Көз және оның гигиенасы
Көз және оның гигиенасы
Адам көз арқылы өзімізді қоршаған мына қызық дүниені таниды. Дыбыстарды естиміз,заттарды ажыратамыз. Бірақ көзімізбен көрмесек ол зат туралы толық мәлімет ала алмаймыз. Көздің құдыретімен небір таңғажайып сұлу көріністерді көріп, жанымызға керемет ләззат аламыз. Көз арқылы оқып, білімізді ашып, ғылымның небір таңғажайып сырларын бойымызға сіңіреміз. Көз-адамның шамшырағы, табиғаттың теңдесі жоқ сыйы.
Белгілі орыс жазушы Алексей Максимович Горькийдің көзі ауырып, дәрігерлер бірнеше күн оның көздерін таңып, байлап қояды. Сол кездегі өзінің сезімін ол кісі былай деп жеткізген екен: Көздің көрмей қалғаннан қорқынышты ештеңе жоқ-ол орны толмайтын қайғы және ол адам баласын жарық дүниенің оннан тоғыз бөлігінен айырылады.
Көздің құрылысы.Көз алмасы бас сүйектің алдыңғы жағындағы көз шарасының ішінде орналасқан. Көз- сезім жүйесі рецептордан, кқз жүйесінен, өткізу жүйесінен және үлкен ми сыңары қыртысының шүйде аймағында жатқан орталықтан тұрады.
Көз алмасының алдына қарай шығыңқы келген бөлігін- алғы полюсі, артқы көру жүйкесінің шыққан жерін-артқы полюсі деп аталады. Осы екі полюс арасын қосып тұрған тік сызықты көз осі дейміз.
Көз алмасы үш қабықтан: сыртқы қабық-тығыз талшықты, ортаңғы қабық-тамырлы қабық, ішкі қабық- торлы қабықтан түзілген.
Көз алмасының ішкі ортасы көз бұрышы мен қоймалжың шыны тәрізді денеден тұрады. Көз бұршағының екі жағы дөңес дүрбі пішінді. Оның артқы беті шыны тәрізді денемен, алдыңғы беті талшықты қабықпен шектеледі. Көз бұршағы (қарашық) өте мөлдір талшықтардан түзеліп, түссіз қабықшамен жабылады. Осы қабықшасынан басталып, кірпікті дененің ет талшықтарына тіркелетін белдеулері арқылы көз бұршағы өз орнына бекемделіп тұрады. Оның мөлшері 2-8 мм болады. Сонымен қатар кірпікті дененің ет талшықтарының жиырылуы арқылы көз бұршағының қалыңдығы өзгеріп, көздің әртүрлі қашықтықтағы заттарды көруіне септігін тигізеді. Көз бұршағының әр түрлі қашықтықтағы заттарды көруіне икемделуін аккомодация деп атайды. Мысалы, егер жарық күшті болса көз бұршағы- кішірейеді, жарық күші аз болса - үлкейеді. Жас ұлғайған сайын көз бұршағының жалпы тығыздығы артып, көздің көру қабілеті нашарлайды.
Көз мөлдір қоймалжың затқа толы. Оны әрі түссіз,әрі сәуле өткізгіштігіне байланысты шыны тәрізді дене деп атайды. Онда қан тамырлары мен нерв талшықтары болмайды. Шыны тәрізді дене көздің ішкі торлы қабығына тие орналасқан. Оның алдыңғы жағында көз бұршағы тұр. Тамырлы қабықтың ішкі бетін торлы қабық астарлай жатады. Торлы қабық көру анализаторының перифериялық бөлімі. Бұл жарық сезгіш нерв клеткаларынан тұрады. Олардың ұштарының пішіні біреулерінде колба тәрізді, келесілерінде таяқша секілді. Ересек адамның торлы қабығында 6-7 млн колбочка және 100-125 млн таяқша болады. Нерв клеткаларының аксондары көру нервін құрайды. Бұл нервтің торлы қабықтан шығатын орнын соқыр дақ деп атайды. Оның көлемі 1,5 мм және ол жерде көру рецепторлары болмайды. Торлы қабықта периферияға қарай колбочкалар азаяды да, таяқшалар көбейеді. Көздің осы қабығына орналасқан көздің сары дағы деп аталатын айқын көрінетін нүктеде (көлемі 3-4 мм) негізінен колбочкалар болады.
Таяқшалар ымыртта көруді қамтамасыз етсе, колбочкалар күндізгі жарықты, түрлі түсті қабылдайды. Көру үшін адам организмінде А витамині жеткілікті болуы керек. Егер ол витамин жетіспесе адамда ақшам соқыр деген ауру пайда болады. Ондай адамның қараңғы түскенде көру қабілеті күрт төмендейді немесе мүлдем көруден қалады.
Колбочкалардың үш түрі бар: олардың бірі - қызыл, екіншісі - жасыл, үшіншісі - күлгін түсті сәулеге жауап береді. Сол үш түстің негізінде, олар бір-бірімен араласып қосылуынан біз күнде кездесіп жүрген көп түстер пайда болады.
Адам көзінің ең жоғары сезгіштігі жасыл және сары түске, ал ең нашар сезгіштік - күлгін және қызыл түске байқалады. Кейбір адамдарда осы түрлі түсті ажыратуы бұзылады (ер адамдардың 8пайызы), яғни олар қызыл, жасыл, күлгін түстерді бірінен-бірін ажырата алмайды. Оларды дальтониктер деп атайды.
Көру өткірлігі жарықтың шамасына және заттың көлеміне де байланысты. Мысалы, күндіз көру өткірлігі ең жоғары, түнде керісінше - ең төмен. Себебі қараңғыда колбочкалар жұмыс істемейді және жарық өте аз болады. Көздің өткірлігін арнайы кестемен, әріптерді немесе фигураларды көрсету арқылы анықтайды. Көздің қозғамай бір нүктеге қарап тұрғанда көрінетін кеңістікті көру өрісі дейді.
Қылилық бірте-бірте дамып,көру өткірлігіне залалын тигізеді, кейде көз көрмей қалуы да ықтимал. Балалардың кейбірінде қылилық туа болса, кейде ол 2-3 жасында басталады. Бұл аурудың пайда болуының басты себебі - санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтамау.
Көру органдарының гигиенасы.Ғылыми мәліметтерге қарағанда адам өзіне керекті мәліметтің (информацияның) 80-90 пайызын осы көз арқылы алады. Сондай-ақ әр адамның іс-әрекеті мен жұмыс істеуі де көздің көруіне байланысты. Мысалы, поезд, автомашина мен самолет жүргізу көздің жақсы көруіне тікелей байланысты. Қарап отырсақ көптеген жұмыс көздің жақсы көруін қажет етеді екен. Көздің дұрыс жетілуі және оның көру қабілеті адамның жас шағынан қалыптасады.
Гигиена саласында жұмыс жүргізетін ғалымдардың зерттеу деректеріне қарағанда, оқушылар көзінің кемістігін туғызатын негізгі себеп - оларды жұмыс істейтін, дайындалатын орындағы жағдайдың қолайсыз болуы. Бұл ғылыми тұрғыдан да дәлелденген жай.
Кітап оқығанда, немесе қағаз жазғанда олардың көзден алыстығы 30-35 сантиметрден кем болмауы тиіс. Жарық сол жақтан 40-50 ваттық лампа арқылы немесе табиғи күн сәулесі арқылы түскені дұрыс. Көздің көру қабілетін сақтау үшін әр уақытта бұл қағиданы ұқыпты сақтап отыру қажет. Жатып оқыған кезде бұл қашықтық сақталмайды.Сондықтан көз тез талып, онда әртүрлі өзгерістер байқалады. Осы себептерден, әсіресе жас балаларға, жатып оқуға тиым салған жөн.
Тамақ үстінде немесе жарығы аз бөлмеде кітап газет оқысақ, көзге күш түседі, оған елеулі зақым келеді.
Жылжып келе жатқан транспортта (автомобилде, трамвайда, тролейбуста және т.б.) газет, кітап үнемі оқудұрыс емес. Өйткені бұл жағдайда оқитын газет, кітап үнемі қозғалыста болатындықтан әріптер де дірілдеп, көздің тор қабығына әсер етеді, көздің көру қабілеті төмендейді.
Жас балаларға көз гигиенасы туралы үнемі ақыл-кеңес беріп отырған артық емес.Сабаққа дайындалғанда олар 30-40 минут сайын 7-10 минут көздерін тынықтыру үшін үзіліс жасап отыруы керек. Ол кезде олар орындарынан тұрып, денесін қозғап, жеңіл дене шынықтыру тапсырмаларын орындағаны дұрыс. Мектептегі парталардың биіктігі оқушы баланың бойына сәйкес болуы тиіс. Оқушылар оқитын класс ішіндегі ьабиғи жарық мөлшерінің мол болғанына, күнделікті режимнің дұрыс сақталуына әрдайым көңіл бөлініп отырылуы қажет. Бұл балалардың көру қабілетін сақтаумен қатар, олардың денесінің сұлу, сымбатты болып өсуіне де септігін тигізеді. Көз кемістігінен сақтану үшін, оның кейбір ауытқуларын дер кезінде анықтау мақсатында жыл сайын көз дәрігеріне ең кем дегенде бір рет арнайы барып, тексеріліп, керек жағдайда көзілдірік жаздырып алған жөн.
Кәзір әр отбасында теледидар бар. Кейбір отбасы телехаабарларды үзбей 5-6 сағат бойы көруге әуес. Оның адам денсаулығына зиянды жағына көңіл аудара бермейді. Көз үзіліссіз телевизор қараудан шаршап, оған залал келеді. Сондықтан, ересек адам телехабарларды тәулігіне 3-4 сағаттан артық қарамағаны жөн. Жас балалардың көзі тез шаршайды, олар 10 жасқа дейін теледидар көру мерзімін 40-45 минуттан, мектеп жасындағылар 2 сағаттан асырмауы керек. Балаларға тек оларға арналған бағдарламаны ( балалар кинофильмдері,мультфильмдер,табиғат туралы хабарлар, балаларға арналып берілетін әртүрлі ойындар және т.б.) ғана көруге рұхсат еткен жөн. Теледидар экраны еденнен 1-1,1 метр биіктікте, көрушіден ең жақын болғанда 2-2,5 метрде, ал көруші мен телевизордың ара қашықтығы (алыстығы)5,5-6 метрдей болуы тиіс. Телехабарды қараңғы бөлмеде қарауға болмайды. Себебі ондай кезде көз тез талады. Жарық беріп тұрған лимпа сәулесі телевизор экранына шағылысып,немесе телевизор көріп отырған кісінің көзіне түспеуі шағылысып, немесе телевизор көріп отырған кісінің көзіне түспеуі керек. Телехабар көрінісі анық болмаса, немесе тынымсыз жыпылықтап жыбырлай берсе көз тез талады. Ондай кезде телевизорды көруді тоқтатқан жөн.
Соңғы жылдары өмірімізден техниканың ең үздік түрі - компьютер тұрақты орын алды. Оның адам денсаулығына зияндылығы жайлы мәліметтерге көпшілігіміз онша мән бере қоймаймыз. Ол аздап болса да радиациялық сәуле таратумен қатар, көзге де көп әсер етеді. Күндіз бойы компьютер алдында шұқшиып отыру көзді талдырып, оның көру қызметін нашарлатады. Сонымен қатар компьютер мониторы адам денсаулығына кері әсер ететін радиациялық сәуле таратыны белгілі. Оның шығаратын гамма-сәулесі барлық бағытта тарап тұрады. Оның мөлшері санитарлық қалып норма бойынша терминалдан 0,5 метр қашықтықта 0,1 мБэрсағатына немесе сағатына 100 микрорентгеннен аспауы керек. Компьютерлі бөлмеде отырған кезде осы мәселелерді есте ұстаған жөн. Соңғы кезде компьютерлік клубтар қала мен селоларда жаңбырдан кейін шыққан саңырауқұлақтай қаптап кетті. Ата-анасының қадағалауынсыз балалар сол клубтарда азаннан кешке дейін компьютерлік ойындар ойнайтын болды. Мұндай әдет балалардың денсаулығына ғана емес, оның психикасына, мінез-құлқына да едәуір әсер ететінін есте ұстағанымыз абзал.
Көзіміздің көру қабілеті көп жылдар бойы сақталсын десек, оған мән беріп, санитарлық-профилактикалық ережелердің, яғни көз гигиенасының бұлжытпай орындалуына ерекше көңіл бөліну керек. Халқымыз бір қымбат нәрсе туралы әңгіме қозғағанда Көзіңнің қарашығындай сақтаң деп жатады. Бұл өте орынды айтылған. Ойлап отырсаңыз адамда көзден қымбат, одан артық қажетті сезім мүшесі жоқ. Сол себепті көзді жастай күткен пайдалы[1Ордабеков С.О, Абдрақов Б.Қ., Ахауова Г.Қ. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы (қайта өңделіп, толықтырылған екінші басылымы) Оқу құралы. Қарағанды: Ақ Нүр-2012.138-143б.].
Көру талдағышы.
Көру мүшесі - адам ағзасындағы ең маңызды талдағыш. Адам сыртттан келген ақпараттардың 90 пайызын көру арқылы қабылдай, оған талдау жасай отырып, есіне сақтайды. Халық аузында мынандай мақал бар: Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық.
Жарық торлы қабатқа жеткенше, жарықтың сәулесі бірнеше мөлдір бөліктен (мүйізді қабықтың алдыңғы және артқы бөлігі арқылы көзбұршақ, шыны тәрізді дене арқылы) өтеді. Көздің ішіндегі жарық сәулелерінің сынуы оның қисық және сыну көрсеткішімен анықталады. Кез келген оптикалық жүйелер жарықтың сыну күшін диопотриямен(D)белгілейді. Бір (D) линзаның сыну күші мен фокусының арақашықтығы 100 см-ге тең. Ал адамның көзінің сыну күші 59 D - алыстан қарағанда, ал 75 D - жақыннан қарағанда.
Торлы қабатта көретін заттың бейнесін жасау үшін торлы қабықтағы заттың мөлшерін және мүйізді қабаттан қашықтығын білу керек.
Көздің қосымша көмекші құрылымдары
Қабақ кірпікшелері мен жас без арқылы көздің бөлігі ылғалданып, бөгде заттарды алып тастап және еттер көз алмасын бекітіп, оның іс-қимылын қамтамасыз етіп отырады.
Жоғарғы қабық және төменгі қабақ болып екіге бөлінеді,оның негізгі шеміршегі сыртынан терімен қапталған, ал ішінен конъюктив немесе дәнекер тінінен (екі, көп қабатты эпителий клеткалары және борпылдақ дәнекерден) тұрады.
Жас безі - өзегі бар, ол түтікшелі ұяшықты без көздің бүйір жағында, одан 6-дан 14-ке дейін өзектері жоғарғы конъюктивті қабықшаға ашылады. Құрамында бактерияны өлтіретін зат - лизоцим бар.
Көз алмасы - сыртқы қабық - склеро (көздің белокты немесе ақ қабығы) -- алдынан роговица (мүйіз қабықша) өтеді -- одан кейін хрусталик (көздің бұршағы) оған радушка (қарашық) бекітілген. Мүйіз қабықпен көз бұршағының арасындағы кеңістік сұйықпен толтырылған. Бұл кеңістікті көздің алдыңғы камерасы деп атайды. Ал көз алмасы шыны тәрізді денемен толған: ол - мөлдір қоймалжың зат. Су тәрізді ылғал капиллярлардан цилират денесі арқылы сүзіліп шыққан сұйықтық көздің артқы камерасына мөлдір қабық пен көз бұршағының арасын толтырады, одан кейін сұйықтық көздің алдыңғы камерасына өтеді. Камераның шетінен мөлдір қабық және мүйіз қабықтармен бірігіп, сулы зат Шлемов каналы арқылы көктамыр жүйесіне өтеді.
Көздің ішкі қысымы барлық уақытта Шлем каналы сыртқа шығып, цилин денесі арқылы пайда болған сұйықтықпен тепе-теңдікте болып тұрады. Егер сұйықтықтың сыртқа шығуы төмендесе, көздің ішкі қысымы жоғарылап, глаукома деген ауру пайда болады.
Склераның астында тамырлы қабық орналасады, ол көптеген қан тамырларынан тұрады,ол торлы қабықты қоректендіреді. Содан кейін тамыр қабық кірпікшелі немесе цилинарлы денеге ауысады, ол - бірыңғай салалы еттердің талшықтары, одан барып кірпікшелі ет түзіледі.
Тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі - нұрлы қабық, ол көз қарашығының мөлшерін реттеп отырады. Нұрлы қабықта екі түрлі: сақиналы және радиалды ет бар. Торлы қабықтың сырты тамырлы кабыққа жабысып, сол жерде пигментті клеткалар түзеді.
Көз алмасының ішкі қабаты торлы қабық деп аталады. Ол жарық сезгіш клеткалардан - тостағаншадан, таяқшгадан тұрады.
Оптикалық өстің торлы қабықпен қиылысқан жерінде көруді күшейтетін сары дақ орналасқан. Ол жерде көптеген тостағаншалар бар. Көру нервінің құраушы сезгіш нейрондары өсінділерінің торлы қабықпен қосылған бөлігінде тостағанша мен таяқшалар болмайды. Оны соқыр дақ деп атайды.
Көз алмасының қозғалысы
Егер тура қарағанда қалыпты күйден сыртқа - 45°, ішке - 45°, жоғары - 54°, төмен 57° бұрып қарауға болады. Осы көз алмасының іс-қимылы алты түрлі ет талшықтары: екі қиғаш (жоғарғы, төменгі) және төрт тура еттер (сыртқа, ішке, жоғары, төмен) арқылы іске асырылады.
Торлы қабаттағы бейненің көрінуі
Екі көз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz