Жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын басқару жүйесі және мәселелелері


Кіріспе
Компания 2018 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған өндірістік бағдарламаны орындап шықты. Қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштерін жақсарту қамтамасыз етілді.
Қауіпсіздік - біздің жұмысымыздағы негізгі басымдық. 2018 жылы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да желіні жаңғыртуды қоса алғанда, жүйелік шараларды іске асыру есебінен қозғалыс қауіпсіздігін бұзу саны 29%-ға төмендеді. Атап айтқанда, 867 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізілді, 4, 6 мыңнан астам бағыттамалық бұрма жаңартылды, 9, 6 мың шақырымнан астам жолдың қамтылуымен ауыр үлгідегі жол машиналарының қолданылуымен жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар жолаушылар тасымалы сегментінде кері серпін байқалды.
2018 жылы қала маңы тасымалдары мен халықаралық тасымалдардың қысқаруы нәтижесінде жолаушылар айналымы 2017 жылғы деңгейге қатысты 1, 3%-ға төмендеп, 14, 9 млрд. жолаушы-шақ. құрады. Мұндай төмендеу автокөлік пен әуе көлігі тарапынан бәсекенің күшеюі нәтижесінде орыналды. Осы үрдісті назарға ала отырып Компания сервис деңгейін, қолжетімділікті, қауіпсіздікті және интермодальдықты арттыру арқылы темір жол жолаушылар тасымалының бәсекеге қабілеттілігін дамытуға баса назар аударуда.
Жолаушылар тасымалы көлемдерінің төмендеуіне қарамастан, одан түскен табыс 2, 8%-ға өсті, бұл - жүк тасымалынан түскен табыстың 16, 9%-ға өсуін қоса алғанда операциялық пайданың 20 пайызға артып, операциялық табыстың 122, 2 млрд. теңгеге дейін ұлғаюын қамтамасыз етті.
Алайда жоғары борышкерлік жүктеме және «қатты валюта» түріндегі қарыздардың басым болуы 2018 жылдың қорытындысы бойынша Компанияның 86, 5 млрд. теңге көлеміндегі теріс қаржылық нәтижесін тудырды.
Бағамдық айырманың әсерін есепке алмағанда, қаржылық нәтиже 17, 9 млрд. теңгені құрады.
Компания Бизнесті трансформациялау бағдарламасын ойдағыдай жүргізуден 2018 жылы 15, 8 млрд. теңге көлеміндегі пайдаға қол жеткізді.
1 ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ БАСҚАРУ
Болашақтағы жолаушылар тасымалының дамуы ұлттық экономика дамуының жалпы экономикалық жағдайына, адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік, табиғи-экологиялық және басқа да жағдайларына, сонымен қатар, жолаушыларға қызмет көрсету, сервисті қызметтердің жаңа түрлерін жоспарлау және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның тиімді жұмыс істеуін көтеру бойынша тәсілдерге өзгерістер енгізуге бағытталған жаңа жолдарды іздеуге байланысты.
Жолаушылармен келісімшарттардың шарттарын орындау және арнайы ұйымдарды, компанияларды және фирмаларды тарту мақсатында бұл қызмет түрін көрсетуге қатысатын барлық ұйымдық бөлімдерді өзара қатынастарын үйлестіру. Қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыратын жүйені үнемі өңдеп отыру. Ұсынылатын қызметтің сапасын бағалаудың нақты қалыптастырылған сандық критерийлерін қолдану. Қызметпен қамтамасыз етудің технологиялық циклының барлық кезеңінде қызмет сапасын бақылау қызметтерін құру.
Көліктегі қызмет көрсету міндеттерінің кең ауқымды болуы үздіксіз ғылыми және инженерлік дайындықтарды, жолаушылар тасымалындағы іс жүзінде қолданылатын және қайта құрылған әдістер, жүйелер, технологиялар мен техникаларды жаңғыртуды талап етеді. Бәсекелестермен салыстырғанда, бұл жолаушылар тасымалын даму деңгейіне дейін көтеруге және өзіндік құнды төмендетуге мүмкіндік береді [28] .
Жолаушылар компаниясы көлік өнімін пайдалануға беру жағдайының өзгерісі, тасымалдау кезінде тұтынушылардың қажеттіліктері және экономикалық факторлар мен бәсекелестер әрекеттерінің өзгерісі барысында басқарып отыру қажет.
Көлікті басқару бұл тауарды басқарумен қатар қызмет көрсетуді басқаруды да қажет ететін күрделі процесс.
Көлік қызметін көрсету жүйесіндегі басқару деп көлік құралдарын (вагондарды) құру, соның ішінде техникалық, технологиялық және өткізу талаптарын қалыптастыру кезеңінде сонымен қатар, вагонның жеке элементтерін модернизациялау, яғни ауыстыру мен қайта өңдеу сияқты зауыттық жөндеу кезеңдеріне жолаушылар компаниясының қатысуын айтады. Компанияның жаңа жылжымалы құрамды құру кезеңіне қатысуы өте маңызды, себебі көлік тауары - жолаушылар вагондары жолаушыларға көрсетілетін негізгі, ілеспе және қосымша қызметтердің тұтынылуына белгілі бір әсерін тигізеді.
Әрбір өнім нақты өмірлік циклден өтеді: жолаушылар компаниясы өнімнің өмірлік циклі: әзірленуі, ендірілуі, тұтыну өсімі, кемелденуі, құлдырауы ағымында өнімнің әрбір кезеңінде өзінің маркетингтік стратегиясын алмастырып отыру керек. Мысалы, жаңа ірі вагон бастапқыда алыс жолдағы халықаралық тасымалдаудағы фирмалық жүрдек пойыздарға, бірақ тозуы себебінен орташа тасымал қашықтығындағы мемлекетішілік фирмалық пойыздарға өткізіледі, ал соңғы ескеру кезеңінде қарапайым жолаушылар пойыздарына айналады. Сонымен қатар, әрбір кезеңде компания негізгі, қосымша және ілеспе қызметтері бойынша максималды пайда табуға бағыттар таңдалады.
Қазіргі таңда нарықтық жағдайда темір жолдар қызметін ұйымдастыру, олардың бүтінділігін және жұмысқа қабілеттілігін сақтау бойынша үлкен жұмыстар атқаруда. Бірақ кестеде көрсетілген мәліметтерге сәйкес темір жол қызметі көлік нарығындағы жолаушылар ағынының үлесін жоғалтуда және жолаушылар тасымалы залалды нәтиже көрсетеді.
Сыртқы факторлардың әсерінен басқа теміржол көлігіндегі маркетинг қызметін қолданылмауы, жаңа жағдайларда кадрлардың жұмысқа дайындықсыздығы, саладағы басқаруды қайта құрылымдаудың баяу жүруі мұндай жағдайлардың себептері болып табылады.
Көлік нарығының нақты жағдайына жолаушылар компаниясы қызметін, бәсекелестердің жұмыстарын және тұтынушылардың сұранысы мен қажеттілігін кешенді зерттеу арқылы талдау жасауға болады. Нарықты зерттеу өзіндік мақсат емес, ол жолаушылар тасымалын жоспарлау барысында тиімді шешім қабылдауға ақпарат көзі болып табылады. Егер темір жол басшылығы, жолаушылар компаниясы жолаушыларға тек пойыз бен вагон ғана қажет деп есептесе, олар өздерінің тұтынушыларын жоғалтуы мүмкін. Себебі жолаушылар нақты қалаған жерлеріне жайлы жағдайда жеткісі келеді және бұл қызметті басқа де көлік түрлері қамтамасыз ете алады. Кәсіпорынның табысты көбейтудегі мақсатына жету қаншалықты тұтынушылардың сұранысын сәтті зерттей білетіндігіне және бәсекелестермен салыстырғанда клиент қажеттілігін уақытылы және толықтай қанағаттандыра алатындығына байланысты. Тұтынушылар кез келген уақытта жақсы тұтынушылық қасиетке ие және бағасы қол жетерліктей тауарлар мен қызмет түрлеріне ұмтылады, сондықтан өндіруші әрдайым сапаны жақсартып, үздіксіз жетілдіріп отыру қажет [29] .
Жолаушылар тасымалы қызметінің тиімді дамуына кедергі келтіретін мәселелер бар.
Республикалық бюджеттен жолаушылар тасымалы шығындарын толық субсидияламау және жолаушылар тасымалы компанияларын магистралды теміржол желісі қызметтеріне жеңілдік тарифтерін ұсыну есебінен жанама субсидиялау тәжірибесін сақтау нәтижесінде жолаушылар тасымалының толық дәрежедегі бәсекелестік нарығының дамуы күрделі процесс және бұл жолаушылар тасымалындағы сапаның деңгейіне кері әсерін тигізеді.
Тиімділік және жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі көрсеткіші болып саналатын инфрақұрылым жағдайы: жөндеу базасы, вокзал шаруашылығы және жолаушылар шаруашылығының пайдаланылуға берілетін көлік құралдарының қазіргі кезге дейінгі техникалық-экономикалық сипаттамалары басқа көлік түрлері деңгейінен төмен және нәтижесінде жолаушылар тасымалы нарығында ұсынылатын қызметтердің сапасы төмен, бірақ оларды эксплуатациялау шығындары жоғары болады. Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі тасымалдаудағы жылжымалы құрамдарға техникалық талаптардың күшеюі себебінен отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігі төмендеуде.
Негізгі қорларды қайта өндіру жүйелік сипатқа ие және оларды шешуге кешенді көзқарас пен тәсілді талап етеді.
Жолаушылар тасымалының жөндеу базасы «Ремпассажирвагон-1» ЖШС (Қызылорда станциясы), «Ремпассажирвагон-2» (Ақтөбе станциясы) компанияларына тиесілі және бұл компаниялардың құрушысы «Вагонсервис» АҚ мен «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ болып табылады. Компаниялар негізінен бірінші көлемдегі капиталды жөндеу өндірісі бойынша (КР-1), екінші көлемдегі капиталды жөндеу (КР-2), капиталды - қайта қалпына келтіру (КВР), қызмет ету мерзімін созумен капиталды жөндеу (КРПС), депо жөндеуі (ДЖ) сияқты қызмет түрлерін ұсынады. Бұл кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығы 8-кестеде көрсетілген.
8 кесте
Кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығы
(вагон)
«Ремпассажир
вагон-1» ЖШС
«Ремпассажир
вагон-2» ЖШС
* Дерек көзі: «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 2008 жылдық есебі
Кәсіпорынның жолаушылар вагонын жөндеу және техникалық қамтамасыз ету бойынша қызмет сапасы жолаушылар тасымалдаушылардың жолаушылар үшін көрсететін қызметтерінің сапасын анықтайды.
Жолаушылар пойыздар құрамын сумен қамтамасыз ету 22 станцияда және көмірмен жабдықтау 19 станцияда жүзеге асырылады. Құру, айналым пунктерінде әрбір рейске жіберілу алдында вагондарға техникалық қызмет көрсету (ТО-1), жазғы және қысқы тасымалдар басталуының алдында вагондарға техникалық қызмет көрсету (ТО-2) және құрылыстан, алдыңғы ревизиядан немесе жөндеу жұмыстарының жоспары шыққаннан алты өткеннен кейін жүргізілетін бірыңғай техникалық ревизия (ТО-3), сонымен қатар ағымда вагондарды құрамнан ағыту арқылы жүргізілетін жөндеу жұмыстары «Вагонсервис» АҚ-ның 7 аймақтық филиалдары арқылы жүзеге асырылады [30] .
Адам факторы ерекше рөл атқаратын жолаушылар тасымалы саласының ерекшелігін ескере отырып, «ҚТЖ» ¥К» АҚ негізгі күші 2008 жылы халықты ақпараттандыруды арттыруға және жолаушылар тасымалдаушылары жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге, қазіргі заманғы әрі талап етіліп отырған сервистік қызмет көрсетулерді енгізуге бағытталған.
- вокзалдарда жолаушыларға бос орындардың барлығы, жол жүру құны туралы толық дұрыс ақпаратты алуға мүмкіндік беретін ақпараттық таблолар (монитор) және анықтамалық ақпараттық дүңгіршектер жұмыс істейді, ол өз кезегінде жол жүру құжаттарын сату жүйесінің барынша ашықтығын қамтамасыз етеді және билет кассирлері тарапынан қызмет бабын пайдалану мүмкіндігін жояды.
- Интернет жүйесін пайдаланушылардың өсуі жағдайыңда жолаушылар тасымалының веб-сайты жұмыс істейді, онда пойыздар қозғалысының кестесі, жолаушылар шаруашылығының кәсіпорындары туралы толық ақпаратты, жаңалықтарды және тағы басқаларды, ең бастысы, пойыз-дарда бос орыңдардың болуы туралы ақпаратты табуға болады, мобильдік байланыс арқылы веб-сайтқа ену күшіне енгізілген, басқаша айтқанда мобильдік телефонды пайдаланушы жолаушылар тасымалы туралы бүкіл акпаратты ала алады.
«ҚТЖ» ¥К» АҚ Интернет жүйесі арқылы жол жүру құжаттарын сату жөніндегі жобаны іске асыруды бастады және де жолаушыларды пайдалы анықтамалық ақпаратпен, мерзімдік баспа басылымдарымен (жаңа газеттермен) қамтамасыз ету, меншікті борттық журналды әзірлеу, сапар барысында жолаушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, гигиеналық жинақтарды беру жөніндегі жұмыс жүргізілді.
Жолдың, техникалық құралдар мен түйіспе желісінің жағдайы орташа балдық бағамен бағаланады. Былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда техникалық құралдар жағдайының орташа балдық бағасы жол шаруашылығы бойынша 10 балға, сигнализация және байланыс шаруашылығы бойынша - 2, 8 балға жақсарған, электрмен жабдықтау шаруашылығы бойынша 3, 6 балға арттырылған, алайда бұл көрсеткіш «өте жақсы» бағаға жатады.
Есептік кезеңде жүк пойыздары қозғалысының орташа жылдамдықтары: орташа өлшенген - 3, 2 км/сағатқа, техникалық - 1, 34 км/сағатқа арттырылған, қолданыстағы пойыздар қозғалысының жылдамдығын шектеу туралы ескертулер 198-ден 146 бірлікке дейін, яғни 52 бірлікке төмендетілген.
2008 жылы негізгі қызмет бойынша негізгі құралдарды күрделі жөндеуді орындауға арналған нақты шығындар 18 314 млн теңгені құрады.
2008 жылы батыс өңірі учаскелерінің өткізу және тасымалдау қабілетін ұлғайту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға шамамен 8, 3 млрд теңге немесе жоспардан 102% жұмсалған. 2007-2010 жылдар кезеңіне арналған пойыздар қозғалысының жылдамдығын арттыру тұжырымдамасын іске асыру жөнінде жүмыстар жүргізілген. Тұжырымдаманы іске асыру сәтінен бастап 2007 жылы жол жұмыстарының барлық түрлері есебінен қозғалыс жылдамдығы: жолаушылар пойыздары үшін - 1299 км-ге, жүк пойыздары үшін -1689 км-ге арттырылған.
Астана-Алматы учаскесінде жолаушылар пойыздарының жол жүру уақытын қысқарту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бірінші дәрежелі маңыз берілген. 2008 жылы бүл учаскеде қозғалыс жылдамдығы 598 км-ге, соның ішінде 130-140 км/сағаттан - 212 км-ге дейін арттырылған. Іс-шараларды іске асыру кезеңінде 2003 жылдан бастап «Тұлпар» пойыз-дарының жол жүру уақыты 1сағаттан артыққа қысқартылған (кесте 4) [23, 31] .
10 кесте
Орындалған жұмыстар көлемі және «Тұлпар» жолаушылар пойыздары қозғалысының жылдамдығын арттыру*
1Зсағ
40 мин
1Зсағ
12 мин
1Зсағ
40мин
-1 сағ
09мин
-1 сағ
02мин
Маршруттық жылдамдық,
км/сағат Астана - Алматы
* Дерек көзі: «ҚТЖ» ҰК» АҚ - ның 2008 жылға арналған жылдық есебі
Жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту барлық сервистік қызметтердің арасындағы өзара үздіксіз байланыстары жағдайында жүзеге асады. Теміржол жолаушылар тасымалының бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету және тұрғындарға тартымды ету үшін жолаушылардың тілектерін орындап, қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, қызметтердің сапалы және уақытылы ұсынылуына бағытталуы керек.
Жолаушылар тасымалы табыстылығын арттыру және шығындарын оңтайландыру бойынша міндеттерді шешу үшін келесідей іс-шараларды жүзеге асыру қарастырылған:
1. Маусымдылық және жолаушылар ағынының интенсивтілігіне байланысты икемді график бойынша жолаушылар пойыздарының құрамдылығын және айналым жиілігін арттыру немесе қысқарту.
Қазіргі кезде 16 жолаушылар пойыздарының құрамдылығының өсуінде орташа 4-5 жолаушылар вагонына қажеттілік бар. Бұл қажеттік қанағаттанған жағдайда жыл сайын тасымалданатын жолаушылар санын орташа есеппен 400-500 мың адамға арттыруға және локомотивтік тарту бойынша шығындарды тиімді пайдалануға болар еді.
2. Билетсіз жолаушыларды, ресми емес багаждарды тасымалдауға бақылауды күшейту.
Лауазымдық міндеттерін атқаруда қызмет көрсететін персоналды бақылаудың қолданыстағы жүйесі толық дәрежеде қажетті нәтижелермен қамтамасыз ете алмайды. Бұл мәселелерді шешу үшін негізінде пойыз бригадаларындағы жұмысшылардың жауапкершілігін күшейту талап етіледі.
Қазіргі кезде теміржол көлігі саласындағы құқықтық база жолаушыларды тасымалдау субъектілеріне әкімшілік жазалаудың тиімді шараларын қабылдауға мүмкіндік бермейді.
Теміржол көлігінің белгілі ерекшеліктерін ескере отырып көлік жұмысшыларының әкімшілік шараларын арттыру арқылы әкімшілік кодекске қажетті түзетулер енгізу қажет. Сонымен қатар, қызмет көрсету персоналының жұмысшыларын жұмысқа алуда, ауыстыруда жолаушылар тасымалдаушылар талаптарды қатал түрде ұстауы керек.
Билетсіз жол жүрумен күрес және теміржол вокзалдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бақылаудың тиімді жүйесін қолға алатын «өткізу жүйесін» 1-5 класс деңгейіне жатқызылмайтын вокзалдарда орнату жоспарланған. Бұл өткізу жүйесін енгізу сәйкес нормативті құжаттарға қосымшаларды талап етеді.
3. Тасымалдау процесін жетілдіру және пойыздардың қозғалысының сызбасын үйлестіру.
Жолаушылар шаруашылығының қызметін жетілдіру маңызды жолдарының бірі пойыздардың айналым жиілігін және жинақталған жолаушылар ағынына қарай құрамдардың сызбасын келтіру болып табылады. Жолаушылар қозғалысының графигін әзірлеу барысында негізгі талап ретінде жолаушылар үшін жайлылық және жолаушылар құрамы айналымының экономикалық тұрғыда нақтыланған сызбасын таңдау саналады.
Қазіргі кезде жиі туындайтын мәселе жолаушылар тасымалының залалды нәтиже көрсетуі. Белгілі бағыттағы жолаушылар тасымалының шығысты болуына әсер ететін негізгі фактор - бұл пойыздардың орташа құрамдылығы, яғни жолаушылардың орналасуы. Әлемдік тәжірибені есепке алса, пойыздардың 75%-ға дейін толуы тиімді болып саналады, себебі бұл деңгейден асқан, яғни халықтың толуының максималды жағдайында жолаушылар белгілі бір сапасы бар орынның болмауынан, мұндай құрамға билет алудан бас тартады. Құрамдағы тиімді вагондар саны 15- тен төмен емес деңгейде анықталады. Пойыз құрамдылығының төменгі көрсеткішінде локомотивті қолдану тиімсіз болып саналады.
2008 жылы аймақаралық пойыздардың орташа құрамы 13 жолаушылар вагонынан тұрды. Вагондарда орналасудың қолданылуы қысқы мерзімде 55% - ға жетуі, пойыздардағы орындардың жоғары ұсынысын көрсетеді. Ең жоғарғы орындардың толуы жазғы мерзімде 80% - ға жетеді.
Вагондарда орналасу тығыздығына жол жүру ақысы әсерін тигізеді, яғни жол жүру құны қаншалықты жоғары болса, вагон орындарын қолданудың бірдей болмауы соншалықты жоғары болады.
Жолаушылар тасымалдаушылардың шығындарын жабу үшін жол жүру ақысын орта есеппен 72 %-ға дейін көтеру қажет, ал бұл жағдай тұрғындардың көліктің басқа түрлеріне көшуіне және соңында әлеуметтік мәселелердің туындауына әкеледі. Сондықтан жол жүру ақысын сақтау үшін 2009 жылға 35 млрд. теңге көлемінде субсидия қажет.
Жолаушылар тасымалының әлеуметтік маңыздылығы жағдайында тасымалдау компанияларының залалдарын тарифтік саясат есебінен қысқарту мүмкін емес.
Тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау ережелерімен сәйкес әлеуметтік маңызы бар қатынастарды субсидиялау жалпы плацкарт және купе түріндегі вагондардарға ғана жатады және бұл вагондарда жол жүру тарифі мемлекеттен реттеледі. Жайлылығы жоғары вагондардағы «СВ» сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар жол қатынастарына кірмейтін бағыттардағы жолаушылар тасымалына тарифтердің қалыптасуы мемлекеттік реттеусіз жүзеге асырылады.
Субсидияланбайтын вагондар мен пойыздарды мемлекеттік реттеуіндегі шығару жағдайында тасымалдаушылар маркетингтік зерттеу негізінде тарифтерді жеке дара реттеу сәйкесінше тасымалдау қызметінің пайдасын арттыруға мүмкіндік алады.
4. Мейрамхана-вагондардың залалдылығын қысқарту.
Теміржол көлігі саласындағы нормативті талаптарға сәйкес (Қазақстан Республикасының көлік және байланыс министірінің бұйрығымен бекітілген 1994 жылдың 11 қаңтарындағы «Фирмалық жолаушылар тасымалы жағдайы туралы», 1994 жылдың 21 қаңтарында Достастық мемлекеттерінің қатысушыларының теміржол көлігі бойынша кеңесінің жиналысында бекітілген «Мемлекетаралық жолаушылар қатынастарындағы фирмалық пойыздар жағдайы туралы» бұйрықтар) жолаушылар пойыздарының құрамына ацналымы әрдайым залалды болып табылатын мейрамахана-вагондарды міндетті түрде қосу қарастырылған.
Бірақ тасымалдаушылар әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша залалдарын субсидиялау ережесіне сай мейрамхана-вагондар айналымының залалдары субсидиялауға жатқызылмайды. Сондықтан мейрамхана-вагондар қызметін инвестициялау көзі болмаған жағдайда, тасымалдаушылар олардың айналымын алып тастайды.
2008 жылда іске қосылған теміржол жол жүру құжаттарын интернет желісі арқылы алдын ала резервтеу және сатып алу жүйесін барлық қатынастағы пойыздар үшін дамыту. Себебі бұл процесс тек Алматы-Астана №3/4 бағыттарындағы пойыздарға ғана енгізілген. Бұл жаңашылдық тұрғындардың жолаушылар көлігі қызметтеріне қолайлы қол жетерліктей жағдаймен қамтамасыз етеді және еңбек өнімділігін жоғарлатады.
Ірі станциялардағы сервистік қызметтер сапасын жақсарту үшін қала маңындағы тасымал пойыздарына билеттердің сатылуын пластикалық банк карталарын қолдану мүмкіндігімен жүзеге асыратын арнайы банкоматтар орнату қолға алыну қажет.
Бұл терминалдардың енгізілуі, алдымен, билет сатылымдарының тиімділігін арттырып, еңбек сыйымдылығын төмендетеді, қала маңындағы тасымал залалдылығын төмендетеді және табыстылығын жоғарылатады, себебі тұрғындар билетсіз тасымалдан, билетпен жол жүруді қалайды, сонымен қатар, тасымалданған жолаушылар есебін және жеке пойыздар, жолсерік және вагондар (вагондардағы штрих-кодтарды терминал арқылы есептеу көмегімен) бойынша нақты есебін алуға мүмкіндік болады. Бақылау жүйелерінің нұсқаларының ішінен осы автоматталған жүйе темір жол үшін үнемді және жолаушылар үшін қолайлы болып табылады. Бұл терминалдың негізгі ерекшелігі жай билеттің қолданылуы, бірақ бастапқы ақпаратқа қосымша билет басушы техника көмегімен штрих-код енгізіледі.
Тұрғындарға қызмет көрсету барысында қазіргі заманға сай жылжымалы құрамды жаңа технологияны енгізу және қолдану тасымалдау процесін қамтамасыз етуге қатысатын қызмет көрсетуші персонал және инженерлік-техникалық жұмысшыларға деген талаптардың жоғарылауын тудырады. Осыған байланысты келесі шараларды қолдану қарастырылады:
- персонал біліктілігін көтеру және дайындау, қайта оқытудың тиімді бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру;
- қажетті мамандықтар бойынша біліктілкті кадерларды дайындау жоғары және орта арнайы білім беретін оқу орындарына жыл сайын тапсырыс беру.
1. 1 Жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын басқару жүйесі және мәселелелері
Көліктегі сапаның кешенді теориясына деген қызығушылықтың жақын аралықта туындағанымен, қазіргі уақытта кез келген кәсіпорында оның маңыздылығы артуда. Сапа теориясының негізгі мақсаты - көлемі мен сапасы бойынша тасымалдауға деген сұранысты қажетті деңгейде қанағаттандыру. Сапа теориясын болашақта дамыту және тәжірибеге енгізу үшін объективті жағдайларға мыналар жатады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz