Сүтті бағыттағы ірі қара малын өсіру, асылдандыру ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар, белгілер мен қысқартулар
Кіріспе
1. Әдеби шолу
1. 1 Сүтті бағыттағы ірі қара малын өсіру, асылдандыру ерекшеліктері
1. 2 ІҚМ сүт өніміне әсер ететін факторлар
2. Зерттеу жүргізілген орын, мәліметтер мен зерттеу әдістері.
2. 1 «Бердинова А. З. », ШҚ ттабиғи климаттық және шаруашылық туралы сипаттама.
2. 2 Зерттеу әдістемелері
3 Зерттеу нәтижелері
3. 1 Симментал тұқымына жататын сиырлар мен тайыншарлардан жастық, кластық құрылымы және өнімділік көрсеткіштері.
Курылымдык шаруашылык
3. 2 Симментал тұқымына жататын ірі қараларды, тайшаларды азықтандыру
4 Қоршаған ортаны қорғау
5 Еңбек қорғау
Қорытындылар мен ұсыныстар
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру барысында елімізді түрлі сапалы және экологиялық жақсы өнім алу мақсатында біз әрине селекциялық асылдандыру жұмыстары негізінде іске асады және де бірінші болып туылған төлге, шығу тегі өнімділігі бойынша анықтаудан кейінгі соңғы бағалау болып табылады.
Соған байланысты малдан алатын өнімнің көлемі мен сапасы қоршаған ортаның табиғи жағдайына, климатына яғни жайылымның жауын шашынның, ауа райына, күн көзінің шуағының қарқындылығына байланысты.
ІҚМ өсірген жағдайда малдың азықтануы барлық уақытта дұрыс бола бермейді.
Ірі қара мал шаруашылығының нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығы мен интевсивті технологияға көшіру, әрі әр табының сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау тәсілдерін молынан қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып табылады.
Елімізді мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта ірі қара шаруашылығының маңызы өте зор болып табылады.
Өйткені сүт өнімі қазіргі уақытта 99 пайызын, ал еті 40-45 дейінгі денгейде. Ірі қара шаруашылығында тек ет, сүт өнімдері ғана емес, соны мен қатар малдың терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданысқа ие.
Жалпы айтқанда мал шаруашылығы қазіргі таңда іштей мамандыру арқылы, әрі осы саланың интенсивті жолға көшуіне байлынысты ерекше дамуда.
Қазіргі таңда отанымыздың шаруашылықтарында 20-дай сүтті, сүтті-етті және 8 - етті ірі қарасының асыл тұқымды малдары өсірілуде. Айта кету керек, бұл асыл тұқымды ірі қараларының көпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан кейінгі уақытта будандастыру және гибридизациялау арқылы ірі қара малының жаңа асыл тұқымдары шығарылуда.
Республкамыздың 2391 шаруашылығы ірі қарамалын өсірсе, соның 250 ірі мамандандырылған сүт өндіру шаруашылығымен шұғылдануда. Жалпы республика шаруашылықтарында ірі қарамалының саны 9, 2 млн-нан асты.
Ірі қара мал шаруашылығының нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен интенсивті технологияға көшіру, әрі әр табынның сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау тәсілдерін молынан қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып саналады.
1 Әдеби шолу
1. 1 Сүтті бағыттағы ірі қара малын өсіру, асылдандыру ерекшеліктері
Қазіргі уақытта сүтті бағыттағы ірі қара малын өсірудуң негізгі мақсаты, ол ұрпақты қажетті тұқым қуалаушылыққа ие болатын дарақтарды жұптастыру, сол ұрпақтың сүт өнімін ең көп мөлшерде өндіру және өз дамуында арықарай дамыту, азықтандыру, жақсы ұрпақ алу болып табылады.
Арзуманян Е. А., Бегучев А. П., Соловьев А. А., Фондеев Б. В айтуы бойынша ірі қара мал шаруашылығын асылдандыру жұмысын бұрынғы ССРО ауыл шаруашылық және азық-түлік миністірлігі өзінің республикалық, өлкелік және облыстық ауыл шаруашылық басқармалары арқылы aтқaрaды. Негізгі ғылыми методикaлық жұмысты және мaлды aсылдандыру жұмысы ортaлық генетико-селекциялық ұйымғa жүктелген, бұл ұйым бұқaлaрдың ұрығының қорын жинaйды, әрі есептеу техникaсының жұмсын басқaрaды. Бұрынғы Одaқ бойыншa бaрлық ғылыми зерттеу aуыл шаруaшылық зерттеу институттарына және жоғaрғы оқу орнының ғaлымдарына селекциялық жоспaр, сүтті сиыр тaбындарын, жaңa тұқым шығaру міндеттелінген. (1)
Байтуманов Ә. ойынша мемлетімізде ірі қара малын асылдандыру оны күтіп бағу маңызы өте зор болып келеді. Қазіргі таңда ірі қара малының ұрпақ самасы бойынша бағалау, ірі қара малын бонитировкалау, сол әр ірі қара тұқым мал заводтарында, фермаларында сиырларды қолдагу жоспарларын жасауда. Және де сауын сиырлардың сүттілігін анықтап, зоотехникалық және де асылдандыру жұмысың есебін, мемлекеттік кітапқа ірі қара малын кіргізу жұмысымен айналысады (2)
Айта келе, ірі қара мал тұқымын күтіп бағу - ауыл шаруашылығымыздың өте маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Ірі қара тұқымдарының, ең басты мақсаты, ол әрине сүтті және сүтті-етті ірі қара тұқымдарының көрсеткіші сүттілігі, сүтінің сапасын, тірі сапасын арттыру болып отыр.
Ірі қара мал шаруашылығында малды өсіру үшін негізгі екі түрлі тәсіл қолданалады.
- Таза өсіру
- Шағылыстырып өсіру
Осы екі әдіс бірене-бірі өте байланысты. Мұнда тек бір әдісті ғана қоланып сапалы нәтижеге жету қиын.
Бұл екі әдіс біріне-бірі өте байланысты. Тек біреуін ғана қолданып, сапалы нәтижеге жету қиын. Малды таза өсіру әдісі, көбінесе асыл тұқымды мал шаруашылығында қолданылады. Ал, кейбір шаруашылықта екі әдістің екеуі де қолданылуы мүмкін. Таза өсіру әдісі көбінесе бір тұқымның ірі қарасын асылдандыруға бағытталса, шағылыстырып өсіру әдісі жаңа асыл тұқымды мал шығарарда кеңірек пайдаланылады.
Таза өсіру әдісінде бір тұқымның ірі қараларын сол тұқымның өз бұқаларымен қашырады. Мысалы, симментал тұқымының ірі қараларын симментал тұқымының бұқаларымен шағылыстырып, ешбір басқа тұқыммен араластырмайды. Мұндағы негізгі мақсат - сол тұқымның өз ара тұқым қуалаушылық заңдылығын одан әрі дамыту, олардың жақсы қасиетін сақтау әрі олардың шаруашылыққа пайдалылығын дамыта түсу.
Бегучев А. П., Безенко Т. П. былай дейді, таза өсіру әдісі асыл тұқымды малдарды одан әрі асылдандыру, сол тұқымның сүттілігін, сүтінің майлылығын, дене құрылысының ерекшеліктерін онша өзгертпеу үшін керек. Ірі қаралар мен бұқалардың тұқым қуалаушылық қасиеті тұрақсыз болса, онда алға қойған мақсатқа жету қиын. Сондықтан таза өсіру әдісін қолданудан бұрын сол ірі қаралар мен бұқалардың тұқым қуалаушылық қасиеті дамып жетілгендігін, әлде жетілмегендігін білу керек. (3)
Малдардың тұқым қуалаушылық қасиеті тұрақты болса, онда таза өсіру әдісі сапалы нәтиже береді. Оны кейінгі өсіп келе жатқан төлдерден байқауға болады. Бұл тұқымның кейінгі ұрпақтары, ата-аналарындай өнімділігімен көзге түссе, немесе олардан асып түссе, онда таза өсірудің өте нәтижелі болғаны.
Малдың жасына сәйкес өсіп-жетілуі мен пішінінің өзгеруін бақылап, ол өзгерістердің тұқым стандарты немесе басқа да мал тобының дамуымен салыстыру үшін, ұрпақ бойында тұқымдық ерекшіліктердің сақталуын байқап, сыртқы пішінінің өнімдік бағытына сәйкестігін бағалау үшін жануар бойынан арнайы өлшемдер алынады.
Малдың сыртқы пішіні, яғни экстерьері, деп оның организімінің анатомиялық-физиологиялық жағдайлырына байланысты қарастырылған сыртқы түрін айтады. Мал организімінің сыртқы орта жағдайларына бейімделіп, оның өнімділік қабілеттілігін қалыптастыратын анатомиялық-физиологиялық ерекшіліктері мен тұқымдық қасиеттері оның конституциясын, яғни жалпы дене бітімін, айқындайды.
Мал денсаулығы, өсімталдығы, көбеюшілігі мен өімділігі дене бітіміне байланысты болғандықтан, сырт пішініне (экстерьеріне), ішкі ағзаларының қызметіне (интерьеріне) және мінез-құлқына (жүйке жүйесіне) қарап, оның жалпы дене бітімдік (конституциялық) ершеліктерін анықтайды. Соның нәтижесінде малдың өнімділік бағытын, өнімділігін және өндіріс технологиясына бейімділігін айғақтайды. Мысалы, сиырдың сыртқы пішіні, желінінің формасы, емшектерінің салалығына қарап оның сүттілігі және машинамен сауу мүмкіндігі жөнінде болжам жасауға болады.
Малдың сыртқы пішінін бағалау түрлі әдістермен жүргізіледі. Олардың ең қарапайымы - малдың сыртқы түрін көзбен бағалау әдісі. 1, 5-2 м жерде тұрған малды алдынан, бүйірінен, артынан мұқият қарап, сыртқы тұрқын, аяқтарының орыналасуын, дене мүшелерінің айқындығын (қажет болса ұстап көріп), олардың бір-бірімен үйлесімдігін бақылайды да түр-тұлғасын бағалайды. Малдың сыртқы пішінін бағалауда басы, мойыны, шоқтығы, кеудесі, арқасы, белі, сауыры, аяқтары, желіні мен сыртқы жыныс мүшелерінің жетілгендігіне баса көңіл аударады.
Мүйізді ірі қара малдың сыртқы пішінін бағалауда дене мүшелерінің жалпы үйлесімділігімен, кеудесінің кеңдігі және тереңдңгңмен, буын байланыстарының айқындығымен, аяқтарының дұрыс орыналасуымен, сүйектерінің мықтылығы және жақсы дамуымен, жүнінің біркелкілігімен, мүйізінің жылтырлығымен, тұрқының және жыныстық белгілерінің дамығандығымен айғақтайды.
1-Сүтті және сүтті-етті бағыттағы сиырдың сырқы пішінін бағалау жүйесі.
1 Жалпы
түр-тұлғасы
мен жетілуі
2 Желін
3 Аяқтары
Дене мүшелерінің үйлесімделігі, жалпы келбетінің келістілігі, дене бітімінің мықтылығы, тұқымына тән пішін ұқсастығы
Көлемі, бөлімдерінің біркелкілігі, денеге бекіген аумағының көлемі, сүт бездерінің жетілуі, емшектерінің жетілуі мен орыналасуы
Алдыңғы және артқы аяқтарының жетілу дәрежесі, орыналасуы және тұяқтарының пішіні мен жетілуі
Жалпы балл саны
3
5
2
10
Малдың өсіп жетілуі рганизімнің ұрықтан (зигота) пайда болып өлгенге дейінгі жеке өсіп-жетіліп дамуын онтогенезі болып табылыды. Онтогенезде организм (жануар денесі), бір жағынан, көлемдік тұрғыдан ұлғайып (ұзарып, кеңейіп), салмақ қосып ауырласа, яғни өссе; екінші жағынан, сол өсу барысында оның мүшелері мен ағзасында орын алатын өзгерістердің нәтижесінде ол жетіліп, дамиды. Демек, организімнің көлемдік (салмақтық) ұлғаюмен қатар сапалық дамуы да бір жүреді. Бұл жалпы даму үрдісінің бір-біріне байланысты және бір-біріне тәуелді, өзара ықпал ететін екі қыры болып табылады. Организм онтогенезі ірі қара малында - 11 ай созылатын эмбрионалдық және туылғаннан кейінгі пост-эмбироналдық кезеңдерге бөлінеді. Осы кезеңдердегі ұрық - төл - сақа мал басының өсіп-жетілуне тұқымдық қасиеттері, азықтандыру факторлары, бағып-күту жағдайлары ықпал етеді. Жәнеде зат алмасуы жылдам жүретін бас кезеңдерде бұл факторлардың малдың өсіп-жетілуіне ықпалы күштірек болады. Мұны қоректену тұрғысынан алсақ, Малигонов-Чирвинский заңдылығына сәйкес "… даму жылдамдығы жоғары мүшелер мен ағзалар сол кезеңдегі жетіспеушіліктен көбірек зардап шегеді" екен. Айталық, туылғаннан кейінгі кезеңде төлдің сүйетері жылдам дамитындықтан қоректік заттар жетіспеушілігінен оның қаңқасының дамуы тежелсе, сақа малдың салмақ қосымы мен өнімділігі төмендейді.
Эмбрионалдық даму кезеңіндегі олқылықтардан туындаған өсіп-жетілу кемістіктері мал бойында кейінде эмбрионализм түрінде, ал төл азықтандыруындағы жетіспеушілік инфантилизм түрінде сақталап, мал өнімділігіне кері әсер етеді.
Малдың өсіп-жетілуін оның салмағы мен бойын, көлемін өлшеп анықтайды. Малды бір мезгілде - таңертең, малды азықтандырғанға дейін өлшейді. Жылдам өсетін мал түлігін жиірек өлшейді. Мысалы, ірі қараны туылғанда, 1-, 2-, 3-, 6-, 9-, 12-, 18-, 24-айлығында және одан ткейін жыл сайын өлшесе, қойды - туылғанда, 1-, 4-, 12-, 24-айлығында өлшейді.
Жалпы өнімдік мал шаруашылығында, әдетте, өсіріліп отырған мал басын көзделген өнім бағытында селекциялауға қажетті қасиеттерін фенотиптік сұрыптау арқылы жүзеге асырады. Шаруашылықтағы асылдандыру ісінің қойылған мақсатына байланысты сұрыпталған мал басын жұптастыруды біртоғалық, яғни гомогенді, немесе әртоғалық, яғни гетерогенді принциптерге сүйене отырып жүргізеді. Асылдандыру ісіндегі бағытты сұрыптау мен жұптау нәтижелілілін арттыру үшін алынған ұрпақ сапасын бағалайды. (4)
Ал Всяких А. С., Исаев Р. С., Яковлев С. П өз еңбегінде ірі қаралардың шыққан тегімен танысу мен қатар, сауылып жүрген ірі қара болса, оның беретін сүті, тірілей салмағы жөніндегі мәліметтерін де көру керек. Өйткені ірі қараға дұрыс баға берудің ең сенімді жолы - оның беріп жүрген сүтін білу. Ол ірі қара бұдан бұрын қанша сүт бергендігін білу керек. Егер ірі қара жылма-жыл сүтті тұрақты берсе немесе жылма-жыл сүті көбейсе берсе, ондай ірі қараның сүтті екені күмәнсіз. (5)
Сақа ірі қараларға қарағанда жас ірі қаралардың сүті кемдеу болады. Олардың сүті бара-бара көбейеді. Әдетте, ірі қараның беретін сүті 5-6-7 бұзаулағанша артып отырады.
Ірі қараның сүт өнімін тексергенде сапасын да еске алу қажет. Сүт неғұрлым майлы болса, солғұрлым маңызды болмақ. Майлы сүттен май да көп алынады.
Кейінгі уақытта, осы айтылған мәліметтермен қатар, ірі қараның сыртқы сымбатына да көп көңіл бөлінеді. Сыртқы пішініне, сымбатына қарап, ірі қаралардың сүтті тұқымға әлде етті тұқымға жататындығын немесе сүтті-етті және етті-сүтті тұқымдарға жататындығын айыруға болады.
Көзбен қарап ірі қараның баға берерде, әуелі оның тұла бойы көрінісін, мүшелерінің бір-біріне лайықты бітісін, қоңын шолып өтеді. Сонан соң денесінің әрбір бөліміне, мүшесіне жеке-жеке баға береді.
Сауын ірі қара малының бүкіл тұрқы созыңқы, кеудесіне қарағанда бөксесі едәуір дамыған, сүт бездері мен кеудесінің орта бөлігі жақсы дамыған болса сүттілігі жақсы деп бағалауға болады.
Біріңғай сүтті тұқым ірі қарасының желіні үлкен және аумақты, сауып алғаннан кейін жақсы қайтады. Желіннің пішіні тегене немесе тостаған тәрізді, желінінің барлық бөлімдері де жақсы дамыған. Емшектерінің ұзындығы мен жуандығы орташа, емшек аралықтары кең орналасқан. Сүтті тұқым сиыры етті тұқыммен салыстырғанда бұлшық еттері, кеудесі, шел қабаты, терісі нашар жетілген. Дене пішіні сүйірлеу, сүйек буындары, қабырғалары, “Қаңқасының” бірқатар бөліктері білініп тұрады. Бүкіл тұрқы сопақшалау, ал артқы жағы аз кем жуан. Басы біршама кішілеу және нәзік. Мойыны ұзын, әрі жіңішке. Арқасы тақтайдай жалпақ, түзу және ішті. Бөкпе жағы барлық өлшем жөнінен кем, құйымшағы ұзын, сирақтары жіңішке түзу. Буындары айқын көрініп тұр, тұяқ бітісі мықты.
Міне, сүтті тұқымға жататын ірі қараларды сымбатына қарап баға бергенде осы жағдайларға көңіл бөлу керек. Егер осы айтқандарға лайық келсе тұқымға қалдыруға болады. Дегенмен, сырт сымбатының кемістіктеріне де көңіл бөлген жөн. Ондай кемістіктер болса, ұрпақтарына таратпауға тырысу керек.
Ірі қараның мынадай кемістіктері болмауы керек: қайқы белдігі, немесе шойқы белдігі, тар бөкселігі, тірсегі қағысқан, имек немесе қайқы аяқ, табан аяқ. Қисық желін, теріс емшек және тағы сондайлар.
Вернигор В. А. Сыртқы пішіні жөнінен ірі қараны таңдағанда осы жағдайларды еске алу керке және денсаулығына, салмағына, конституциялық мықтылығына мұқият қарау керек, әрбір малға жеке-жеке баға берген жөн дейді. (6)
Ірі қараның тұқым қуалаушылық қасиеті жоғары белгілеріне, оның сүтінің майлығы мен белогы, сауу жылдамдығы, етінің жұмсақтығы, бұқалардың бұқалық қасиеті және сиырлардың қосымша ерекшелігі жатады. Бұл аталған көрсеткіштердің тұқым қуалаушылық коеффиценті 0, 50 асып тұр. Ал, сиырдың сауу маусымының, суалау мерзімінің, тәулік салмақ қосуының, ірі қараның тірілей салмағының, сырт пішінінің, ұша шығымының, өнімге шыққан мал азығының тұқым қуалаушылық коэффиценті 0, 2-0, 5 аспайды. Ал, өте төмен тұқым қуалаушылық коэффициентке бірінші бұзаулағаннан келесі бұзаулағанға дейінгі уақыт, сиырлардың бұзаулағыштық қасиеті, өмірінің ұзақтығы.
Тұқым қуалаушылық коэффициенттің жоғарғы болуы ол ірі қараның сыртқы әсерге өте тұрақтылығын, ал екіншіден ата-тегінен ұрпағына берілетін генетикалық көрсеткіштердің көптігін білдіреді. Ал, қуалаушылық коэффициенттің төмен болуы, ол керісінше жағдай. Бір тұқымнан шыққан әр сиырдың сүт өнімінің тұқым қуалаушылық коэффициенті әртүрлі.
Тұқым қуалаушылық коэффициенттің жоғары болуы сұрыптауға өте тиімді, ол арқылы әр малдың болашақ өнімін болжауға болады.
Қайталаудың ірі қара шаруашылығында маңызы зор. Қайталау коэффициенті деп бір ұрпақтан екінші ұрпаққа белгілі көрсеткіштердің тұрақты қайталануын айтады. Қайталау коэффициентін бір көрсеткіш бойынша бірнеше жыл бойы корреляциялық байланысы арқылы анықтайды. Қайталау коэффициентінің өте жоғары болуы селекциялық жұмыстың жоғары гәтижелігін көрсетеді.
Корреляция - дегеніміз малдың бір өнім көрсеткішінің екінші өнім көрсеткішінің екінші өнім көрсеткішімен тығыз байланыстығын айтады, әрі сол өнім көрсеткіштерінің біреуі өзгерсе екіншісінде өзгеруін көрсетеді. Корреляция болса, онда малдың бір өнімінің көбеюіне байланысты екінші өнім де көбейеді, ал теріс корреляция болса, малдың бір өнімі көбейсе екінші өнімі азаяды.
Дегенмен сиырлардың тірілей салмағы мен сүтінің арасындағы корреляция бір қалыпты болып келмейді. Малдың тірілей салмағы өскен сайын, оның сүті де өседі, бірақта ол шексіз емес, белгілі бір мөлшерге дейін, сосын барып керісінше болады. Көптеген ғылыми деректер бойынша ол коэффициент 0, 2-0, 3.
Сауын сиырдың сүті мен сүт майлылығының арасындағы корреляциялық байланыстың селекция жұмысы үшін маңызы зор. Асылдандыру жұмысы уақытында малдардың сүттілігі және сүтінің майлылығы бойынша сұрыптау және жұп таңдауды қатарымен жүргізбесе, онда бұл көрсеткіштердің аралық байланыста теріс корреляция болуы мүмкін, себебі сүт өнімінің көбеюіне байланысты, оның сүтінің малылығы азаюы мүмкін. Бірақ та мұндай байланыс корреляциясы әр ірі қараның тұқымында әр түрлі.
Сүтті және сүтті-етті тұқымға жататын сиырларды бағалағанда олардың сүтін, сүтінің майлылығы мен белогын еске алып, 305 тәуліктегі осы өнімдерін анықтайды. Әсіресе алғашқы екі, немесе үш маусымдағы сүтін бағалаудың маңызы зор. Профессор С. А. Рузанскмй сиырлардың алғашқы үш маусымдағы сүті мен ғұмырлық сүт аралығында оң корреляция бар екенін анықтайды. Сиырлардың ғұмырлық сүтін анықтаудың да маңызы зор. Сиырларды сүт өнімі бойынша бағалағанда, олардың бағып-күтуін және азықтануын ескерген жөн. Сиырларды бағалағанда сүтінің сапасына, сүтінің белогы мен майлылығының маусым бойынша өзгеруін, әрі сүті мен майлылығының және сүті мен белогының арасындағы байланыстылықты да ескереді.
Сиырларды сұрыптағанда дене бітіміне көп көңіл бөлу қажет, себебі конституциясы есепке алынбаса, онда сиырлар ауруларға тез шалдығып, төлдеуі төмендейді.
Сиырларды машинамен сауудың нәтижесінде, оның желінінің түріне және сүт сауылу жылдамдығына да қарап сұрыптайды. Сиырлардың желіндерінің төрт бөлімі бірдей дамып келсе, машинамен саууға өте қолайлы. Ғалым Г. П. Легошиннің дерегі бойынша қара-ала және холмогор тұқымды сиырлардың желіндерінің алдыңғы екі бөлімі нашар жетілген (40% және одан көп) . Осындай жағдайда, оның бос сауылуы 2, 48-2, 54 мин. Созылған, ал желіннің алдыңғы екі бөлімі жақсы жетілген уақытта (44% және одан көп) - бос сауылу уақыты тек қана 0, 62-0, 68 мин. Қана болған. Сондықтан бірінші топтағы сиырлардың сиырлардың маститпен ауруы 13, 2-14, 1%-ке жетсе, 2-топтағы сиырлардыкі 4, 3-6, 9%-ке жеткен.
Клейменов Н. И., Клейменов В. Н., Клейменов А. Н. жүргізген зерттеулерінде сүтті ірі қара шаруашылығында сиырларды ұрпақтарының сапасы бойынша бағалауға болады, бірақта ол жұмысы өте сирек қолданылады. Сиырлардан алынатын ұрпақтар өте аз болуына байланысты, шет мемлекеттерде индексирование деген тәсіл қолданады, оған берілген өнімі, туыстас ұрпақтары және ұрпақ сапасы кіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz