Қан айналымды зерттеу әдістері. Биологиялық ұлпалардың импедансы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
А.Қан айналымды зерттеу әдістері
Б.Биологиялық ұлпалардың импедансы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі уақытта медициналық зерттеулерде биологиялық тірі ағза жасушаларында (ұлпалардан) айнымалы ток өткізе отырып, импедансты (толық кедергі) өлшеу өте үлкен орын алады. Жасушалық мембрана токты өте нашар өткізсе, ал цитоплазма мен ағза жасушасының сұйығы токты өте жақсы өткізеді. Осындай жүйелер активті және сыйымдылық кедергілерге иемдене алады.
Тірі ағза жасушасынан айнымалы ток өткізгенде, ондағы толық кедергінің өзгеруі оның жиілігіне тәуелді болады. Міне осы құбылысты импеданстың дисперсиясы деп атайды. Өлі ағза жасушасы үшін импеданс дисперсиясы байқалмайды, бірақ анықтап айтқанда импеданс дисперсиясы мүшелердің және ағза жасушасының өмірге икемділігін (қабілеттігін) анықтайды. Адамның бір жерінің етін алып (оны трансплантант деп атайды), екінші жеріне жапсырғанда оның өмірге қабілеттілігін бағалауға тура келеді. Эквивалентті схемалар көмегімен тірі ағза жасушасы үшін толық кедергіні (импедансты) өңдеуге (модельдеуге) болады. Соңғы кездерде реография әдісі қан айналым үрдісін зерттеудің негізгі диагностикалық әдісі болып табылады. Егер адам денесінің белгілі бір бөлігі арқылы жоғарғы жиілікті (шамамен 40- 500 кГц) және аз ток (10 мА-ден көп емес) айнымалы электр тоғын өткізіп, кедергісін тіркеп отырса, онда пульстық толқынның өтуінен ол кедергі үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Бұл әдіс кедергінің өзгеру ИМПЕДАНСЫН тіркеуге негізделген. Сол себептен айнымалы ток тізбегіндегі әртүрлі кедергілерді және тірі биологиялық ұлпадан өтетін жоғары жиілікті токтың өтуінің ерекшеліктерін білу керек.
Импеданс Z деп толық кедергіні айтады.
Көп жағдайда ол мынаған тең:
Қанның ламинарлы ағысы кезінде үздіксіз теңдеуі орындалады: қан ағып өтетін бөліктің көлденең қимасының ауданының қанның жылдамдығына көбейтіндісі тұрақты шама.
S*v=const
Қан тамырлары арқылы қан ағысының физикалық заңдылықтарын қарастырғанда қан тамырлар жүйесінің кез келген жеріндегі қанның көлемдік жылдамдығы тұрақты шама.
Q=const
Қан ағысының жылдамдығы
1.Көлемдік жылдамдық - бірлік уақыт ішінде қантамырының көлденең кесіндісі арқылы өтетін қаннның мөлшері (млс).
2. Сызықтық жылдамдық - қан түйіршігінің бірлік уақыт ішінде өтетін жолы (ммс).
Аортада - 30-50 смс.
Қуыс венада - 20-25 смс.
Капиллярларда - 0,03-0,05 смс.
3. Қан айналымының толық уақыты - бір тамшы қанның үлкен және кіші қанайналымы шеңберлерінен бір айналып шығатын уақыты. Қалыпты жағдайда - 23 с немесе 27 систола.
Реограммаларды екі түрлі реографтың көмегімен тіркейді - биполярлы және тетраполярлы. Кейінгі кезде тетраполярлы кең қолданыс табуда. Олар кедергіні дәлірек өлшейді және жасушадағы қан көлемінің сандық мәнін көрсетеді. Бұл әдісте екі электорд электр тоғын жіберу үшін қолданылса, тағы да екі электрод электр кедергісін тіркеу үшін қолданылады.Зерттеу мақсатына байланысты дененің интегралдық реографиясы, орталық реография (жүректің сол және оң бөліктерінің және кіші қан айналу шеңберінің қанға толуы бағаланады), кеуде реографиясы, өкпе реографиясы т.б. болып бөлінеді.
Интегралдық реография. Бұл әдіс арқылы жүректің систолдық, яғни минуттық көлемі анықталады. Бүкіл дене үшін немес белгілі бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клиникалық практикадағы реография
Ұлпалар мен жасушалардың электр өткізгіштігі
Қан тамырларымен қан қозғалысының физика-математикалық заңдылықтаыр. Биологиялық ұлпалардың пассивті механикалық қасиеттері
Қан айналуды зерттеу әдістері. Интегралдық және аймақтық реография
Қан тамырлар бойымен қан қозғалысының гемодинамикалық заңдылықтары
Қан тамырларының негізгі бөліктерінің құрылысы
Ішкі секреция бездерінің физиологиясы
Жара
Қанның реологиялық қасиеттері
Мүшелер мен ұлпалардың реографиясы
Пәндер