ЦИФРЛЫҚ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ

ҒТАМР 02:004
Денгельбаева Н.Б.1
1Кітапхана ісі мамандығының магистрі,
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы
Исенгалиева А.Г.2
2ф.ғ.к., М. Әуезов атындағы ОҚМУ аға оқытушысы, Қазақстан, Шымкент қ.
Атантаева А.3
3Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
лауазым

Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары кітапханаларында автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету және Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана (РЖОЭК) жүйесіне енген кітапханалардың мүмкіндіктері мен жоғары оқу орындары кітапханаларының өз қызметіне жаңа ақпараттық технологияларды ендіру, электрондық ресурстарын толықтыру, отандық, әлемдік, ақпараттар ресурстарына ену жолдары берілген.
Түйін сөздер: Электронды кітапхана, ресурс, өнеркәсіптік революция, жаһандану, инновация, технология
Денгельбаева Н.Б.1
1Магистр наук специальности Библиотечное дело, КазНУ имени аль-Фараби
Исенгалиева А.Г.2
2К.ф.н., ст. преподаватель ЮКГУ им. М. Ауэзова
Казахстан, г. Шымкент
Атантаева А.3
3Казахский национальный педагогический университет им. Абая
РАЗВИТИЕ ВУЗОВСКИХ БИБЛИОТЕК В ЦИФРОВОЙ ГЛОБАЛИЗАЦИИ
Аннотация
Статья посвящена автоматизированному информационно-библиотечному обслуживанию в библиотеках высших учебных заведений Республики Казахстан и возможностям библиотек вошедших в Республиканскую межвузовскую электронную библиотечную систему (РМЭБС) и освещены пути внедрения в работу библиотек высших учебных заведений новых информационных технологий, пополнения электронных ресурсов, входа в отечественные, мировые информационные ресурсы.
Развитие цифровых технологий в библиотеках и Процессы осушествления инноваций в работе Национальной Академической библиотеки РК, Областной универсальной научной библиотеки рассмотрены в третьей главе. Основной целью библиотек республики является - укрепление подлинного знания, гормоничное интегрирование в цифровой среде.
Ключевые слова: Электронная библиотека, ресурс, промышленная революция, глобализация, инновация, технология
Dengelbayeva N.B.1
1Master of Sciences Librarianship
Al-farabi Kazakh national university
Isengalieva A.,G. 2
2c.ph.s., senior lecturer of SKSU
Atantayeva A.3
3Abai Kazakh National Pedagogical University
DEVELOPMENT OF UNIVERSITY LIBRARIES IN DIGITAL GLOBALIZATION
Abstract
Тhe arcticle is devoted to the service Automated information library in libraries of higher educational institutions of the Republic of Kazakhstan and to opportunities of libraries entered Republican interuniversity electronic library system and ways of introduction to work of libraries of higher educational institutions of new information technologies, replenishments of electronic resources, an entrance to domestic, world information resources are shined.
Key words: digital library, resource, industrial revolution, globalization, innovation, technology
Елбасы өз Жолдауында Бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде. Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, Қазақстан-2050 даму стратегиясын қабылдадық [1]. Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық деп атап көрсетті.
Бүгінде цифрлық прогресс өмірімізге берік енді, ол күнделікті іс-қызметіміздің ең көп бөлігін құрайды. Біздер цифрлық технологиялардың белсенді пайдаланушыларына айналудамыз.
Соңғы жылдары Қазақстанда ақпараттандыру ықпалымен бүкіл мемлекеттік жүйе қайта құрылатын деңгейге жетіп үлгерді. 2013 жылы ел экономикасының цифрлық түрленуіне, ақпарат қоғамына көшуге, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, тек корпоративтік құрылымдарға ғана емес, сондай-ақ ел азаматтарына ақпараттық инфрақұрылымның қолжетімділігінің артуына септігін тигізетін Ақпараттық Қазақстан-2020 мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
2017 жылдың желтоқсанында цифрлық технологияларды пайдаланудың көмегімен әр қазақстандықтың тұрмыс деңгейін арттыруға бағытталған Цифрлық Қазақстан маңызды кешенді бағдарламасы бекітілді. Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасына сай елімізде жұмысты бес басты бағытта жүргізу жоспарлануда: цифрлық экожүйені құру, адами капиталды дамыту, экономика салаларын цифрландыру, цифрлық мемлекетке көшу және Жібек жолын іске асыру [1].
Қазірдің өзінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде бірқатар бастамаларды енгізуде:
1) 3-4 сыныптарда заманауи ақпарат технологияларын оқуда және күнделікті өмірде пайдалану үшін олармен жұмыс істеудің жалпы арқаулық білімдерін қалыптастыратын "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәні енгізілді;
2) робот техникасы аясында бағдарламалаудың жалпы негіздерін үйрететін робот техникасы жөніндегі 372 үйірме жұмыс істейді.
Техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары білімнен кейінгі білім беру саласында:
1) 3 (үш) мамандықтың негізінде студенттерде таңдап алған кәсібі аясында АКТ-ны тәжірибеде пайдаланудың арқаулық білімдерін қалыптастыратын "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәні енгізілді;
2) техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының негізгі базасы болатын кәсіби стандарттар әзірленуде.
Сонымен бірге бүгінгі таңда 2014-2016 жылдар аралығында АКТ мамандықтары бойынша мамандар даярлауға 14,5 мың білім гранты бөлінді, ал осы кезеңде бітіріп шыққандар 94 мың адамды құрады.
Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және орта мерзімді келешекте цифрлық технологияларды пайдаланудың есебінен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ Қазақстан экономикасын ұзақ мерзімді келешекте болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін дамудың қағидаттық жаңа траекториясына көшуге жағдай туғызу болып табылады. Бағдарламаны жаңа нақты жағдайларға - білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам құруға бағытталған Адами капиталды дамыту бағыты бойынша іске асыру қазақстандық жоғары оқу орындарының алдына тұтас міндеттер қойып отыр. Олар жаңа білімдер мен инновацияларды туындату орталықтарына айналуы, экономиканың басым секторларын білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз етуі, рухани-интеллигенттік элитаны тәрбиелеуі тиіс. Осы стратегиялық міндеттерді шешуде жоғары оқу орындары кітапханалары да маңызды орын алады, олар жаңа буынды инновациялық кітапханалар болуы тиіс [3].
Бағдарламаны жаңа нақты жағдайларға - білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам құруға бағытталған Адами капиталды дамыту бағыты бойынша іске асыру қазақстандық жоғары оқу орындарының алдына тұтас міндеттер қойып отыр. Олар жаңа білімдер мен инновацияларды туындату орталықтарына айналуы, экономиканың басым секторларын білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз етуі, рухани-интеллигенттік элитаны тәрбиелеуі тиіс. Осы стратегиялық міндеттерді шешуде жоғары оқу орындары кітапханалары да маңызды орын алады, олар жаңа буынды инновациялық кітапханалар болуы тиіс.
Жаңашылдықтың болуы кітапхана ісінің ілгерілеуі мен дамуына серпін береді. Кітапханаларға инновацияларды ендіру кез келген технологиялық және әлеуметтік инновациялық процестердегі сияқты Парето заңымен (экономист және социолог Вильфред Парето) - дәстүрлі 80% және инновациялар 20% жүргізіледі. Инновациялардың дәл 20 % табыстың, даму мен тиімділіктің 80% береді. Осылайша, кітапханалардың инновациялық кітапханаға көшуі дәстүрлер мен инновацияларды ұштастыру қағидаты бойынша іске асырылады. Қазіргі кезде жоғары оқу орындары кітапханаларын цифрландыру процесі бірнеше кезеңнен өтті. Мәселен, 1990-жылдардың аяғы мен 2000-жылдардың басында республиканың жетекші жоғары оқу орындарының кітапханаларында автоматтандырылған кітапханалық бағдарламалар орнатылды, электрондық каталогтар құрылды, деректер базаларына кітапхана қорын енгізу басталды. Дәстүрлі карточкалық каталогтар мен картотекалар және электрондық каталогтардың арасындағы барлық шектерді алып тастап, есепке алу, ақпараттық және іздеу функцияларын қатар қолданды. Осы кезде кітапхананың күнделікті жұмысында Интернеттің ақпараттық ресурстары белсенді қолданылады. Кітапханаларда толық мәтінді электрондық папкалар жасақталады, жоғары оқу орындары бейіні бойынша тұрақты түсіп жататын сұраныстар негізінде интернет-сілтемелер архивтері: өзінің деректер базаларына қолжетімділік беретін кітапханалардың, жоғары оқу орындарының білім беру процесінде және ғылыми-зерттеу жұмысында әлеуетті түрде қажетті ақпаратты жариялайтын сайттар мен порталдардың адрестері жасалады. Қазіргі кезде дәстүрлі карточкалық каталогтарды жүргізу процесін электрондық түрге толығымен айырбастау жүргізілуде. Әдетте, электрондық каталогтардың библиографиялық деректер базалары библиографиялық жазбаларды: кітаптарды, оқу-әдістемелік кешендерді, жоғары оқу орындары профессорлық-оқытушылар құрамының еңбектерін, сирек кітаптар қорын, мақалаларды, диссертациялар мен авторефераттарды, мерзімді басылымдарды, электрондық басылымдарды, сондай-ақ жоғары оқу орындары бейіні бойынша тақырыптық проблемалық бағдарланған деректер базаларын қамтиды. [4].
2010-жылдардың басында, автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық бағдарламалардың жаңа версияларының дамуымен және жоғары оқу орындары кітапханаларының жұмыс тәжірибесіне ендірілуімен пайдаланушыларға сілтемелерді электрондық каталогтарда бұрыннан бар библиографиялық жазбаларға байлау арқылы баспа басылымы мәтінінің электрондық көшірмелеріне қатынау мүмкіндігі пайда болды.
Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары кітапханаларының көпшілігінің электрондық каталогы бірыңғай деректер базасы болып табылады, ол саналуан түрдегі құжаттар туралы библиографиялық және толық мәтінді ақпаратты қамтиды.
Электрондық каталогтың библиографиялық деректер базалары негізінде кітапханалар саналуан ағымдағы және ретроспективтік ақпараттық-библиографиялық өнімдер жасайды. Жоғары оқу орындары кітапханалары дайындайтын библиографиялық өнімнің саналуандылығы арасында бірінші кезекте, жоғары оқу орындарының профессорлар-оқытушылар құрамы еңбектерінің библиографиялық тізімдері мен биобиблиографиялық көрсеткіштері басым түсіп отыр.
Соңғы жылдары кітапхана дайындаған және көпшіліктің қолжетімділігіне орналастырылған жоғары оқу орындары профессорлар-оқытушылар құрамы еңбектерінің сапалы библиографиялық жазбаларының маңызы арта түсіп келеді. Бұл жоғары оқу орындары кітапханаларының библиометриялық өзгерістерді - Scopus, Thomson Reuters, JCR, РҒСИ (Ресей ғылыми сөздәйектеу индексі) ғылыми метриялық деректер базаларын пайдалана отырып, жоғары оқу орындары профессорлар-оқытушылар құрамының жариялау белсенділігін қадағалауды жүргізу қажеттігіне байланысты.
Қазіргі кезде жоғары оқу орындары кітапханаларының көпшілігі кітапханада бар бүкіл қорды ашып көрсететін электрондық каталогтарды жасақтау жұмысын аяқтады, ірі жоғары оқу орындары кітапханаларында кітапхана қорының 80 % ашып көрсетіледі. Барлық кітапханалар кітапхана қабырғасында пайдаланушыларға электрондық каталогтарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ жоғары оқу орындары корпоративтік желісі арқылы және әдетте, логин мен парольдің көмегімен кітапхананың wеb-сайты арқылы қашықтан қатынау ұсынады.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасы Лань және IPRBook баспаларының, IPRMedia компаниясының электрондық кітапханалар жүйелеріне Абай атындағы ҚазҰПУ жаршыларының мақалаларын орналастыру жұмысын жүргізуде.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасының мерзімді басылымдарын корпоративтік библиографиялық өңдеу жөнінде Өскемен қаласы кітапханаларының Өңірлік жобасына, сондай-ақ ИРБИС корпорациясының әлемнің ірі кітапханаларымен библиографиялық жазбаларды корпоративтік алмасуды ұйымдастыру жөніндегі жобасына қатысушы болып табылады. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ кітапханасы бұл жобаларда тек ресурстарды пайдаланушы ретінде ғана танылмайды, сондай-ақ өз құжаттарының электрондық версияларын ұсыну арқылы олардың жасалуына қатысады. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Кітапхана-ақпарат орталығы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасымен бірлесіп, мақалалардың өңірлік жиынтық электрондық каталогын жасау жұмысын жүргізуде. [5].
Жоғары оқу орындары кітапханаларында жаңа компьютерлік технологиялардың пайда болуы және дамуы электрондық ресурстардың ауқымын барынша көбейтуге мүмкіндік берді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz