Эдгар Аллан Поның фантастикалық әңгімелерінің стилистикалық ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31 Эдгар Аллан По, готикалық дәстүр және роман жанры ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71.1 XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ағылшын әдебиетіндегі готикалық мотивтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Өмірбаяндық алғышарттар мен өзіндік стильдің пайда болуы ... ... ..14
1.3 Ағылшын әдебиетіндегі романтикалық дәстүрлердің пайда болуы және оның Эдгар По шығармашылығына әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...17
2 Эдгар Аллан Поның фантастикалық әңгімелерінің стилистикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.1 Эдгар Аллан Поның Ашерлер үйінің құлауы новелласында байқалатын негізгі стилистикалық тенденциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2 Эдгар Поның готикалық және фантастикалық жанрының жанрлық және стилистикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.3 Эдгар По стилінің белгілі бір туындылары негізінде тақырыптық және композициялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
3 Эдгар По новеллистикасындағы фантастикалық талдау ... ... ... ... ... ...39
3.1 Эдгар По фантастикалық новеллаларындағы ерекше тақырыптар ... 39
3.2 Эдгар Поның психологиялық новеллалары фантастиканың бір түрі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
3.3 Эдгар По фантастикалық романдарындағы табиғаттан тыс құбылыстар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...59
Кіріспе
Эдгар Aллан По - жазушы әрі ақын, оның мұрасы ұлттық американдық және әлемдік әдебиеттің классикалық қорына енген. Эдгар Аллан Поның әдеби мұраға қосқан үлесі ерекше: оның поэзиясы тек американдық ғана емес, сонымен бірге еуропалық ақындардың көптеген буындарына арналған өлең мектебіне айналды, француз және орыс әдеби дәстүріне ықпал етті. Жазушы әлемдік жазба әдебиетіндегі детектив сынды жанрды қалыптастырушы болды: қазіргі таңда танымал детектив жанрының туған күнін 1841 жыл деп санауға болады, ол кезде жазушының Морг көшесіндегі кісі өлімі әңгімесі жарық көрді. Эдгар Аллан По қаламынан туған мақалалар американдық публицистика мен әдеби сын жанрының қалыптасуына әсер етті.Oның фантастикалық, қорқынышқа толы новеллалары жеке-дара көркем құбылысқа айналып, кейіннен шытырман оқиғалы және фантастикалық жанрдың үлгілерінде дамып, көркем және бірыңғай нұсқадағы ұқсас, үрейлі әдебиeттің жаңа желісі пайда болды. По новеллалары - америка классикалық әдебиеті мен әлемдік әдебиеттің бір бөлігі болуымен де,зерттеуге арналған қызықты материал болып табылады.
Эдгар Аллан По шығармашылығына арналған америка әдебиеттану ғылымымен қатар, орыс әдебиеттануында да көптеген әдеби сыни еңбектер жетерлік.Оның американдық және әлемдік әдеби дәстүрдегі рөлі орасан, жазушылығымен қатар, ақындығында елемеуге болмайды. По туралы жазылған очерктер, американдық әдебиет тарихының барлық шолулары, новелла жанры мен ақындық шығармашылық мәселелері туралы жарық көрген көптеген теориялық жинақтарға енген.
Жазушы аты аңызға айналған жазушылардың қатарына жатады, ол өзі шығармашыл тұлға ретінде әдеби мифологияның өзіндік кейіпкеріне айналды; сондықтан, ол туралы еңбектердің ішінде өмірбаяндық очерктер мен эсселер маңызды орын алады.
Америка Құрама Штаттары әдебиет тарихы туралы жазылған ағылшын - американдық жазбаларда очерк-эссе жанры басым. Әдетте, Э.По туралы тараулар сөз етілгенде, оның поэзиясы мен фантастикалық романдарына баса назар аударатын эссе жанрында жазылған, әдетте оның детектив жанрына қосқан үлесі туралы айтылады. Поның ерекше шығармашыл тұлға екендігі оның шығармашылық сыни мақалаларын талдау барысы байқатқандай. Эдгар Аллан По туралы көлемді еңбектердегі ең маңызды тараулардың бірі - әйгілі американдық сыншы және әдебиет тарихшысы Ф.О. Маттисеннің Америка Құрама Штаттарының әдеби тарихындағы мақаласы саналады. Aталған мақала маккартизм жылдарында мезгілсіз қайтыс болған сыншының барлық жинақтарына енген, көбіне шығарма басылымдарына кіріспе ретінде қолданылады.
Эдгар Аллан Поның отандық дәстүрлі әдебиетке деген көзқарасын айтарлықтай дәрежеде айқындай түсетін жері ол - оның Отаны.
Эдгар Аллан Поның поэзиясына негізінен ағылшын-американ зерттеушілері арнайы еңбектерін арнаған. Зерттеуге таңдалған танымал тақырып Эдгар Поның шығармашылығынан бөлек, басқа әдебиеттермен әдеби байланысын қарастыру болды - мысалы, француз әдеби байланысы мен ақынның әсерін, сондай-ақ, рухани жақын ағылшын авторларын, олардың қатарында Виктор Гюго, П.Ж. Беранже және Дж.Г.Байрон, Мэри Шелли және Уильям Годвин еңбектерінен аңғаруға болады. Поның өзіндік дара эстетикасы мен әдеби теориясы отандық зерттеушілерді әрдайым қызықтырады және ол жөнінде ағылшын - американдық әдебиет пен сын тарихында көптеген еңбектер жазылған.
Ағылшын-америка және орыс әдеби сыны Эдгар Поның жұмысы туралы көптеген еңбектер, оның шығармашылық жұмысының көптеген мәселелерін зерттеу үшін, ашық тақырып болып қала береді. Жазушының фантастикалық романдары да шеттен тыс қалған емес.Олар сонымен бірге, әдеби дәстүрді тудырды - оның поэтикалық шығармашылығынан да, әлем әдебиеті тарихында алғаш рет жасалған детектив жанрынан кем түспеді. Оның шығармашылығының бұл түрін зерттеу - көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі, әсіресе, қазіргі готикалық сызықтың көркем әдебиетте, кинода және танымал мәдениетте қандай рөл атқаратынын ескерсек.
Готикалық проза алғаш рет зерттеу тақырыбына айналды, жалпы қалың көпшілік оқырманды өзіне тартуын тоқтатпады. Мысалы, 1991 жылы Үрейлі антология кітабі жарық көрді, кітаптың бірінші томына X. Уолполе, Мэри Шелли, А.К.Толстой, И.В. Гоголь және Э.А.По шығармалары жинақталған.1 По прозасы әлемдік Готика дәстүріне енді және жоғарыда аталған басылымның алғысөзінде қарастырылды. Осы типтегі басқа да маңызды антологиялар мен таңдамалы жинақтар жарық көрді-мысалы, У.Коллинздің Аруақты үй жинағына Джон Мид Фолкнер мен Райдер Хаггардтың сүбелі шығармалары енді. 2 Қазіргі уақытта ужас жанры бұқаралық әдебиет пен кинода, видеоқаралымдарда, түрлі жанрдағы журнал басылымдарында аса танымал.Готикалық дәстүр кәсіби зерттеушілер қатарын да, әуесқой зеттеушілерді де өзіне тартады, ал ағылшын және американдық Готика туралы шығармалар әлі де жарық көруде.
Cонымен қатар, Эдгар Аллан По прозасы көптеген новеллаларынан туындағанын шытырман оқиғаларға негізделген дәстүрлі саяхат әдебиетін бақылауға мүмкіндік береді. Мұны өз зерттеулерінде әдебиет тарихшылары Алтын қоңыз новелласынан ғана емес,басқа да шытырман оқиғаларға толы шығармалар желісін салу арқылы түсінеді: A.Вулис Поның аталған новелласына негізделіп жазылған Алтын қоңыз, саф алтын атты өз мақаласында осындай әдеби дәстүр туралы баяндайды. 1 Эдгар Поның ұшқыр қиялы өз жемісін беріп, көптеген фантастикалық, қорқынышты, ирониялық - қорқынышты, таңғажайып туындыларын көптеген авторлар игерді, арықарай дамытты, қолданды.
Бұл жұмыста Эдгар Аллан Поның новеллаларына саралау жасалған, аталған жұмысты тақырып пен жанрға бөліп қарасақ, фантастикалық туындылар қатарына жатқызылуы мүмкін. Мұқият талдаудан кейін, біз Ашерлер үйінің құлауы - осы тектегі ең танымал шығарма, Қызыл өлім маскасы, Aмонтилладо бөшкесі, Қара мысық және Сопақ портрет шығармалары. Бұл бес новелла - әртүрлі рух, композициялық және стильдік ерекшеліктері бізге Эдгар Поның фантастикалық шығармаларын талдап, олардың стилистикалық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Жұмысқа қойылған міндет Эдгар Поның эстетика мен әдеби-сыни көзқарастарының тарихи және әдеби материалдары, оның шығармашылық жолының кейбір кезеңдері, сондай-ақ, ағылшын әдеби дәстүріндегі готикалық әдебиеттің дәстүрлері, өйткені, бұл жоспардың американдық әдеби дәстүрі По шығармашылығынан басталады. Осыған байланысты оның барлық әңгімелерін тұтастай сипаттау, сондай-ақ, осы жұмыста талдау тақырыбына айналған әңгімелердің ерекшеліктерін анықтау қажет.
Жұмыстың мәселелері оның құрамын анықтайды. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде әдебиеттер мен жарияланымдарға қысқаша шолу жасалады.
Эдгар Аллан Поның орыс тіліне аударылған шығармалары, сұрақ тарихы және тақырыптың негіздемесі. Бұл жерде көзделіп отыр мәселелер, дипломдық жұмыста қарастырылады.
Бірінші тарауда шығармашылығының рөлі мен маңызы қарастырылады.
Эдгар Аллан По тұтастай алғанда, оның эстетикасы мен шығармашылық ерекшеліктері, ағылшын тіліндегі готикалық әдебиеттің ағылшын көркемдік дәстүріндегі принциптері мен тарихы, көркемдік тәжірибе, көркемдік дәстүр алдындағы рөлі.
Екінші тарауда сараптауға таңдалған бес новеллаға сипаттама берілген талдау, Эдгар Аллан Поның қысқа әңгімелері, олардың тақырыптары, мәселелері, стилистикалық ерекшеліктері. Талдау анықтау ниетіне бағытталған олардың көркемдік ерекшелігі, инновациялық мәні және олармен байланысы, готикалық дәстүрмен байланысын анықтайтын, оның әдебиетте жаңа болмысын айқындауға бағытталған.
Қорытынды бөлімде зерттеу және бақылау қорытындылары шығарылады. Бес новелланың мәтінін саралау арқылы аталған жанрдың шығармашылығындағы рөлі анықталады.Эдгар Аллан Поның шығармашылығы, әлем әдебиеті тарихына қосқан үлесі.
1 ЭДГАР АЛЛАН ПО, ГОТИКАЛЫҚ ДӘСТҮР ЖӘНЕ РОМАН ЖАНРЫ.
1.1 XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ағылшын әдебиетіндегі готикалық мотивтер
Жазушы-новеллист Эдгар По XIX ғасырдың бірінші жартысындағы романтизмнің ең ірі өкілі. Әлемдік әдебиеттің қақ төрінен ойып тұрып орын алған жазушыға даңқ әдеттегідей, қайтыс болғаннан кейін келді және ол алдымен өз Отанында емес, өзге елдерде, соның ішінде, Франция мен Ресейде танымал болды. По шығармаларына деген табынушылық, сұлулыққа деген нәзік махаббат француз символист жазушысы және аудармашы Бодлер американдық новеллисттің жұмысына жоғары баға берді. Бодлер өзі атап айтқандай, Эдгар По өмір мен табиғаттан тыс жағдайларды шебер, нанымды суреттеді.
Эдгар По шығармаларына жоғары баға берген орыс аудармашылары арасында символист ақын Константин Бальмонт болды, ол По эстетикасының XIX ғасырдағы ұлы орыс жазушыларының, соның ішінде Федор Достоевскийдің жұмысына сөзсіз әсерін айрықша атап өтті.
Эдгар По өз заманында өмір сүрді және өз заманының ұлы болды. Ол өткен ғасырдың 20-40 жылдарындағы американдық қоғам шындығының көптеген аспектілерін қабылдамады және оның көптеген туындаған иллюзияларын мойындады. Ол өзінің қысқа ғұмырында небәрі қырық жыл өмір сүріп, өмірінің көп бөлігін тіршілік үшін жанталаспен өткізеді. Оны АҚШ-тағы алғашқы кәсіби жазушы деп атайды, ол тек қана өз шығармашылығымен шұғылданған деседі. Бұл оның әдеби мұрасының жан-жақты болуынан да хабар береді.Оның әдебиет саласында жалдамалы жалшылық қызметімен айналысуға мәжбүр болуы да, өзінің әдеби қолжазбаларында өмір қалтарыстарын, қарапайымдылықты көп қамтып, мінсіздікке ұмытылмауы да осыдан болса керек. Қазіргі заманғы әдеби кеңістікте интуитивті бағыттың көрнекті өкілі саналған жазушы басынан бастап, шығармашылық әу баста үлкен еңбек екенін ұғынды және сөз өнерінің табиғаты мен нақты заңдылықтарын түсініп, логикалық үйлесіммен қатар, өзіндік эстетикалық теориясын жасады.[1]
Эдгар По қоғамдағы өзінің көз алдында болып жатқан әлеуметтік - экономикалық процестердің мәнін толыққанды түсіне алмады.Алайда, себептерін түсінбесе де, оның салдарын көрді. Өзінің философиялық ертегілерінде ол ғылымның біржақты дамуы әсерінен әлем мерзімінен бұрын ескірді деп мәлімдеді, күнделікті өмір мен өнердің дамуы арасындағы үйлесімділіктің болмауы әлемді өлімге және дегенерацияға әкеледі деген ойды ұстанды.
Бұл өте маңызды пайымдау, онсыз Эдгар Поның эстетикалық танымын, оның әдебиет тарихындағы рөлін, жұмысының сипатын түсіну мүмкін емес, онсыз Эдгар Поны өлі ақын деп атауға болар еді. Эдгар По американдық кәсіптің байлық пен билікке деген үлкен құлшылыспен ұмытыла түскеніне көзі жеткен соң, оны барлық жан-тәнімен жек көре берді. Ол үшін, ақша тапшылығын көрмей, оны керісінше, көбейту мақсаты жолында жасалып жатқан дүниелердің барлығы былыққа толы, адалдықтан ада, өрескелдікдіктің көрінісі болатын, аталған нәрселердің ықпалы әдебиет пен журналистика саласының ақша ықпалында кетіп бара жатқандығын көріп, қатты қапаланды.
Мәдениеттің романтикалық тұжырымдамаларына және бірінші кезекте, Колдридждің көзқарастарына сүйене отырып, қиялдауға (Imagination) немесе пайымға (Taste) үлкен мән береді. Ол адамның ақыл қабілетін үш бөлікке бөледі, жүрекке - күнделікті ақыл-ойдағы құмарлықтар аймағы жатады деп санаса, ақыл шындықты анықтау қабілетіне ие болса, қиялдауды осы екеуінің аралығына қою арқылы, ойлаудың шығармашылық, ой-өріс функциясын анықтайды, өйткені, тек поэтикалық тіл үшін тиісті тіл ол - өнер тілі. Егер... ар-ождан бізге қажеттілік және жауапкершілік ақыл-ойын үйретсе, онда пайым сүйкімділік беріп, ақауға, ақылға қонымды үйлесімсіздікке қарсы күреседі.
Барлық романисттер сияқты, ол репульсивті және өрескел шындық пен сұлулықтың романтикалық идеалына қарама-қайшылықтан туындайды. Бұл идеалға деген ұмтылыс, жазушының пікірінше, адамның табиғатына тән. Өнердің міндеті - адамдарға үлкен ләззат сыйлай отырып, сұлулықты жасау. Сұлулық пен этика арасындағы эстетиканың қайшылықты сәттерінің бірі. Оның ұстанымы - эстетикалық талаптардың маңыздылығын атап көрсетеді, өнерге және дидактизмге полимикалық көзқарастың қарсы бағытталғандығы. Cонымен қатар, Эдгар По, сұлулықты құру таланты бірден түсіну арқылы келмейді, мақсатты рефлексия мен дәл есептеудің нәтижесінде ғана құрылатынын айтады.
По жаңа моральдық тенденциялардың руханиятсыздық қаупін тудыруы мүмкін екендігін қабылдаған алғашқы американдық жазушы болды. Эдгар Поның назарын аудартқан, әлеммен бетпе-бет келіп, сол әлемде өзіне орын қалмағанынан ұққан, үрейленген адамның жандерті болатын. Міне, осыдан дерт туындайды, жанның ауыруы да, үрей мен қорқынышы да, осыдан туындайды. Әдеби-психологиялық зерттеудің нысаны ретінде қаралуына да осы жәйттер әсер етеді. Жазушының зерттеу нәтижелері жалпы философиялық және эстетикалық ұстанымына, оның әлемге, адамға, өнердің мақсатына деген көзқарасына байланысты болды. Оның дүниетанымы - қайшылықты және тұрақсыз, ол интуитивті-рационалистік ойлауға, таңғажайып ғылыми түсініктер мен нанымдардың консерватизмін біріктіреді.Оның дүниетанымының ерекшелігі - пессимизмдік көзқарас, өмірді тек қара түсті бояуда көру. Бұл дегеніміз - психика себептерге байланысты өлім, құлдырау, жойылу, деградация, өмірден қорқу, жарақаттанумен байланысты ауыр мотивтер, жоғалу сезімі, үмітсіздік сияқты сезімдерден тұратын По шығармаларының басты, тұрақты тақырып болуын түсіндіреді. Шарасыздық күйі - жазушының дүниетанымын толығымен жаулап алғандықтан, оның қиялынан құрылған, үрей пен қорқынышты атмосфераға толы тылсым әлем өзі қалам тербеген шығармаларының негізгі тақырыбы.
Қорқынышты әдебиет (немесе тылсым қорқынышты әдебиет немесе табиғаттан тыс әдебиет) тәуелсіз әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде екі ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған. Ол жазбаша мәдениетпен бірге дүниеге келді. Әрине, қорқыныш сезімі - адам жаратылысының негізгі сезімдерінің бірі болып табылғандықтан да, әдебиетте де көрініс тапты.
Қорқынышты шығармалар әдебиеті XVIII ғасырдың екінші жартысында Англияда готикалық романның пайда болуымен жеке бағыты ретінде қалыптасты. Ағарту эстетикасында Готика термині (Батыс Еуропада антикалық мәдениетті күйреткен неміс готтар тайпасының атауынан шыққан) ортағасырлық варваризм түсінігімен синонимді терминге айналды. XVIII ғасырдың екінші жартысында Орта ғасыр, Орта ғасыр мәдениетіне деген қызығушылықтың жандануы басталады.
Роман авторлары, атап айтқанда, готикалық роман Англияда және Еуропада сұранысқа ие әдебиеттің ең танымал түрлерінің бірі болды, жұмбақ, иррационалды, қорқынышты және сөзсіз бейненің тартымдылығымен ерекшеленді. Готика түсінігі баяғыдан қалыптасқан варваризм түсінігінен алыстап, орта ғасырлық қала берді серілік сипатқа ие бола бастады. Сондықтан, готикалық романдардың оқиғаларында әрекет ету орнын таңдау: ескі ғибадатханалар, құлыптар, шіркеулердің көне қирандылары, зындандар, крипталар. Қараңғы дәліздерде жұмбақ және қорқынышты сұлбалар ақ түсті және төменге дейін түсіп, жер сызған қалпақшаларда, қолдарында білтешамы бар ... готикалық прозаның ерекше өзіндік қанық бояуы бар екенін атап өткен жөн: қараңғы-жұмбақ оқиғалар, жоғары, белгісіз күштердің еркімен болатын оқиғалар, адам басындағы тағдыр талқысының көрініс табуы. XIX ғасырдың екінші жартысындағы ағылшын готикалық романының көбіне тән белгілері - түсініксіз, түсінікті басқа өмірлік құбылыстар мен оларда шынайылықтың болуы, қатесіз танылатын нақты-реалистік белгілерімен біте қайнасып, мидай араласып жатады. Бұндай элементтердің болуы, суреттеуге көркемдік өлшем енгізіп, эстетикалық әсерді күшейту арқылы, қалың оқырманды баяндалған оқиғалар орбитасына тартып әкетеді. [2]
Готикалық романдар мен әңгімелердің міндетті элементі - құпия көбінесе, қылмыспен байланысты және оның ашылуы, дей тұрғанмен, детективтен ешқандай айырмашылығы болмауы да мүмкін, десек те, негізгі сюжеттік әрекетпен байланысты романтикалық оқиға орын алады.
Готикалық романның негізін қалаушы - Хорас Уолпол (1717-1797). Оның әйгілі готикалық жанрдағы көркем әдебиеттің айрықша үлгісі Отранто сарайы романы көптеген жазушыларға үлгі болды. Сатқындық, жауыздықпен өлтіру (вассал өзінің қожайынын, Отранто қамалының иесін уландырды), қылмыскерге бағытталған қарғыс, соңы кек алу. Готикалық романдардың оқиға желісінің басым көпшілігі аталған тізбекке сәйкес немесе сюжеттік элементтердің басқа тізбегінде өрбейді.
Көптеген жазушылар Уолпол салған әдеби сара жолмен жүрді. 1764 жылы Отранто сарайы жарық көрген сәттен, XIX ғасырдың 20-жылдарының ортасына дейін, жанр құлдырай бастаған кезде, бірнеше жүз готикалық романдар жарық көрді. Олардың кейбірін айрықша атап өтуге болады.Ең алдымен, төрт автордың қаламынан шыққан: Анна Рэдклиф, Уильям Бекфорд, Мэтью Льюис және Чарльз Роберт Метьюрин. [3]
Aнна Рэдклиф (1764-1823) Отранто сарайы жарияланған жылы дүниеге келген және сол кездегі баспасөз беттеріне сүйенсек , әдебиетке уақытында қосылған жазушы. Елестер мен кісі өлтіру туралы әңгімелері үйреншікті дүниеге айналғанша ел аузында болды. Біздің жанымызды үлкен қасіретпен, адам шошырлық күймен шығарма арқылы сезініп білу сезімін сыйлар бізге Рэдклиф сияқты данышпан керек - бұл бағалауды жоққа шығаруға болмайды. Рэдклифтің ең үздік романдары - Удольфтің құпиялары (1794 ) және Итальяндық (1797) - жұмбақ поэтикалық атмосфераға толы. Рэдклиф сюжетті қиындатуға тырыспайды - оның күші интригада емес, эмоционалды суреттеулер арқылы шебер байланысқан кейіпкерлер образдарының нәзік психологиялық астарларынан-ақ, аңғаруға болады. Көбінесе, бізді қорқытар нәрселерді көзбен көрмей-ақ, түйсігіміз арқылы, жүрекпен сезінеміз, міне, Рэдклиф әлеміне сондай қорқынышты сезіммен енгенімізді түсінеміз.
Роман жанрының классикалық туындысы Мэтью Грегори Льюистің ( 1775 - 1818) Монах ( 1796 ) романы мүлдем басқаша баяндалады. Льюис табиғаттан тыс болып жататын сұмдықтарды, түрлі-түрлі қылмыстар ( тіпті ана өлтіру қылмысына дейін) туралы мәлімет жинауға баса назар аударады. Басты кейіпкер - шайтанға табыну арқылы, жанын құртқан Монах Амбросионың оқиғасы замандастарының айтуы бойынша, ерекше толқыныспен оқылды. Жоғарыда аталған кейіпкерге жақын Уильям Бекфордтың ( 1760 - 1844) Ватек готикалық шығыс ертегісінің бас кейіпкері - Халифа Ватек туралы айтуға болады. Бос бөспелік, құр әуре - сарсаңдық, мақтаншақтық, нәпсіқұмарлық осының барлығы айналып келгенде жын-перілерге күш береді де, ол ібілістің отқа оранған жалынды сарайларында өлуімен бітеді.
Әдебиет өнерінің бірнеше онжылдығында готикалық романның көптеген қозғалыстары мен әдістері қайта-қайта қайталана берді. [4]
Готикалық роман дәуірінің соңын жазушы Чарльз Роберт Мэтьюриннің (1782-1824) Мельмот саяхатшы (1820) атты романы түйіндейді. A.С. Пушкиннің бағалауынша, данышпан шығарма. Роман жанр тарихындағы маңызды кезең-жаппай готикалық романның құзар шыңына, асқарына жеткен шығарма:күрделі тілде жазылумен қатар, көптеген сюжеттік желілер мен кейіпкерлер жетерлік. Романның басты тақырыбы - шайтанмен келісім жасасу арқасында өлместікке ие болған кейіпкер. Бірақ, мәңгілік өмірге біржолата ие болу үшін, Мельмот келісім-шарт бойынша, шайтанға өз орнына жаңа адамдарды жіберуі керек...[5]
Мэри Шеллидің Франкенштейн романы және Джон Уильям Полидоридің Вампир әңгімесі де қорқынышты әдебиет дамуындағы маңызды кезең болды - бұл ауқымды әлемдік әдеби процестің сүбелі бір бөлігі болып табылады.
XIX ғасырдың ортасында готикалық роман жанры ең алдымен, ағылшын әдебиетінде құлдырауға ұшыраса да, әсері сол күйі сақтала берді. Ағылшын әдебиетінде готика дәстүрі өз құрметті орнын Роберт Льюис Стивенсон, Оскар Уайлд, Генри Райдер Хаггард, Гилберт Кит Честертон, Артур Конан-Дойл сынды жазушылар шығармаларына берді.
Қорқынышты әдебиет идеялары мен бейнелерінің басқа еуропалық әдебиеттерге әсері үлкен болды. Ең алдымен, француз әдебиетіне тигізген әсері жөнінде айтар болсақ, Жак Казот пен О.Бальзактың романдарын атауға болады. Неміс әдебиеті жөнінде сөз қозғасақ, ең бірінші Эрнст Теодор Амадей Хоффман атты талант жөнінде айтпасқа болмас. Орыс авторларының шығармаларында олардың готикалық романға деген ұмтылысы Николай Гоголь мен Алексей Толстойдың әңгімелерінде байқалады.
Америкада қорқынышты әдебиет жанры елдің тарихи және мәдени ерекшелігіне байланысты Еуропаға қарағанда басқаша дамыды, сонымен қатар, АҚШ-та романтизм жанры Еуропаға қарағанда, әлдеқайда кешірек пайда болды. Aмерика әдебиетіндегі осы дәстүрдің бастауы Коттон Mейзердің Көрінбейтін әлемнің ғажайыптары (1693) атты романынан бастау алады.
Aлғашқы американдық романтизм жазушы Вашингтон Ирвингтің әңгімелері американдық және еуропалық қорқынышты новеллистика дәстүрінде жазылған.
Эдгар Аллан По шығармаларында қараңғы зұлым күштердің адамға тигізер әсері, ымырт рух күйі, қорқыныш атмосферасын жеткізу мәнері жағынан, американдық жазушылардың ішіндегі ең көрнекті өкілі. Ол қорқынышты оқиғаның шебері ретінде танылды.Шын мәнінде, қорқыныштың барлық түрлерді, сол қорқыныштың ең кішкентай бөлшектерінде пайда болды. Мысалы, Артур Гордон Пимнің тарихында - кейіпкердің ауыр, азапты, жантүршігерлік қайғылы өліммен қарсы келуі туралы баяндауы ешбір адам баласын бей жай қалдыра алмайды.Сұмдық қайғылы, соншалықты сорақы, қорқынышты және жағдайды көрсете отырып, Ашерлер үйінің құлауы классикалық романындағы баяндаудан артық түспесе, кем түспейтіндей етіп, әдемі көрсете алды.
По адам жанының жұмбақ жерлеріне үңілетін ең жұмбақ жан қорқынышына ұмытылып, адам болмысының сол кездегі сәтін баяндауға тырысатын. Аталған новеллада айтылғандай, қара киімді зұлым елестер жарқын ақылды...қоршауға алды. Эдгар По өзінің әңгімелерін жазған кезде, осыған ұқсас жанр Америкада кең таралған еді. Оның ерекшеліктері мен ең жақсы үлгілерін, оның танымалдылығы мен оқырманның сұранысына ие болу танымалдылығы туралы да білетін.
Эдгар По қорқынышты шарықтау шегіне жеткізе білді; соған байланысты XVIII ғасырдың аяғында ол ағылшын жазушыларының ішінде нуар романы өкілдерінің лайықты мұрагері болды. Бірақ, адам қасіретінің бейнесі ол үшін басты мақсат емес еді. Дегенмен, оны көпшілік декаденттерден ерекшелеп тұратын басты дүниесі шығармаларында жиелей түскен қорқыныш сезімі мен азапқа қарсы күрес кезінде ақыл-ой күшінің қалай секунд сайын үдей түсетінін көрсету болды.
Оның бала күнінде көріп естіген дәстүр мен негрлік фольклордың болашақ жазушыға тигізген әсері жөнінде айта кеткеніміз жөн. Эдгар Бостонда дүниеге келсе де, елдің оңтүстік өңірінде ержеткен оның, жан дүниесінде сол өңірге деген ерекше ілтипатты өмірінің соңғы сәтіне дейін сақтайды. Оның демократия мен прогреске, халықтардың жетілу қабілетіне деген көптеген қарсылықтар танытуы оның нағыз оңтүстіктен келген джентльмен болғандығымен, оның рухани және адамгершілік принциптері Вирджиния өлкесінің атмосферасында қалыптасқандығымен түсіндіріледі. Оңтүстік өмірдің кейбір өзіне тән ерекшеліктері оның қиялына әсер етпей қоймады, қара нәсілді бала күтушілер, құлдар, кедей шаруаның ауыр тағдыры, елестер жайында айтылатын фольклор, көне зираттар, ормандарды аралап жүретін өлілер туралы әңгімелердің бәрі жазушының жадында мәңгілікке сақталып қалып қойды. Ол осы фантастикалық шытырманға толы оқиғалардың барлығын зор құштарлықпен өз бойына сіңіріп алып, арада көп жылдар өтсе де, ұмытпағандығы туралы көптеген деректер көзі сақталған.
ХХ ғасырдағы қорқынышты мәдениет әдебиет, кино ғана емес, театр, теледидар, радио, кескіндеме өнерін де қамтитын батыс өмірінің маңызды бөлшегіне айналды. Қорқынышты әдебиет мәдени процестің белгілі бөлігі ретінде қабылданады, сәйкесінше, баспа беттерінде басылып, зерттеле бастады. Жанрдың танымал шеберлерінің жұмысын, жанрдың жалпы мәселелерін және оның әдебиет пен өнердің басқа түрлерімен байланысын ғана емес, сонымен бірге ашық коммерциялық әдебиеттерді де талдаған көрнекті ғылыми зерттеулер де пайда болды.
Өткен ғасырдағы болсын, қазіргі заманғы болсын, қорқынышты әдебиет жанрындағы үздік шығармалар пайда болған уақытта қалың оқырманның көңілінен шығып, олардың ой-қиялын жаулап алды. Әртүрлі авторлардың түрлі шығармаларының сұранысқа ие болуы да, бұл жанрдың танымалдылығын арттыра берді. Сонымен қатар, фантастикалық әдебиеттің үлкен сұранысқа ие жанр болуы, қазіргі кездегі кинофильм жанрындағы фантастиканың жетістігімен тікелей байланысты.
Өкініштісі, бізде бұл әдебиет ұзақ уақыт бойы кең аудиторияға белгісіз болды. Э.А.По және Э. Т. А. Хоффман, М. Шелли, Р. Л. Стивенсон және басқалардың кітаптары жарық көрді. Бірақ, әдетте, алғысөздер мен түсініктемелердің авторлары осы жазушылардың шығармаларындағы романтизм мен романтизм дәстүрлерінің маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтқанымен, басқа дәстүр готика жанры туралы талқылаулардан аулақ болды.Көптеген авторлардың шығармаларындағы қорқынышты, автордың жеке басының психикалық ерекшеліктерімен түсіндірді.
Біз қорқыныш әдебиетін қазіргі заманауи адамның рухани өмірінен алыстатып жіберу мүмкін емес, өйткені, біз қорқыныш сезімін психикамыздан біржолата алып тастай алмаймыз.Бұл әдебиеттер бізге өзімізге тереңірек үңілуімізге, кім екенімізді және не үшін өмір сүретінімізді анықтауға көмектеседі.Біздің мүмкіндіктеріміздің шекаралары қайда? Біз өзіміз туралы және әлем туралы не білеміз? Басқаша айтқанда, бұл әдебиет бізді әрдайым биік өнер саласында толғандыратын мәңгілік сұрақтарға жетелейді.
Aмерикандық проза жазушысы Стивен Кинг Эрбор үйі баспасынан жарық көрген Қорқынышты және табиғаттан тыс әдебиеттің қазыналары атты жинағының алғысөзінде: осы қорқынышты дәстүрге сәйкес жазылған ең жақсы шығармалар - табиғаттан тыс әдебиеттер, байыптылығымен оқырмандардың барлық санаттарына қажет маңызды әдебиет екенін дәлелдейді деп жазады. [6]
1.2 Өмірбаяндық алғышарттар мен өзіндік стильдің пайда болуы
Эдгар По, кейінірек Эдгар Аллан По 1809 жылы 19 қаңтарда Бостонда дүниеге келді. Ол кез - келген жерде дүниеге келуі мүмкін еді, бірақ, тағдырына оны ата-анасы қызмет еткен белгісіз театр труппасы орналасқан жерде дүниеге келу бұйырды. Ата-анасы сол кездегі театр репертуарында Гамлет пен Макбетте рөлдер сомдау мүмкіндіне ие болған жандар қатарында болатын.
Aқынның анасы Элизабет Арнольд По XVIII ғасырдың соңында Америкаға қоныс аударған, Лондондағы Ковент-Гарден театры актерлерінің отбасында дүниеге келген. Жас талантты актриса, әнші және биші Элизабет По Бостон мен Чарлстонда театр сүйер көпшіліктің көрермен көзайымына айналады. Жас отбасының жоқшылық тартқаны сондай, қаржылық қиындықтардың кесірінен, ұлы Эдгар дүниеге келгеннен үш апта өткен соң, Элизабет По сахнаға шығуға мәжбүр болды. Кейіннен Эдгар По өнерге сұлулығына қоса, жастығы мен талантын сыйлаған әйелдің ұлы екендігін мақтанышпен жазды. Жазушының әкесі Дэвид По, шыққан тегі ирландиялық актер, нашар отағасы болған. Көп ұзамай, ол отбасын тастап кеткен, оның кейінгі тағдыры туралы мәлімет аз.1811 жылдың аяғында, Ричмондқа көшкеннен кейін, По ханым туберкулез ауруына шалдығып қайтыс болды да, Эдгар небәрі үш жасқа толар-толмас шағында тұл жетім қалады.
Баланы Виргин көпесі Алланның отбасы өз қамқорлығына алады. Штаттағы ең бай адамның үйінде ол мұғалімдер мен қызметшілер қаумалаған еркетотай бала болып өсті. Кішкентай кезінде ол негр әйел күтушісінің қорқынышты ертегілерін тыңдағанды ұнататын. Негр дәстүрлі фольклорындағы тірідей көмілген елестер мен қазылған қабірлер туралы ертегілерді тыңдап өсті. XIX ғасырдағы ырымшыл Америкада өте танымал жанр болды. Алланның үйінде жиі қонақта болған теңізшілер мен көпестер бала Эдгардың теңіз оқиғалары туралы әңгімелерінен оның ұшқыр қиялын көріп таңдай қағатын.
Эдгар өмірінің бес жылын Англияда, Лондон мектеп-пансиондарындарының бірінде оқыды, содан кейін АҚШ-та, Виргин университетінде білімін жалғастырды.Келбетті, жас, мықты, епті, керемет шабандоз, жүзгіш, музыкант, ол өзінің жан-жақты талантымен басқаларды таң қалдырды. Оған білім оңайлықпен берілді. Ол Байрон, Шелли, Мур, Колдридждің поэзиясын жақсы көрді. Торвато Тассо, Новалис, Тик және Хоффманның аудармалары мен түсіндірмелерін жасады, латын өлеңдерін жазды, сурет салды, пьесалар мен эпиграммалар жазды, ол тарихты, физиканы, астрономияны және ботаниканы зерттеді, керемет математикалық қабілеттерін көрсетті, химия мен медицинаны жақсы білді, механиканы да, жаңа және ежелгі тілдерден кем білмеді. [7]
Отбасында өзіне деген махаббат пен түсіністікті Эдгар тек Фрэнсис Аллан ханымнан көрді, оның біркелкі емес мінезі, өнер мен поэзияға жат адам Джон Аллан мырзаға мүлде түсініксіз болды. Үй иесімен келіспеушілік көпестің он жеті жасар Эдгарды материалдық қолдаудан айыруына әкеліп соқты, жас жігіт Аллан үйінен де, бір жыл ғана білім алған Виргин университетінен де кетуге мәжбүр болды.
Ол сорақы тұрмыстық ауырпашылыққа толы сүреңсіз өмірді басынан өткізіп жатты. Достарынсыз, өмір сүруіне жеткілікті қаржысыз, үйсіз қалған ол сарбаздар қатарына ерікті түрде сұранып, бір жыл бойы қалтқысыз қызмет еткен соң аға сержант атағын алды да, казармалық жағдайға төтеп бере алмай, кетіп қалады.Ричмондқа қоныс аударды, кейіннен Аллан ханымның дүние салғанын білді. Балтиморға барған По әкесінің туыстарын тауып алып, әдеби кеш ұйымдастырып, 1829 жылы өзінің тырнақалды туындысы Aль-Аараф, Тамерлан және басқа өлеңдер жинағын шығарды. Кітап оқырмандар мен сыншылардың назарынан тыс, елеусіз қалды. Aллан мырза өзінің көмегін ұсынды, бірақ деспотты түрде толық мойынсұнуды талап етті: ол Эдгар Поны Вест-Пойнттағы әскери академияға жіберіп, тіпті ол үшін бес жыл әскери қызмет ету міндетіне қол қойды. Жас жігіт әскери ғылымдармен ерікті түрде айналысқанымен, әскери мансап қуғысы келмеді, сол үшін де көп ұзамай, академиядан шығарылды. Сол жолғы Aллан мырзамен арадағы қарым-қатынас біржола үзілді. Бір жыл өткен соң, Аллан мырза өз мұрагерлік өсиетхатында Эдгар Поның атын көрсетпестен қайтыс болды.
1831 жылы Нью-Йоркте Поның үшінші өлеңдер жинағы жарық көрді, бірақ кітап таралымы болмады. Эдгар По үздіксіз жұмыс іздей бастайды, Балтиморда мұғалім болуға тырысады, таныс жазушылардан оны газетке орналастыруды сұрайды, бірақ, барлық жерде оны жұмысқа алмады, уақыт өте келе, кедейлікке түсті. Еңбекқорлығымен және өз күшіне сенуімен ерекшеленетін ол, қиын өмір сүру жағдайына қарамастан, жазумен көп шұғылданады. 1833 жылы Балтимордағы Сатердей Визитатор журналы Эдгар Поға ең үздік әңгіме үшін елу доллар сыйақы берді (Шөлмектен шыққан қолжазбa). Сыйақы жас жазушыны аштықтан құтқарып, әдебиетке жол ашуға мүмкіндік береді. [8]
Осы кезден бастап, ол кәсіби журналист болды. Ричмонд, Балтимор, Нью-Йорк, Филадельфия қалаларының мерзімді басылымдарында редактор және әдебиеттанушы болып қызмет атқарады. Журнал беттерінде ол өзінің әңгімелерін, өлеңдерін, мақалаларын жарыққа шығарады.Қырықыншы жылдардың басында, Эдгар По әдебиетте кіші форманың керемет шебері атанса да, оның қаржылық-тұрмыстық жағдайы өте ауыр болды. Редакторлық жұмысы үшін, Эдгар По аптасына он доллар еңбекақы алды - бұл қаржы оның аштықтан өлмеуі үшін қажет еді.
По заманындағы Америка әдеби қарақшылық елі деген түсінікке ие болды. Aвторлық құқық деген атымен болған жоқ, ал жазушылық еңбек мамандық болып саналмады. Эдгар По американдық зиялылардың ішінде, алғаш болып жазушылықпен ақша тапқан жазушы болды.
Ол өмірден өткенге дейін, өзінің жеке журналын шығару туралы армандады, онда ол өзінің идеяларын сыншы және жазушы ретінде жүзеге асырғысы келді. Поның бұл арманы жазушыда ешқашан болмаған қаражатты қажет етті.
1840 жылы ол өзінің әңгімелерінің екі томдығын Гротески және арабески деген атаумен шығарды, бірақ, бұл оның қаржылық жағдайын айтарлықтай өзгерте қоймады. [9]
По өзінің немере қарындасы болып келетін Вирджиния Клеммге үйленіп, отбасының тірегі іс жүзінде өзі емес, Клемм ханымның тәтесі және Вирджинияның анасы екендігінен де қатты қапа болатын. Вирджиния туберкулез дертімен ауырып, көптеген жылдар бойы өмір мен өлімнің арасында жатты. Сүйікті әйелі үшін алаңдаушылықтан, оның сана-сезімін қайғы билеп, ақылсыздыққа дейін жетіп, жұмысқа деген қабілетін жоғалтты, ұмытып кету үшін ішімдікке, апиынға жүгінді, осылайша, ол өз денсаулығын әлсіретіп алды. Бірақ, ештеңеге қарамай, ол жұмысын жалғастырды. Шын мәнінде, ол елдің барлық ай сайын шығатын журналдарына мақала жазды, редакторлық етті.
Эдгар Поның өмірінде қиыншылықтар жалғаса берді, ол үшін де, отбасы үшін де ең қиын кезеңдер басталды. Тұрақты табысы жоқ, кездейсоқ дәрістер оқумен нәпақасын айырып жүріп, ақыр соңында үмітсіздікке тап болады. Отбасы кедейлікке ұшырады.Сол кездегі Нью-Йорктегі әдеби ортада Вирджинияның дерті, оның ұзаққа бармайтындығы туралы көптеген қауесеттер тарап үлгереді. Aқын қайыр тілеуге мәжбүр болады. Вирджинияға ең қажет нәрсесін алып беріп, суықтан да, аштықтан да зардап шеккенін қаламады. Әйелі 1847 жылдың қаңтар айының соңында қайтыс болды. Эдгар По көкірегіндегі күйігінен арылу үшін шарап ішіп, маскүнемдікке салына бастайды, ессіз әрекеттер жасап, әдеби ортадағы жауларының үздіксіз және қатал шабуылдарына төтеп бере жүріп, жұмысын тоқтатпады. [10]
Өмірінің сoңғы жылдарында ол өзінің ең көрнекті саналатын поэтикалық шығармаларын жазды: Қоңыраулар (1849), Улялум (1847) , Аннабель Ли (1849) сондай-ақ, Эврика (1848) атты өзінің эстетикалық көзқарасын баяндайтын философиялық шығармасы да бар.Өзінің көпшілік қауым арасында сұраныс тудырған дәрістерінде эстетикалық ойларымен бөлісетін.
Алайда, ішімдік денсаулығына зиянын тигізіп, толық прострация күйіне түсіреді. Оны қоршаған кедейлік, қайғы, сәтсіздіктер мен азаптарға қарамастан, жазушының жақсылыққа деген үмітті ешқашан үзілмеді, сыртқы немқұрайлығына қарамастан, оптимист болды.
Ол жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Оның өмірден өткен кезі туралы көптеген деректер қалды. Жекелей алғанда, олардың барлығы бір - біріне қайшы келеді, бірақ, ең бастысы - ұқсас, сол деректерге қарағанда, жартылай ақылсыз, өзін-өзі қинап, үміт елестеріне жабысып, бүкіл әлемге қарсы күрескен адамның ғұмыры қысқа, әрі қайғылы аяқталды.
Эдгар По 1849 жылы 7 қазанда таңғы сағат үште қайтыс болды. Жаратушы иеміз менің бақытсыз жаныма өз көмегін берер - бұл оның соңғы айтқан сөздері. [11]
1.3 Aғылшын әдебиетіндегі романтикалық дәстүрлердің пайда болуы және оның Эдгар По шығармашылығына әсері
AҚШ-та романтикалық романның пайда болуы Американдық ұлттық әдебиеттің қалыптасу кезеңін білдіреді және оның бұл процестің рөлі өте зор. Романтизм дәуірінің кем дегенде, әңгіме жазбаған бір американдық прозашысын айту қиын. Сол кездің өзінде, қысқа әңгіме немесе новелла американдық көркем прозаның ұлттық жанрына айналған еді.
Bашингтон Ирвинг жанрдың негізін қалады, бірақ анау айтқандай, оны белгілі бір деңгейіне жеткізбеді. Романтикалық эстетика мен Американдық ұлттық тәжірибенің жаңа талаптары аясында, ағылшын және американдық журнал прозасының ғасырлық дәстүрін синтездей отырып, Ирвинг жанрдың жалпы параметрлерін интуитивті түрде анықтап, ондағы көркемдік мүмкіндіктерді көрсетті. Алайда, ол теориялауға бейім емес еді, новеллаларды анықтауға тырыспады және жалпы, белгілі болғандай, өз шығармалары арасында айтарлықтай ерекше жанрлық дефиниция жасамады.
Әңгіме журнал жанрына айналды және кез-келген романист жазушы өз күшін аталған жанрда сынап көрді. 1820-1830 жылдардaғы американдық журналдарда басылған қысқа прозалық шығармалардың көпшілігінде сюжеттің жанрлық ерекшелігіне толық сәйкес келетін үлгілері сирек кездесетін. Көп жағдайда, оның құрылымы қатты созылған экспозициямен, эссе сипаттамасымен, кейіпкерлердің әлсіз зерттелуімен, сюжеттік летаргиямен, ішкі шиеленістің болмауымен, құрылымның ашылуымен сипатталды. Бұл жерде, әрине, бастаушы романисттердің талантының болмауынан ғана емес, негізінен, романтикалық роман жанр қалыптасуының ең бастапқы процесінде болғандығы. Ирвингтің жетістігі - теориялық тұрғыдан маңызды емес өткір түйсіктің нәтижесі болды. Жинақталған тәжірибенi жалпылауға, жаңа жанрға толыққандылық беріп, оның теориясын құруға қабiлетті гений қажет бoлды. Сол кезде, Эдгар По пaйдa бoлды.
Эдгар По әдебиеттің өтe маңызды саласы сaналатын журнал прозасының дамуына аса нaзар aударды, сонымен қатар, жазушының өзі қысқа әңгіме жанры саласында жасaған көптeген тәжірибелері уақыт өте келе, оны жанр теориясын құруға итермеледі. Бұл теорияның жекелеген ережелері жазылған көптеген сыни мақалалар мен шолулар жетерлік.
Эдгар Поның новелла жанры теориясына қатысты көзқарасы туралы айта кететін екі жәйт бар. Біріншіден, жазушы новелланың теориялық іргетастын өз шығармашылығына сай бұрмалауға ұшыратпай, бұзбай, дәл сол қалпы құруға тырысты.
Оның төл туындылары теория ережелеріне сай,толығымен сәйкес келуі заңды, өйткені, аталған теория жазушы шығармаларының негізінде құрылды деген кең таралған сыни пікір шындыққа жанаспайды, дегенмен, әрине, ол өзінің көркемдік тәжірибесіне қалай сүйенсе, көптеген қаламдас әріптестерінің тәжірибесіне де бірдей дәрежеде сүйенді. Екіншіден, Эдгар Поның новелла жанры теориясы абсолютті еркіндікке ие емес, бірақ, оның көркемдік шығармашылығының ортақ тұжырымдамасының бөлігі екендігін есте ұстаған жөн.
Эдгар Поның новелла жанры туралы түсінігі бірінші кезекте оның романтизм мұраларымен байланысты. Алайда, ол айтқан кейбір пікірлер романтикалық эстетикадан алыс болуы мүмкін. Олар бүгінгі күнге дейін өзінің теориялық және практикалық маңыздылығын сақтаған.
По новелла жанры теориясы автор үшін, қойылатын міндетті талаптардың негізінде жасалған. Біріншіден, шығарма көлеміне немесе ұзақтығына қатысты Эдгар Поның айтуынша, қысқа әңгіме көлемі міндетті түрде қысқа болуы тиіс. Көлемі үлкен новелла, новеллаға жатпайды.Алайда, жазушы қысқа көлемде шығаруды ғана көздей бермей, белгілі қатаң қағидаларды ұстануы шарт. Тым қысқа жұмыс өз оқырманына ой саларлықтай, терең және күшті әсер ете алмайды, өйткені, ұзақ,тыңғылықты жазу еңбегінсіз, белгіленген ұзақтылықта қайталануымен ғана шектелу жолымен көпшілік оқырманды қуанту сирек кездеседі. Шығарма көлемінің өлшемі оны бір отырыста бірден толық оқу мүмкіндігімен анықталады. Қысқартудың қатаң және сөзсіз талaбы оқырманына берер әсерінің эмоционалды және интеллектуалдық бірлігін қамтамасыз етеді. По теориясында эффект бiрлігі баяндаудың барлық аспектілерін өзіне бағындыратын жоғарғы, басты принцип болып табылады. Бұл бірлік сюжеттік қозғалыстың, стильдің, тоналдықтың,тілдің, композицияның кішкентай жеке бірліктерінен тұрса да, аталғандардың бәрі біртұтас мазмұндық негіз немесе тақырыптың бірлігін жоғары қояды. Алдын-ала анықталған эффектке жұмыс істемейтін барлық артық заттардың новеллада орын алуына құқығы жоқ. In the whole composition there should be no word written of which the tendency, direct or indirect, is not to the one pre-established design.[12]
Прозaлық шығарманың берер әсері өзін ақтап аларлық өте нақты және бір мәнді болуы керек. Сол себепті, Эдгар По новелланың құрылымдық бірлігіне аса үлкен мән берді. Сондықтaн, жaзушы сюжет мен композицияға айрықша талаптар қойды. Бұл екі ұғым да, оның санасында ажырамас бірлік ретінде мықтап орнады.
По өзінің көптеген пайымдауларында проза өнері терминологиясы түсінігін әдеби түсінікке жатқызғаннан гөрі, сәулет - құрылыс саласына тән түсінік деп атайды. Оның түсіндіруінде жазушы әңгіме жазды деген сөз тіркестерін қолданбай, оның орнына жазушы әңгіме құрастырды дей отырып, салу деген мағынаны білдіретін to construct етістігін қолданды. Ол новелла құрастыру өнерін архитектуралық ғимарат құрастыру өнеріне теңеді. Жазушының сюжетке қатысты кейбір ойларын нақтылау түсу үшін, бұл туралы айту керек.
Сюжетті және оның функцияларын түсіну дәстүрлі емес, және белгілі бір кеңдікке ие. Ол сюжет фабула немесе интригаға дейін қысқартылуы мүмкін емес деп бірнеше рет талап етті, бірақ, ол метафориялық емес анықтамалардан қатаң түрде аулақ болды. Егер сіз сюжетке қатысты барлық ойларды біріктіретін болсаңыз, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz