Оқыту техологиясының ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
0.1 Бeлгiлi бip өнiм aлу үшiн кepeктi мaтepиaлдapды өңдеу әдicтepi мeн өнiм шығapуға кepeктi жүйeлi пpoцeccтi- тeхнология дeп aтaйды..
Түпкi нәтиженi мұқият анықтау және оған жету- технологияның негiзгi бөлiгi. Пpоцесстiң жобасы жақсы болса, шығаpылатын өнiмнiң қандай болатындығы анықталса, оны жасау құpалдаpы белгiленсе, жағдай жасалса, онда өндipiстiк және әлеуметтiк саладағы пpоцесстер технология деген атауға ие болады.
Технологияның аpтықшылықтаpы. Әдiстемеге қаpағанда технологияның аpтықшылықтары көп.
Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже деп анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Технологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік толықтай бар.
Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.
Үшіншіден, мұғалім ешбір дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.
Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары- мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс- әрекетінің түрлері және мазмұны көрсетілген жоба жасайды, демек сабақта оқушылардың іс- әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.( Педагогика, Ш.Құрманалина 233-234 бет)
Технологияның кезеңдері:
* Оқытудың мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;
* Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;
* Диагностика негізінде оқытудың жаңа мақсатын қою.
Технологияда оқушыларда қалыптасатын сапалар, қасиеттер, іскерліктер, анық суреттеледі.
Арнайы тексеру құралдары арқылы оқушының сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері, даму, қалыптасу деңгелері анықталады. Оқушының деңгейі алдыңғы деңгейімен салыстырылады, жаңа мақсат қойылады.
Сонымен, мақсат анық болмаса оқу процесінің жетілдіруіне кедергі жасалады.
Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылады:
* қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.
* Нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиялары, т.б.).
* Қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.
Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөз екінші сөзбен алмастырылған. Бұрын В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков, т.б. әдістемесі деп аталса, қазір технологиясы дейді.
Оқыту техологиясының ерекшеліктері:
* Түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру.
* Үлгермеушілерді анықтау және іріктеу.
* Олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру.
* Оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау.(Педагогика Ш.Құрманалина, 234-235 бет)
Педагогикалық технология- бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асырылуы.
Педагогикалық технология-кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеаларды, құрал- жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды. (Жалпы педагогика, С.Б.Бабаев 132бет)
Қазіргі заманда дидактикада әрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі- әр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты.
Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:
- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пән әдістемелік, бөлімдік (модульдік);
- философиялық негізі: ғылыми және діни, гуманистік және әміршіл- әкімшіл (авторитарлы);
- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік және дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл- әрекеттік (оперативті- ақыл- ой әрекеттері әдістерін қалыптастыру), шығармашыл ( эфристикалы- дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс- тәжірибелік әрекеттер қалырһптастыру).
- тәжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі( концепция): байланыс- жауапты (ассоциатив- рефлекторлы); іс- әрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы. (Жалпы педагогика С.Б.Бабаев 133бет)
Мектеп тәжірибесінде ең танымал және қолданысқа ие, оқу іс-әрекеттері- дамытушы оқу технологиясы. (Л.С. Выготский, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин және т.б. )
Педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс екенін ғалымдар атап өтекен. Яғни сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асырады. Жақын даму аймағының мәні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос- жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, әсіресе оның ақыл- ойының өрістеуі оқу және тәрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.
Зерттеулер нәтижесінде оқу тиімділігін көтеру негізінде оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дәлелденді. Ол үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану- басты талапқа жатады. Егер алдынан рухани, сезімдік күш- қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер(ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, әрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бәсеңдейді.
Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу приципіне орай білім мазмұны және оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, әрі тереңдейді, жетекші рол теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.
Дамытушы технология талаптарының және бірі- оқу ілгерілі және жедел қарқында жүреді. Өткендерді жиі әрі бір беткей қайталаулар оқу процесінің кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі іс-әрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді( Д.Б.Эльконин).
Дамытушы технология идеяларының қатарына сондай- ақ оқу қызметінің әрқилы жағдайларында оқушылардың қажет болғанды өзінше танып, соадан өздігінен жауап әрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді. Жауап әрекетке (рефлексия) келу дегеніміз баланың өз әрекеттерін сезінуі мен түсінуі, оқу іс* әрекеттерінің тәсіл, әдістерін өзінше байқап, тануы.
Рефлексиялық әрекет- қимылдар әрқашан өзіндік қадағалау және бағалаумен тығыз байланысты болғандықтан дамытушы технология шарттарына орай оларға да көп мән беріледі.
Дамыта оқыту идеясы бұл күнде еліміздің мұғалімдері арасында кең қолданылымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікір таласты болып жүр. Себебі, оқушылардың бәрі бірдей қиыншылықты көтере бермейді. Сол себепті тума жайсаң қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда әбден күйзеліске түседі. Сондықтан, барша шәкірттерді теңдей шапшаң және жоғары күрделілік деңгейінде оқытып, тәрбиелеуге болмайды.( Жалпы педагогика С.Б. Бабаев, 124-136б)
Дамыта оқыту.
Дамыта оқытуды 1950 жылдың аяғынан бастап Л.В.Занков және Д.Б. Эльконин зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны жан- жақты дамыту міндетін қойды
Осы міндетті шешу үшін білім мазмүнын түбірлі өзгерту мақсаты қойылған жоқ (Л.В. Зенков).
Психологтар оқу процесіне оқушының әс- әрекетін енгізу керектігін, оның маңызын дәлелдеді. Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтікжолмен емес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан- жақты теориялық іс- әрекеті арқылы берілетін болды.
Дамыта оқытудың екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар, олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш мектепте қолданылады. Дамыта оқыту принциптері орта және жоғары сыныптарға әлі кең түрде енгізілмей отыр.
Жақын даму аймағы көрнекті кеңес психологі Л.Выготскийдің (1896-1934) оқыту мен дамудың байланысын зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.
Өзекті даму аймағы- баланың өз бетімен әстей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақтаса істей алатыны- жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы- актуалды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап жақын даму аймағында , дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш. Амонашвили және оның мұғалімдері әріптер мен сөздерді белгілеуге Д.Б. Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады.
Жақын даму аймағында жұмыс істейтін В.Ф. Шаталов әлі өтпеген ережемен оқушыларға есеп шығартады. Е. Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды.
Сонымен, жақын даму аймағы баланың ақыл- ой жұмысы басталар тұсы. Мұғалім мұнда оқушыға тапсырма, әдістемелік нұсқау береді, ізденуге бағыттайды, ізденістің бағдарламасын береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші- әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға әзір тұруы.
Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің жақын даму аймағы бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болады.
Л.В. Занков жүйесі.
Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:
* Оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;
* Теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу;
* Оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі- дамудың қауіпті жауы;
* Оқу процесін оқушылардың сезуі.Оқушы өзін оқу іс- әрекетінің субъектісімін деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақын қалады, жаңа не нәрсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақарға жауап береді;
* Барлық оқушыларды дамыту үшін дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.
Бұл принциптер Б. Тұрғынбаеваның зерттеуінде толығырақ түсіндірілген.
Л.В. Занков өз экспериментінде оқушылардың психологиясын зерттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Су тіршілік көзі
Командаларының конвейерлі орындалуы
«Органайзер» мoдулін жасау
Мәселелік оқыту технологиясы
ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. МОНОГРАФИЯ
Сапаны конструкторлық-технологиялық қамтамасыз ету
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту әдістері дәріс
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Пәндер