Материалдық емес активтер есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I ТАРАУ. Материалдық емес активтер есебінің маңызы.

1. 1. Материалдық емес активтерді анықтау және оларды тану критерийлері.

1. 2. Материалдық емес активтер есебін анықтау.

1. 3. Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу.

II ТАРАУ. Қаржылық нәтижені анықтаудағы кірістер мен шығындар есебінің көрінісі

2. 1. Банктің кіріс операциясының есебі

2. 2. Банктің шығын операциясының есебі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер:


КІРІСПЕ

Жұмыс 21 беттен тұрады. Курстық жұмыста 2 кесте, 6 мысал бар. Жұмысты дайындауда 7 әдебиет көздері қолданылды. Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: материалдық емес активтер есебі, материалдық емес активтердің маңызы, салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі, салық базасы, салық мөлшерлемесі, салық кезеңі, салық салу объектісі, салық түрлері, алымдар, төлемдер, кеден төлемдері және т. б.

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар--- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Мемлекеттік бюджет -жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.

Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады
I ТАРАУ. Материалдық емес активтер есебінің маңызы.

1. 1. Материалдық емес активтерді анықтау және оларды тану критерийлері.

«Материалдық емес активтер» ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің хальщаралык стандарттарына) және 28 «Материалдық емес активтер есебі» БЕС (бухгалтерлік есеп стандарттары) сэйқес Материалдық емес активтер экімшілік мақсатта жэне басқа субъеқтілерге жалға беруде, өндірісте жэне тауарларды (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізуде ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:

а) анықтауға болады;

ә) субъект бақылайды;

б) қолданудан субъект болашақта эқономиқалық пай да алуды күтеді.
Материалдық емес бап Материалдық емес актив болып саналады, егер:
а) Материалдық актив анықтамаларына сэйкес келсе;

ә) белгі - өлшемдерге сай келеді және мынадай жағдайда есепте тіркеледі:

  • субъектінің осы активке тікелей байланысты болашақта күтілетін экономикалық пайда алу ықтималдығы жоғары болса;
  • актив құнын күмәнсіз сеніммен анықтауға болса;
  • материалдық емес активтерді тану сэтінде олардың бастапқы құн бойынша бағаланғанында.

Материалдық емес активтердің бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бұған оларды алуға кеткен жэне қолдануға әзірлейтін жағдайға (сатып алу бағасы, орны толып өтелмейтін салықтар мен алымдыр және т. б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.

Материалдық емес активтерді жіктеу.

Ұйымның материалдық емес актив объектілерін қабылдау - тапсыруды құжатпен ресімдеу үшін материалдық емес актив түрінің толық атауы, оның ұйымға берілген ай-күні, жылы (ұйымда жасалған ай-күні, жылы), объектінің сипаттамасы, оның құны, амортизация нормаеы және басқа қажетті мағлұматтар көрсетілуі тиіс.

Материалды емес актив объектілерін қабылдауды ресімдегенде акт материалды емес актив объектісінің эрбір объектісіне бір данадан жасалады. Материалды емес активтердің бірнеше біртектес объектілерін қабылдауды ресімдейтін жалпы акт жасауға болады. Акт рэсімделгеннен кейін материалдық емес актив объектісін немесе оны қолдануды жүйелеп баяндайтын құжаттама немесе осы объеқтіғе қатысты ұйымның сондай жэне таты басқа мүліктік қудықтарьш растайтын құжаттар тіркеліп, ұйымның бухгалтериясына беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды жэне ұйым басшысы немесе соған уэкілетті тұлға бекітеді. Басқа ұйымға материалдық емес ақтивтерді бергенде (сатқанда) ақт екі дана болып жасалады, тапсыратын ұйым жэне материалдық емес активтер есебі карточкасында тиісті жазба жасалады.

Ұйым пайдалануына түскен матерналдық емес активтердің барлық түрлерінің есебі үшін қолданылады. Материалдық емес актив объектілеріне жатқызу тәртібі мен олардың құралы заңдармен жэне нормативті актілермен ретгеледі.

Бухгалтерияда әрбір объектіге карточка жүргізіледі. Форма кіріске алынуға арналған кркат, материалдық емес активтерді қабьшдау-тапсыру жэне басқа құжаттама негізінде бір дана болып толтырылады. 8 графада бастапқы кркат пен пайдалы қызмет ету мерзіміне негізделіп есептелген мөлшер (норма) бойынша аи сайын есептелетін амортизация сомасві көрсетіледі. «Материалдық емес актив объектілерінің қысқаша сипаттамасы» бөлігінде тек қана актив объектінің негізгі көрсеткіштері жазьиады, ұйымда бар осы объектіге арналған техникалық құжаттама мэліметтерін көшіруге болмайды

Материадцық емес активтерді мынандай түрлерге бөліп, жіктеуге болады:

  • лицензиялъщ келісімдер - кэсіпорьшға үкіметтік органдар немесе муниципали тет беретін жэне қоғамдық меншікті монополиялық пайдалануға (электр желілері үшін қоғамдық жерді пайдалануға жэне т. б. ) беретін құқықтар;
  • багдарламамен цамтамасыз ету, ол әлде сатып альшады, не болмаса субъектінің өзі жасайды жэне сыртқы немесе ішкі мақсаттарға арналады;
  • патенттер - заңды түрде танылған жэне тіркелген айрықша құқықтар. Патент белгілі бір өнімді шығаруга, не болмаса арнайы ерекше процесс пен технологияны пайдалануға эксклюзивтік кұқық береді;
  • үйымдастыру шыгътдары (цалдырылган шыгындар) - субъект шеккен шығындар, олардан тек болашақта ғана нәтиже алынады немесе шығьшдар болашақ кезеңдерге (ұйымның мекен-тұрақты ауыстыруына байланысты шыгындар, ұзақ мерзімді алдын ала гөлеу - бірнеше жыл бұрын аванс болып төленетін) сақтандыру;
  • гудвилл - субъектінің жағымды сипаттамасына байланысты сатып алушының сауда сэтінде пайда болған кұндылығы. Ол сатып алушының бухгалтерлік балансында сатылым (субъектінің тұтастай алғандағы құны) мен таза активтердің жеке-жеке нарықтық құн сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Есеп мақсаттары үшінгудвилл фирманың алган нақты багасы мен таза активтердің сэйкес теңестірілген эділ нарықтық бағасы арасындағы айьфма ретінде қарастьфылады. Таза капитал: «капитал ми нус міндеттемелер» болып аньщталады;
  • басцадай (авторлық құқықтар - шығарма, әзірлеме жэне т. б. авторларға заңмен берілетін қорғау формалары, сауда маркалары немесе тауарлық белгілер - ұйымға, өнімге (көрсетілген қызметке) берілген, атаулар, рэміздер немесе сэйкестендіруді білдіретін баскалары) ; франшизалар - мемлекеттік меншікті пайдалану қудығьша ие болу немесекоммуналдық қызмет көрсету жэне т, б. үшін үкіметтік органдар береді.

Материалдық емес активтердің түсуі мен құрылуын есептеу

Материалдық емес активтер мыналардың нэтижесінде алынады:

• сатып алулар

Мысалы. Бағдарламалық камтамасыз ету алынды:

а) накты езіндік құнға:

102 «Бағдарламамен камтамасыз ету» шот дебеті

671 «Төленетін шоттар» шот кредиті 60 000;

ә) ҚҚС сомасына: 331 «Өтелетін ҚҚС» шот дебеті;

671 «Төленетін шоттар» шот кредиті (15%) 9 000;

б) объектіні дайын жағдайға дейін жеткізу бойынша шыккан шығындар сомасына: 102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті;

681 «Қызметкерлердің қызметін өтеу бойынша есеп айырысулар», 635 «Әлеуметтік салық», 687 «Басқадай кредиторлық берешек» 8 000;

• жарғы капиталына салымдар - материалдық емес активтер тараптардың шартпен белгіленген бағасы бойьшша есепте көрсетіледі:

1. Жарияланған капитал сомасына: 5-11 «Төленбеғен капитал» шот дебеті 501 «Жай акциялар» шот кредиті, 502 «Артықшылықты акциялар», 503 «Жарғы капиталына салымдар мен пайлар» 1 000 000.

2. Жарғыда көрсетілген, сальшған материалдық емес активтердің келіоімшарттық құны: 101 -103 «Материадцық емес активтер» шот дебеті

511 «Төленбеген капитал» шот кредиті 400 000;

• кәсіпорындардың бірігуі нэтижесінде ие болу - материалдық емес активтердің бастапқы құны өткізу құны бойынша мойындалады, еғер оны күмәнсіз сенімділікпен бағалау мүмкін болмаса, онда актив жеке материалдық емес актив болып танылмайды, алайда гудвиллге (фирманың іскерлік беделінің бағасы) енеді; өйткені жақсы іскерлік бедел, қолайлы мекен-тұрақ бар, тауар нарықта жақсы белгіленген бағасы бар және т. б.

Мысалы. 8 000 000 теңгеге ұйым сатып алынды, активтің өзіндік қргы 6 000 000 теңге.

1. Активтің нақты кұны сомасы:

687 «Баскадай кредиторлык берешек» шот дебеті

441 «Агымдык шоттағы акша» шот кредиті 6 000 000.

2. Гудвилл сомасына:

105 «Гудвилл» шот дебеті

441 «Ағымдык шоттағы акша» шот кредаті 2.

3. Қосылған кезде:

Барлық активтердің дебеті

687 «Басқадай кредиторлык берешек» шот кредиті 6 000 000.

Сатып шлынған таза активтердің әділ құны фирманың сатылым бағасынан (сатып алатын субъект ушін бұл - пайдалы мэміле) артса, сатылым бағасы мен алынған активтердің әділетті құн арасындағы есептелетін теріс айырма болып табылады және теріс гудвилл (бэдвил) деп аталады. Кез келген теріс гудвилл фирма алған активтердің құндыльщтарын азайту үшін пропорционалды бөлінуге тиіс. Мұндай жағдайда теріс гудвиллді болдырмау үшін материалдық активтердің құндылығын азайту қажет:

• мемлекеттік жәрдем ақша (субсидиялар) есебінен шығындардьщ нақты сомасына (бағдарламамен қамтамасыз ету) :

102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті

726 «Билікті атқарушы орғандарының жэрдем ақшалары (субсидиялары) » шот кредиті.

Есепті жьш соңында кірістер жиынтық табысты арттьфу үшін есептен шығарылады: 726 «Билікті атқарушы орғандарының жэрдем ақшалары (субсидиялар) » шот дебеті

571 «Жиынтық табыс» шот қредиті;

• айырбас - үдсас емес активке айырбастау нэтижесінде алынған материалдық емес активтердің бастапқы қулы алынған немесе төленғен ақшалай қаражат сомасына түзетілғен, айырбасқа алынған активтің өткізу құны бойынша мойындалып, танылады.

1. 2. Материалдық емес активтер есебін анықтау.

Тауарлық белғі алынады:

а) келісімшарттық құнға:

106 «Басқадай материалдық емес ақтивтер» шот дебеті

671 «Төленуғе тиіс шоттар» шот кредиті 100 000;

ә) ҚҚС сомасына: 331 «Өтелетін ҚҚС» шот дебеті

671 «Төленуге тиіс шоттар» шот кредит! 16 000.

Айырбасқа берілген бағдарламамен қамтамасыз етудің нақты өзіндік құны есептен шығарылды: 841 «Материалдық емес активтердің істен шығуы бойынша шығындар» шот дебеті

102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот кредит! 60 000.

Сатып алушыға шот үсынылады:

а) берілген бағдарламамен қамтамасыз етудің келісімшарттық құнына: 301 «Алуға арналған шоттар» шот дебеті

721 «Материалдық емес активтердің істен шығуынан түскен кіріс»
шот кредиті 80 000;

ә) Келісімшарттық қүнының 15% ҚҚС сомасына: 301 «Алуға арналған шоттар» шот дебеті

633 «ҚҚС» шот кредиті 12 000.

Айырма сомасы аударылды: 671 «Төленуге тиіс шоттар» шот дебеті

441 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті 24 000.

Өзара талаптарды қоса есептеу жүргізілді: 671 «Төленуге тиіс шоттар» шот дебеті

301 «Алуға арналған шоттар» шот кредиті 92 000.

Ұқсас материалдық емес активке айырбастау нәтижесінде алынған Материалдық емес активтің бастапқы құны айырбас активінің баланстық құны бойынша танылады және табыс әкелмейтін мәміле болып саналады: 102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті

102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот кредиті;

• Құру - субъектінің өзі жасаған материадцық емес активтердің бастапқы құны іс жүзіндегі нақты тікелей жэне қосымша шығындар сомасы бойынша танылады, олар материалдық емес активтерді мойындау өлшемдері (критерийі) мен анықтамасына материалдық емес баптардың сәйкес келген сэтінен бастап шеккендерін белгілеу бойынша қолдануға арналған активті жасау мен эзірлеу үшін байыпты, ақылға ^онарлық негізде таратылуы мүмкін. Материалдық емес банты жасауға кеткен шығындар анықтама мен өлшемдерге сэйкес келетін сэтке дейін активтің бастапқы қүлына кірмейді жэне кезең шығындары болып танылмайды.

Материалдық емес активтерді құрған қезде барлық жұмыстар зерттеулер мен әзірлемелер сатьшарынан құралады.

Зерттеулер сатысы - жаңа ғылыми немесе техникалық білім үшін эреқеттенген, талап қуып, алдын-ала қам жасаған, жоспарланған ізденістер. Бұл сатыға мыналар жатады: жаңа білім алуға бағьпталған зертханалық зерттеулер жаңа зерттеу олжасьш немесе басқа білімді іздеу; болашақ өнім немесе өндірістіқ нұсқаларды жасау мен ұғымын тұжырымдау. Зерттеу сатысында субъект болашақта экономикалық пайда әкелетін материалдық емес активтер бар екендігін айқара ашық көрсете алмайды, сондықтан шығындар кезеңнің шығындары болып танылады

Зерттеу сатысындағы шығьшдар қалай көрсетілетінін қарастырайық: зерттеу жұмыстарына шығындар шықты (қызметкерлерге еңбекақы есептелді еңбекті өтеу қорынан әлеуметтік салық аударымы және басқа шығындар жасалды) : 821 «Жалпы жэне экімшілік шығындар» шот дебеті, 811 «Өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізу бойынша шығындар» шоттарының дебеті

681 «Қызметкерлермен еңбекті өтеу бойьшша есеп айырысулар», 635 «Әлеуметтік салық», 687 «Басқадай кредиторлық берешек» әртүрлі шоттардьщ кредиті 7000, 0.

Әзірлеме сатысы - ғылыми-зерттеу ізденістерінің немесе басқа ілімдерінің нэтижелерІн жаңа немесе түпкілікті жетілдірілген процестерді, материалдарды, өнімдерді, жүйелерді және көрсетілетін кызметтерді жоспарлауға немесе әзірлеуге ауыстырып, көшіру. Бүл сатыға мыналар жатады: тәжірибелік үлтілер мен модельдерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу, жаңа технологиямен күрал-аспаптарды, қалыптарды (шаблондарды), пішіндер (формалар) мен штамптарды жобалау; коммерция-лык өндіріс үшін экономикалық кондырғыларды жобалау мен пайдалану; таңдалған баламалы материалдарды, құрылғыларды, өнімдерді, процестерді, жүйелерді немесе көрсетелген қызметтерді жобалау, қүрастыру (конструкциялау) жэне тестілеу.

Субъект кейбір жағдайларда эзірлеме сатысында материалдық емес активтерді үйлестіріп, бүл активтің болашақта экономикалық пайда экелуі ықтимал екендіғін жариялап корсете алады. Мысалы, фирманың экономикалык пайда алуы мақсатымен қайта жарақтануын көздейтін бизнес-жошар жасалады.

Әзірлеме сатысындағы материалдық емес бапты күрған кезде шығындар былайша көрсетіледі:

- материалдық емес активті жасауға шығындар бөлды:

а) өндіріске материалдар босатылады. 901, 921 «Материалдар» дебеті
201-206, 208 «Материалдар» кредиті

ә) Қызметкерлерге еңбекақы есептелді

902, 922 «Өндірістік жүмысшылардың еңбеғін өтеу» дебеті

681 «Еңбекті өтеу бойынша қызметкерлермен есеп айырысулар» кредиті

б) еңбекті өтеу жөніндеғі аударымдар сомасьюа

903, 923 «Еңбекті өтеу төлемінен ақша аударулар» дебеті
635 «Әлеуметтік салық» кредиті

Орындалған жүмысты өзіндік құны есептеліп шығарьиады: 900 «Неғізғі өндіріс», 920 «Қосалқы өндіріс» шоттарының дебеті

901 (921) 902(922) 903(923) кредиті 6000, 0;

- материалдық емес бапты мойындап, тану сэтіне дейін жасалған шығьшдар бітпеғен құрылыс ретінде көрсетілді:

126 «Бітпеғен қүрылыс» шот дебеті

900 «Негізғі өндіріс», 920 «Қосалқы өндіріс» шоттарының кредиті 6000, 0;

- материалдық емес активтерді мойындалатын белғі өлшемдер мен анықтамаларға сай деп тану сэтіне дейін:

106 «Басқадай материалдық емес активтер» шот дебеті

126 «Бітпеғен құрылыс» шот кредиті

1. 3. Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу.

Материалдық емес активтердің амортизациясы (мүліктің ұсталлу, тозу дэрежесіне қарай құлын бірте-бірте төмендету) субъектінің қызмет ету мерзімінен артпайды. Материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасы оньщ пайдалы қызмет ету мерзімінің бағасына неғұрлым жуық негізді жүйелі түрде бөлінеді,

Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу 6 - «Негізгі қүрал-жабдықтар есебі» БЕС-нда (Бухгалтерлік есеп стандарттары) белгіленген тэсілдер жолымен анықталады, бірақ қолданылатын тэсіл активті қолданудан түскен экономикалық пайданы тұтьшу үлгісін көрсетеді. Егер экономикалық пайданы тұтыну үлгісін анықтау мүмкін болмаса, онда тіксызықты есептен шығару тэсілі қолданылады.

Амортизацияланатын құн - «бастапқы құн минус жойылу күны» болып айқындалады.

Жойылу құны нөлге тең есептеледі, егер:

  1. Пайдалы қызмет ету мерзімі соңында оны сатьш алу туралы үшінші жақтың келісімі болмаса.
  2. Мыналарға байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін белсенді нарық болмаса:

а) активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі соңында мүндай нарықтың болуына.

ә) мүмкіндік, ықтималдьщ жоқ болса. Нарық белсенді деп саналады, егер:

  • нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы) ;
  • мәмілеге келуге ниетті - сатушылар мен сатып алушыларды қай уақытта да табуға болатьш болса;
  • сатып алынатан жэне сатылатан тауарлар халыққа қолайлы, арзан бағаларда болса.

Материалдық емес амортизацияны есептегенде оларды қолдану орнына байланысты мынадай бухгалтерлік жазбалар жасалады:

935 «Материаллдық емес активтердің амортизациясы», 811 «Тауарларды (жүмыстарды, көрсетілетін қызметгі) өткізу бойынша шьп'ындар», 821 «Жалпы жэне экімшілік шығьщдар» шоттарьшың дебеті.

111-116 «Материалдық емес активтердің тозуы» шоттарының кредиті.


II ТАРАУ. Қаржылық нәтижені анықтаудағы кірістер мен шығындар есебінің көрінісі

2. 1. банктің кіріс операциясының есебі

банктің кірістер есебін жүргізу үшін IV класында мынадай шоттар ашылған:

4100 - «Ұлттық Банкте орналастырылған депозиттер бойынша сый-ақы (мүдделік) алумен байланысты кірістер».

4200 - «Сатуға арналған бағалы қағаздар бойынша сый-ақы алумен байланысты кірістер».

4300 - «Басқа банктерге ұсынылған несиелер мен аванстар бойынша сый-ақы алумен байланысты кірістер».

4400 - «клиенттерге ұсынылған несиелер бойынша сый-ақы алумен байланысты кірістер».

4500 - «Дилинг операциялары бойынша кірістер».

4600 - «Банктің комиссиондық кірістері».

4700 - «Банктің қайта бағалаудан кірістері».

4800 - «Басқа да операциялық кірістері».

4900 - «Айыптар, өсім ақылар, тұрақсыздықтар».

4999 - «салыққа дейінгі кірістер».

Банк кірісін есептегенде оның сәйкестігі мен бақылануы қадағаланады. Қызмет көрсетілген кезде клиенттер мен енгізілген сомалар банк балансында бейнеленеді. Заңды және жеке тұлғаларға көрсетілген қызмет үшін алынған нақты ақша түріндегі комиссиондық кіріс:

Дт - 1001

Кт - 4801, 4802, 4920

4801 - «жалға беру бойынша кірістер».

4802 - «Басқа да операциялық кірістер».

4920 - «Басқа да кірістер».

Заңды тұлғаларға көрсетілген қызмет үшін нақты ақшасыз түрдегі комиссиондық кіріс:

Дт - 1051, 2203, 1351

Кт - 4250, 4300, 4400

Жеке тұлғаларға көрсетілген қызмет үшін нақты ақшасыз түрдегі алынған комиссиондық кіріс:

Дт - 2215 - 2223, 2211

Кт - 4250, 4300, 4400

Келесі кезеңге төленетін кірістердің есебі, есеп беру кезеңінің соңында жүргізіледі:

Дт - 1740, 1860

Кт - 4250, 4300, 4400

Төлем мерзімі жеткен кезде құжаттардың алдын-ала төлемі түскен кезде:

Дт - 2751

Кт - 4411, 4417

Ағымды айдағы несие немесе депозит үшін түскен құжаттардың сомасы:

Дт -2203, 1051, 1351

Кт - 4250, 4300, 4400

Факторинг операциясы бойынша комиссиондық төлемдерді іздестіру үшін клиенттің ағымды шотынан ақша қаражаттарын өшіреді:

Дт - 2203

Кт - 4407

4407 - «факторинг бойнша сый-ақы алумен байланысты кірістер».

Қарызды нақты ақшамен берген кезде қарызшыдан нақты ақшаны инкоссациялағаны үшін комиссиондық төлем іздестіріледі:

Дт - 2221

Кт - 4608 - комиссия

Кт - 1001

Жалдық төлемді алған кезде:

Дт - 2203 - жалгердің ағымды шоты

Кт - 4801 - жалға беру бойынша кіріс

Қаржылық лизинг бойынша сый-ақы есептегенде:

Дт - 1730, 1740

Кт - 4305, 4420

4305 - «Басқа банктерге ұсынылған қаржылық лизингтер бойынша сый-ақы алумен байланысты кірістер».

4420 - «Клиенттерге қаржылық бойынша сый-ақы алумен байланысты кірістер».

Негізгі құралды сатудан кіріс алғанда:

Дт - 1001, 2203

Кт - 4920, 4852

4852 - «Негізгі құралдарды сатып өткізуден түсімдер».

Бағалы қағазды немесе шетел валютасын өткізуден кіріс:

Дт - 1859

Кт - 4530

1859 - «Шетел валютасының тенгедегі бақылау құны (ұзын валюталық позицияның) ».

4530 - «Шетел валютасын сатып алу, сатумен байланысты кірістер».

Тауарлы материалдық артықтарды сатудан кіріс:

Дт - 1001, 2203

Кт - 4853

4853 - «Материалдарды сатып өткізуден түскен түсімдер».

Инкассация үшін төлем:

Дт - 2203

Кт - 4608

4608 - «Банктің басқа да комиссиондық кірістері».

Тексеру кезінде кассадан ақшаның артықшылығы табылса:

Дт - 1001

Кт - 4920

Ақша қаржыларын аудару қызметі үшін алынған комиссиондық төлем:

Дт -2203

Кт - 4601

4601 - «банк қызметінің аудару операциялары бойынша комиссиондық кірістері».

Банктің басқа да операцияларынан болатын айыптар, өсім-ақылар, тұрақсыздықтар үшін алынған төлем:

Дт - 1001, 2203, 1051

Кт - 4900

Қарызшының несиені пайдаланғаны үшін сый-ақы қосылған, бірақ іздестірілмеген кезде:

Дт - 1740

Кт - 4411, 4417

2. 2. Банктің шығын операциясының есебі

банктің операциялық шығындары дегеніміз - есеп беру кезінде экономикалық пайданың ағымды түрдегі, активтерді қолдану түрінде немесе меншікті капиталдың азаюына әкелетін берешектің пайда болуы. Шығындар есептеу әдісі бойынша тенгеде есептелінеді, яғни ағымды айға немесе жылға тиісті бөлігі жіберіледі.

Осы шығындар есебі үшін V класта шоттар ашылған:

5020 - «Талап ету депозиті бойынша сый-ақы төлеумен байланысты шығындар».

5150 - «Филиалдар арасындағы есеп айырулар бойынша сый-ақы төлеумен байланысты шығындар».

5200 - «Клиент депозиттері бойынша сый-ақы төлеумен байланысты шығындар».

5300 - «Бағалы қағаздар және кері сатып алу бойынша сый-ақы төлеумен байланысты шығындар».

5450 - «Қамтуға ассигнования».

5500 - «Дилинг операциялары бойынша жоғалтулар».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы материалдық емес активтер есебі, істен шығару себептері және құжаттарын дайындау
Кәсіпорынның материалдық емес активтер есебін және аудитін ұйымдастыру теориясын және тәжірибесін зерттеу және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Материалдық емес активтер аудиті туралы
Материалдық емес активтер. Материалдық емес активтердің келіп түсуі есебі
Материалдық емес активтердің есебі туралы
Материалдық емес активтер туралы
Ұзақ мерзімді активтер жайлы
Материалдық емес активтердің қозғалысының есебі
Материалды емес активтер есебі
Материалдық емес активтердің бағалануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz