РЕФРАКТОМЕТР



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
СҰЛТАНОВ БЕКАЛЫ
ЖМ 19-012-1К
МЕДИЦИНАЛЫҚ ФИЗИКА
РЕФРАКТОМЕТР
Рефрактометр -- қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың сыну көрсеткіштерін зерттейтін құрал. Заттың сыну көрсеткішін (n) біле отырып, оған химиялық анализ (талдау) жасауға болады.

1-сурет. Жарықтың толық шағылуы мен Рефрактометрдің жұмыс істеу схемасы
Рефрактометрия әдісі халық шаруашылығының көптеген саласында қолданылады. Мысалы шахта ауасының құрамындағы қопарылыс қаупі бар метан газының мөлшерін анықтауға осы әдіс пайдаланылады. Рефрактометрия әдісі тамақ өнеркәсібінде майлардың және т. б. заттардың сапасын тексеруге, геологияда минералдардың сапасын, ауыл шаруашылығында қант қызылшасының, помидордың пісу дәрежесін анықтауға, медицина мен мал дәрігерлігінде асқазан сөлін, қан мен зәр құрамын тексеру үшін пайдаланылады.

Рефрактометрлердің жұмысы мына әдістерге негізделген:
1) жарық екі ортаның шекарасынан өткенде оның сыну бұрышын тікелей өлшеу; 2) толық ішкі шағылу құбылысына негізделген әдіс; 3) интерференциялық әдіс; 4) Френель формулаларына сүйеніп сыну бұрышын табу әдісі; 5) көлеңке әдісі. Осының ішінде кеңірек таралғаны бастапқы үш әдіс болғандықтан біз солардың екінші әдісіне толық ішкі шағылу құбылысын қарастырамыз. Екі орта, айталық су мен ауаны алайық. Судың сыну көрсеткішін n2 деп, ауаның сыну көрсеткішін n1деп белгілейік. (1-сурет)
Жарық сәулесі судан ауаға өтсін делік. 0 нүктесіне түскен 1-сәуле жартылай шағылады да 01" бағытымен ке-теді, ал жартылай екінші ортаға (ауаға) 011етеді. Түсу бұрышын α1 , ал сыну бұрышын γ1 деп белгілейік. Дәл осындай жағдай 2-сәуледе де қайталанады. Ал 3 сәуле 0 нүктесіне келіп түскенін, оның біразы екінші ортаға өтпей, екі ортаның шекарасымен жылжиды. Ол -- 03'. Ал, екінші бөлігі шағылып 03" бағытымен кетеді. Осы кезде сыну бұрышы γ3=90° тең болады. Міне, осы бұрышты (α3) толық ішкі шағылу бұрышы деп атайды. Немесе шекті бұрыш деп атайды. Енді 4 сәулені қарастырайық. Бұл сәуленің түсу бұрышы (α4) шекті бұрыштан (α3) көп. Олай болса, бұл сәуле .0 нүктесінде екінші ортаға (ауаға) қарай өтпей толық бірінші ортаға (суға) шағылып кетеді. Бұл құбылысты толық ішкі шағылу деп атайды. Жарық оптикалық тығыздығы көп ортадан (n2) оптикалық тығыздығы аз ортаға (n1)өткенде толық ішкі шағылу құбылысы байқалады.
Рефрактометр негізгі екі призмадан тұрады: ABC, А1В1С1 . Бұл призмалар сыну көрсеткіші n=1,72 тең болатын шыныдан жасалынады. Осы екі призманың ортасына зерттелетін сұйық тамызылады. Содан соң призманы біріне-бірін беттестіріп жабады. Сонда екі призманың ортасында қалыңдығы 0,02 мм болатын сұйық тұрады. Жарық сәулесі А1В1С1 призманың А1В1 қырына түседі де, одан өтіп призманың А1В1 қырына жетеді. Призманың А1В1 қыры сұйықпен беттесіп тұр. Призманың бұл қыры (А1В1)жарықты өзінен өткізбейді, қайта оны шашыратады. Сөйтіп жарық сәулесі сұйықтан шашырап отырып екінші призманың (ABC) АВ қырына әр түрлі бұрышпен келіп түседі. Призманың АВ қырына түсіп тұрған 1, 2, 3 сәулелерінің түсу бұрыштары әр түрлі. Тек 3 сәуленің түсу бұрышы ғана 90° тең, қалған екеуі одан кіші бұрышпен келіп түседі. Екі призмадан өтіп келген сәулелерді рефрактометрдің трубасымен бақылауға болады. Сонда оның бір жағының жарық, екінші жағының қараңғы екенін байқаймыз. Міне, осы кездегі өлшеніп алынған бұрыш шекті бұрыштың мәнін көрсетеді. Ал рефрактометрдің трубасының ішінен зерттелетін сұйықтың сыну көрсеткішін тауып алуға болады.
Рефрактометрия.Екі түрлі оптикалық ортадағы жарық сәулесінің сынуы - рефракция деп аталады. Бұл әдісте аналитикалық сигнал ретінде - сыну көрсеткіші (n) қолданады.
Рефрактрометриялық әдіс жетістіктері: оның қарапайымдылығы, жылдамдығы, жоғары дәлдікпен өлшеуі болып саналады.
Рефрактрометрияны биологиялық тамақ өнімдерін, дәрілерді жасауда және олардың физикалық мәндерін анықтағанда пайдаланады. Сыну көрсеткіші деп түскен жарықтың синус бұрышын шағылысқан жарықтың синус бұрышына қатынасын айтады. Берілген ортаның тығыздығына және сәуле бағытына байланысты сыну көрсеткіш екі түрлі болады.
Рефрактометрия (латынша Refractus -- сынған және ...метрия) -- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұйықтардың сыну көрсеткішін өлшеу
Мұнай көмірсутектерінің оптикалық қасиеттерін анықтау
Мұнай және мұнай қоспаларын оптикалық әдістермен зерттеу
Минералды заттардың құрамын және ылғалдылығын анықтау әдістері
Химиялық зертханаларда қолданылатын құрал-жабдықтар
Мұнай өнімдерінің сыну көрсеткішін анықтау
СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Жарық сәулесі судан ауаға өтсін делік
Ауаның ылғалдылығын глгрометр және Ассман психрометрі көмегімен анықтау
Қан алу мен оның физикалық қасиеттерін анықтау туралы ақпарат
Пәндер