан ойында әдеттенген сапалар егер балалар ойыны үнемі еңбекпен кезектесіп отырса тез әрі жеңіл дағдыға айналады. Іс-тәжірибелік жұмыс барысында жинақталып дәйектелген бұндай бағыттың табыстылығы А. С. Макаренкоға «болашақ қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады» деген пікір салды.

Кеңес балаларының тәрбиесіндегі ойын әдісін пайдаланудың әсіресе маңыздылығына артқан өз сенімін А. С. Макаренко қысқа түрде айтып өтті. «Педагогтың ойнамауы мүмкін емес, - деді ол. - Ойнай алмайтын педагог болуы да мүмкін емес».

Кеңес ғалымдарының еңбектерінде одан әрі даму жалғасын тапқан орыс ғалымдарының алдыңғы бөлігінің ойынға ертеден және терең санаоы қызығушылыщғы ойынды қоғамдық тәрбие құралы ретінде ілгерішіл және ғылыми негізделген жүйені қалыптастыруға негіз болды. Маман-оқытушылардың басқаруымен ойындарды мұқият талдау, жүйелі пайдалану мен жүргізу тәрбиелеуде үлкен нәтижелі жетістіктерге жетуге көмектеседі. Осыған қоса ойын әдісін кең қолдану дене жаттығуларын оқытудың жалпылама тиімділігін арттырады. Жас ерекшеліктерін ескері мен ойындарды басқа да дене жаттығулары түрлерімен үйлестіре жүргізу балалар мен жасөспірімдердің дене дайындығы мен ағзасын дамытуға қолайлы әсер етеді.

Қозғалмалы ойын түрлерінің өзекті мәселелері.

Кеңес дәуіріндегі қозғалыс ойындарының негізгі мәселелері.

Кеңестік дене тәрбиесі жүйесінде ойынға маңызды орын берілді. Олардың көмегімен әртүрлі жас ерекшелігі топтарында дене тәрбиесі міндеттерін кең көлемде шешеді. Ойындарды мектепке дейінгі және мектепте, сондай-ақ орта және жоғары оқу орындарында, дене шынықтыру - сауықтыру және спорт жұмыстарында пайдалану сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттерін шешуге көмектеседі.

Ойынның білім берудегі маңызы көптүрлі. Олардың жүйелі қолдану қозғалыс мүмкіндіктерін жетілдіріп, жүгіру секіру, лақтыруды қарастыратын қозғалыс мектебін толық меңгеруді қамтамасыз етеді. Бұл шеңбер қалағанынша кеңейтіліп, өмірге қажетті дағдылардың барлық кешенін қарастырады. Ойын арқылы бзұл дағдылар оны түрлі жағдайлармен сәйкестікте қолдану мүмкіндігін біршама кеңейтетін білікке айналады.

Ойынға тән жарыстардың әсерінен барлық дене сапалары, ең алдымен, шапшаңды, ептілік, күш пен төзімділік белсенді дамиды. Бұның барлығы бала ағзасының қозғалыс аясын қалыптастыруға көмектеседі.

Сонымен қатар күнделікті өмірге қажетті өте маңызды сапалар - қабылдау мен жауап беру жетілдіріледі. Соған қоса шешім қабылдау мен оны талдау қабілеті дамиды, ол жедел ойлау мен ақыл-ой барысын қалыптастыруға өте қажет. Сонымен ойын талаптары арқылы дұрыс іс-әрекетке қабілеттілік артады.

Қазіргі кезде балаларды спотпен ерте жастан таныстыру кең құлаш жайды, ол балаларға дер кезінде таңдау жасауға мүмкіндік береді. Спорттық бағдар, алғашқы таңдау және спорт тәсілдерінің негізіне оқытуды қарастыратын бұндай спорт білім беру міндеттерін шешу көбінесе жеңілдетілген спорт ойындарының түрлері бойынша жарыстарды кең таратумен байланысты. Бұлар мини-футбол, мини-баскетбол, мини-гандбол, т. б. Соңғы жылдары бүкілодақтық «Үміт сөресі» жарысы өткізіле бастады. Оның бағдарламасына қозғалыс ойындары да жендірілді. Телеарналар көмегімен миллиондаған оқушылар қызықты және ыңғайлы спорттық хабалар түріне ден қояды және «Веселый час», «Сильные, смелые, ловкие», «Папа, мама и я - спортивная семья», т. б. жарыстарға қозғалыс ойындары бойынша қатыса алады.

Ойындардың тәрбиелік мәні өзгермелі жағдайда және ойыншылардың белсенді қатысуымен өткізілетін қозғалыс әрекеті сипатымен тығыз байланысты. Ойынның мәні - үнемі және түрлі жағдайда туындайтын мақсатқа жету жолындағы кедергілермен күрес болып табылады. Сондықтан олар күшті психикалық реакция тудырады. Педагог, төреші, капитан және командалас жолдасы тарапынан атқарылатын ойыншылардың мінез-құлқын білікті басқару жеке тұлғаның рухани - ерік және адамгершілік сапаларын тәрбиелеуге көмектеседі. Ұжымдық, тәртіп, ұйымдастырушылық, бастамашылдық, шешімталдық, батылдық және табандылық тәрізді сапалар барынша белсенді қалыптасады.

Ойынды қолдану педагогқа өз тәрбиеленушілерін ертерек және толық танып білуіне мүмкіндік беруімен де маңызды. Бұдан соң балаларды жақсы сапалар белсенді жетілетін арнайы талапқа қояды. Ойын көмегімен кеңестік тәрбиенің негізгі ұстанымы, яғни «ұжымда, ұжым үшін және ұжым арқылы» ұстанымы өмірге келеді.

Әскери - отансүйгіштік тәрбие міндеттеріне БАЖЖО ОК бастамасы бойынша өтетін «Өжет» ойыны жауап береді. Ол жас ұрпақты халқымыздың әсери дәстүрлеріне тәрбиелеп, Отан қорғаушыларға қажет дағдыға үйретеді.

Ойындардың сауықтыру маңызы да зор. Жақсы көңіл-күйге жеткізетін сан алуан белсенді қозғалыс әрекеттерінің өзі дене жаттығуларының қолайлы түрін қарастырады. Ойыншылар бір мезгілде жүктеме әсеріне және сол сияқты табиғи күштер - күн, жел, су әсеріне ұшырайды.

Ойын барысында жүктемені басқарушылар мен қатысушылардың өздері мөлшерлейді. Бұл қатты шаршаудың алдын алады. Сондықтан ойынмен жүйелі шұғылдану ішкі органдарды нығайтады, ағзаның қызмет әрекетін жетілдіреді, дұрыс дене дамуын қамтамасыз етеді, оқушылардың денсаулығын нығайтады.

Сонымен, ойындар жан-жақты әсер етеді және үйлесімді дамуға мүмкіндік береді. Оларды кең қолдану қоғамдық тәрбие міндеттерін толық шешуге мүмкіндік береді.

Орта білім беру және мектептен тыс тәрбие жүйесіндегі қозғалыс ойындарының алатын орны

Балалық шақ - ойын кезеңі сондықтан балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбие процесін ойыннан бөліп қарауға болмайды. Бұл кезеңдегі ойын әдісі маңызды орын алады және дене тәрбиесінің әмбебап әдісіне айналады. Жасы кіші болған сайын ойынның маңызы да, ықпалы да арта түспек.

Мектеп жасына дейінгі ойын әрекеті - бұл бала қозғалысының ең негізгі түрі. Бұл жастағы бала тәрбиесіндегі маңызды міндеттерді кең көлемдегі ойын түрлерімен, атап айтқанда қозғалыс ойындарының көмегімен шешіледі. Оған қосымша ретінде жалпыдамытушы жаттығуларды, жүру, жүгіру, секіру және қарапайым лақтыруларды пайдаланады.

Бастауыш сыныптарда ойындар бұрышына дене жаттығулары арасында негізгі орын алады. Олардың негізгі салмақ үлесі 1-3 сыныптарға тиеді, онда толығымен қозғалыс ойындарынан құралған сабақтар жиі жүргізіледі. Ойындар көмегімен жаңа қимылдарды үйреніп, үйренгеніне машықтанады.

3-4 сыныптарды ойындар барлыө мүмкін болатын жеңіл атлетика, гимнастика, шаңғы спортының арнайы жаттығуларымен және жалпыдамытушы жаттығулармен толықтыщрылады. Хбұл жаттығуларға оқытқанда қозғалыс ойындарына үйренген қимылдарын жетілдіріп, бекітудің белсенді құралы ролі беріледі.

Ойындар мазмұны бірте-бірте күрделене түседі: тек дене қыздыру қимылдарынан жүгіру, секіру, лақтырудың көптеген түрлері мазмұнын құрайтын ойындарға ауысады. Ойнаушылар арасындағы өзара қарым-қатынас та күрделенеді. Балалар өзіне берілген рөлді атқарып, бірте-біәрте келісімді, бірге әрекет жасауға үйренеді. Көптеген ойындар ұжымдық жарыстар сиопатында болады және спортта жүргізетін ойын қызметтерін орындайды.

5-8 сынып оқушыларының дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары бұрынғысынша кең қолданылғанымен оны басқа да жаттығулармен біртіндеп алмастырып отырады. Ойындарды қимыл сапасы дамыту мен қимыл дағдыларын жетілдіру үшін қолданады. Сол сияқты осы кезеңге таныс болатын спорт ойындарының тәсіліне және тактикасына оқытуда дайындық есебінде пайдаланылады.

Жоғарғы сыныптарда қозғалыс ойындары қосымша, толықтырушылық сипат алады да, негізгі роль спорт ойлындарына беріледі. Сонда да бұл жерде қозғалыс ойындары түрлі оқыту - тәрбиелеу міндеттерін атқарушыға көмектеседі.

Мазмұн байлығына қарамастан тек ойынның өзі білім беру мен тәрбиелеу міндеттерінің бүкіл шеңберін қамти алмайды. Сондықтан ойындарды тиімді пайдаланудың міндетті шарты оларды басқа да дене жаттығуларымен байланыстыру қажет болады.

Балалар бақшасында жалпы білім беретін мектептерде, ПТУ мен жоғары және арнайы оқу орындарында, санаторийлер мен демалыс саябақтарында, дене тәрбиесі ұжымдарынла - барлығында да ойындарға маңызды орын береді.

Орта жалпы білім беру мектептерінде ойынды пайдалану оқу-тәрбие міндеттерін толық шешуге мүмкіндік береді. 1-8 сыныптарда ойындар негізгі бағдарламалық материалға ендіріліп, гимнастикамен, жеңіл атлетикамен, шаңғы және спорт ойындарымен, жүзумен, күрес және көркем гимнастикамен бірге қолданылады.

Қозғалыс ойындары мектептен тыс және сыныптан тыьс шараларда, әсіресе, жазғы лагерьлерде үлкен орын алады.

Орта кәсіптік-техникалық училищелер мен арнайы оқу орындарында қозғалыс ойындарын пайдалану оқушылардың жалпы дене даярлығының жоғары деңгейіне жетуге көмектеседі.

Дене тәрбиесі ұжымдарында, БЖССМ-де, сопрт секцияларындағы қозғалыс ойындары жас спортшылардың жалпы және арнайы дайындығын қамтитын бағдарламалық материалдың міндетті бөлімі болып табылады.

Балалар мен спорт - сауықтыру лагерьлерінде қозғалыс ойындары оқушылардың алғашқы спорт дайындығы міндеттерін шешіп денсаулығын нығайтуға көмектеседі.

Мәдени - ағарту мекемелерінде, мәдениет және демалыс саябақтарындағы қозғалыс ойындарын түрлі тұрғындар тобы арасында жарыс өткізу үшін пайдаланады.

Тұрғын үй қолдану мекемелерінде балалар мен жасөспірімдерді қозғалыс ойындарымен шұғылдандыру тұрғын мекені бойынша дене тәрбиелік - сауықтыру жұмыстарының міндеттерін атқаруға көмектеседі.

Емдеу орындары мен санаторийлерде қозғалыс ойындарын емдеу алдын-алу мақсатында пайдаланады.

Негізгі міндеттерді шешу үшін ойындарды арнайы тапсырмалар мен сабақтарға ендіреді. Бұнда оларды педагогтың басқаруымен ұйымдасқан түрде жүргізеді.

Ойындар үзілісте, жиындарда, кештер мен мерекелерде өзіндік шаралар ретінде де жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда балалардың өзі белсенді роль атқарады, мұнда ойындар өзіндік дербес түрде болады.

Жанұядағы ойындардың да алар орны ерекше. Балалар мен ата-аналардың бірге ойнауы баланың даму процесіндегі міндетті әрі қажетті болып табылады. Зтуылғанан бастап 3 жасқа дейін сәби жөзінің ойын тәжірибесін отбасынан алады, осында ол өзінің дене жаттығулары мен дене тәрбиесіне деген көзқараосының негіздерін қалыптастырады. Балалар мекемесіне ауысқан шақтан бастап ойын тәжірибесін жинақтауы маман - педагогтардың ықпалымен жүзеге асырылады.

Сабақтан бос кездегі ата-аналардың ұйымдастырған қозғалыс ойындары балаларды мектептен тыс тәрбиелеуде маңызды дәрежеге ие болады. Үй алаңында арнайы ұйымдастырылған ойындар балаларды қараусыз қалудан сақтайды, жақсы демалыс пен күшті қалпына келтіруге жағдай жасайды және мектеп оқушыларын спорт секцияларына тартуға көмектеседі.

Қозғалыс ойындарының педагогикалық сипаттамасы

Қозғалыс ойындары дене тәрбиесі құралы ретінде көптеген ерекшеліктерге ие. Олардың ішіндегі ең танымалылары - ойнаушылардың белсенділігі мен дербестігі, жарыстық сипаты мен үздіксіз өзгермелі жағдайдағы ұжымдық әрекет.

Ойнаушылардың іс-әрекеті олардың мінез-құлқы мен қарым-қатынасын реттейтін ережеге бағынады. Ереже тактика таңдауды анықтап, ойынды басқаруды жеңілдетеді.

Көптеген ойын түрлерін ойында қалыптасқан өзара қарым-қатынасына қарай жіктеуге болады. Бұл ұстанымды алғаш лрет П. Ф. Лесгафт қолданды.

Ойынның түрлері

Ойынның негізгі үш тобы бар: командалық емес, командалыққа өтетін және командалық.

Қарапайым командалық емес ойлын түрлерінде мақсатқа жалпылама күш салуды қажет етпейді. Әрбір ойыншы бір-біріне тәуелсіз, тек ойын ережелеріне бағынып, қимылдайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылдық жердегі балалардың қазақтың ұлттық ойындары арқылы өзіндік сабақтарында дене дайындығы дағдыларын қалыптастыруы
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқыту
Жанұяда орындалатын дене тәрбиесі жаттығулары
Спортшының психологиялық дайындығы
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының құрылымдары
Оқушыларды өмірлік маңызды қозғалыс біліктері мен дағдыларын үйрету
Арнаулы оқу орындары студенттерінің дене тәрбиесі
Студенттердің КҚДД ұйымдастыру және формасы
Спорт жаттығуының топшалары
Дене тәрбиесі қасиеттерін дамытуға арналған қимыл-қозғалыс ойындары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz