Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары:
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары: Абай мұрасынан айрықша нəр алып, қанаттанған, сөйтіп ұлттың тəуелсіздігіне орай, ғаламат іс тындырған Ə. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, тағы басқалардың қатарына Халел Ғаббасов та жатады. Мəскеу университетін үздік бітіріп, елге оралған ол қазақ жеріндегі ұлы оқиғаларғабелсене араласады. 1917 жылы 21-28 шілде аралығында Орынборда өткен Жалпықазақ съезіне Семейден делегат болып қатысады. Съезде мемлекеттік билік, облыстардағы автономия ісі, халықтық милиция, земство, учредительное собрание сайлауына дайындық, депутаттар сайлау, Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне қатысу, қазақ партиясын құру сияқты мəселелер қаралды. Осы мəселелердің оң шешім табуына Х. Ғаббасов айрықша еңбек сіңірді. 1918 ж. дүниеге келген «Сарыарқа» газетінің ашылуына, аяғымен нық тұруына үлес қосты, газет бетіндегі дүниелердің өз мəнінде жариялануына бағыт-бағдар сілтеп, өзі де талай публицистикалық мақалалар жазуы - бəрі де осынау тұлғаның еңбегіне бүгінгі күн биігінен баға беруге мүмкіндік туғызады.
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары: Х. Ғаббасов «Сарыарқаның» ұйымдастырушысы əрі редакторы болды, ұлт санасына сілкініс пен серпіліс əкелген ірі қайраткер болды. Егер осы айтылғанды нақты тұжырымдармен түйіндесек, ХХ ғасырдың біз сөз етіп отырған кезеңі Абай өнегесі, Абайдың ағартушылық ой-пікірлері, Абай мұрасы арқылы мықты рухани шүйгіндікке ұласты да, ұлт тəуелсіздігінің тарихына алтын əріптермен жазылды дер едік.
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары: Алашорда үкіметі төрағасының орынбасары Х. Ғаббасов 1918 ж. 3 көкегінде кеңес үкіметі басшылығына төмендегідей жеделхат жолдайды: «Согласно Постановлению Общекиргизского съезда 5-13 декабря необхо­димо немедленно объявить территориально-национальную автономию «Алаш», в состав которой должны войти области Семипалатинская, Акмолин­ская, Тургайская, Уральская, Сыр-Дарьинская, Ферганская, Семиречен­ская, Букеевская Орда, Мангышлакский уезд Закаспийской об­ласти, Аму-Дарьинский отдел Сыр-Дарьинский области, киргизы Бийского, Славюродского, Змейногорского уездов» [2; 121] . Осы жеделхат мəтінінің өзі-ақ Ə. Бөкейханов бастаған қазақтың ұлы перзенттерінің нақты іс-əрекеті қандай дəрежеде болғанын аңғартса керек.
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары: Қоғамдық, саяси нақты хал-ахуалды ақпарат көздерінен білудің маңызы зор. Абайдың ақын ізбасарлары жəне Алаш арыстары дегенде, олардың қазақ баспасөзі арқылы барша жұртқа жар салған публицистикалық еңбектерін баса айту парыз. Академик К. Нұрпейісовтің «Алаш һəм Ала­шорда» атты еңбегінде: «1913-1918 жылдардағы қазақ ұлттық баспасөзін таныта­тын «Қазақ» (Орынбор), «Сарыарқа» (Семей), «Бірлік туы» (Ташкент), «Алаш» (Ташкент), «Жас азамат» (Қызылжар) газеттері мен «Абай» журналы (Семей) беттеріндегі деректемелік материалдарсыз, Алаш қозғалысының пайда болуы мен нақтылы қызметін, Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде алатын орнын тарихи шындыққа сай көрсету мүмкін емес. Бұл басылымдарда Алаштың қоғамдық қозғалыс болып қалыптасуы, оның саяси партия дəрежесіне көтерілуі, ұлттың саяси партия құрылған 1917 жылы шілдеде өткен Бірінші Бүкілқазақтық съезд Алаш автономиясын жариялап, Алашорда үкіметін құрған 1917 жылы желтоқсанда өткен Екінші Бүкілқазақтық съезд туралы түпнұсқалық маңызы бар деректер көптеп кездеседі», - деп жазуы да сондықтан [3; 128] . Х. Ғаббасовтың сол тұстағы атқарған саяси қызметі, таным, көзқарасы - бəрі де баспасөз бетінде жарияланып тұрды. 1918 ж. 28 қаңтарында «Сарыарқа» газетінде жарияланған «Алаш автономиясы» мақаласында: «Қазақ-қырғыздың уақытша үкіметі - «Алаш-Орда» Алаш қаласына келіп, Алаш автономиясын жариялағаннан кейін қазақ-қырғыз балалары бағынған үкіметімізді осы деп сеніп, ант беріп, басқа үкіметті танымай, өз үкіметінің əмірін екі қылмай орындауы керек. Жұрт жұмылуының белгісі осы», - деп жазады да, С. Торайғыровтың «Алаштың əнұраны» атты өлеңнен:
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары: Алаш туы астында
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары: Күн сөнгенше сөнбейміз!
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары: Енді ешкімнің Алашты
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары: Қорлығына бермейміз!
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары: Өлер жерден кеттік біз,
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары: Бұл заманға жеттік біз,
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары: Жасайды Алаш, өлмейміз,
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары: Жасасын Алаш, жасасын! -
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары: деген жолдарды келтіреді [4] . Атақты Алаш қайраткері, Алашорда үкіметі төрағасының орынбасары Х. Ғаббасов ұлт жетекшілерінің ұйғарымымен 1918 ж. көктемде телеграф арқылы Сталинмен келіссөз жүргізеді. Бір ескеретін мəселе мынада: сəл кейінірек НКВД тергеушісіне тұтқын ретінде берген жауабындағы сөздеріне назар аударсақ, оның өмірлік ұстанымын, берік тұғырнамасын байқаймыз.
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары: «Біз 1918 жылы көктемде жергілікті Кеңестер бөлімінің іс-əрекеттерін айыптап, Орталық үкіметке арыздар жіберген едік. Себебі олар барлық ұлттық мекемелерді жойып, зиялы қауымөкілдеріне қарсы репрессиялық шараларды кең түрде қолданған еді. Міне, осы арыздарға байланысты Мəскеуден телеграф арқылы келіссөзге шақырылдық. Бұл кезде Бөкейханов қуғыннан Семейде жасырынып жүргендіктен, оған көзге түсуге болмайтын болды. Сондықтан Қазақ комитеті (Бөкейханов та қатысты) келіссөздер жүргізуді маған тапсырды. Келіссөз барысында Сталинге жергілікті Кеңестердің қызметін айыптаған мəліметтерді растап, Кеңес өкіметінің ұлттардың өзін-өзі билеуі туралы декларациясына сəйкес тез арада сол идеяны жүзеге асыруын талап еттім.
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары: Мен 14 пункттен тұратын талаптарды жеткіздім. Олар негізінен Совдеп таратқан қазақ мекемелерін қайта қалпына келтіру, Кеңес өкіметінің шеңберінде ұлттық автономия жариялау, тұтқындалған қазақ азаматтарын босату т. б. Сталиннің жауабы бізден Кеңес өкіметін мойындауымыз қажет деген арнада болды. Егер біздің талаптарымыз мойындалса, автономия жариялау үшін Құрылтай жиналысын даярлауға кірісу керек деп ескертті. Одан əрі ол Орынборда өткен ІІ Жалпықазақ съезінің шешімдері Кеңес өкіметінің ұлттық саясатының шеңберіне толық сəйкес келеді деген пікірін білдірді. Сонымен бірге жолдас Сталин облыстық Кеңеске Құрылтай съезін даярлауға жəне тұтқындалған азаматтарды босатуға бұйрық беруге уəде етті.
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары: Осы келіссөзден кейін Сталинге Кеңес өкіметін мойындайтынымызды білдіріп, ал Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтерге Орталық үкіметте біздің өкіліміз болатыны жөнінде телеграф арқылы хабар жолдадық. Бұл телеграммалар Бөкейханов, Омаров, Мəрсеков, Ермеков, Сəрсенов жəне мен, Ғаббасов, қатысқан Кеңестен кейін жолданған еді. Бұл келіссөздерді Алашорда кеңесінің іс-шараларының бірі ретінде қарастыру керек», - деген жауабы көп нəрсені аңғартса керек [5] .
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары: Жалпы, Алашорда үкіметінің дүниеге келуіне, оның баянды болашағына түрлі басшылық қызмет атқарған Х. Ғаббасовтың сіңірген еңбегі зор. Осынау еңбегі үшін қуғын-сүргінді де бастан кешірді. Елбасына күн туған аласапыран, патшалық империяның ресми мұрагеріне айналған кеңестік Орталық биліктің шовинистік пиғылы, қазақ қауымының бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тығыз бірлікте болмауы - бəрі де небір сойқан сұрапылдың, жаппай репрессияның мықтап орын алуына алғышарттар жасаған еді. Жəне осынау бір жанталасқа толы кезең кімнің дос, кімнің қас екенін айыруға мүмкіндік берді. Қалыптасқан ауыр хал туралы Х. Ғаббасов төмендегіше жазған-ды.
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары: «27 февральдан бері, сырттағы 4 жылға айналған сұрапыл соғыстың, іштегі саяси партиялар тартысының зардабынан мемлекет толқындағы қайықтай қалтылдап, жан мұрынның ұшына келерлік төңкерілме неше күйге ұшырады» [6] . Сондай-ақ «Мемлекет күйі» атты осы мақаласында автор: «Бостандық күнінен бері саясат ауасы əр түрлі құбылып өзгеруде болды: кешегі бүгін жоқ, бүгінгі ертең болмасқа айналды. Сол өзгерістің ыңғайына қарап, мемлекет арбасы да теңселіп, өмір жүзінде неше түрлі шимай салды» [6] деген тұжырым жасайды. Абай ұлылығын қараңыз. Ол: «Сократ хакімге у іштірген, Иван Густі отқа өртеген, Иса ғ. с. дарға асқан, Пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген, ол кім? Ол - көп. Ендеше, көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал» дегені баршаға мəлім. Абай көрегеннің «Единица кет­кенде, не болады өңкей нөл» дегені де мəлім. Абай рухымен қанаттанған ары­стар ел болашағына сенді, болашағынан күдер үзбеді, мына зұлым кеңестік империяның ерте ме, кеш пе тарих сахнасынан таятынына сенімді еді. Сол көп, ессіз тобыр өз соңына еруі үшін В. И. Лениннің бай мен кедей теңестіріледі, өктемдікке ұрынып, қаналғандар теңдікке қол жеткізеді деген ұранмен «Жер туралы декрет», «Бейбітшілік туралы декрет» сияқты құжаттарды əзірлеп, қол қойғаны мəлім. Сөйтіп, көптің сеніміне ие болды. Большевик көсемдерінен алаш қайраткерлерінің зияткерлік өредеңгейі əлдеқайда жоғары еді. Олардан қауіптенген кеңестік билік иелері алашордашыларға əу басында рахымшылық жасады, оларды түрлі салаларды дамыту үшін ұтымды пайдалана білді. Ал көптің сеніміне кіріп, соңына ерте алатын халге жеткен соң Алашорда қайраткерлерін де, тіпті коммунистік идеяға жан-тəнімен берілгендердің көбін де құртып тынды.
Халел Ғаббасұлының саяси көзқарастары: Жетпіс жылдан астам дəурен сүрген сол кеңестік империя, Абай жəне Алаш тұлғалары айтқандай, бір оқ атылмай-ақ жер жастанды. Көкірегі даңғыл, ғылыми-танымдық əлеуеті жоғары оқырман «Серке», «Қазақ», «Сарыарқа» сияқты газеттердің БАҚ құралы болуымен қатар, Алаш қайраткерлерінің күрескерлік, саяси мінбесі болғанын да аңғарады. Жəне көбіміз жетпіс жыл бойы табынған кеңестік билік, Коммунистік партияның түпкі мақсат-мүддесін сол зобалаң уақыттың аясында ғұмыр кешкен алашшыл тұлғалардың дөп басып айтқанына таң қаласың. Х. Ғаббасовтың «Сарыарқада» жарияланған «Мемлекет күйі», «Большевик бүлігі», «Күш бірлікте», «Алаш автономиясы», тағы басқа көлемді де терең тағылымды мақалалары газет бетінде жарияланған Алаштың басқа да ірі қайраткерлерінің еңбектерімен үндес болғанын баса айту керек. Екі жылдай
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
С. Торайғыров шығармалары
Алаш қозғалысына қатысқан Кереку өңірінің қайраткерлерінің ұлтшылдығы
Ақын туралы бірер сөз (С.Торайғыров)
Х. Досмұхамедұлының «Адамның тән тірлігі» және «Жануарлар» кітаптарына контент-анализ әдісі арқылы талдау жүргізу
Халел Досмұхамедұлының әдеби мұрасы
Алаш партиясының құрылу тарихы
Алашорда үкіметі және мемлекеттік тіл саясаты
Х.Досмұхамедұлының сыншылдық-эстетикалық көзқарасы және әдеби мұрасы
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы өріс алған оқу-ағарту, тәлім-тәрбиенің жәй-жапсары
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы: тарихы мен тарихнамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz