Жоңғар-Қазақ соғысындағы Қазақ батырлары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Жоңғар-Қазақ соғысындағы
Қазақ батырлары
Қанжығалы Бөгенбай (1680 - 1778)- Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті Оның атасы -- Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін елде "Қанжығалының қырық батыры" деп аталып кеткен. Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай өскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кездегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды. Ол әрі шешен, әрі батыр, қолбасшы және қазақ халқын жоңғар басқыншыларынан азат ету жолындағы азаттық күресті аса көрнекті ұйымдастырушы. 1710 жылы жоңғар шапқыншылығына қалай төтеп беру мәселелерін талқылаған Қарақұм маңында жиын болды. Сондай-ақ, Қытай мен қазақ елдерінің бейбіт қарым-қатынасын орнатуына зор үлес қоса білген. Қабанбай батыр (1692 - 1770)- Қаракерей Қабанбай, Дарабоз -- батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі -- Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. Жастайынан жаугершілік пен шапқыншылықтың зардабын көріп өскен Ерасыл бүкіл еліне, жұртына төнген зұлматтың қандай екенін, бойына сіңіріп, сезініп өскен қазақ ұлдарының бірі. Кейбір мәліметтерде Арқада туып, Арқадағы Есіл мен Нұра ортасындағы Қабанбайдың Үшбұлағы аталатын жерде дүниеден өткен деседі. Ал сүйегі Үшбұлақтан 3 шақырым жерде Найман қорым аталатын қырдың үстінде. Батырдың өмірбаянына қатысты тарихи деректерді Амангелді Төлемісов жинақтап, өз баяндамасында қалың қауымға ұсынды. Ту көтеріп, ел қорғаған сүйікті батырына халық Ерасыл, Нарбала, Ізбасар, Қабанбай, Хан батыр, Дарабоз, Көкірек әулие деген ат-есімдер берген, - дейді тарихшы. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте аянбай шайқасып, ерен ерлік көрсете білген қазақтың атақты қолбасшы батыры. Қабанбай батыр жоңғарлармен болған шайқастарда 1724 жылы Түркістанды қорғауға, 1725 жылы Алакөл, 1729-1730 жылдары Аңырақай, Бұланты түбіндегі ұрыстарда қазақ жасақтарын басқарған. Осындай ірі шайқастарда Қабанбай өзін тамаша тапқыр, асқан айлакер ретінде көрсете жүріп, қазақ жасақтарын ұрысқа бастап, жеңіске жетеді. Осыған орай, Абылай хан Қабанбай батырды елден ерекше Дарабоз деп ардақ тұтқан.
Наурызбай батыр (1706 - 1781)- Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, Алатаудың баурайында дүниеге келген. Бұл кезде Ӏле, Талас, Алатау мен Қаратау аралығындағы қазақ пен қырғыз жоңғарларға тәуелді еді. Батырдың көзін ашқаннан естігені батырлар тұралы жырлар, аңыз әңгімелер болып, теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығын да көрді. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету тұралы арманға жетеледі, батыр болуға құлшындырды. Наурызбай батырдың өмірі тұралы бүгінгі күнгі деректерде Шапырашты Наурызбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз Абылай хан айналасындағы бас батырлар қатарында бағаланады. Бұқар жырау осы үш тұлғаның жанындағы мынадай ірі батырларды атайды: Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қара Тілеуке, Қарақалпақ Қылышбек, Текеден шыққан Сатай мен Бөлек, Қаумен, Дәулет, Жәпек, Сеңкібай, Шойбек, Таңсыққожа, Мәмбет, Молдабай, Есенқұл және басқалар. Әдеби-тарихи деректер мен ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Наурызбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, мақтанышқа айналуы 1727-1731 жылдардың шамасы екендігіне мензейді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Наурызбай батыр (1706 —1781 жж.)
Қазақ хандығының ішкі саясаты
ӘБІЛҚАЙЫР ХАН (1710 - 1748)
Кіші жүз ханы Әбілқайыр
Жоңғар-қазақ соғыстары
Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан
Қарақалпақтармен бірге қазақ жасақтары
Қазақ хандығының ойраттармен қақтығысы
Жоңғар Шапқыншылығы
Қазақ қоғамындағы батырлар институты
Пәндер