ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДА CLIL ӘДІСТЕМЕСІН ПАЙДАЛАНУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 37.016:54:001.895
ХИМИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДА CLIL ӘДІСТЕМЕСІН ПАЙДАЛАНУ
Сапарбек Ж.Ж., Шағраева Б.Б.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В этомстатье рассматривается, как научить учеников изучать различные предметы на иностранном языке.
Summary
This article discusses how to teach students to study various subjects in a foreign language.

Қазіргі әлемде интеграция мен жаһандану процестері үлкен күшке ие. Қоғамның дамуындағы бұл процестер орта білім берудегі болып жатқан өзгерістерден көрініс тауып отыр. Еуропалық Одақтың құжаттарына сәйкес, қазіргі білім берудің негізгі басымдықтарының қатарында оқушылардың жалпы ғылыми сауаттылығын қалыптастыру болып отыр, бұл бірінші кезекте олардың ғылыми ақпаратты пайдаланудағы құзыреттілігін және әр оқушының көптілді тұлға ретінде, яғни бірнеше тілде тиімді араласуға қабілетті адамды дайындауды білдіреді [1].
Бүгінгі күні барлық мұғалімдер білім беруді жандандыру, бәсекеге қабілетті, жаһандану үдерісіне бейімделген, мәдениетті, білімді, тұлғаны қалыптастырудың озық, жаңартылған заманауи әдістемелік жүйесін меңгеруге, әлемдік білім беру кеңістігінде елдің дамуына оңтайлы оң қадам жасау сияқты жаңа талаптарға сәйкес іс-шараларды жүзеге асыруға ұмтылады. Білім беру сапасына әкелетін, оның жеткілікті деңгейде игерілуіне ықпал ететін және бақылайтын әртүрлі тетіктер жеткілікті. Білім беру мазмұны күн сайын жаңартылып, тереңдей түсуде.
Білім беруді жаңғырту оның мазмұнын жаңартып қана қоймай, инновациялық технологияларды белсенді пайдалануды көздейді. Білім алушылардың танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту педагогикалық зерттеудің дәстүрлі нысаны. Инновацияның бұл спектріне интеграцияланған оқыту жатады. Білім беру мүмкіндіктерін іске асыру нәтижесінде интеграцияланған сабақтарға шындықты тұтас қабылдау, бұл әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастыруға ықпал етеді [2, 3].
Қазіргі таңдағы мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының басты бағыты - шығармашыл, сындарлы ойлай білетін, өз мүмкіндіктеріне сенімді, әртүрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті азамат дайындау екендігі мәлім. Осыған орай әлемдік қауымдастықта айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру, бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында тың да нақты қадамдар жасалуда.
Бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіретін басты сатылардың бірі - жаңашылдыққа бағытталған үштілділікті оқыту болып табылады.
Жаңашыл әдістердің бірі ретінде - кіріктіре білім беруді -- үштілділікке оқытуды жүзеге асырудың тиімді әдісі ретінде алып қарастырсақ болады.
Осы заманғы қоғамда ұлтаралық және мәдениетаралық кеңістіктегі адамды әлеуметтендіру мәселелері басым болып отыр. Қазіргі уақытта ағылшын тілін меңгеру, кәсіби білім мен мүмкіндіктерді кеңейту құралдарының бірі ретінде қарастырылады.
Осыған байланысты ағылшын тілін оқытудың жаңа білім беру технологиялары пайда болады. Осындай технологиялардың бірі - CLIL пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту [4, 5].
CLIL - Content and Language Integrated Learning - Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістемесі. Пәндерді екінші не үшінші (қазақ, орыс не ағылшын) тілде оқыту.
CLIL технологиясы -- пән мазмұны мен тілді бірлесе оқыту технологиясы. CLIL сөзінің, яғни терминінің қолданылып жүргеніне көп уақыт болғандықтан (1994 жылдан бері қолданыста) бұл жаңа термин болып саналмайды. Біз қазіргі таңда көптілді қоғамда өмір сүріп келеміз. Көптілді меңгеру қазіргі кезде өмір сүру құралы болып табылады. Бұл терминді, яғни CLIL терминін Девид Марш пәндерді қосымша және басқа тілде оқыту үшін қолданысқа енгізді. Бұлай оқытудың мақсаты пәнді басқа тілде (қазақ, орыс немесе ағылшын және т.б.) оқытып, сол тілді де меңгеруге мүмкіндік береді. CLIL әдісі оқушылардың мәдени біліктілігін, тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді, ал бұл қазіргі таңда жұмыс ұсынушылар мен жұмыс берушілердің ең қажет ететін сұраныстағы қабілеті болып табылады.
CLIL әдісі қазір біздің еліміздің көптеген мектептерінде қолданыста. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде де бұл әдіс қолданыста. Ол мектептерде көптеген пәндер өз ана тілінде жүргізілмейді. Әр оқушы пәнді екінші тілде оқи отырып, сол тілді меңгеріп, екінші тілде еркін сөйлеуді үйренеді.
CLIL әдістемесінің негізгі принциптерін анықтауда төмендегідей 5 аспекттер белгіленеді:
1. Мәдени аспект
2. Әлеуметтік аспект
3. Тілдік аспект
4. Пәндік аспект
5. Оқыту аспектісі
Бұладың әрқайсысы оқушылардың жас ерекшелігіне, әлеуметтік-тілдік ортасына және осы әдістің тереңдік дәрежесіне байланысты.
CLIL әдісінің оқушыларға беретін мүмкіндіктері өте жоғары. Сол мүмкіндіктерге тоқтала кетсек: CLIL әдісі тек қана тілді меңгеруге ғана мүмкіндік беріп қоймай, таным құралы ретінде де қолдануға мүмкіндік береді. Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, тілдерді жоғары деңгейде меңгеріп, қызметтің барлық салаларында қолдана білуге, өз мәдениетін бағалауға, басқа да мәдениеттерді түсініп құрметтеуге, функционалдық сауаттылыққа және азаматтық жауапкершілікке баулыйды.
CLIL әдістемесі бойынша оқытудың мақсаттары:
1. Оқытылатын пән арқылы шет тілін зерделеу;
2. Пәнді шет тілі арқылы зерделеу.
Шет тілі арқылы жаратылыстану, биология, химия, физика, информатика, география және т.б. тілдерді оқыта алады.
Практика барысында оқушылардың пәнді оқи отырып, оқылып жатқан тақырыптарға сай терминдерді қайталау барысында, оларды өз ой пайымдауларында қолдана отырып, олардың белгілі пән бойынша сөздік қорының молаятындығына көзім жетті. Тілдік дағдыны қалыптастырумен қатар CLIL әдісі мұғалімнен сабақтың өтілуіне байланысты жаңа тәсілді талап етеді.
Мұғалім оқу материалын берерде, жұмысты ұйымдастырғанда түрлі формаларды қолдануы, оқушының шығармашылық және жеке іс-әрекетіне назар аударуы қажет. Бұл оқушының пәнді оқуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәнді шет тілі арқылы зерделеу
Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
Пәнді және тілді кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары
Биология пәніннің жүйесі және түсініктері
Шетел тілі сабақтарында мәтіндік және ақпараттық материалдар
Химияны ағылшын тілінде оқыту артықшылықтары
CLIL сабақтарындағы математикалық тіл
CLIL -ді оқытудың теориялары, дидактикалық принциптері, психологиялық ерекшеліктері және модельдері
Оқыту әдістері мен түрлері
Химия мен ағылшын тілі пәндерімен кіріктіре оқыту
Пәндер