Қазіргі білім берудегі инновацилық педагогикалық технологиялардың рөлі
1. Технология терминіне сипаттама.
1.1. Инновациялық технологиялардың жіктелуі
Анықтамалық әдебиеттерде: технология-techne-өнер, шеберлік;
logos-ғылым, заң, яғни технология - шебердік туралы ғылым. Педагогикалық технология термині тура аударғанда педагогикалық өнер, шеберлік туралы ілім деген мағынаны білдіреді.
Әртүрлі ғылымдар педагогикалық технологияға өз анықтамасын берген. Мысалы, В.М. Монахов былай айтып кеткен: Педагогикалық технология - бұл оқушы мен мұғалім үшін ыңғайлы жағдайды сөзсіз қамтамасыз ете отырып, оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру немесе өткізу бойынша бірлескен педагогикалық қызметтің жан-жақты ойластырылған моделі. Ал Б.Т. Лихачев өз кезегінде келесі ой қалдырған: Педагогикалық технология - тәрбиелеу құралдарының, оқыту формалаларының, әдістерінің, тәсілдерінің, амалдарының әлеуметтік құралы және жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық мақсаттардың жиынтығы; ол педагогикалық мақсаттардың жиынтығы; ол педагогикалық үрдістің құралы болып табылады. Педагогикалық технология - бұл оқудың жоспарланған нәтижелеріне жету үрдісін сипаттау, деп, И.П. Волков айтып кеткен. Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын бүкіл жеке тұлғалық, аспаптық және әдістемелік құралдардың жұмыс істеуінің реті мен жүйелі жиынтығы, деген көзқараста М.В. Кларин болған. Ал В.М. Попонский педагогикалық технологияны былайша түсіндірген: Педагогикалық технология - тәрбиеленушілерді, тәрбиелеу және дамыту үшін берілген жағдайларлың жиынтығын қарастыратын оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара байланысқан тәсілдерінің, формалары мен әдістерінің жүйесі, бірыңғай концептуалдық негізді мақсаттармен және міндеттермен біріктіру.
Педагогикалық технология - көпөлшемді құбылыс: білім беру мекемелері жұмысының практикасы мен теориясында оқу-тәрбие үрдісінің көптеген нұсқалары бар. Әрбір автор мен орындаушы педагогикалық үрдіске өзінше бір жаналық енгізеді, осыған байланысты әрбір автордың өзінің нақты технологиясы бар деп айтады.
Қосымша №1
1) Білім беруді ізгілендіру технологиясы - оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылулық ұялату. Авторы: Ш.А. Амонашвили.
2) Ойын арқылы оқыту технологиясы - дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің педагогикалық механизмі жеке бастық, өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың ойындағы білімділік, танымдық шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Авторлары: Рубинштейн, Эльконин, Фрейд.
3) Проблемалық оқыту технологиясы - оқушының өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.
4) Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы - білім, білік, дағдыны қалыптастыру, барлық баланы оқыту, оны жеделдетуді көздейді. Авторы: Шаталов.
5) Түсініктерді қабылдау арқылы оқыту технологиясы - барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі, саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы, бағдарламаның кейбір тақырыптардың қиыншылықтарын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану. Авторы: Лысенкова.
6) Деңгейлеп саралап оқыту міндетті нәтижелерге негізделген. Білім, білік, дағдыны меңгерту, мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімделу, ыңғайлау.
7) Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Авторлары: Джинна, Стилл, Куртик.
8) Өздігінен даму технологиясы - баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемімен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда бала өзін-өзі дамытады. Авторы: Монтессори.
9) Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, яғни бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс қасиеттерін дамыту. Авторлары: Выготский, Занков, Эльконин, Давыдов.
10) Модульдік оқыту технологиясы - оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдісті түзеу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Оқушылармен жүргізілетін қиындықтың алдын-алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. Аторы: Монахов.
11) Бағдарламалап оқыту технологиясы - ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту. Авторлары: Скиннер, Краудер, Беспалько.
1.2. Қазіргі білім берудегі инновацилық педагогикалық технологиялардың рөлі
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай білім мен тәрбие беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін - меңгеруі.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - оқытудың әдіс пен тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру . қазіргі таңда мектеп мұғалімдері инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Білім беруде оқушы ізденіп, тақырыпты оқып, түсініп, тақырып аясын кеңейтсе, жолдастарымен ой бөлігіне өз білгенін көпшілікке жеткізе алса, онда ұстаз еңбегінің нәтижесі болғаны, бұрынғы әдепке айналған оқу үрдісінде - оқушы белсенділік көрсетуге тиіс.
Қазіргі инновациялық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы қызметін атқарады.
Қазақстан білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш.Т. Таубаева, Н.Н. Нұрахметов, С.Н. Лактионова, Е.З. Батталханов, Қ.Қ. Қадашева, Т.О. Балықбаев, Ж.А. Қараев, Г.К. Нұрғалиева, К. Бұзаубақова, С.Д. Мұқанова, Н.И. Хван, Л.Е. Румянцева, З.У. Имжаров, М.М. Мұқаметқалиқызы және т.б. педагог-ғалымдар зерттеген.
Қазіргі уақытқа дейін ғылыми әдебиеттерде инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге бөледі. Идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі, мұны шартты түрде, іргелі де қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды. Ойлап табу кезеңі, яғни қандай да бір нысанға, материалдық немесе рухани өнім-үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу кезеңі. Жаңалықты еңгізу кезеңі, мұнда ойлап табылған жаңалық іс-жүзінде қолданысқа еніп, қайта өңделеді жне жаңалықтан өз бетінше өмір сүре бастайды да, инновациялық үдеріс жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ басады. Жаңаалықты пайдалану кезінде мынадай кезеңдер орын алады: жаңалықты тарату кезеңі, мұнда жаңалық кеңінен қолданысқа енгізіліп, жаңа салаларға кіреді. Нақты бір салада жаңалықтың үстемдік ету кезеңі, мұнда жаңалық бұрынғы жаңашылдық қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады. Жаңалықтың қолданылу аясын қысқарту кезеңі, мұнда жаңалық жаңа өніммен алмастырылады.
2. Жеке тұлғаға бағыттап оқытудың сипаттамасы.
Тұлғаға бағытталған жаңа көзқарас түсінігін айқындау үшін
негізгі 3 мәселеге тоқталғанымыз үшін:
1.Тұлғаға бағытталған көзқарас ұғымын ашатын негізгі түсініктер адамның даралық, ешкімге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі:
oo Жеке тұлғаның үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік болмысы;
oo Тұлғаның өзіне тән қасиеттерін мен мүмкіндіктерін таныту үрдісі;
oo Өзін және қоршаған ортаны тануда сананы шығармашылық белсенділік көрсететін жеке тұлға әрекеті;
oo Мендік тұжырымдаманың болуы.
2.Оқушыларға білім беру құрылымы мен негізгі ерекшеліктері мен бастапқы жағдайы:
oo Өзін-өзі белсендіретін тұлға ұстанымы;
oo Даралық ұстаным;
oo Субъектілік ұстаным;
oo Таңдау ұстанымы;
oo Шығармашылық табыс ұстанымы.
3.Технологиялық бөлік. Оған мыналар жатады:
oo Шығармашылық іс-әрекетке шақыру;
oo Баланың жеке басының дамуын қолдау;
oo Оқушылардың өз бетінше шешім қабылдауына білім алудың мазмұны мен жолдарын таңдауға.
Жоғарыда аталған түсініктемелер тұлғаға бағыттап оқытудың сипаттамасын айқындауға мүмкіндік береді, яғни жеке тұлғаға бағыттап оқыту - оқушының қажеттіліктерін, ерекшеліктерін, іс-әрекетін ескеретін, жан-жақты, яғни интеллектуалды ойлау қабілетін, өз бетінше шешім қабылдай алатын, шығармашылық қабілетін дамытатын тұлғаның мәдениет аралық қарым қатынас субъектісін қарастыру.
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту - бұл жеке тұлғаның белсенділігіне жету. Барлық оқу процесін белсенділендіру жоспарында ең маңыздысы - практикалық сабақтарда берілген мүмкіндіктерді барынша қолдану. Жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту оқушыға ғылым негіздерін үйретіп қана қоймай, әр оқушының бейімділігін анықтап, тұлғалық негізіне қарай білім беруі тиіс. Ол баланың табиғи қабілетін зерттеу арқылы оны болашақ мамандығына сәйкестендіру. Педагогикалық технологияда осы күнге дейін жеке тұлғаға бағытталған оқытудың мәнін анықтауда түрлі пікірлер болды. Тұлғалық көзқарас тұрғысы көптеген ғылымдардың күрделі нысаны - тұлғаның өзі де сияқты бір ғана ұғыммен айқындалмайды.
И.С.Якиманскаяның ойы бойынша, оқушыны оқу процесінің басты тұлғасы ретінде тану - бұл жеке тұлғаға бағыттап оқу деп аталады. Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың моделін құру үшін келесі түсініктерді айыруды қажет деп есептейді. Түрлі дәрежесі амал-түрлі дәрежелі бағдарлама материалының қиындығына бағытталған болуы тиіс:
oo Өзгешелік амал - оқушылардың сыртқы ерекшелігі: білім;
oo Қабілеті, білім беру орталығының типі бойынша бөлу;
oo Жеке амал - оқушыларды бірыңғай топ бойынша:
үлгерімі;
oo Қабілеті - әлеуметтік кәсіби ағымына қарай топтау;
oo Субъекті-жекелі амал - әрбір оқушымен жақын қарым-
қатынаста болу.
Жеке тұлғаға бағыттап оқытуда білім алушының жеке басы бірінші орында тұрады. Әрбір адам тұлға бола отырып, бір жағынан жеке тұлға, екінші жағынан әлеуметтік тұлға, яғни әлеуметтік маңызды сипаттарды қамтушы болып табылады.
Жеке тұлғаға бағыттап оқытуды М.А.Ариян былай дейді: Сыныптағы оқушылар өздерінің әр түрлі параметрлері бойынша бөлінеді: оқу деңгейі, оқуға деген талпынысы, тілді меңгеруі, топта шетел тілінде қарым-қатынас жасай білуі, интеллектуалдық қабілеттері, шет тілдерін оқуға деген мотивациялары.
Ал И.А.Бим жеке тұлғаға бағыттап оқытуды жеке тұлғаның құрылымы арқылы түсіндіреді және оны мәдениетаралық қарым қатынаспен салыстырады. Жеке тұлғаға бағыттап оқыту оқушыда мәдениетаралық қарым қатынастың барлық компоненттерін игергенде жүзеге асады деген тұжырым жасайды.
Жеке тұлғаға бағыттап оқытуға Н.А.Алексеев келесі анықтаманы береді: Оқытудың мақсаты болып оқушының өзіндік ерекшеліктері деп - оның өзін-өзі бағалауы, яғни оқу процесінің субъективтілігін айтамыз. Жеке тұлғаға бағыттап оқыту бұд оқу субъектісінің ерекшеліктерін ескеру ғана емес, сонымен қатар оқу шарттарын ұйымдастырудың басқаша әдіснамасы, оның өзіндік жеке функцияларын өндіруді айтады.
Сабақ мақсатына жету үшін жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиясын қолдану керек. Оның негізіне мыналар жатады:
oo Іс-әрекет үшін қолайлы ахуал туғызу, табыс жағдайын
қалыптастыру;
oo Оқу материалы мен оны ұсынуда оқушының тұлғалық
тәжірибесі мен ерекшеліктерін ескеру;
oo Тапсырмалардың әр түрлі деңгейлік сипаты;
oo Оқу материалын таңдау мен орындауда таңдау мүмкіндігі.
2.1. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыту оқытудың зерттелу жайы мен қазіргі жайы.
Өткен ғасырдағы педагогика тарихына көз жіберсек, әл-Фараби, Ибн Сина, Фердауси, Ж.Баласағұн, Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци,
К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов, Л.Н. Толстой, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов,
А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов,
М. Жұмабаев сияқты ойшыл-оқымысты ғалымдардың бірде-бірі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудың мәні мен маңызына көңіл бөлмей өткен емес.
Мәселен, әл-Фараби философиялық трактаттарында: жақсы мінез-құлық пен ақыл біріккенде ғана олар адамшылық қасиеттер болып табылмақ, - деп жазса, XVII ғасырда чех ғалымы Я.А. Коменский өзінің атақты Ұлы дидақтика, Ағайнды чехтарды тәрбиелеу атты еңбектеріңде тұңғыш рет білім беру мен тәрбие ісін біртұтас процесс деп қарау идеясын ұсынды.
XVIIІ ғасырдың көрнекті ағартушылары мен педагогтары А.Н. Радишев, И.И. Бецкой, Н.И. Новиков пен Ф.И. Яноковичтің ғылыми ақиқатты оқып үйренуде, баланың қабілетін, дамытуға және ұнамды адамгершілік сапасын нығайтуға көмектесетін оқыту әдістерінің қолданылуын талап етулері бүгінгі күнгі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесінің қажеттігін айқындайды.
Қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов рухани-адамгершілік сезімді туғызатын әсемдік тегін болмыстан, сұлулық негізін табиғат жаратылысынан іздеп, адам мен табиғат арасындағы байланысты, үйлесімділікті сезіне білді және сол сезімді жас жеткіншек зердесіне құюға талпынды. Өйткені халық шығармашылығының қай түрінде де табиғат құбылысының әсері болатыны анық. Халық табиғаттың әсем құбылыстарын жырға, күйге, ою-өрнекке түсіргенде, алдымен, кәсіптік қажеттілігін ойластыра отырып, жарастық, әсемдік жағына да баса көңіл бөлген. Әсемдік адам тұрмысына қажетті құбылыс болумен қабат, асқақ сезім туғызатын рухани күш екендігі анық. Сондықтан Ш. Уәлиханов болмысқа деген эстетикалық көзқарасын, талғамын, эстетикалық сезімін ауызекі шығармашылық арқылы көрсете білді. Мысалы, халықтың поэтикалық өнерінің бала бойында жалпыадамзаттық құндылықтардың қалыптасуына ықпалы туралы пікірін өлең, мақал-мәтелдер, эпостар жинағынан кездестірміз. Сонымен қатар табиғаттың да адамгершілік-эстетикалық тәрбиесіне деген пайдасы оның күнделіктерінде, сапарнама тұрғысынан жазған еңбектерінде тұжырымды берілген.
Қазақ педагогикасында ірі тұлғалардың бірі - А. Құнанбаев өзінің өлеңдерінде, қара сөздерінде балаларды жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үндеп отырған. Абай шығармаларының тәрбиелік потенциалы бүгінгі күнге дейін өз күшін жойған жоқ. Балалардың әсемдікке, сұлулыққа деген көзқарасын қалыптастыруда Абай өлеңдерінің рөлі ерекше. Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп шығар сөз деп ұлы ақынның өзі айтқанындай, оның өлеңдері туған жердің сұлу табиғаты, қазақ ауылының көріністері, адамдардың көңіл күйі сан алуан сезімдерімен ұласып, музыка үніндей естіледі. Ақын шығармаларының негізі - адамгершілік және имандылыққа тәрбиелеу. Мәселен, ұлы Абай біреуге көмектесу - ішкі зор қуат пен терең ақыл және ыстық сезімнің ісі деп біледі.
Белгілі ғалым Н. Нұрахметов: Абай тікелей мұғалімдікпен айналысып, сабақ беріп, арнай түрде педагогика және психология ғылымдарына бағыштап еңбек жазбағанымен, оның шығармаларының өне бойы адам жанының небір түкпірлеріне үңілетін, адам тәрбиесіне қатысты тұнып тұрған идеяларға толы. Соның бастысы - жеке тұлғаның өзін-өзі қалыптастыруына апаратын жолды дәл тауып, жан құмары - білмікке құмарлық деп жұмбақ шешуіне айналдырғаны. Қазіргі педагогика тілімен айтқанда, Абай оқушы үнемі еңбектеніп, іздену үстінде болу керек. Тоқырауға ұшырау қауіпті, сондықтан ақыл-ойын дамытып, білім мен біліктілігін шыңдап отырса ғана, тұлға болып қалыптасады деп түйіндейді. Бұл пікірлеері жеке тұлғаның даму теориясының басты қағидаларымен үндесіп жатыр, - деп
А. Құнанбаев пікірлерінің бүгінгі заман талабымен үндестігін, маңыздылығын дәлелдей түседі.
Оқытудың тәрбиелік сипатын ашу мәселесі жөнінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында В.Г. Белинский мен А.И. Герцен, Н.Г. Чернышевский мен Н.А. Добролюбов және т.б. құнды пікірлер білдірген. Мысалы, В.Г. Белинский мен А.И. Герцен оқудың мазмұнын қарастырғанда, жастардың өмірге деген көзқарастарын білім арқылы қалыптастыру мәселесіне көп көңіл бөлген. Олар меңгерілген білімнің жүйелілігіне, бірізділігіне, ең бастысы, өмірмен байланысты болуына баса назар аударды. А.И. Герцен: Егер ғылымдарды белгілі бір жүйемен және тәртіппен оқытатын болса, қиын немесе көңілге қонбайтын ғылым болмайды, оқуда баланың белсенділігі ты қажет, олар сабақта өз бетінше оқуға, өздері сұрап білуге, өз бетінше мәселені талқылап шешуге тиіс, - деген пікірді ұсынды.
Ал В.Г. Белинский: Адамның тәні сияқты, жанына да тәрбие керек, онсыз жан семіп қалады, енжарлықтың ми батпағына батады, - деп адамгершілік қасиеттерді қалыптастырумен қатар, оқушының сезіміне әсер ету арқылы жан дүниесіндегі құндылықтарды дамытып отырудың маңызын ашып көрсетеді.
Н.А. Добролюбов мектептің міндеті - ақыл-ой, дене және адамгершілік жағынан әр салалы жетілген, қоғамдық істерге саналы түрде біте қайнаса араласатын, табанды күресші, халық тілегін қорғаушы азаматтарды әзірлеу деп есептеді. Ол әсіресе оқушылардың белсенділігі мен өз бетінше іскерлік әрекеттерін дамыту үшін әр алуан және мазмұнды жаттығулар жүргізуді, шығармалар жазғызуды, өздігінен кітап оқуды, байқаулар мен экскурсиялар ұйымдастыруды ұсынды.
Н.Г. Чернышевский оқытуды ұйымдастыру формалары мен оның әдіс-тәсілдері оқушылардың сан алуан білімдерді ойдағыдай игеруіне, олардың рухани күші мен қабілеттерінің жан-жақты дамуына, дұрыс ой-пікірлерінің қалыптасуына зор әсер етуі тиіс деп есептеді. Ол оқу материалының көлемі мен оқыту әдістерін анықтауда оқушының жас ерекшелігін, оның ой-өрісі мен қабілеттерін қатаң есепке алуға, материалдың біртіндеп және тізбектеп берулуіне, қорытындылар мен тұжырымдардың анық, дәл айтылуына баса көңіл бөлді.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Л.Н. Толстой оқушының жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін әдістеме жасады әрі ол жеке тұлғаның шығармашылығын дамыта отырып, тәрбиелеулі мектептің басты мақсаты деп есептеді. Мұндай ұстаным оның: Если ученик в школе не научится сам ничего творить, то в жизни он всегда будет только подражать, копировать - деген пікірінен айқын аңғарылады.
Аталған ғалымдар пікірлерінің түйіні жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуға әкеліп саяды.Демек, бұл кезеңдерде де жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту мәселесі бойынша зерттеудің алғашқы қадамдары жасалғаны байқалады.
Баланың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту жолдарын Ә. Диваев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, М. Әуезов және т.б. ғалымдар ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып, айқындап берді.
М. Жұмабаев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, С. И. Абакумов, К.Б. Соловьев, Н.Б. Бархин және т.б. ғалымдар бастауыш сыныптарда оқушыны шығармашылыққа баули отырып, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, оны жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде көркем әдебиеттің маңызы жөнінде мәселені қарастырады.
Ал И.И. Руфик Школьное литературное творчество деген кітабында оқушының құнды қасиеттерін жарыққа алып шығатын шығармашылық әрекеттің мынадай түрлерін ұсынады:
oo Шығармашылықпен толықтыра отырып, түсінігін айту
(оқушы автордың тастап кеткен жерін қиял көмегімен толықтыру);
oo Шығармадан эмоциялық әсер ала отырып, түсінігін айту
(ауызша шығарма талдау: жағдайға қарай кейіпкерлердің өз ойын, оларға қатысын білдіру);
oo Әңгімені жалғастыру;
oo Әңгіме толық оқылады да, жалғастыру ұсынылады;
oo Әңгіменің бір бөлімі оқылады. Оқу қызық жеріне келгенде
тоқтатып қойып, оқушыларға аяқтату.
Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуға арналған әдіс-тәсілдерді қолдануда А. Байтұрсыновтың: Қай әдіс жақсы? деген еңбегіндегі: Әр әдіс өз орнында жақсы. Әдіс - кезекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнынан қажеттілігіне қарай - деген қағидасын басшылыққа алған жөн.
Ұлы педагог К.Д. Ушинский - кеңес әдістемесі мен қазіргі оқу әдістемесінің тоғысында өмір сүрген адам. Оның пікірінше, бастауыш сыныптағы әдеби оқыту процесі саналы және дамыту сипатында болуы қажет. Ол: Шығармамен жұмыс жасағанда оқушы жылдам және дұрыс оқитындай ғана емес, сонымен қатар оқығанын терең түсініп, сезінетіндей деңгейде ұйымдастырған дұрыс, - дейді. Оның жасаған түсіндірмелі оқыту әдістемесінің мәтінмен жұмыс істеуде маңызы зор болды. Солардың ішінде шығармашылық талдауға көп көңіл бөлді. К.Д. Ушинский оқушы адамгершілігіне игі ықпал ететін шығармашылық жұмыстардың бірі - оқыған материалға ұқсас әңгіме айтқызып, талдату деп есептеген. Ғалымның бұл идеясы бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ.
К.Д. Ушинскийдің ізбасары, оқулық пен оқу құралдарының авторы, белгілі әдіскер Н.Ф. Бунаковтың: Бастауыш мектептің негізгі пәні деп, шынын айтқанда, ана тілін есептеу керек - деген ойымен толық қосыламын. Өйткені бұл сабақта жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуға толық мүмкіндік бар. Оған зерттеу барысындағы эксперимент қорытындысы дәлел.
Бұдан жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту мәселесі әрбір уақыт кезеңдеріндегі ғалымдарды толғандырып отырғандығын аңғаруға болады.
Ш. Сарыбаев, Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев, А. Садуақасов және басқалардың зерттеулерінде оқушының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістері - белсенді сөйлеуге үйрету, көрген-білгендерін, алған әсерін түрліше жеткізе білуге баулу әдіс-тәсілдері жан-жақты қарастырылған.
С.Л. Выготский, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Ш. Амонашвили, В.Ф. Шаталов, И.П. Волков, Е.Н. Ильин және т.б. ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде оқушыны жан-жақты дамытып, оның белсенділігін арттыруды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz