XX ғасырдың 80-ші жылдарындағы халықаралық қатынастар
Семинар
10 тақырып. XX ғасырдың 80-ші жылдарындағы
халықаралық қатынастар
Орындаған Ерғалиев Ақжол

Сұрақтар:
1. 80-ші жж. халықаралық қатынастардың шиеленісуі.
2. КСРО-ғы қайта құру және кеңестік халықаралық
қауіпсіздік концепциясы.
3. Қарусыздануға арналған кеңес-американ келіссөздерінің
негізі кезеңдері.
4. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі
демократиялық революциялар
КСРО-ғы қайта құру және кеңестік халықаралық
қауіпсіздік концепциясы.
Қайта құру кезеңі - Совет одағының коммунисттік партия билеушілерінің 1987-1991 жылдырындағы жүргізілген әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы атауы. Сол жылдары КСРО-да көптеген реформалар қабылданып, елеулі өзгерістер болды. Бұл идеяның қозғаушысы - ЦК КОКП бас хатшысы Михаил Сергеевич Горбачев болып табылды. Қайта құрудың басы деп 1987 жылды саналады, себебі 1987 жылдың қантар айындағы ЦК КОКП пленумында қайта құру саясаты мемлекттің дамуының бастапқы бағыты деп жарияланған.
Тарихы
Қайта құру деген термин 1986 жылы мамыр айындағы Горбачевтың Ленинград қаласына істі сапарында қалалық партия комитетінің активімен кездескенде бірінші рет айтылған. Осы термин ақпарат құралдарының тілшілерінің арқасында жаңа дәуірдің ұраны болып кетті.
Қайта құрудың бірінші кезені (наурыз 1985 - қаңтар 1987)
Қайта құрудың бастапқы кезені:
-Кеңес одағының саясатының және экномикасының кейбір кемістіктерін мойындағаннан басталды.
-Алкогольге қарсы компания
-Халық шаруашылығының жылдамдату (ускорение) саясаты
-Сыбайластық пен жемқорлықпен күресу
т.б. қадамдарымен белгіленді.
1985-1986 жылдары Брежневтің кезінен келе жатқан ескі кадрлердің үштен екісін ауыстырылды. Дәл сол кезде мемлекеттің басқаруына А.Н.Яковлев, Е.К. Лигачев, Н.И.Рыжков, Б.Н.Ельцин, А.И.Лукьянов сияқты келешекте орын алатын тарихи оқиғалардың белсенді қатысушылары тағайындалды.
Екінші кезен (қаңтар 1987 - маусым 1989)
1986 жылының соңында совет одағының экономикасына екі ауыр жағдай туындады: біріншіден бүкіләлемдегі мұнайдың бағасының төменге құрт түсуі, екінші фактор - Чернобыль апаты.
1987 жылы қаңтар айындағы ЦК КОКП пленумда Жеке кәсіпкерлік туралы заң (Закон Об индивидуальной трудовой деятельности) кабылданды. Кооперативтар ашылып, шет елдермен бірлескен кәсіпорындар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар секілді көбейді.
Жалпы әлемнің Совет Одағына деген көзқарасы өзгеріп, щығыс елдермен арадағы қарым - қатынасы жақсарды.
Қоғамдық өмірде жәриялық (гласность) саясаты орын алды.
Сонымен бірге экономикалық жағдай төмендеп, халықтың тұрмысы нашарлап, ұлттық сепаратизм бас көтеріп, ұлтаралық нараздық пайда болып (1986 жылғы желтоқсан айындағы Алматыдағы студеттер көтерілісі, армян мен әзірбайжан арасындағы Карабах шиеленіс, Прибалтикадағы 1987 тамыз айындағы қақтығыстар, т.б.), елде жалпы тұрақсыздық өсе бастады.
Үшінші кезең (маусым 1989-1991).
Осы кезеңде елдегі саяси жағдайы қатты тұрақсызданып, елде көптеген саяси топтар пайда болды. КСРО астам держава атағынан айырылып, тәуелсіздіктер парады басталады. Бұл кезең қайта құрудың ең ауыр уақыттардың бірі болған. КСРО-да дағдарыстардың нәтижесінде үстіне киетін дұрыс киімі де болмай, аяғына киетін аяқ киімі де болмай, нан мен қара су ішіп, кедейшілік сызығынан төмен түсіп күн көре алмайжүген адамдар көп болды. Мемлекеттік азық-түлік дүкендерінде маргариннен басқа ештене жоқ, ал жеке коопеативтік дүкендерде - өте қымбат бағада тауар тұрды. Мемлекеттік мекемелер жабылып жұмыссыздық орын тапты.
Осы соғы кезенің нәтижесі - Коммунистік партия жойылып КСРО-ның ыдырауы басталды
4 Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі
демократиялық революциялар
Еуропаны фашизмнен азат ету демократиялық құрылысты бекітуге және антифашистік демократиялық өзгерістерге жол ашты. Кеңес армиясының неміс фа шистерін осы елдердің аумағында талқандауы Шығыс Еуропа елдерінің ішкі даму үрдісіне шешуші әсер етті. Олар КеңесОдағының бақылауында қалды.Экономика саласында бұл мемлекеттерде индустрияландыруға бетбұрыс жасалды. Олардың Чехословакия мен ГДР-ден басқалары аграрлы ел санатына жататын. Индус- трияландыру жеделдетілген сипат алды. Оның негізінде өнеркәсіп, қаржы салалары, сауда орындары мемлекет меншігіне алынды. Аграрлы реформа барысында жер қайта бөлініп, ұжымдастыруға ұласты.Экономикалық стратегия индустрияландыруға сүйенді.Елдердің мүмкіндігі ескерілмей, ауыр өнеркәсіпті дамыту,ірі комбинаттар құру, қуатты электрстансыларын тұрғызу қолға алынды. Сондықтан қаржы мен бюджетке салмақ салып, әлеуметтік жүйенің білім беру, денсаулық сақтау,ғылымды дамыту мүмкіндіктерін қысқартты.1970 -- 1980 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезеңінде және ғылыми-техникалық революцияның бастапқы кезінде индустрияландыру үлгісінің дәрменсіздігі байқалды. Зор материалдық, энергетикалық және еңбек шығындары, өндірістің экстенсивті түрі өзін-өзі сарқыды. Ғылыми-техникалық революция (ҒТР)және оның негізінде өмірге келген шағын процессорлар,компьютерлер, басқару жүйелері, есептеу техникалары тез арада өндірістің материалдық-техникалық базасын жаңартуды талап етті. Шығыс Еуропа елдері консервативті әкімшілік жүйеде дамығандықтан, жаңа ғылыми-революциялық өзгерістерді қабылдай алмайтын халде қалды.Бұл социалистік лагерь шеңберіндегі және жеке елдердегі тоталитарлық социализм жүйесін дағдарысқа итермеледі.Тоталитарлық социализм Еуропа өркениеті дамуының табиғи-тарихи үрдісіне қайшы келді. Польшадағы, ГДР- дегі 1953 жылғы көтеріліс және басқа елдердегі ереуілдер,1956 жылғы венгр көтерілісі және 1968 жылғы Прага көктемі атты қозғалыс КСРО және басқа социалистік елдердің әскерлерімен басып-жаншылды.1989 -- 1991 жылдардағы демократиялық қозғалыстар.Ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңі социалистік лагерьдің барлық елдеріндегі экономиканы қайта құруды талап етті. КСРО және Шығыс Еуропа елдері ҒТР-дің даму қарқынына қосыла алмады. Реформа мәселесі Венгриядағы көтерілістен кейін күн тәртібінентүспей келген болатын, бірақ оны жүргізудің барлық әрекеттері ескерілмей, тұйықталып қалды. 1970 жылдардың басында Польшада жұмысшылардың бірінші аса ірі көтерілісі болып өтті. 1981 жылы Поль- шада соғыс жағдайы енгізілді. Басқа елдерде революция басқарушы партияның маңдайша жазуын алмастыру әрекетімен, реформа жариялаудан басталып, олардың саяси сахнадан кетуімен аяқталды. Өкімет жаңа партиялар қолына өтті. Мемлекеттік басқаруға жаңа жетекшілер: Чехословакияда драматург Вацлав Гавел, Польшада кәсіподақ қайраткері Лех Валенса, Болгарияда социолог Желе Желев келді. Румынияда Чаушескудің диктатурасы1989 жылы желтоқсандағы халық қозғалысы барысында құлатылды. Шығыс Еуропаның бұрынғы социалистік лагеріндегі барлық елдерде көппартиялық жүйе енгізілді, әлеуметтік- экономикалық құрылыс пен саяси жүйені өзгерту жолында терең реформалар жүзеге асырыла бастады. Реформалар мынадай ба ғыттарда жүргізілді: нарықтың жоспарлы-реттеушілік рөлін және бағаны ырықтандыруды қалпына келтіру, то лық мағыналы тауарлы-ақша қатынасын орнату, меншік формаларын өзгерту, жеке-меншікті мойындау, бұйрыққа сүйенген әкімшілік жүйені жою, қысқарту. Бұрынғы коммунистік партиялар саяси сахнадан ғайып болып кеткен жоқ. Билікті жоғалтқанмен реформашыл қанаттарына саяси күреске жаңа маңдайша жазуымен, бағдарламаларымен қатысуына мүмкіндік берді. Польшада біріккен жұмысшы партиясы өзін тарататындығы туралы мәлімдеді, алайда социалистік партия қайтадан өріс алды. Болгарияда солшыл күштердің демократиялық партиясы құрылды және т.б. Солшыл саяси күштердің қайта құрылуының жалпы үрдісі социал-демократтық бағыттағы күштердің жаңа жетекшілеріне жол ашты.Осының салдарынан қоғамда әлеуметтік қайшылықтар күшейді және сонымен қатар әлеуметтік топтар мүдделерінің межелей бөлінуі байқалды. Қорыта айтқанда, саяси оппозицияның жеңісін анықтайтын форумдар тарап кетті. Наразы халық 1994 жылы сайлауда бірқатар мемлекеттерде өкімет басына социал-демократиялық партияны -- бұрынғы коммунистерді әкелді. Алайда көп ұзамай саяси күштер өздерінің әлсіз екендігін көрсетті: реформа ны жалғастыру барысына тек кедергі келтірді. Сондықтан 1996 -- 1997 жылдары Польшада, Болгарияда, Венгрияда, Румынияда және бірқатар басқа елдерде социал-демократиялық топтар қайтадан жеңіліскеұшырап, өкімет басына жаңа саяси күштер келді.Шығыс және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдеріндегі саяси және экономикалық өзгерістердің ерекшелігі. 1990 жылдардағы оңды-солды толқулар бұрынғы социалистік лагерьдегі барлық мемлекеттердің бастан кешірген өтпелі кезеңін бейнеледі.Экономиканы ырықтандыру, нарықтық қатынасқа өту салдарлары әртүрлі факторлардан көрінді.Польша мен Венгрияда әлдеқайда ерте (1980 жылдар) басталған реформалар ауыр жағдайды жеңілдетуге, тұрақтылыққа өтуді жеделдетуге мүмкіндіктер берді.Польшада 1995 жылы құнсыздану бірден төмендеді (20%-ға дейін), мемлекет еуропалық деңгейге шықты. Сонымен қатар елде жұмыссыздық сақталып (15%), әлеуметтік шиеленіс шешілмеді. 1996 жылы Польшада президент сайлауында солшыл күштің өкілі жеңіске жетсе, ал парламент сайлауында (1997 ж., қазанда) оңшылдар басым болды. Өкіметті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz