Жасөспірім шақтағы мінез-құлық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Мардан Сапарбаев институы
СӨЖ
Тақырыбы:Жасөспірім шақтағы мінез-құлық ерекшеліктері
Орындаған:Стамкулова У.Б.
Тобы:ППк18-1.
Қабылдаған:Бектурсунова Д.Т.
Шымкент, 2020.
Жоспары:
1. Девиантты мінез-құлық дегеніміз не?
2. Жасөспірім кезең қай жас аралықтарында болады.
3. Жасөспірім кезеңдегі мінез-құлықтағы ерекшеліктер.
4. Жасөспірім кезеңдегі анатомиялық-физиологиялық өзгерістер.
Балалардың мінез-құлық ауытқуларын сипаттауда қазіргі заманғы педагогикалық-психологиялық әдебиетте девианттық мінез-құлық термині қолданылады (латын тілінен аударғанда deviatio -ауытқушылық). Девианттық мінез-құлық - қалыптан ауытқушылық және ол адамның қоғам мен әлеуметтік топта қабылданған өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелеріне сай келмейтін іс-әрекеттері мен қылықтары. Девианттық мінез құлықтың мәнін түсінуде негізгі екі ұғымды қарастырамыз-қалып (норма) және қылық. Әлеуметтік қалып-бұл нақтылы қоғамда тарихи түрде қалыптасқан жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның мінез-құлық ережелерінің мөлшері, этикет, мораль, заңдық нормалар. Басқа да құндылықтар тәрізді, әлеуметтік нормалар тұлғаның бағалау және бағыт ұстау функцияларын орындайды, мінез-құлықты реттейді және бақылап отырады. Норма-идея, идеалдар сияқты бағыттапқана қоймай, белгілі бір ереже-міндеттерді жүктейді. Психологияда қылық- адамның рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы және сол тұрғыда оның өзге адамдарға, өзіне, қоғамға және қоршаған табиғатқа деген қарым-қатынасын айқындауы деп қарастырылады. Қылықтың адамгершілік көзқарас тұрғысынан бағаланатын жағымды және этикалық, моральдық нормаларды бұзумен сипатталатын жағымсыз (аморальды) жақтары бар. Заң тұрғысынан алып қарағанда, норма ережелерін бұзушылық - бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпті бұзу, азаматтардың құқығы мен жеке меншігіне қол сұғушылық болып есептеледі.
Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептерін анықтаған кезде олардың сана-сезімінің қалыптасуына әсер ететін екі бағыттағы факторларды байқаймыз, яғни, объективтік және субъективтік факторлар. Объективті себептерге тұрмыстық жағдайлардағы қайшылықтар және қылмыстық мінез-құлық жатады. Объективті немесе сыртқы себептер жас адамның девианттық мінез-құлықының қалыптасуына әсер етеді.
Баланың жас өспірімдік (14,5-17 жас) бұл күрделі кезеңнің басталуы ғана. Ал, оның негізгі ерекшеліктері қандай? Адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс-минус 13 ай), жігіттерде 18 мен 19-дің арасы (ауытқу плюс-минус 10 ай). Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жастық - ең көп жетістіктерге жететін кезең.
Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес. Өзіндік сана күрделі психологиялық құрылым, ол ерекше компонеттер ретінде өзіне. В.С. Мерлиннің осылай деп санайтынындай, біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз менің ұғынуды, үшіншіден, өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің бәрі бір-бірімен функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде қалыптаспайды. Адам тұлғасының даму үрдісі бүкіл өмір бойы тоқталмайды. Осыған сәйкес өзін-өзі бағалау дағдылары бүкіл өмір бойы қалыптасады және дамиды. Адамның басқа адамдармен қарым-қатынас тәжірибесі неғұрлым көп болса, ол тұлға ретінде өзі туралы соғүрлым көбірек ақпарат алады, практикада өзі туралы өз пікірлерін басқалардың пікірлерімен байланыстыруына тура келеді. Оның өз әрекетін, қылығын дұрыс қабылдау және бағалау қабілеті тезірек және белсендірек дами түседі. Сондай-ақ басқа да адамдардың түлғалық саналары дамиды.
Ерте жасөспiрiмдiлiкке өту жолында жоғары сынып оқушыларын оқытуда оларды адамгершiлiк қабiлетi, сана сезiмдерi, анықтаулары қалыптаса бастайды. Яғни, бұл кезең адамгершiлiктi жаңа деңгейiне өтудi бiлдiредi.
Егер төменгi сыныптағы шақта адамгершiлiк мәселелерiн шешуде - мұғалiмдер мен ата-ана болса, ал жасөспiрiмдер бұл сұрақтарды шешуде өзiнiң жора-жолдастары ұжымында және де ғылыми көркем публицистi әдебиеттi, өнер туындыларын, теледидар т.б. жүгiнедi.
Т.В.Снегировты зерттеуi бойынша өткен қазiргi және болашақ "мен"-мен қатынас жасауда жасөспiрiмдердi жекелiк анықтауларының өзiндiк ерекшелiктерi кјрiнiс беретiн "мен"-менi құнды-уақытша құрылымының 6 типiн көрсетедi.
Барлық үш "мен" бiр-бiрiмен байланысты тең дәрежеде идеал "менге" сәйкес келедi. Бұл адамның өзiне деген субъективтi гармониялық көзқарасы.
Нақты "мен" өткенге қарағанда жоғары деңгейде болашаққа тартып тұрады. Өткен "мен" жат болып көрiнедi және оған деген көзқарас өте сыншылдық болады. Ал нақты "мен" өзiн-өзi жеке тұлға ретiнде анықтауда жаңа басқыш болып саналады.
Болашақ "мен" қазiргiнiң үзiндiсi. Барлық "мен"- өмiр сүру уақыты әртүрлi секiлдi. Бiрақ идеал "мен"-мен тек болашаққа сай келедi.
Идеал "мен" болашаққа да, қазiргiге де қосылмаған, ол олардан бөлек және жеке тұлғаны дамуына қатыспайды.
Ал, өткен және қазiргi "мен" бiр-бiрiмен байланысты болады. Олардан болашақ және идеал "мен" байланыстыратын жол қалыптасады. Ондай болмаған жағдайда кейбiр адамның өзiн-өзi бағалаулары төмен болып, өткен және қазiргi "мен"-дi идеал және болашақ "мен"-дi байланыстарға болмайды.
Қазiргi "мен" даму процесiне тiптен қатыспайды. Ол өткеннен қол үзiп, болашақпен байланысы жоқ, ал идеал "мен"-ге сай келмейдi.
Жасөспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму кезеңі.Бұл шақтың көптеген теориялары бар.Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен жасөспірімдікті алдымен организм эвалюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды.Психологиялық теориялар психикалық эвалюцияның заңдылықтарына ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады.Жасөспірімнің социологиялық теориялары оны алдымен әлеуметтіктің белгілі бір кезеңіне тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшуі деп қарайды.
Бірақ бұлар белгілі бір мезгілде қалыптаспайды.Өзінің психикалық қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңде неғұрлым көп маңыз алады.Бұл жас кезеңінде ол өзінің қандай екенін ,қаншалықты құнды,қабілетті екенін барынша толығырақ түсініп білгісі келеді.Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар.Оның біріншісі,өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижелерімен салыстырып бағалау,ал екіншісі -әлеуметтік жарыс,өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру.
Өзін анықтаудың күрделі проблемаларын жасөспірім жалғыз өзі шешпейді, әке-шешелерімен,құрбы-құрдастарымен ,мұғалімдермен бірге ,олардың қолдауы жағдайында шешеді.
Жасөспiрiмдiк кезеңмен байланысты едәуiр аңғарылған құрылыстардың бiрi - бұл өзiн-өзi тәрбиелеуге өте күштi құштарлық. Өзiн-өзi тәрбиелеудiң белсендi процесi дәл осы жаста басталады және әдетте адамның кейiнгi өмiрiнiң iшiнде қандай да бiр формада жалғаса бередi. Жеткiншектiк кезеңдегi өзiн-өзi тәрбиелеудiң бастамасы деп, бiз баланың 12-13 жасқа келгенде ең алғаш рет интеллектуалды мүмкiншiлiктер мен жеке даралық өздiгiнен жетiле (самосовершенствование) туралы ойларының, пайда болу фактiсiн айтамыз. Яғни баланың осы мақсатқа жету үшiн саналы, және мақсатты бағытталған әрекет жасауын айтамыз.
Жасөспірімдер өздерінің енді бала емес екенін, алайда ересекке де жатпайтынын түсінеді. Ересектерге еліктеп, солардың қылығын қайталайды, кейбірі зиянды әдеттерге әуес болады. Үлкендердің ақыл айтқанын жақтырмайды. Өйткені, өздерін ақылды сезінеді. Ата-аналарының айтқан ескертулеріне, мұғалімдерінің кеңестеріне қарсыласып, өре түрегеледі. Бойлары да өсе бастайды, әсіресе қыздар тез жетілгендей болады. Аласа бойлы сыныптастарын менсінбей, жоғары сынып жаққа ұрлана қарау көбейеді. Кейбіреулерінің түрлері де өзгеріп кетеді. Ал сыртқы келбет жасөспірімдер үшін бірінші орында. Сол себепті өзінің түріне көңілі толатын жасөспірім кем де кем. Осы кезеңде жасөспірімдер Мен кіммін? деген сұрақты өзіне жиі қояды. Шынымен де олар кімдер? Бақытымызға орай, жасөспірімдік шақ өтпелі кезең. Оның ата-анасы, ата-әжелері де дәл осы кезеңнен өткен. Сондықтан әрбір жеткіншек өзіне түсініксіз қалыптың уақытша екенін есінде ұстағаны жөн.
Есею кезеңінде жасөспірім өз бойында болып жатқан дене және эмоциялық өзгерістерге байланысты қатты толқынысқа ұшырайды. Оқытушы ата-аналармен бірге баланың осы күрделі кезең қиыншылықтарына төтеп беруіне көмекші болуға міндетті. Жасөспірімдік кезең туралы айта келе, В. А. Сухомлинский оған адамның рухани өміріндегі терең өзгерістер тән болатынын, ол кезде оның таным-түсінігіндегі, ақыл-ой еңбегіндегі, тәртібіндегі, жолдастарымен қарым-қатынасындағы, эмоциялық, эстетикалық және моральдық дамуындағы көптеген фактілер тәрбиешіге түсініксіз әрі құпия болып көрінетінін атап көрсетеді. Жасөспірімдер бұл кезеңде айналадағы өтіп жатқанның бәрі оларды терең толғанысқа салып, жеке басына әсер ететіндей рухани даму үстінде болады. Бұл кезеңге жұрт құрметтейтін беделділерді қабылдамау, өз идеалына табыну және күнделікті өмірде жақсы нәрсе барына күмәнмен қарау тән болып келеді. Бір жағынан, жасөспірім жақсы атанғысы келіп, өзін жетілдіруге тырысады, екінші жағынан - өзін тәрбиелемек болғандарды ұнатпайды. Күрделі психологиялық үрдістерден бастау алатын жасөспірім қайшылықтары осыдан көрінеді. Сондықтан бұл кезеңде жеткіншектің неге алаң болып жүргеніне, оны не толғандыратынына көңіл бөліп, онда моральдық әдемілік үлгісін қалыптастыруға, осы әдемілікке таңырқау, сүйсіну сезімдерін оятуға тырысу керек. Жасөспірімдік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz