СТАНДАРТТЫ ЕРІТІНДІЛЕР ДАЙЫНДАУ
№11 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС.
СТАНДАРТТЫ ЕРІТІНДІЛЕР ДАЙЫНДАУ
Титрленген ерітінділердің 2 түрі болады: стандартты (дайындалған) және стандартталған (анықталған).
Стандартты ерітінділерді дайындау үшін заттың дәл өлшемесін көлемі белгілі өлшегіш колбада ерітіп, сосын титрін есептейді. Мұндай ерітінділерді тек стандартты заттардан дайындайды. Стандартты заттар шектеулі, оларға келесі талаптар қойылады:
· өте таза болуы керек;
· құрамы химиялық формуласына дәл сәйкес болуы керек;
· ауада сақтағанда құрамы өзгермеуі керек.
Стандартты заттарға мына заттар жатады: Na2B4O7::10H2O‚ K2Cr2O7‚ H2C2O4::2H2O, NaCl.
Кейде стандартты ерітіндіні фиксаналдан жасайды. Фиксанал (немесе стандарт-титр) деп ішінде құрғақ зат немесе ерітіндінің дәл мөлшері бар заводта дайындалып, аузы бекітілген шыны ампула. Фиксаналдың ішінде стандартты емес те зат болуы мүмкін.
Стандартталған ерітіндіні концентрациясын жуықтап дайындайды, сонан соң оны стандартты ерітіндімен титрлеп, концентрациясын дәл есептейді. Мұндай анықтауды стандарттау деп атайды.
Қазіргі кезде стандартты және стандартталған ерітінділерді сәйкесінше біріншілік және екіншілік стандарт деп атайды.
Титрлеу қисықтары
Титриметриялық анализдің маңызды сипаттамаларының бірі - титрлеу қисықтары. Титрлеу қисығын салғанда абсцисса осінде титрант көлемі Vт немесе титрлеу дәрежесі f салынады, f = VT V0. Ордината осінде заттың концентрациясы, концентрация логарифмі немесе концентрацияға пропорционал шама салынады. Осыған байланысты титрлеу қисықтары сызықтық және логарифмдік болып бөлінеді.
Егер ордината осіне концентрация немесе оған пропорционал шама салынса, онда сызықтық титрлеу қисығы шығады.Сыну нүктесі эквиваленттік нүктеге сәйкес келеді.Егер ордината осіне концентрация логарифмі немесе концентрация көрсеткіші салынса, логарифмдік титрлеу қисығы шығады.
Сонымен қоса титрлеу қисықтары теориялық және практикалық болып екіге бөлінеді.
Практикалық титрлеу қисықтары физика - химиялық анализ әдістерінде эквиваленттік нүктені табу үшін пайдаланады. Практикалық қисықтар логарифмдік те, сызықтық та болуы мүмкін.
Титриметриялық анализде тек теориялық қисықтар салынады. Оларды индикатор таңдау үшін салады. Ол үшін анықталатын зат пен титрант концентрациясын бірдей қылып алады, титрлеу барысындағы көлем өзгерісін ескермейді. Титрлеу кезіндегі концентрацияны есептеу үшін тепе-теңдік константалар мәнін пайдаланады. Индикаторды таңдағанда түс өзгерту интервалы (немесе рТ шамасы) титрлеу секірмесіне енуі тиіс.
Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі
Қышқылдық негіздік титрлеу әдісі нейтралдау реакциясына негізделген:
H+ + OH- -- H2O немесе 2H2O--H3O+ + OH-
Әдістің екі варианты бар:
Егер титрант қышқыл болса, әдіс ацидиметриялық титрлеу деп аталады. Қышқылмен күшті және әлсіз негіздерді, күшті негіздердің гидролизденетін тұздарын титрлеуге болады.
Егер титрант сілті болса, әдіс алкалиметриялық титрлеу деп аталады. Сілтімен күшті және әлсіз қышқылдарды, күшті қышқылдардың гидролизденетін тұздарын титрлейді.
Титрлеу барысында ерітінді рН-ы өзгереді. Эквиваленттік нүктені анықтау үшін рН өзгерісін көрсететін индикаторлар қажет.
Ерітіндінің ортасына (немесе рН - қа байланысты) өз түсін өзгерте алатын индикаторлар қышқылдық - негіздік индикаторлар немесе рН- индикаторлар деп аталады. Мұндай индикаторларға келесі талаптар қойылады:
Түс өзгерісі айқын болуы керек;
Түс өзгерісі жіңішке рН интервалында байқалуы керек;
Түс өзгерісі қайтымды болуы керек;
Түсі бір артық тамшы титрант қосқанда өзгеруі керек.
Бұл талаптарға сай индикаторлар көп емес. Индикаторды дұрыс таңдау үшін индикаторлар теориясын жақсы білу керек.
Индикаторлардың 3 теориясы бар:
· иондық теория
· хромофорлық теория
· иондық-хромофорлық теория
Индикаторлар белгілі рН шамаларының арасында түсін өзгертеді. Оны индикатордың түс өзгерту интервалы деп атайды. Титрлеудің соңғы нүктесінде индикаторлардың түсі белгілі бір рН шамасына сәйкес келеді, сол шаманы индикатордың титрлеу көрсеткіші рТ деп атайды. Ол шамамен түс өзгерту интервалының ортасында болады. Индикатордың түс өзгерту интервалына температура, иондық күш, еріткіштің табиғаты т.б. әсер етеді. Кейде түс өзгерісін айқындау үшін аралас индикаторлар немесе индикатордың бояғышпен қоспасын пайдаланады.
Қышқылдық-негіздік титрлеу қисықтары
а) күшті қышқылды күшті негізбен (және керісінше) титрлеу қисығы
100 мл 0,1Н HCl ерітіндісін 0,1Н NaOH ерітіндісімен титрлеу кезіндегі қажетті және есептелген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz