Қожа Ахмет Яссауи мен Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің сопылық философиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Яссауи мен Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің сопылық философиясы
Сопылық философияның Орта Азиядағы кемеңгер тұлғасы ретінде Қожа Ахмет Яссауи бабамызды айтуға болады. Қожа Ахмет Яссауи халықтың ділінде аса ұлы діни қайраткер, көрнекті өкіл ретінде осы уақытқа дейін келіп жеткен. «Меккеде - Мұхаммед, Түркістанда - Қожа Ахмет!» деген сөздердің өзі жоғарыдағы пікірімізді дәлелдей түседі. Қазақ жерінің орта ғасырлық мәдениетінің дамуында Қожа Ахмет Яссауи жазған «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) елеулі орын алады. Күні бүгінгі уақытқа шейін жеткен негізгі еңбегі - «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) . Онда өлеңмен 149 Хикмет берілген. Жыр жолдарында оның өмірге келген күнінен бастап, 63 жасқа дейінгі өмір жолы айтылады. Бұл еңбекті, негізінен алғанда, адамның рухани даму жолын жарқыратып, көрсетіп, паш етіп тұратын құнды еңбек ретінде қарауға болады.
Қ. А. Яссауи философиясында бой көтерген негізгі мәселе - ол адам болмысы, ал оның өзінің екі жағы бар. Біріншіден, адам - дене, оның қажеттіліктері өтелмей өмір сүру мүмкін емес; екіншіден, адам - рух, ол - оның басқа тіршіліктермен салыстырғандағы негізгі айырмашылығы, аса құнды қасиеті. Бұл арада Қ. А. Яссауи бірден адамның терең мәнін оның рухани тұңғиығынан іздейді. Бұл тұжырым ХХ ғасырда өмір кешкен неміс ойшылы К. Ясперстің «нағыз адамның өмір сүру ахуалы - рухани ахуал» деген сөзімен сабақтас. Өзінің өскелең шағында пендешіліктің құрсауында болғанын жасырмай сынай келіп, ұлы ойшыл былай дейді:
«Жиырма тоғыз жасқа кірдім, халім харап,
Ғашық жолында бола алмадым мысал топырақ.
Халім харап, бауыр кәуәп, көз бұлдырап,
Сол себептен хаққа сиынып келдім, міне».
Пендешіліктің жолында (байлыққа, билікке, дене ләззаттарына ұмтылу т. с. с. ) адам өз өмірінің мәнін ашып, адамгершілік қасиеттерін сақтап қалуы мүмкін емес: ол жалған жолға түседі.
«Нәпсіге сен ерік берсең, не тілемес,
Еңіресең де Алла саған мойын бұрмас.

Қолға алсаң, жаман құстай қолға қонбас . . . », - дейді ұлы ойшыл.
Сондықтан Алла тағалаға жақындаудың басты жолы - пендешіліктен арылу, нәпсіні тыю, өз нәпсіңмен күресу. Ойшыл бұл жолдағы өнегелік мысал ретінде Парсы патшасының ұлы Ибрахим ибн Әдхамды келтіреді. Руми Джалаледдин ол аңыз жөнінде былай дейді:
Бір күні Әдхамның сақшылары сарайдың шатырынан айғай-шу естиді. Сақшылар шатырға шығып, сонда жүрген адамдарды ұстап алып, Әдхамның алдына әкеледі. «Мұнда не істеп жүрсіңдер?» - деген сұраққа, олар: «Түйелерімізді іздеп жүр едік», - депті. «Қай заманда кім түйені шатырдан іздеген екен?» - деген сұраққа, олар: «Біз сенен өнеге аламыз, сен тақта отырып, Алла тағаламен жақындасқың келмей ме? Қай заманда кімде-кім осындай орыннан Құдайға жақындаған», - депті. Осыдан кейін Әдхам сарайдан қашып шығып, ел кезіп, дәруіштік жолға түскен екен. Міне,
Қ. А. Яссауи Әдхамды өнеге етіп былай дейді:
«Әдхам сипат тақ пен бақтан қашып жүргіл,
Тілек берсең, дүние қызығын тепкім келер».
Сопылық философияның көрнекті өкілі Баязитті де өнеге тұтып:
«Шайық Баязит жетпіс рет өзін сатты,
Бұл дүниенің бар қызығын тастап атты», - дейді.
Біздің ойымызша, Қ. А. Яссауидің өмір сүрген кезеңі ерте феодалдық қатынастардың қалыптасып, қарқынды даму, таптық қатынастар қайшылықтарының өсу дәуірі болса керек. Енді қазіргі кезеңге көз тастасақ «қазы, имам болғандар» (қазіргі соттар), «пара алған әкімдер», «ар-ұждан, әдеп, ұят, имандылық, қайырымдылық, әділеттілік» т. с. с. рухани құндылықтардың құлдырауы Қ. А. Яссауидің заманына ұқсамай ма екен? - деген ащы сауал ойымызға келеді.
Қ. А. Яссауи бабамыздың сөздерімен айтсақ, сол кезде пендешілік руханияттылықтан басым болып, «өзімшілдік», қоғамдық мүддемен санаспаушылық өз тойын тойлады.
Қ. А. Яссауи бабамыздың даналығы - қоғамдағы күйзелістен шығу жолдарын кейбір зорлық-зомбылықтан, қантөгістен, төңкерістен іздемеуі. Ол Сократтың «өзіңді тани біл», Будданың «ең ұлы жеңіс - адамның өзін-өзі жеңе білуі» деген сияқты қағидаларына жақын жолды ұстайды:
«Залым егер жәбір қылса, Алла дегіл,
Қолың жайып, дұға оқып мойын сұңғыл.
Құдай тілек бермесе, сабыр қылғыл,
Хақтан естіп бұл сөздерді айттым, міне».
«Сабыр түбі - сары алтын» деген нақыл сөз осы Яссауи бабамыздың жоғарыдағы ойларымен үндесіп жатыр. Адамзаттың басынан кешкен жазулы тарихында қантөгіс, төңкеріс негізінде бақытты қоғамды орнатқан бірде-бір ел көрсетілмейді. Керісінше, зорлық қарымына одан да өрескел зұлымдықты тудырады. «Жек көру жек көрушілікпен ешқашанда тоқталмайды. Тек жек көрушіліктің жоқтығы ғана жек көрушілікті жояды», - деген екен ұлы Будда.
Қ. А. Яссауидің пәлсапалық тұжырымдарында көрініс тапқан пендешілікті шектеу, нәпсіні тыю, руханиятты жоғары ұстау, тәубеге келу мәселелері қазіргі таңда жер бетіндегі өмір сүріп жатқан адамзат өкіліне өзінің өзектілігімен танылуда.
«Даналық» кітабында рухани болмысты танып білу, өзіңді-өзің танып білуің дегенді тұжырымды айтады. Адамзаттың діттеген басты мақсаты -

ақиқатқа жету. Адамзат өзін-өзі жетілдіру, рухани болмысын тану арқылы адамдық шыңға көтеріледі. Ол адамзатты өзін-өзі жетілдіруге, сабырлылыққа шақырады, насихаттайды. Сол шынайы қасиеттері арқылы сүйіспеншілік пен махаббат пікірін ұсынады. Тарихаттың нұсқайтын жолы «Өзін танып білгені, рухани болмысты танып, ынсапқа келгені». Ақиқатты іздеп табу арқылы әділдік жолына түсеміз. Адамның рухани өмірінің таза болуы, ғашықтық адамның иманжүзділігі, жүрегінің ашықтығы, рухани тазалығы туралы айтады.
Ахмет Яссауидің дастанындағы сопылық идеясы өзінен кейінгі ақын, жырауларға, жазба әдебиетінің өкілдеріне, тіпті ұлы Абай Құнанбайұлына азды-көпті ықпал етті.
«Даналық кітабында» бұл дүниелік жайттар, яғни оқып-білім алу, иманды, адал, ізгі қасиетті болып, ақыл-парасатқа жету, сөз бен істе шыдамды, төзімді болу, жақсы мен жаманды айыра білу, достық пен махаббатты қастерлеу, азға қанағат тұту, кемтар, ғаріп адамдарға қамқор, әділетті болу, адал болу, адал жолмен жүріп-тұру тәрізді жалпы адамгершілік қалыптар дәріптеледі. Осы жоғарыда айтылғандардың қай қайсысы да, күні бүгінге дейін өзінің тәрбиелік мәнін жоймай, сақталып келеді.
Қожа Ахмет Яссауи ілімінде «жан тыныштығы», «шындыққа жету», адамгершілік қасиет пен ізгілік сипатты жетілдіру арқылы рухани тазалыққа, өзін-өзі меңгеруге қолы жеткен «кемел адам» қалыптасады. Қожа Ахмет Яссауи Орта ғасырлық мұсылман дүниесінің көрнекті ойшылы. Оның пікірінше, адамның мақсаты - кемел адам қалпына жету, ал кемелдік жолы - сопылық, Алладан басқаны мойындамай, дүниені, бала-шағаны, нәпсіні тәрк етіп, тақуалық жолына түсу, жүректі оятып, Алланы сүю, оған деген махаббат, ғашықтық тудыру. Бірақ Аллаға ғашықтық жолында адамға кедергі болатын оның нәпсісі. Яссауи бабамыз адамды нәпсіден без, оны еркіне жіберме деп үйретеді. Нәпсі адамға табиғатынан тән қасиет болғанмен, ол санаға тәуелді болмаса, адам оны саналы түрде реттеп отырмаса, нәпсі адамның түбіне жетеді. Қ. А. Яссауи нәпсіні кең мағынасында қолданады. Оның пікірінше, нәпсіқұмарлық тек тәнқұмарлық емес, билік пен байлыққа, өткінші қызыққа шектен тыс берілгендік. Нәпсіні тиып, Алланы сүю жолына түскен адам рухани тазарады, сол арқылы өмірдің күйбең тіршілігінен жоғары көтеріліп, бойына имандылық, қанағат, адалдық, мейірімділік секілді адамгершіліктік қасиеттерді жинайды, сонда ғана шариғат, тариқат сатыларынан өтіп, хақиқатқа - Аллаға ұласуға жетеді. Шариғат Алланы сүю туралы ілім, тариқат - адамның осы білімді жүзеге асыру жолындағы харекеті. Хақиқатқа жету қиын, бірақ оған ұмтылу, нәпсіні тиып, бойында Аллаға махаббат пен имандылық қалыптастыру - әрбір мұсылманның міндеті дейді Қ. А. Яссауи.
Қ. А. Яссауи ислам дінінің қазақ арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп, түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұштастырған. Сондықтан, Қ. А. Яссауи шығармаларында Алла (ислам), Құдай (Зороастра), тәңір (шамандық) діндердегі түсініктер бірін-бірі жалғастырып, бірдей, қатар қолданылады. Бұл да Қ. А. Яссауидің ел арасында беделінің артуына себепкер болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының педогогикалық мұрасындағы отбасы және әйел тәрбиесі мәселелері
Мәшһүр Жүсіп Көпеев философиясындағы Алла мен адам арақатынасы
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің әлеуметтік көзқарастары
Қ. А. Яссауи түркі халықтарының ұлы ойшылы
Қожа Ахмет Яссауи (1093 1094-1166)
Мәшһүр-Жүсіп тілінің грамматикалық ерекшеліктері
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің салынуы
Қазақ - парсы әдебиеттерінің ортақтастығы
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫ ЖАЙЫНДА
Қ.А ЯССАУИ ТАСАУУФТЫҚ ІЛІМІНІҢ ТҮРКІ ДҮНИЕТАНЫМЫНА ӘСЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz