Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

1. 1. Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері

Денсаулық сақтау - қоғамның әлеуметтік өмірінің маңызды саласы. Бірнеше рет қайта құруларды басынан кешіріп, алдағы уақытта да дамытылуы жоспарланып отырған ұлт денсаулығы - еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады

Денсаулықтың белгілеріне демографиялық көрсеткіштерді, аурушаңдықты, дене бітімінің дамуын жатқызады. Халықтың денсаулығына берілген осы белгілердің ішінде, әсіресе, демографиялық көрсеткіштер (туып-көбею, өлім, ғұмыр жастың орташа ұзақтығы) ерекше күдік туғызады. Кейбір елдерде туып-көбеюді жасанды түрде азйту денсаулықтың көрсеткіштерінің жоғары болуына сәйкес келеді.

Сондықтан денсаулыққа баға беру үшін туып-көбеюді жеке алып қарамай, басқа көрсеткіштермен бірге, кешенді түрде қараған дұрыс. Халықтың денсаулығын сипаттау үшін көбінесе аурушаңдықтың көрсеткіші алынады. Бұл туралы мәліметтерді ресми статистикалардан және арнаулы зертеулер жүргізу арқылы анықтауға болады. Көбінесе, осы мақсатқа жалпы жинақтаған әр түрлі пайыздық көрсеткіштерді таңдап, іріктеп алу тәсілі жиі қолданылады. Зерттеу мақсатына байланысты өз еркімен келіп қаралғандар, уақытша еңбекке жарамсыздық алғандар, ауруханаға алынғандар т. б. есепке алынады.

Адамдардың денсаулығы - динамикалық құбылыс. Қоғамның күш-жігері организмнің өмір сүруіне кері әсер ететін әр түрлі қолайсыз факторларды азайтуға немесе оларды толық жойып жіберуге мол мүмкіндігі бар.

Қазақстан Республикасында тәуелсiздiк жылдарында денсаулық сақтау саланы реформалау қадамдары бiрнеше мәрте жасалды. Айталық, 1996-1998 жылдары денсаулық сақтау жүйесiне принциптi түрдегi жаңа екi элемент: сатып алушы мен сатушы қатынастарының және медициналық көмектiң көлемi мен сапасына байланысты сараланған еңбекақы төлемiнiң пайда болуына мүмкiндiк туғызатын денсаулық сақтауды қаржыландырудың бюджеттiк-сақтандыру моделi енгiзiлген болатын. 1999 жылдан бастап бөлінетін қаражатқа байланысты түпкiлiктi нәтижеге бағдар ұстануға мүмкіндік беретiн бағдарламалық қаржыландыру енгiзiлдi.

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін орасан зор қаржы бөлінуде , Осыған байланысты денсаулық сақтау спласындағы бағдарламаның сәйкестік аудиттің негізгі мәні-экономикалық саясаттың табысты іске асуына ықпал ету, салалардың өндірістік әлеуетін арттыру болып табылады.

Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне, азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлдi орталық атқарушы органын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа да министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдары мен ұйымдары құратын емдеу-профилактикалық және фармацевтика ұйымдары енедi.

Өздерiнiң ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдары, жеке медициналық ұйымдар заңды тұлғалар болып табылады және өздерiнiң қызметiн осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасының сәйкестік аудиті - бөлінген бюджет қаражаттарының мақсатты пайдалануы мен пайдалану тиімділігіне қатысты тәуелсіз, объективті және ашық түрде тексеріс жүргізу болып табылады, яғни, тек қаржы мәселелерін ғана емес, сонымен қатар, олардың іс-әрекеттерінің барлық бағыттарына бағалау жүргізумен бірге, анықталған кемшіліктер мен тәуекелді басқару жүйелері негізінде пәрменді ұсынымдарды беру.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламаларының мемлекеттік аудитінің мақсаты басқару тиімділінің артуы мен дамыту бағдарламаларына бөлінген бюджеттік қаражатты, мемлекеттің активтерін орнымен пайдалану болып табылады.

Сәйкестік аудиті - мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін сақтауын бағалау, тексеру болып табылады

Сәйкестік аудит Денсаулық сақтау жүйесін стратегиялық басқару жүйесінің ажырамас элементі болып табылады, кері байланысты қамтамасыз ете отырып, оның даму процесі туралы ақпарат бере отырып және тиісінше, мемлекеттік қаражатты пайдалануға байланысты бұзушылықтарды жоюға және ескертуге мүмкіндік бере отырып, тұтастай алғанда мемлекеттің қаржылық қызметінің заңдылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді және оның Денсаулық сақтау жүйесінде орындылығына баға береді

Сәйкестік аудиті мына кезеңдерден:
1) мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеуден және Аудит жоспарын, Аудит бағдарламасын, Аудиторлық тапсырманы және Тапсырмаларды жасауды қоса алғанда, жеке мемлекеттік аудитті жоспарлаудан;
2) аудиторлық іс-шараны жүргізудің ұйымдастырушылық негіздерін, Аудиторлық есептерді, Аудиторлық қорытындыларды жасау мен ресімдеуді қоса алғанда, жеке мемлекеттік аудитті жүргізуді;
3) Аудиторлық тапсырмада, Нұсқамаларда қамтылған ұсынымдардың орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырудан тұрады.

Сәйкестік аудитінің мақсаты мемлекеттік аудит объектісінің бюджет қаражатының түсуін қамтамасыз ету Аудиторлық іс-шара жүргізудің ұйымдастырушылық негіздері болып табылады.

Негізгі кезеңде аудиторлық іс-шара тікелей мемлекеттік аудит объектісінде жүргізіледі, соның барысында сәйкестік аудитінің белгіленген мақсаттарына, сәйкестік аудитінің көрсеткіштеріне және таңдалған әдістерге сәйкес аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін қажетті ақпаратты және жеткілікті нақты деректерді жинау жүзеге асырылады. Сондай-ақ мәнділік, аудиторлық тәуекел деңгейлері, іріктеу параметрлері, көлемі және әдістері нақтыланады.

Сәйкестік аудитін жүргізу кезеңінде Аудит жоспары мен Аудит бағдарламасы іске асырылады. Осы кезеңнің негізгі міндеті мемлекеттік аудит объектісінде аудиторлық дәлелдемелерді жинау болып табылады, оларды мемлекеттік аудит тобы тұжырымдар, тапсырмалар мен ұсынымдар қалыптастыру үшін пайдаланатын болады

Денсаулық сақтау жүйесінде сәйкестік аудитті ұйымдастырудың ерекшеліктері, ең алдымен, оның жұмыс істеу ерекшелігімен, отандық денсаулық сақтаудың стратегиялық даму құралдарымен байланысты. Айта кету керек, мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі азаматтардың медициналық көмек алуда теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай жүйеде денсаулық мекемелердің негізгі бөлігі мемлекетке тиесілі. Осының салдарынан орталық және жергілікті мемлекеттік органдар денсаулық сақтауды тиімді басқаруда ерекше маңызға ие.

Денсалуық сақтау жүйесінің қызметінің ерекшеліктерімен байланысты факторлардың тізбесін әзірлеуде, оларды тексеру жүргізу кезінде сәйкестік аудитор ескеруі тиіс:

- денсаулык сактау қызметінің сипаты, оның ерекшелігі мен маңыздылығы;

- денсаулык сактау қызметінің көрсететін медициналық қызмет түрлері;

- медикаменттер мен медициналық құрал-жабдықтарды негізгі Жабдықтаушылар;

- мекеменің негізгі табыстары мен шығыстары;

- мекеменің қызметіне елеулі әсер ететін заңнама және нормативтік-құқықтық актілер;

- қолданылатын ақпараттық және есептік жүйелер.

Қазақстан Республикасының жағдайында өлшеуді қаржыландыру схемасының ақпараттық құндылығы бюджетаралық трансферттердің көлемін бағалауға және денсаулық сақтау қызметтеріне ақы төлеу кезінде халықтың қаржылық жауапкершілігін бөлуге мүмкіндік береді.

1. 2 Денсаулық сақтау саласындағы сәйкестік аудитінің әдіснамалық ерекшеліктері

Денсаулық сақтау жүйесінің сәйкестік аудит әдістемесі және халықаралық аудит стандарттарының талаптарын және зерттелетін денсаулық сақтау жүйесінің ерекшелігін ескере отырып, сәйкестік аудит жүргізудің нормалары мен ережелерін ұстанады.

Денсаулық сақтау саласы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарының бірі екені анық. Дағдарыс кезеңінде де бұл салаға қаржылық қолдаудың кемімеуі сондықтан. Дегенмен, бүгінгі басты мәселе қаржының бөлінуінде емес, оның тиімді жұмсалуында болып тұр. Алайда, қазіргі таңда аталған сала құрылымы және жоспарлауы, медициналық қызмет көрсету кезінде қолданылатын әдістемелерінің ескіргені және халықаралық стандарттарға сәйкес еместігі баршаға белгілі. Сол үшін де осы сала Мемлекет басшысының сынына бірнеше мәрте ұшырағаны бар. Денсаулық сақтау жүйесінің жұмыстарын түбегейлі жақсарту үшін саланың барлық деңгейлерінде бірқатар институционалдық қайта құрулар жүргізу және кадрлық әлеуетті дамыту қажеттілігі де айтылып жүр.

Денсаулық сақтау жүйесінің сәйкестік аудит әдістемесі және халықаралық аудит стандарттарының талаптарын және зерттелетін денсаулық сақтау жүйесінің ерекшелігін ескере отырып, сәйкестік аудит жүргізудің нормалары мен ережелерін ұстанады.

Денсаулық сақтау жүйесінің сәйкестік аудит әдістемесін бөлімдерге бөлген жөн. Аудиторлық тексеру процесін жүргізу кезеңдерінің және Денсаулық сақтау жүйесінің сәйкестік аудит әдістемесі бөлімдерінің арақатынасы 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте. Аудиторлық тексеру процесін жүргізу кезеңдерінің және Денсаулық сақтау жүйесінің сәйкестік аудит әдістемесі бөлімдерінің арақатынасы.

Аудиторлық тексеру процесінің кезеңдері
Аудиторлық тексеру әдістемесінің бөлімдері
№: 1
Аудиторлық тексеру процесінің кезеңдері: Дайындық
Аудиторлық тексеру әдістемесінің бөлімдері: Сәйкестік және қаржылық есептілік аудитінің жалпы принциптері, аудиторлық тапсырмалардың шарттары, денсаулық сақтау мекеме қызметінің үздіксіздігін растау тәсілдері, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерінің сенімділігін бастапқы бағалау айқындалады.
№: 2
Аудиторлық тексеру процесінің кезеңдері: Жоспарлау
Аудиторлық тексеру әдістемесінің бөлімдері: Ішкі бақылау жүйесінің ерекшеліктерін, денсаулық сақтау жүйесінің қызметін жоспарлау, ашу, сондай-ақ аудиторлық тәуекелдердің бағасын алу тәсілдерін қамтиды.
№: 3
Аудиторлық тексеру процесінің кезеңдері: Технологиялық
Аудиторлық тексеру әдістемесінің бөлімдері:

Тест және бақылау құралдары түрінде ұсынылуы тиіс,

аудитор жасаған бақылаудың жекелеген құралдарының сенімділігі туралы қорытындыларды растауы немесе теріске шығаруы мүмкін, сондай-ақ мұндай дәлелдемелерді өзге тәсілдермен алу қиын немесе мүмкін болмаған жағдайларда аудиторлық дәлелдемелерді ұсынуы мүмкін.

№: 4
Аудиторлық тексеру процесінің кезеңдері: Қорытынды
Аудиторлық тексеру әдістемесінің бөлімдері:

Аудитті аяқтау, таңдау бойынша шешімдер қабылдау тәсілдері

аудиторлық қорытындының, көпшілік алдында ұсыныстың үлгісі сондай-ақ белгісіз міндеттемелердің болуы мүмкін екендігі туралы куәліктердің болуы туралы куәліктердің болуы.

Денсаулық сақтау саласының сәйкестік аудит ғылыми-практикалық маңызын талдағанда оның мынадай негізгі бағыттары аталу керек:

- денсаулық сақтау сәйкестік аудит саладан тыс тиімділігін дəлелдеу (медициналық көмек көрсетуге шыққан шығынның халық шаруашылығын нығайтудағы тиімділігі) ;

- денсаулық сақтау саласының қорларын пайдаланудың салалық тиімділігін талдау;

- денсаулық сақтау саласында еңбек етудің нормативтілігінің теориялық жəне практикалық мəселелерін анықтау;

- халықты емдеу-сауықтыру жөніндегі қызмет көрсету қажеттілігін қанағаттандырудың мүмкіншілігін экономикалық жағынан дəлелдеу;

- денсаулық сақтауды басқаруды жетілдірудің шаруашылық ізденістері;

- денсаулық сақтау саласы басшыларының құқықтарын кеңейтуге байланысты салалық қаржыландыру мəселелерін жетілдіру;

Денсаулық сақтау саласының ғылыми практикалық жұмыстары мынадай мəселелерге арналған:

- халық денсаулығын сақтау көрсеткіштерінің өзгеруінің нақты өнеркəсіп өнімінің көлеміне əсері;

- аурудың алдын алу жұмыстарын жүргізудің экономикалық тиімділігі, халықтың медициналық көмекке сұранысы жəне оны қанағаттандыру деңгейі;

- еңбек шығынын есептеп, денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтіндердің санын белгілеп, олардың мамандық бойынша бөлінуін жəне деңгейін қадағалау, экономикалық талапқа сəйкес дəрігерлерді дайындау жəне білімін жетілдіру;

- денсаулық сақтау саласы жұмысының жағдайларын қамтамасыз ету үшін керекті қаражаттың көлемін белгілеу;

- халыққа медициналық қызметті жақындату, медициналық мекемелерді тұрғындардың санына сай жəне əлеуметтік, демографиялық жағдайларға байланысты орналастыру, медициналық көмектің ең тиімді түрлерін таңдау медициналық мекемелердің құрамын мамандыққа сəйкес белгілеу, медициналық көмектің ең тиімді түрлерін табу;

- емдеу-сауықтыру мекемелерін қамтамасыз ету жəне пайдалану;

- емдеу жəне ауруды анықтаудың кейбір түрлерінің көлемін бекіту;

- денсаулық сақтау саласының өзіндік қорлары жəне оларды пайдалану.

Денсаулық сақтау саласының сәйкестік аудиті екі негізгі бағытпен дамиды:

-мемлекеттік мекемелердің, онда еңбек ететін азаматтардың денсаулығын сақтау жəне нығайту жолдарын зерттейтін бөлім-денсаулық сақтау саласының аудиті;

-денсаулық сақтау саласына мемлекеттен бөлінген қаржыны дұрыс пайдалануды зерттейтін сала - мемлкеттік аудит.

Денсаулық сақтау саласының тиімділігі үш түрге бөлінеді:

- медициналық тиімділік,

- əлеуметтік тиімділік,

- экономикалық тиімділік.

Медициналық тиімділікті түрлі көрсеткіштер арқылы сипаттайды: аурушылық деңгейі, оның өзгеруі, аурудың саны, дені сау адамдардың саны, медициналық көмектің сапасын сипаттау көрсеткіштері.

Денсаулық сақтау саласының əлеуметтік тиімділігін адам өмірінің ұзақтығының өсуі, ауру санының азаюы, өлім көрсеткішін, уақытша еңбекке жарамсыздықтың санын азайту.

Экономикалық тиімділіктің көрсеткіштері: жұмыс жасындағы азаматтардың өмірінің сақталған саны, кейбір ауруларды азайту немесе жою, мүгедекті, өлім көрсеткішін, уақытша еңбекке жарамсыздардың санын азайту.

Аудиторлық талдауда пайдаланатын көрсеткіштер мынадай болу керек:

1. Көрсеткіштің сандық шамасы есептелетін болу керек.

2. Ол бағаланатын жұмысқа тікелей қатысты жəне түрлі өзгерістерді жеткілікті анықтайтын болу керек.

3. Көрсеткіштерді есептеу үшін жолдары түсінікті жəне онша қиын болмағаны жөн.

4. Көрсеткіш барлық жерде бірдей танылатын жəне бір түсінік түрінде қабылданатын болу керек.

5. Бірнеше зерттеушілер бір көрсеткішті есептегенде олардың нəтижелерінің айырмашылығы бір-біріне жақын болуы керек.

6. Əр қилы мекемелер іске асырып жатқан бірыңғай бағдарламалардың нəтижелерін көрсеткіш арқылы салыстыра отырып, ең тиімділігін таңдау үшін соның оңтайлысын пайдалану қажет.

7. Таңдалынып алынған көрсеткіш бағдарламаны немесе істелген жұмыстарды басқа бір істерді жан-жақты бағалауға пайдаланған жөн [10] .

Аудиторлық басқару əлеуметтік дамудың мемлекеттік жоспары арқылы реттеледі, ал денсаулық сақтау ісінің жоспары мемлекеттік жоспардың бір саласы болып табылады.

Мемлекеттік жоспарлау мынадай шарттардан тұрады:

- ағымды жəне болжамды болашақтың жоспарларының бір-бірімен тығыз байланыста болуы.

- жоспардың маңызды тарауларын белгілеу.

- жоспардың ғылыми жəне техникалық тұрғыда жан-жақты негізделуі.

- жоспардың экономикалық тұрғыда тиімді болуы.

- жоспардың орындалуын қатаң бақылауға алу.

Жоспарлар аумақтық жəне салалық түрлерден тұрады. Денсаулық сақтау ісін жоспарлаусалалық жоспарға жатады. Оның көлемі жағынан денсаулық сақтау ісінің республикалық, облыстық, қалалық жəне аудандық жоспары болады.

Жоспардың орындалу мерзіміне қарай ағымды жəне болашаққа негізделген түрлері бар. Ағымды жоспар бір жылға арнап жасалады, бірақ ол болашаққа негізделген жоспардың бір бөлімі болып табылады. Болашаққа негізделген жоспар 5-20 жыл аумағында жасалады.

Денсаулық сақтау ісінің алдына қойылған міндеттерді шешуде жеке мəселелер бойынша жасалатын кешенді жоспардың маңызы зор. Бұл жоспарды жасауға медицина мекемелері жəне органдарымен қатар өзге де медицина саласына жатпайтын мекемелер қатысады. Мысалы, өкпенің биэпидемиялық патологиясымен күресті тек қана пульмонологтардың жоспарлы жұмысы деп қарастыруға болмайды, оны іске асыруға əлеуметтік-гигиеналық бағдарламаны орындауға қоғамдық ұйымдар, шаруашылық қожалықтары, жеке тұлғалар мен жалпы ұйымдар қатысады.

Денсаулық сақтау ісін жоспарлауда демократиялық орталықтандыру шарты жүзеге асырылады. Республикалық денсаулық сақтау жоспарын жасауға ауылдық учаскелік ауруханадан Денсаулық сақтау министрлігіне дейінгі барлық мекемелер мен органдар қатысады. Жоспардың жасалу тəртібі мен мерзімі өкімет шешімімен белгіленеді. Ол шешімде денсаулық сақтау саласының негізгі мақсатымен міндеттері, бірінші кезекте атқарылатын тапсырмалар, денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштері көрсетіледі. Өкіметтің осы нұсқауларына сəйкес министрлікте денсаулық сақтау саласында орын алған келелі мəселелерді шешуге арналған жоспар жасалып, өзіне қарасты мекемелер мен органдарға бағытталады. Олпр өзіне қарасты əкімшілік аумақтардың келелі мəселелерін қамтитын жоспарды жасайды.

Денсаулық сақтау ісінің жоспары мынадай негізгі бөлімдерден тұрады:

- медицина мекемелерінің саны мен сапасы.

- медицина мекемелерінің мамандарға сұранысы жəне оны даярлау.

- капиталды құрылыс.

- денсаулық сақтау мекемелерін материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау.

- денсаулық сақтау ісінің бюджеті.

Денсаулық сақтау саласындағы жоспарлау барысында бірнеше əдістер қолданылады. Олардың ішінде сараптау, тепе-теңдік, қалыпты шамалар, арақатынас, сынақтар жасау жəне экономикалық-математикалық əдістер бар.

Сараптау əдісін қолдана отырып денсаулық сақтау ісін дамытуды жоспарлаған аумақтағы тұрғындар денсаулығын жəне медицина мекемелерінің жұмыс барысын сараптайды. Тепе-теңдік əдісін қолдана отырып денсаулық сақтаудың жергілікті жердегі дамуын осы аумақтағы əлеуметтік-экономикалық даму жағдайына бейімдейді.

Қазіргі кезеңдегі денсаулық сақтау ісін қайта құру жұмысы медицина мамандықтарына, жеке салаларына, төсек орынның түрлеріне сұранысты дұрыс қамтамасыз ету үшін арақатынас əдісін қолданады. Ғылыми зерттеулер барысында алынған жетістікті күнделікті тəжірибеге енгізу алдында əртүрлі сынақтар өткізіп, бұл жетістіктің тиімділігін анықтайды.

Медициналық тəжірибе мен теория саласында атқарылатын кез-келген жұмысты экономикалық жəне математикалық əдістердің көмегімен сараптайды, баға береді жəне тиімділігін анықтайды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру:

1. Денсаулық сақтаудың мемлекеттік ұйымдарының қаржы көздері:

- мемлекеттік бюджет қоры;

- медициналық сақтандыру қоры;

- ақылы негізде көрсетілген медициналық көмек төлемақысының қоры;

- ҚР Заңдарына қайшы келмейтін басқа да қаржы көздері.

2. Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес ұйымдарының қаржы көздері:

- медициналық сақтандыру қоры;

- ақылы негізде көрсетілген медициналық көмек төлемақысының қоры;

- ҚР Заңдарына қайшы келмейтін басқа да қаржы көздері.

Медициналық мекемелерді қаржыландырудың келесі түрлері бар:

- шығын сметасы мемлекеттік медициналық мекемелер;

- бюджеттік бағдарламалардың администраторларымен келісім негізіндегі медициналық қызметтің орындалған көлеміне кеткен шығындардың орнын толтыратын медициналық мекемелер;

- біріншілікті медико-санитарлық көмек көрсететін жəне бірадамдық норматив бойынша (подушевой норматив) бекітілген тұрғындары бар ұйымдар.

Денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы қорының қолданылуы:

1. Денсаулық сақтау жүйесінің қаржы қоры келесі мақсаттарда жұмсалады:

- тегін медициналық көмектің кепілденген көлемін көрсетуге кеткен шығынды толтыру;

- денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды жүзеге асыру;

- денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

- өмірге маңызды дəрілік заттарды, қан жəне оның компоненттерін, вакциналарды жəне басқа да иммунобиологиялық медициналық препараттарды, сонымен қатар медициналық техника мен бұйымдарды алу;

- инфекциялық аурулар оқиғалар мен эпидемияларын жою;

- медициналық жəне фармацевтикалық кадрларды дайындау жəне біліктілігін жоғарылату;

- медициналық ғылымды дамыту жəне жетістіктерін енгізу;

- Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келмейтін басқа да шығындар.

2. Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемін көрсетуге кеткен шығынның орнын толтыруға кеткен шығын орнын толтыру реті Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталады.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СӘЙКЕСТІК АУДИТІН ЖҮРГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ

2. 1 Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасының сәйкестік аудитін жүргізетін орган ретінде

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.

Есеп комитетінің негізгі міндеттері:
1) республикалық бюджеттің атқарылу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы және өзге де нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуын бақылау;
2) республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсетін түсімдер сомаларының қайтарылуын, салықтық және кедендік әкімшілік ету тиімділігін бақылау;
3) республикалық бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылау болып табылады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жеті бөлімнен тұрады:

  • Жоспарлау, талдау және есеп беру
  • Экономиканың нақты секторына аудит жүргізу
  • Мемлекеттік басқаруға және әлеуметтік салаға аудит жүргізу
  • Бағалау және сапа бақылауы
  • Әдіснама және халықаралық ынтымақтастық
  • Заң
  • Ұйымдастыру жұмысы бөлімі болып есептеледі.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасының сәйкестік аудитін республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «экономиканың нақты секторына аудит жүргізу» бөлімі жүргізеді.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

«Саламатты Қазақстан 2011-2015» және « Денсаулық 2016-2020» бағдарламасына сәйкестік аудит жүргізді. Қысқаша бағдарламаларға тоқталсақ

«Саламатты Қазақстан» - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып келеді

Осы Мемлекеттік бағдарлама «Қа­зақстан Республикасының 2030 жыл­ға дейінгі стра­тегиялық даму жос­пары туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің 2010 жыл­ғы 1 ақпандағы №922 Жарлы­ғын іске асыру мақсатында бекітілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру
Қаржылық бақылау түрлері және қаржылық бақылаудың органдары
Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудитін жоспарлау
Ақша қаражаттары есебінің аудиті
Ұйымдардағы ағымдағы активтердің есебі, талдануы мен аудиті
Аудит, аудиторлар және аудиторлық қызмет түрлері
Ішкі аудитті бағалау
Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері
Ақша қаражаттарының есебінің мәні
Кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды аудиттеудің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz