Қазақстан Республикасының сайлау құқығы мен сайлау жүйесі туралы


Қазақстан Республикасының сайлау құқығы мен сайлау жүйесі
Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы (ҚР Конституциясы. 33-бап) . Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады. Сайлауға қатысу - азаматтардың бейкам бақылаушы емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші. Бейкамдык пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады. Сайлаушылардың сайлауга келмеуі абсентеизм деп аталады.
Барлық уақытта сайлау ерікті болған жоқ. Ежелгі дәуір және орта ғасырларда көптеген шектеулер болған. Сол кезеңдерде сайлауға тек ақсүйектер қатысты, кедей адамдар, әйелдер мен құлдар сайлаудан шеттетілді. Жаңа заманда сайлауға барлық азаматтар қатыстырылады, бірақ мүліктік, жасына, біліміне, жынысына және т. б. ценз - шектеулер енгізілген болатын. Сайлау құқығы - мемлекеттік органдардың сайлауын өткізудің тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасында Президент, Парламент және республика мәслихаттарының депутаттары, жергілікті басқару органдарының мүшелері сайланып қойылады. Біздің еліміздегі сайлау Конституция ережелері мен "Қазақстан Республикасының сайлауы туралы" Конституциялық заңына негізделінген.
ҚР-ғы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді.
Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттары дегеніміз сайлау құқығы нормалары мен институттары негізінде алынган жетекші ережелер мен талаптар. Бұл қағидаттарды сайлау процесінің барлық қатысушылары (сайлаушылар, сайлау комиссиясы, кандидаттар, т. б. ) басшылыққа алуга тиіс. Бұл жетекші идеялар ҚР-ның Конституциясында бекітілген. Оларға: • жалпыға бірдей сайлау құқығы; • тең сайлау құқығы; • төте сайлау құкығы; • жанама сайлау құкығы; • жасырын дауыс беру кағидаттары жатады. Аталған кағидаттарды толығырақ қарастырайык. Жалпыга бірдей сайлау құқығы - республиканың он сегіз жасқа толған азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымының және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарына қарамастан сайлауға дауыс беруге қатысуға, Президент, Парламент немесе мәслихат депутаты, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі ретінде сайлануға құқылы дегенді білдіреді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының екі түрі ерекшеленген: • белсенді сайлау құқығы - бұл он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматының сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы; • бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының ҚР-ның Президенті, Парламенті, мәслихат депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құкығы. Бәсең сайлау кұқығы белгілі бір құқықтық шектеулермен байланысты туындайды. ҚР-ның Президентігіне кандидат тумысынан республика азаматы болуы, 40 жасқа толуы, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын республика азаматы болуы тиіс. Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаты Конституцияда көрсетілгендей 30 және 25 жасқа толуы тиіс. Дегенмен Конституцияда бірқатар шектеулер де қарастырылған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабына сәйкес: сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. Бұл өзінің жүйке ауруы мен акыл-есінің кемдігіне байланысты, өзінің азаматтық кұкықтарын толық жүзеге асыра алмайтын немесе азаматтық міндеттерін атқара алмайтын азаматтардың сайлау құқығы шектеледі дегенді білдіреді. Сонымен қатар сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға кұкығы жок. Тұтқындау орындарында отырған тұлғаларға, егер соттың айыптау үкімі шығарылмаса сайлау құкығында шектеуге жол берілмейді. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңда тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында сайлау учаскелерін құру, аталған орындарда отырған адамдардың тізімін жасау тәртібі бекітілген. Теңсайлау құқығы - сайлаушылар сайлауға тең негізде қатысады дегенді білдіреді. Өрі олардың өркайсысының бір сайлау бюллетеніне сай дауысы болады. Сайлау бюллетені тұлғаның жеке басын куәландыратын кұжаттары, төл құжаты арқылы беріледі. Кандидаттар өзінің сайлау құкығын жүзеге асыруда тең күкыктар иеленеді.
Тең сайлау құқығы: • Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына олардың тұратын мекен-жайы орнына қатыссыз, соның ішінде елімізден тысқары жердегілерге; • сайлаушылардың саны, шамамен бірдей сайлау округтерін құру арқылы; • сайлауімимы сайлау учаскесіндегі бір гшш сайлаушылар тізіміне қосу арқылы; • тең сайлау құқығы талаптарын екі немесе одан да коп рет, тіпті басқа сайлаушы үшін де дауыс беру арқылы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік тағайындау арқылы қамтамасыз етіледі.
Жанама сайлау құқығы-Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар мәслихат депутаты болып табылатын республика азаматы қатысады дегенді білдіреді. Аталған сайлауда халықтың еркіндігі жанама жолмен тікелей сайлау құқығы арқылы сайланған мәслихат депутаттарының, яғни таңдаушылардың дауыс беруі арқылы көрініс табады. Әрбір таңдаушы бір дауысқа ие болады.
Жасырын дауыс беру - сайлауда сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да бір бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді. Жасырын дауыс беру:
• әрбір сайлаушының жеке өзі дауыс беруі, дауыс беру құқығын басқа тұлғаға беруге жол бермеу арқылы; • басқа тұлға үшін дауыс беруге жол бермеу; • дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға сайлаушылар тізімдері арқылы сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша; • сайлау бюллетені сайлаушының жасырын дауыс беру кабинасында жеке толтырылуы арқылы жүзеге асады. Сайлау бюллетенінде дауыс берушінің жеке басын айқындауға мүмкіндік беретін белгілер салуға болмайды. Заңда дауыс берудің жасырын тәртібін бұзған лауазымды тұлғалар мен оған кінәлілерге жауапкершілік көзделген.
Сайлау құқығы принциптері ҚР-ның Конституциясымен, сондай-ақ ҚР-сы Президентінің 1995 жылғы “ҚР-ғы сайлау туралы” Конституциялық заң күші бар Жарлығымен бекітілген.
Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі - тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз - Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз - сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.
Мажоритарлық сайлау жүйесі (majorіte - көпшілік) - сайлау кезінде дауыс берудің нәтижелерін анықтау тәртібі. Мажоритарлық сайлау жүйесі кезінде үміткер немесе партия сайлануы үшін сайлаушылардың көпшілік дауысын алуы қажет. Әрбір округтегі депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиесілі. Мажоритарлық сайлау жүйесі абсолютті және салыстырмалы аталатын екі түрге бөлінеді. Абсолютті жүйеде басым көпшілік дауысты (50%+1) алған үміткер сайланады. Үміткер көпшілік дауыс ала алмаған жағдайда сайлаудың екінші туры өткізіледі. Мұнда бірінші турда көп дауыс алған 2 үміткердің қайсысы көп дауыс алса, сол сайланған болып есептеледі. Салыстырмалы Мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50%-дан артық дауыс алу шарт емес. Мажоритарлық сайлау жүйесінің екі түрінде де сайлау округтері
бір мандатты болып келеді, яғни әрбір округтен бір ғана депутат сайланады. Мұндай Мажоритарлық сайлау жүйесі АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапонияда дамыған. Мажоритарлық сайлау жүйесі қарапайым әрі оңай. Мажоритарлық сайлау жүйесінің артықшылығы:
- Үкімет құрудың жеңілдігі мен оның тұрақтылығы;
- Сайлаушылар мен депутаттар арасында тұрақты байланыстардың қалыптасуында жатыр.
Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз - сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес:
- дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді) ;
- қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.
Пропорционалды сайлау жүйесі Парламент Мәжілісінің он депутатын, партиялық тізімге сәйкес пропорционалды өкілдіктер жүйесі бойынша және біртұтас жалпы ұлттық округтің аумақтары бойынша сайлауда қолданылады. Мәжіліс сайлауы өткеннен кейін ОСК дауыс беруге қатыскан сайлаушылар санының жеті және одан да көп пайызын алған партияларды анықтайды. Осыдан кейін партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы онда - біртұтас жалпы ұлттық округтің аумағы бойынша бөлінетін депутаттың мандаттар санына бөлінеді. Бұл нәтиже таңдап алынған алғашқы бөлінді сан (квота) болып табылады. Әрбір саяси партия жинаған дауыстардың саны квотаға (жеке санға) бөлінеді. Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік - партиялық тізім кұрған тиісті саяси партия алатын депутаттын мандаттар саны болып табылады. Депутаттық мандаттар кандидаттарды тиісті партиялық тізімге орналастырудың ретінде қатаң бөлінеді. Партиялық тізімдерді құраған саяси партиялар арасындағы депутаттық мандаттарды бөлудің нәтижесінде сайланған депутат мерзімінен бұрын шығып калған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының каулысымен сол партиялық тізім бойынша сайланған келесі кандидатқа беріледі. Тиісті партиялық тізімде кандидаттар калмаған жағдайда Мәжіліс депутаттарының келесі сайлауына дейін мандат бос калады. Саяси партияны тарату немесе саяси партиядағы мүшелігін тоқтату осы партияның партиялық тізімі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттілігін тоқтату үшін негіз болып табылады.
Ал сайлау цензі дегеніміз - бұл Конституция немесе заңдары бекіткен сайлау құқығын іске асыруға, пайдалануға жасалатын жағдайды айтамыз.
Жас мөлшерінің цензі деп - бұл жерде белгілі бір жас мөлшеріне толған кезде ғана адмға берілетін құқықты айтамыз. Бұл заң талабына сәйкес жүргізіледі.
Тұрғылықтылық немесе отырықшылық цензі болса - азаматтың сайлау өткізу кезінде елде тұрақты түрде тұрғандығын ескеріп, Конституция немесе Заңмен белгіленген талап негізінде сайлау құқығын алуы.
Білімділік цензі деп - негізінен сайлау заңының талабына сәйкес, сайлау құқығы (негізінен бәсең) білім деңгейі тиісті құжаттарды көрсетілген айқындалған азаматтарға ғана берілуін айтамыз.
Тең сайлау құқығы деп - сайлаушының ел Президентін, Парламент және Мәслихат депутаттарын сайлау кезінде тең негізде қатысуын және әрқайсысының тек бір ғана дауысқа ие болуын айтамыз.
Референдум тікелей демократия, яғни халықтың мемлекеттік мәселелерді шешуге тура қатынасу нысандарының бірі болып табылады. Референдумға мемлекеттің сайлау құқығы бар барлық азаматтары қатысады.
Еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар, сайлау комиссиялары болып табылады. Олардың біртұтас жүйесін мыналар құрайды:
- республикалық Орталық сайлау комиссиясы;
- аумақтық сайлау комиссиялары;
- округтік сайлау комиссиялары;
- учаскелік сайлау комиссиялары.
Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі - бес жыл. ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссиясының бірыңғай жүйесіне басшылық етеді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайды және қызметтен босатады. Орталық сайлау комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін және еліміздің барлық аумағында сайлау туралы заңнамалардың орындалуына басшылық етуді жүзеге асыратын орган болып табылады. ОСК Президент және Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастырады, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық жасайды, Президент және Парламент сайлауының еліміздегі қорытындыларын шығарады, сайланған Президентті және Парламент депутаттарын тіркейді, заңда керсетілген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар құратын, облыстық, аудандык, калалық, каладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары деп аталады. Олар Президентті, Парламенттің және мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етеді. Округтік сайлау комиссиялары саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар сайлайтын орган, ол сайлау округтерінде Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді камтамасыз етеді, сайлау округтерінде Мәжіліс депутаттары мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізуді тікелей ұйымдастырады. Учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырып, үйлестіріп отырады, учаскелік сайлау комиссияларынан дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамаларды алады, солардың негізінде округ бойынша сайлау нәтижелерін аныктайды, бұл туралы БАҚ хабар жариялайды. Учаскелік сайлау комиссияларын аудандық мәслихаттар саяси партияларды ұсынысы негізінде сайлайды. Олар сайлау учаскелерінде Президент, Парламент Мәжілісінің, мәслихаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі шараларды жүргізеді (сайлау учаскелерінде сайлаушылардың тізімін анықтайды, сайлау күні сайлау учаскесінде дауыс беруді ұйымдастырады) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz