Орналастыру құралдарының халықаралық классификациясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Орналастыру құралдарының халықаралық классификациясы

Туристтерді орналастыру құралдары ретінде түнеу үшін орын болатын туристтерге ұсынылатын кез келеген объект (ғимарат, жай және т. б. ) болып табылады. Олар келесі параметрлер (қасиеттер) бойынша сипатталады:

орналастыру объектінің орнының жалпы саны;

орналастыру объектісінде басшылық пен қызмет көрсету персоналы бар;

орналастыру объектісін басқару коммерциялық негізде құралады.

ДТҰ-ның рекомендациясына сәйкес барлық туристтерді орналастыру құралдары 2 категория бойынша бөлінеді: ұжымдық және индивидуалды.

Ұжымдық орналастыру құралдары құрамына қонақ үйлер және аналогиялық мекемелер, мамандандырылған орналастыру құралдары және т. б. ұжымдық орналастыру құралдары жатады.

Қонақ үйлердің негізгі белгілеріне ең бастысы тұруы үшін нөмірлердің болуын жатқызуға болады. Қонақ үйлер тұрғындарға міндетті қызмет терімдерін ұсынады: нөмірді тазалау, күнделікті төсекті жинау, санитарлы узелдерді және қоғамдық қолданыстағы орындарды тазалау, сонымен қатар басқа да кең ауқымды қосымша қызметтер.

Қонақ үйлерге аналогиялық мекемелер тобы нөмірлер қорына ие, міндетті қызметтер тізімін ұсынады. Оларға пансиондарды, жаһаздалған бөлмелерді, туристтік жатақаналарды және т. б. жатқызады.

Мамандандырылған мекемелер. Оларда нөмірлер емес, баспана, ұжымдық жатын бөлме, аула болады. Туристтерге түнеу үшін орын ұсынудан басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады. Мамандандырылған мекемелерге мысал ретінде сауықтыру мекемелері (курорттар, санаториилер, лагерлер), көпшілік транспорт түрінде орналастыру құралдары (поезд, кеме), конгресс-орталықтар бола алады.

Мамандандырылған қонақ үйлерге:

Кемпинг - қала сыртындағы жерлерде орналасатын, жазғы үйшіктермен, палаткалармен жабдықталған автотуристтерге арналған лагерь.

Ротель - бір, екі орынды нөмірлерімен вагондарын ұсынатын қозғалмалы қонақ үй. Күндізгі уақытта туристтер түрлі қалалармен, олардың көрікті жерлерімен танысады да, түнде поезде түнейді.

Ботель - сәйкесінше жабдықталған кемені ұсынатын жүзгіш қонақ үй; туристтерге ыңғайлы нөмір-каюталар, белсенді демалыс қызметтері, келісімдер үшін залдар, байланыс қралдарын, көптеген барлар мен ресторандар ұсынылады. Флотельдерді 1990 жылы қарқынды дами бастаған круизді демалысты ұймдастыру үшін қолданады.

Қонақ үй нөмірлерін келесідей классификациялап бөліп қарастыруға болады:

орын санына байланысты . Бірорынды, екі орынды, үшорынды және т. б. деп бөледі. Қонақ үйде, мотельде бірорынды нөмір - келушіні орналастырудың аса қымбат түрі. Екі орынды нөмір бір мезгілде екі бірдей тұрғынды орналастыруға арналған орын. Мұнда бөлек екі жатақ немесе үлкен жатақ болуы мүмкін; көп жағдайда мұндай нөмірлер ерлі - зайыптыларды орналастыруға арналған;

бөлме санына байланысты . Бір бөлмелі, екі бөлмелі, үш бөлмелі және т. б. болуы мүмкін;

тағайындалуына байланысты . Нөмірлерді әдетте бизнес - класты, экономкласты, апартамент - нөмірлер және т. б. деп тағайындайды.

Түрлі елдерде қонақ үйді классификациялағанда қазіргі уақытта 30 түрлісі бар түрлі жүйелерді қолданады. Қонақ үйдің классификациясының бір жүйесін енгізуге мемлекеттің мәдени-тарихи дамуымен байланысты кедергі болатын факторлар тізімі бар. Ең көп таралған классификациясы болып табылады:

Францияда, Австрияда, Венгрияда, Египетте, Қытайда, Ресейде және халықаралық туристтік алмасуда қатысатын мемлекеттерде қолданылатын «жұлдыздар» жүйесі;

Грецияда қолданатын «әріптік» жүйесі;

Ұлыбританияға сипатты «тәж» не «кілттер» жүйесі;

разрядтар жүйесі.

Австрия - туристтерді қабылдау бойынша дүние жүзі лидерлерінің бірі болып саналады. Онда таулы бөліктердегі қонақ үйлердің 20 мыңын санауға болады. Австриядағы қонақ үйлер 5 жұлдызды жүйемен бағаланады, бірақ ауыл жерлерінде категорияларға кірмейтін қонақ үйлер кездеседі. Австриялық 3 және 5 жұлдызды категориялы қонақ үйлер бір көзге қарағанда бір-бірінен аз ерекшеленеді. Осы қонақ үйлердің көп бөлігінде хауыз, сауна, ресторан, бар, кафе, соляриялар бар. Барлық қонақ үйлердің ұқсастықтары - көп таралған Австриялық романтикалық стиль, яғни ескі заттардың болуы. Кейде үш жұлдызды қонақ үйдің жабдығы төрт жұлдыздысына қарағанда әлде қайда жоғарырақ болуы мүмкін.

Халықаралық, аймақтық және ұлттық деңгейдегі стандарттауды дамыту

Стандарттау жөнінде халықаралық ұйымы (СЖХҰ) 25 ұлттық ұйымдары ұсынысы бойынша 1946 жылы құрылған. СЖХҰ электротехника және электроника саладан басқа барлық аймақтардың стандарттау жұмыстарын жүргізу, ұйымдастыру және басқару мәселелерімен айналысады, сонымен қатар сертификаттау проблемаларын қарастырады.

ISO құрамына 120 мемлекеттердің стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдары кіреді. ISO-ң басқару органдары: генералдық ассамблея, Кеңес, Техникалық басқару бюросы. Жұмыс органдары: техникалық комитеттер (ТК), комитетішілік, техникалық консультативті топтар.

Халықаралық стандарттауға қатысатын халықаралық ұйымдар

ООН-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы (ЕЭК) - бұл ООН-ның экономикалық және әлеуметтік Кеңесінің органы (ЭКОСОС ООН) .

Стандарттау саласында ЕЭК-тың негізгі міндеті - стандарттау саясаттың негізгі бағытын әзірлеу және осы аймағындағы негізгі проблемаларды анықтау.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДСҰ) ООН-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңестің ұсынысы бойынша 1948 жылы құрылды.

БДСҰ-ның мақсаты - барлық дүние жүзіндегі халықтардың денсаулығын ең жоғары деңгейге жеткізу. БДСҰ-ның мүшелері болып 180 мемлекет кіреді олардың ішінде Қазақстанда бар.

Көптеген проблемалармен айналысатын БДСҰ келесі қызметтерді дамытуды көздейді: денсаулық сақтау қызметтерін дамыту; аурулардың алдын алу және емдеу; денсаулық сақтау кадрларын көбейту және олардың сапасын жоғарылату; қоршаған ортаны жақсарту; денсаулық сақтау бөлімдерін; фармакология және токсика-логия бөлімдерін нығайту.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қонақ үйлер тізбектері
Қонақ үй
Бас әкімшілік кеңсесінің ұйымдық құрылымы
Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері
Қонақ үй кәсіпкерлігіндегі бизнес-жоспардың құрылым
Қонақ үйлердің қазіргі заманғы классификациялық жүйелігі және оның туризмдегі ролі
Қонақ үй шаруашылығындағы материалдық - техникалық база туралы ақпарат
Туризмді жеке экономикалық сала ретінде зерттеу
Инвестициялар, олардың түрлері, қызметі және жүйесі
Авто тасымалдауды және авто жөндеу кәсіпорындарында өндірістік бағдарламалар жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz