Мамандығым - мақтанышым туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мамандығым-мақтанышым

Мектеп партасында отырғанда «кім боласын?» деген сұрақтарды көп еститін едік. Сонда бала арманында шек бар ма? Қиялға батып кейде бірнеше тіпті ұқсамайтын мамандықтарды айтып, мәз болатынбыз. Мектепті бітіре сала жоғарғы оқу орнында дәл сен қалаған мамандық құшақ жая қарсы алардай көрінетін. Сөйтсек біз елемеген мәселелер көп екен. Тапсыратын емтихандар өзінше бір төбе, ал мамандық, оқу орнын таңдау бөлек әңгіме… «Өмірде өз орныңды табу үшін маман болу керек», дегенді де естігенім бар. Содан болар жас түлек болып ұшарында «мамандық таңдауда шатаспа», деп жатады. Қанатын қатаймай өмір жолында қандай да бір шешім қабылдау оңай емес екендігін мойындау керек. Өйткені балалық шағында сол мамандықтың тек қаймағына құштар болатының сөзсіз.

Мамандық - бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

Сонымен бірге, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері де бар. Ізгі мамандықтардың бірі - мұғалімдік дер едім. Ұстаз баланы оқытып-тәрбиелеп, елін көркейтер азамат етсе, адам жанының арашасы саналатын ақ халатты абзал жандар - дәрігер мамандығының ерекшелігі, олар ауырған жанның тәнін ғана емес, ішкі жан дүниесін де емдейді емес пе?!

Мамандық тандау - бұл өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың саны әр алуан: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, аспаз, елші, қаржыгер, архитектор, механик, көлік жүргізуші, сазгер, ғарышкер және т. б. Бірақ бұларды байланыстыратын маңызды факт - бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. Ал халық үшін қызмет көрсету маңызды мәселе. Түркі тілдес халықтың "жеті рет өлшеп, бір рет кес" деген нақыл сөзін ұран етіп, мамандықты дұрыс таңдауымыз керек. Мамандықты дұрыс таңдай білген адам: «Мамандығым - мақтанышым»- дей отыра, сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп, шыңына жете білу керек.

Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды. Алғашқы кезде біздің ойымызда «Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықты қалай таңдауға болады?» деген сұрақ болды. Бірақ әркім өзі ұнатқан мамандығына оқуға түседі. Ал өз еркімен түспейтіндер менің ойымша өте аз. Менің таңдаған мамандығым -мұғалім. «Мұғалім мамандығы - барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі "осы заманғы білім беру, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту", -деп көрсеткен. Қазақстан Республикасының болашағы, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметіндегі басымдықтары мен ұлттық мүдделерінің жүзеге асырылуы, халықаралық аренадағы беделінің өсуі, ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, мемлекет алдындағы жоғарғы азаматтық жауапкершілікке ие мамандарға байланысты.

Мамандық иесі болу үшін алдымен білім мен қабілет қажет. Өйткені білім арқылы адамның қабілеттілігі артады, ал қабілеттілік білікті маман болуыңа өз үлесін тигізеді. Егеменді еліміздің ертеңі - болашақ маман иелері болу өз қолымызда екені дау тудырмайды. Бұл өмірде адамның тағдырын айқындайтын екі нәрсе бар: бірі - өмірлік жолдасы жары болса, екіншісі - мамандық. Мен өз мамандығымды және түсетін жоғары оқу орнымды 4-сыныпта таңдадым.

Менің мамандығым - мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу - игілікті істердің бастамасы. 2008 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Тарих және филология» факультетінің «Тарих» мамандығына мемлекеттік грантпен түсіп, 2012 жылы аталған мамандық бойынша ерекше дипломмен аятқадым. Жоғарғы білімді маман атанып, Шалқар қаласындағы білімнің қара шаңырағы саналатын №2 мектеп-гимназияға тарих пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Мен өзіме өнеге болар ұстаздар қауымына қабылдану арқылы, баланың бойына ақыл - білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе білуді үйрендім.

Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адам­ның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз - еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үз­дік­сіз ізденісте болып, қоғам сұ­ра­нысына сай білімді, шығарма­шыл, өзін - өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ой­лай­мын. Мен ұстаздықтың ауыр жү­гін арқалауды өз жүрегімнің қа­лауымен таңдадым. Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: ба­ланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу.

Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Өзімнің алдағы 2-жылғы іс -тәжірибелік жұмысымның нәтижесінде оқушыларымның білім сапасының артуына, тәрбиелік жұмыс жобамның негізінде оқушыларымның шығармашылық қабілеттері мен табиғи дарындары жетіле түсуіне қол жеткіздім. Мектепішілік, аудандық білім мен тәрбие жұмыстарын жүйелейтін реитінгілер мен байқауларда жүлделі орындарға ие болдым. Атап өтетін болсам мен сабақ береген сынып оқушылары «Қазақстан тарихы» бойынша 2012-2013 жылы ҰБТ-да жоғары ұпай жинады. Алтын белгі иесі атанған Б. Ыбырайымова «Қазақстан тарихы» пәнінен 25 ұпай, үздік бітірген А. Әмірова 24 ұпай жинады. 2012-2013 оқу жылы "Отан тарихы" сырттай олимпиадасынан 9 «Ә» сыныбы оқушылары Жақсылықова Г., Бекзадина Н., Қалмақанова М., Әуес Қ. "Сертификат", "Золотое Руно" халықаралық сырттай олимпиадасынан 9 «Ә» сынып оқушысы Шеріпов А., 10 «А» сыныбы Садықова Н. "Сертификат" және "Менің елім" аудандық қоғамдық жобалар байқауында 8 «Ә» сынып оқушысы Нагиев А. "Алғыс хат" иеленсе, аудандық пәндік олимпиада құқық пәнінен 9 «Ә»сыныбы ошысы Бакиева А. және 11 «А» сыныбы оқушысы Мұхамбедиярова А. Жүлделі ІІІ орын иеленді. Жас маман үшін бұл бір жағынан абырой, ал екінші жағынан үлкен сын екендігі құпия емес. 2013-2014 оқу жылы да мен үшін жемісті болды десем қателеспеймін. Себебі, осы оқу жылында оқушыларым мынадай нәтижелерге қол жеткізген болатын: аудандық пәндік олимпиада «Қазақстан тарихы» нәнінен 10 «Ә» сынып оқушысы Әуес Қ. ІІІ орын, аудандық кіші пәндік олимпиадада «Қазақстан тарихы» пәнінен А. Елібаева жүлделі ІІ орын, ал облыстық "Кішкентай зияткерлер" байқауынан 5 «Б» сынып оқушылары Рамазан Д., Сәндібек Қ., І орын иеленген болатын. Дегенмен менің мамандығымда мен білмейтін қыр сыры әлдеқайда көп екен. «Білетінім бір тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз», деп осы мамандықтың бір ұшын ұстап жүрмін. Бастысы бұл мамандықты сүйіп атқарып келемін және маған өзгелердің көзінде білімге деген қызығуышылқ шамын жағу қызық.

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма жыл -

деп, дана Абай атамыз айтқандай, бұл менің еңбек жолымдағы ең алғашқы бастамалар ғана екендігі анық.

Ал, «осы мамандықты таңдағандағы жетістікті қалай өлшеуге болады?» деген сұрақ қойылса, былай деп жауап берер едім: «Жетістік деп мен өзімнің оқушыларымды оқытудағы және тәрбие берудегі табыстарымды айтар едім. Оның нәтижесі - оқушыларымның өмірдегі жеңістері, дарындылық қасиеттерінің, қабілеттерінің ашылып, кеңейе түсуі, өзін-өзі бағалауды күшейтуі, өз бақытын іздеуі».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менің кәсібім - менің мақтанышым
Менің таңдауым - педагог мамандығы
Мамандығым мақтанышым
Қазақ тілі - өте бай, көркем тіл
Білімдіден шыққан сөз
Фонетика туралы түсінік. Кәсіби тілдің мазмұны, құрамы
Оқушылар ұжымын қалыптастыру
Кәсіби қазақ тілі.Орта және кәсіптік оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық
Кәсіптік оқыту саласындағы педагогикалық технологиялар
Кәсіптік білім берудегі тұлғаның іс әрекеті және дамуы.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz