Сәндік қолданбалы өнерде гоболен өнерінің алатын орны


ЗАЯВКА на участие в конференции
УДК 512. 55
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРДЕ ГОБЕЛЕН ӨНЕРІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Жасузақова А. Қ.
Қостанай қ., Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Ғылыми жетекші: Абдимоминова Д. К.
Қостанай қ., Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Аннотация
Бұл мақала көне заманнан келе жатқан гобелен өнерін жоғалтпай әрі қарай жаңа идеялар мен толықтыру және ұлттық нақыштағы сәндік өнерінің технологиясында жіптің түрлерін, жасалу жолдарын, гобелен тоқуды, ұлттық өнер дәстүрі мен байланыстыруды қарастырады. Сонымен қатар, гобелен өнерінің қазіргі таңда сәндік-қолданбалы өнерде алатын орны орасан зор екендігі айтылған. Біздегі тоқыма өнері, кестелеп өрнек салу, киіз басу мен кілем тоқу - осының бәрі түптің-түбінде жаңа қолданбалы өнердің қалыптасуына негіз екендігі айтылады.
Түйін сөздер
Сәндік қолданбалы өнер; Гобелен өнері; Кілем тоқу үлгісі; Сәндік қолданбалы өнерде гобелен өнерінің алатын орны.
Аннотация
В этой статье предусматривает новые идеи и дополнения, не теряя искусства гобеленов с древнейших времен, а также виды нитей в технологии декоративного искусства национального колорита, способы изготовления, вязание гобеленов, традиции национального искусства и связи. Кроме того, было отмечено, что искусство гобелена в настоящее время занимает огромное место в декоративно-прикладном искусстве. Наше текстильное искусство, вышивка, войлок и ковроткачество - все это основа развития нового прикладного искусства.
Ключевые слова
Декоративно-прикладное искусство; Искусство гобелена; Образцы коврового плетения; Места гобелена в декоративно-прикладном искусстве.
Annotation
This article provides new ideas and additions, without losing the art of tapestries from ancient times, as well as types of threads in the technology of decorative art of national color, methods of production, knitting tapestries, traditions of national art and communication. In addition, it was noted that the art of tapestry currently occupies a huge place in the decorative and applied arts. Our textile art, embroidery, felt and carpet weaving are all the basis for the development of a new applied art.
Key words
Decorative and applied arts; The art of tapestry; Samples of carpet weaving; Places of tapestry in decorative and applied art;
Талай ғасырлар сынағынан еленіп, бабаларымыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп ежелден келе жатқан халықтық қолданбалы өнердің озық үлгілері мен түрлері жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, ұлттық тәрбиесіне, адами құндылығына ықпалын тигізері сөзсіз. Соның ішінде, гобелен өнерінің сәндік-қолданбалы өнерде алатын орны ерекше болғандықтан, қазіргі заманауи бағытта гоболен өнерін қалыптастырып, оның құндылығын жоғалтпау, тұрмыста қолдану бағытын насихаттау. Сондықтан, жас ұрпақ тәрбиесіне жалпы білім беру саласында тәлім-тәрбиелік мәні зор халықтың сәндік қолданбалы өнер туындыларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жағдайлары күрделі зерттеуді талап етеді.
Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған, Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстан халқының болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», - деген сөзі осының айғағы.
Келешек ұрпаққа қолөнердің, соның ішінде гобелен өнерінің қыр-сырын жетік менгеруде, қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру мәселесін ғылыми - теориялық тұрғыда негіздеу.
Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ VІ - VІІІ ғасырларда қазақ даласында өмір сүрген жартылай отырықшы тайпаларда ұсталық, метал өңдеу, кілем тоқу, зергерлік, киіз басу, тоқымашылық, шекпен тоқу, тіптен тастан адам бейнесін жасау өнерінің болғанын дәлелдейді. Қолданбалы өнер - қарапайым еңбек құрал-жабдығының көмегімен шикізаттардан әр түрлі бұйымдар жасайтын қолдың көмегімен жасалатын өндіріс. Ендігі кезекте осы қол өндірісі, яғни, қолөнердің түрі гобеленге тоқталатын болсақ, «гобелен» сөзі тұрмыстық жағдайда кілем сөзінің синонимі ретінде қолданылады, яғни «гобелен» дегеніміз - сурет салып тоқылған суретті кілем, кілемше. Бүкіл әлемдік деңгейде көп тараған қолөнер шеберлерінің туындыларының бір бөлігін құрайтын да осы гобелен өнері болып отыр. Ұлттық сәндік қолданбалы гобелен өнері ерекше көркемдікке негізделген, сәнділігі мен үйлесімділігі эстетикалық ләззәт, тыныштық сезімін беретіндей дүние болып табылады.
Гобелен өнерінің шығу тарихы ХV ғасырдан басталады. Қазіргі біздің қолданып жүрген «гобелен» деген сөзіміз ең алдымен Францияда алғаш қолданылған. Италия, Испания, Германия елдерінде де жақсы дамыған. Бұл бір жанұяның адамдарының ата-тегіне байланысты аталған. Гобелен атауы француз жүн бояушы фабрикасы басшысының фамилиясынан (тегінен) алынған. Гобелен түкті және тықыр болып екіге бөлінеді.
Жалпы, гобелен тоқуға сюжеттік суреттер салу жолдары іздестірілді. Көркем композициялық туындылардың алғашқы үлгісі тақырыптың мазмұнына сәйкес болуы керек. Гобелен тоқуда қойылатын талаптар төмендегідей болып келеді:
1. Композициялық құрылымын анықтау.
2. Жобалық суреттің нақты шешімін табу.
3. Бояу үндестігін үйлестіру.
Гобелен тоқу техникасы еш өзгерместен, толыға түсіп әлі күнге дейін сақталып келеді және ол жоғарғы қарқынмен өркендеп, ұлғая түсуде. Олай деп айтуымның себебі, қазіргі таңда барлық жерлерде, елдерде, тіпті бүкіл әлемде қарқынды даму үстінде деп айтсақ артық болмайды.
Гобелен тоқуда төзімділік, ұқыптылық, шыдамдылықты қажет етеді.
50 - жылдары интерьерді безендіруде гобеленді көп пайдаланған. Гоболен бөлмеге өзгеше әдемілік, жайлылық, жылылық береді.
Xалық қолөнер шеберлерімен қатар арнаулы білімдері бар суретшілер соңғы кезде кілем, терме алаша тоқудың жаңа тәсілі «Гобелен кілемін» дайындауды қолға алуда. Олар, әсіресе көрмеге қатысуға, сонымен бірге қонақ үй, демалыс залдарын көркемдейтін тақырыптарды іздестіріп одан әрі дамыту жолдарын іздестіруде.
Гобелен кілемінің тоқылу мәнері терме алаша, түкті кілемге ұқсағанымен, жалпы ою-өрнек суреті сирек қолданылады. Көпшілігінде адам, мал, дала, құрылыс, білім, мәдениет, спорт тақырыбындағы суреттер өте жиі кездеседі. Ал гобелен кілемінің тоқылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Оның жай кілемге қарағанда жіп түстері сан алуан болып, өрмек теруінде бір кілемнің өзінде түкті және түксіз өрнектер араласып келе береді. Сондай - ақ, кейде өрнек жіптері тоқылмай қалатын әдістері де кездеседі. Мұндай тоқылмаған өрнек жібі қиылмайды.
Қазіргі таңда білім саласына «Сәндік-қолданбалы өнер» бөлімінде «Гоболен» өнерін енгізу өте маңызды және өзекті болып отыр. Гоболен бағытының даму болашағы зор. Гоболен өнерін тоқып-үйренуде бірқатар жалпы білім беретін пәндерден білімдерін пайдалану қажет болады.
Орта мектептерде «Көркем еңбек» пәні аясында «Гоболен» жайлы 9-шы сыныптарының оқулықтарында қарастырылған.
Атап айтар болсақ: «Сәндік-қолданбалы өнер» бөлімінде «Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері. Қазақ кілемдері. Алаша; Кілем тоқу. Гоболен. Қазіргі кілем үлгілері; Кілем тоқу материалдары мен құрал-жабдықтары; » - атты тақырыптар берілген.
«Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері. Қазақ кілемдері. Алаша» атты тақырыпта қазақ халқында тоқыма өнері қалай дамығандығы және қазақ кілемдерінің ерекшеліктерін жазып көрсеткен. Қоғамның қарқынды дамуы мен ғылыми-техникалық үдерістің ілгерілеуіне қарамастан, қазіргі кілемдерде қазақилық сақталғандығы көрінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz